Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

 

«Денсаулық» білім беру саласы

Жүру, жугіру, тепе-теңдікке арналған жаттығулар үлгісі

Бір жастан - бір жас алты айға дейінгі  кезең

Түзу  бағытта, жол бойымен (ені 30-25 см, ұзындығы 2-3 м), линолеумнен жасалған жол бойымен (ені 30 см, ұзындығы 3-5 м), гимнастикалық  тақтайтың үстімен (ені 30-25 см) нысанаға жету, үлкендердің көмегімен және көмегінсіз жәшікке көтеріліп (биіктігі 10-15 см), одан қайта түсу; еденде жатқан лентадан (жіптен, таяқтан) аттау.

Бір жас алты айдан екі жасқа дейінгі кезең

Орындықтар, кубиктер, кеглилер арасымен, кубиктерден, кеглилерден, шығыршықтардан, таяқшалардан (еденнен 5, 10, 15 см биік) шығыршықтан шығыршыққа аттау; еңкіш тақтай үстімен жоғары, төмен, тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындық үстімен жүру; қолына зат ұстап, бағытты өзгертіп жүру, доптың соңынан (домалатып жібергеннен кейін) жүру, жәшікке немесе гимнастикалық орындыққа (биіктігі 20 см) шығу, түсу; еліктеп жүру (солдат, тышқан, ит, құс, аю сияқты).

Ойындар: «Ойыншықты бері әкел», «Жол бойымен  жүріп өт», «Аяқты жоғары көтер», «Итті  қуып жет», «Тез, маған қарай жүгіріңдер», «Допты қуып жет», «Құлап қалмай жет», «Біз көңілдіміз».

Еңбектеу мен өрмелеуге арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі  кезең

Төрт  тағандап жіптің, таяқшаның, доғаның, орындықтың астынан (биіктігі 50 см) түзу бағытга еңбектеу; бөренеден асып түсіп еңбектеу; параллель қойылған екі жіптің арасынан (жол бойымен) еңбектеу. Арақашықтығы 2 м-ге дейін еңбектеу. Шығыршықтың ішіне еңбектеп өту. Баспалдақ сатыға жоғары, төмен өрмелеу (биіктігі 1 м).

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі  кезең

Еңбектеп  келе жатып гимнастикалық орындықтың үстінен асып түсу және оның астынан  еңбектеп өту; домалап бара жатқан доптың артынан еңбектеу, еңкіш тақтай, гимнастикалық орындық бойымен  жоғары еңбектеу. Диаметрі 15-20 см бөренеден  өрмелеу, 35-40 см биіктікке керілген жіптің астынан еңбектеу. Өкшені өкшеге қойып баспалдаққа (биіктігі 1-1,5) жоғары, төмен өрмелеу.

Ойындар: «Сылдырмаққа дейін еңбектеу», «Шығыршыққа  еңбектеу», «Көпір бойымен еңбектеу», «Сақиналарды жина», «Жіпті қуып жет».  

 

 

 

Лақтыру мен домалатуға арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі  кезең

Допты бір  қолмен және қос қолдап ұстау; мөлшері  әр түрлі доптар мен шарларды жинап, оларды себетке (жәшікке) салу; шарларды домалату; допты екі қолмен алға лақтыру. Допты алға қарай домалату (отырып, тұрып). Допты төменге, алысқа лақтыру.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі  кезең

Допты (құм  толтырылған қапшықты) гимнастикалық  орындықтан (лентадан) баланың кеуде  тұсынан бір қолмен және қос қолдап асыра лақтыру; допты қос қолдап домалату; допты тәрбиешімен бірге  жұптасып (диаметрі 20-25 см) домалату; белгіленген  жерге допты салу; допты көлденеңінен нысанаға (50-60 см арақашықтықта, диаметрі 50 см кем емес) дәлдеп лақтыру; оң және сол қолмен допты (диаметрі 6-8 см) алысқа лақтыру.

Биік емес төбешіктен допты домалату, допты  тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, баланың  кеуде тұсынан келетін керілген жіптен ралақтыру.

Ойындар. «кім алысқа лақтырады?», «Төбешіктен домалат», «Допты бер», «Алысқа лақтыр», «Допты лақтыр да, қуып жет».

Жалпы дамыту жаттығулары: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру; қолды алға созу, қолды арқаға алып бару, бүгу және қайта жазу; қолдың саусақтарын сермеу, айналдыру; алақандарын жоғары төмен бұру; қолдың саусақтарын бүгу, ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу; заттарды бір-біріне беру арқылы отырып және тұрып онға, солға қарай бұрылу, алға еңкейіп және түзулену; сүйемелдеу арқылы тізені бүгіп жүру.

Балалардың өз еріктерімен түрлі қимылдарды қолданып арбалармен, машиналармен ойналатын ойындар.

Қимылды ойындар: «Құстар қанаттарын қағады», «Кіші және үлкен», «ағаштар тербеледі», «Фонарлар жанады», «Қуырмаш», «Көбік», «Қонжық орманда қыдырды», «Жасырынбақ», «Кім қалай жүреді?».  

 

 

 

«Таным» білім беру саласы 

 

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі  кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Сақинаға қолынды жеткіз», «Қап, қармағым», «Сыңғырла қоңырау», «Шарға қолыңды жеткіз», «Балғамен шегені соқ», «Қуыршақты қыдырту».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

Бір көлемдегі  сақиналарды пирамидағы өткізу.

Қарама-қарсы  екі өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

Қарама-қарсы  үш өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

4-5 сақиналарды  пирамидаға өткізу.

Астаушадан  шарларды (6-8 шар) домалату.

Тесікке тығынды салу және суырып алу.

Заттар  салынған цилиндр қорабын ашып, жабу.  

 

Заттардың түрін, көлемін ажыратуға арналған

дидактикалық  ойындар: 

 

Пирамидалар

Матрешкалар

Қарама-қарсы  екі түрдегі заттарды бағдарлау: шар, куб

Қарама-қарсы  үш-төрт өлшемдегі заттарды бағдарлау: шар, куб, кірпіштер, призма

Суреттермен ойын-сабақтар:

«Сенің  сүйікті ойыншықтарың»

«Бұл  не?»

«Қонжықтарға  арналған суреттер»

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі  кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Түтікте не жатыр?», «Қуыршақ қонаққа келді», «От шашу», «Үлкен және кіші доптар», «Күшікті машинамен қыдыртамыз».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

Екі орындық  дидактикалық ойыншықтарды жинау.

Көлемі  жағынан кему бойынша заттарды жинау.

Үш көлемдегі  заттарды іріктеу.

Түстерді, түрлерді ажыратуға арналған дидактикалық ойындар:

Пішіндері ұқсас заттарды бағдарлау.

Заттардың пішіндерін тесіктердің пішіндеріне сәйкестендіру.

Есту зейінділіктерін дамытуға арқашан дидактикалық ойындар: «Не естіледі, тыңдайық», «Кім шақырды, тап».

Құммен, сумен ойындар.

Суреттермен ойын-сабақтар: «Қуыршақ Сәуле өзінің киімін көрсетеді», «Бұл ненің дауысы?».  

 

 

 

«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру  бойынша сабақ үлгілері 

 

Жан-жануарларға (ит, мысық, балапан, аквариумдағы балықтар, тордағы құстар), көліктерге (автомобиль, трамвай) бақылау жасау.

Ойыншық-заттарды атай отырып, көрсету, қимыл үстіндегі  заттарды көрсету, саханалау, ойыншықтарды жасырып, оларды табу.

Заттардың бейнесі салынған суреттерді қарау (кубтың жан-жағына, бірнеше суреттердің  арасынан). Алдымен заттардың, қимыл  үсіндегі заттардың жеке салынған суреттермен, ал бір жарым жасында қарапайым сюжеттермен таныстырады.

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі  кезең

Заттарды  атай отырып, көрсету («Сиқырлы қапшық», «Мына үйде кім тұрады?»; қапшықтағы немесе себеттегі заттарды жасыру және оларды іздеп тауып, атау.

Заттар  және олардың қимылдарын көрсету: қуыршақ (куыршақты тамақтандыру, ұйықтату, шомылдыру, машинада қыдырту, қуыршақ  Сәуле өлең айтып, билейді), әтеш (жүреді, ән айтады, дән шоқиды), күшіктер (жүгіреді, үреді, тістейді, қантты қағып алады), мысықтар (жеңіл жүреді, пырылдайды, тырнайды, сүт ішеді, шармен ойнайды), қоян (секіреді, қорқады, сәбізді кеміреді), құстар (ұшады, дән шоқиды, шырылдайды), жүзетін ойыншықтар (балық, үйрек, қайық және т.б.).

Ойындар: «Қуыршақтың көйлегін жуамыз», «Мен жасырынамын, сен мені тап», «Атын атап, шақыр».

Сахналау ойыны: «Қонжық үйіне келді, ал құстар ұшып кетті»

«Кім  не істеп жатыр?», «Мысық бізге қонаққа келді», «Қуыршақ Сәуле және мен», «Қуыршақты шомылдырамыз», «Кім қалай шақырады?» «Ғажайып суреттер» көрсету

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі  кезең

Сюжетті көрсетілім: «Қоянның үйі», «Айнұр мен балапан», «Мысықтың баласы мен қағаз», «Айгүл мен әтеш», «Қуыршақ Сәуленің туған күні», «Мысық пен күшікке арнап үй салу» (ірі құрылыс материалдарынан), «Қонжық науқастанып қалды», «Қуыршақ науқастанып қалды», «Қуыршақтың көйлегін жуып, үтіктейміз» және т.б.

Тірі  жан-жануарларды көрсету: тордағы  құстарға, аквариумдағы балықтарға бақылау  жасау.

Бақылау: балабақша теліміне мақсатты серуен («Не көргенімізді атайық» ойыны, көліктер мен құстарға бақылау жасау); топқа «саяхат», топтағы макеттерді, ойыншықтарды, суреттерді және т.б. қарау.

Кітаптар  көрсету.

Тапсырмаларды орындау.

Дыбыстарға, сөздерге, сөйлемдерге еліктеу: а) «Кім қалай шақырады?» (аңдардың дыбыстарына  еліктеу),; б) «Келесіге жеткіз» (айт  та, қайтала); в) тақпақтар айту («Қуырмаш», «Қазым-қазым қаңқылда» және т.б.).

Көп мәрте  көргендері туралы әңгімелеу.

Ойындар. «Жасырынбақ», «Бізге біреулер қонаққа  келді», «Тауық пен балапандары», «Атқа  мініп қыдырамыз». 

 

 

 

Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі

(тәрбиешінің  қалауы бойынша) 

 

Халық тақпақтары: «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди, әлди-ай» (үзінді), «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй».

Қазақ жазушыларының  өлеңдері: Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», «Құлын», «Жаңбыр», Ш. Смаханұлы «Шыбық ектім аулаға», А. Торғаев «Шөжелерім», Р. Қунақова «Күн күркірегенде», М. Әлімбаев «Қозы», Қ. Толыбаев «Сені өсірген  баптап кім?», А. Сопыбеков «Қораз», Т. Шаханов «Түйе».

Ертегі  мен әңгімелер: «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра»  және т.б. 

 

 

 

«Шығармашылық»  білім беру саласы

Музыкалық репертуар 

 

Әуендер: «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Бипыл» халық әні және т.б.

Әндер: «Тәй-тәй» әні Т. Әдбіқадырованыкі, «Тұсау кесу» халық әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Әтеш» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Анашым» Ө. Байділдаевтікі, «Төлдер» Б. Ғизатовтікі, «Кел балақай» әні «Сылдырмақ» әні А. Тоқсанбаевтікі, К. Қуатбековтікі, «Аламойнақ» әні Б. Байкенжеевтікі, «Ерке күн-ау, ерке күн» әні К. Шілдебаевтікі, «Құс және оның балапандары» әні Е. Тиличееванікі, «Әлди-әлди» қазақтың халық әні және т.б.

Ойын жаттығулары, ойындар: «Қуырмаш», «Топ-топ» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Добым менің» сөзі Ж. Смановтікі, т.б.

Билер: «Топ-топ», «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Бала, бала, баламыз» Б. Қадірбекованікі, «Сылдырмақтар» әні М. Раухвергердікі, «Еркем-ай» қазақ халық әні, «Епті аяқтар» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаевтікі және т.б. 

 

 

 

2 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 

 

«Денсаулық» білім беру саласы 

 

Дене шынықтыру

Бағытты өзгерте отырып, шашырап, заттарды айналып, алған жан-жаққа жанама қадаммен жүру.

Түзу  бағытта, түрлі бағытта (итермелемей), 30-40 с аралығында (тоқтамай) баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

Төрт  тағандап, түзу (арақашықтығы 3-4 м), тақтай үстінде, еденде жатып, еңкіш тақтай үстімен, гимнастикалық орындық  үстімен еңбектеу). Қақпаның, арқанның астынан еңбектеп өту (биіктігі 40-30 см).

Бала  өзіне ыңғайлы тәсілмен бөренеден  асып өту, баспалдақ сатыға, гимнастикалық  қабырғаға жоғары, төмен өрмелеу.

Сырғанау, лақтыру, сермеп лақтыру. Бір және екі  қолмен тәрбиешіге, бір-біріне, доғаның  астынан, тұрып немесе отырып (арақашықтығы 50-100 см) допты домалату. Допты екі  қолмен төменнен, кеудеден, басынан  асырып, жіптен, арақашықтығы 1-1,5 м болтын баланың кеуде тұсына, баланың бойына сай керілген жіптен лақтыру.

Допты, толтырылған  қапшықты, шырша жанғақтарын оң және сол қолмен алысқа; арақашықтығы 1 м  екі қолмен, оң және сол қолмен көлденеңінен нысанған дәлдеп лақтыру.

Тәрбиешінің 50-100 см арақашықтықтан лақтырған добын  тосу.

Секіру. Бір орында жаймен алға жылжи отырып, жіптен қос аяқтап (сызықтан), екі  параллель сызықтан (10-30 см) қос аяқтап секіру. 10-15 см биіктікге орналасқан затқа жоғары секіріп, қолын тигізу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Жіптің, сызықтың арасымен (арақашықтығы 25-30 см) жүгіру, түзу жолдың (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) бойымен, заттарды аттай отырып (биіктігі 10-15 см) түзі бағытта, тақтай, гимнастикалық орындықтың, тегіс бөрененің (ені 20-25 см), төрт аяқты  гимнастикалық орындықтың, бір басы 20-30 см биіктікке аздап жоғары көтерілген еңкіш тақтай үстімен жүру. Баяу қарқынмен айналу (қолға зат ұстап).

Саптағы жаттығулар. Бір қатарға (тәрбиешінің  көмегімен), екеуден (жұптасып), шеңбер болып тұру.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері