Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
- қияр, қызанақ, сәбіз, шалғам, алма, алмұрттың сыртқы түріне, тусіне қарай атап, тануды;
- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атауды;
- жыл
мезгілін сыртқы белгісі
Сенсорика
Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.
Міндеттері:
1. Балаларды заттардың сенсорлық қасиетгеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру.
2. Балалардың
өздеріне жақсы таныс
3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Мазмұны:
Заттық әрекет
Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру. Арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану Өз әркеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдары және сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту.
Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.
Балалар жылдың басында көлемі (үлкен - кіші), пішіні (шаршы - дөңгелек, үшбұрыш - сопақша және т.б.), түсі (қызыл - көк, сары - қара, қызыл сары -күлгін және т.б.) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек - сопақша, тік төртбұрыш - шаршы), түсі (қызыл - қызыл сары, көк - күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.
Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.
Заттың
2-3 қасиеттеріне бір мезгілде бағдарлану
арқылы алдымен бір түсті, кейіннен
әр түсті 4-5 және одан да көп сақиналардан
тұратын пирамидаларды өлшемі жағынан
кему ретімен орналастырып жинау
әрекеттерін мадақтау; 3 бір түсті
біртіндеп кішірейетін алмалы-
3 және
біртіндеп саны азаятын
Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамиданы жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруға үйрету.
Жыл соңында әртекті заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша салыстыра келе, 3-4 сенсорлық қасиетті таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту.
Бейнелеу
өнері, құрастыру әрекеті түрлерінде
заттардың сенсорлық
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- сенсорлық
белгілері бойынша біркелкі
- 8 негізгі түсті заттарды топтастыруды;
- екі
түрлі заттан белгілі бір
- 3 және
саны біртіндеп азаятын
- екі
қасиеті кезектесіп отыратын (түсі
мен пішіні, пішіні мен көлемі,
көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным
бойынша пирамида жинауды;
- 3-4 сенсорлық
қасиеті бар заттарды таңдауды,
түсі, түрі, көлемі бойынша
- іс-әрекеттер
әр түрінде заттардың
Құрастыру
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.
Міндеттері:
1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
2. Кеңістікті бағдарлау, қарапайым құрылыс салу, оларды қалпына келтіре білуді дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдарынан және «Лего» тәрізді ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.
Балаларды
түрлі түстегі және түрдегі геометриялық
пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер)
бар ағаштан, пластмассадан жасалған
құрылыс материалдарының
Құрылыс
үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап
көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын
анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың
құрылысының жетіспейтін
Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа - ұзын», «жіңішке - жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.
Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.
Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.
Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау
Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.
Қағаздан құрастыру
Балаларға қағазбен жұмыс істеудің жұмарлау және жұлу тәсілдерін көрсету. Оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» (ит, бауырсақ, құс және т.б.) көре алуға көмектесу.
Балалармен
бірге қарапайым құрастыру
Тәрбиеші мен балалардың жасаған панноларын топ бөлмесін безендіруде қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- құрылыс
материалдарының негізгі
- кірпіштерді көлденеңінен бірінің үстіне бірін қоюды;
- қарапайым құрылысты атауды, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнауды;
- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты сала білуі тиіс.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
Мақсаты: балаларды сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын арттыру; әсемдікті түсінуді, балалардың эмоционалдық әлемін дыбыстармен, бояулармен, пішіндермен молайтуды қалыптастыру.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу және желімсіз жапсыру;
- мүсіндеу;
- музыка
ұйымдастырылған оқу іс-
Сурет салу
Мақсаты: Баланы сурет салуға, мүсіндеуге ынталандыру және жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
2. Түс,
сызық, дақтарды қолдана
3. Сурет салуға арналған материалдар туралы ұғымдарын толықтыру.
Мазмұны
Балалардың бейнелу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, сурет салуда, мүсіндеуде түрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін бекіту. «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түсті», «қар жауып тұр», «ормандағы аңдар» және т.б. құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтарға назар аударту.
Таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын (Сәуле шай ішіп отыр) түсіну.
Қол қимылдарын дамыту Түрлі-түсті қарындаштар және бояулармен (гуашь) сурет салуға үйрету.
Қарындаш
пен қылқаламды үш саусақпен, қатты
қысып ұстамай, түзу, түйық сызықтарды
сурет салудың қарапайым
Сурет салуға өз жұмысының нәтижесі ретінде қарауға баулу.
Балаларды қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген кесе, табақтарын қарап, өз пікірлерін айтуға үйрету.
Ашық түсті бояуларға эмоционалды пікірлерін білдіру. Қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, бейнелерді бере білуге үйрету («Үйдің терезесіндегі жарық», «Шыршадағы шамдар»). Дақтарды қағаз бетіне жағу.
Қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуға үйрету. Қалыптан тыс тәсілмен сурет салуға үйрету: қағазды екіге бүктеп, бір бетіне бояу жағып, екінші жартысына түсіру.
Балалардың қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелей білуін бекіту. Сызықтардың мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін («Күн жарқырайды», «Гүл басын иді» және т.б.) байқауға үйрету. Қағаз бетін, қуыршаққа арналған көйлектің кескінін сызықтармен, жағыстармен әсемдеуге үйрету.
Балаларды
ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің
салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын
тудыру. Өз еркімен бояудың түсін,
қағаз бетінің түсін таңдауға
ынталандыру. Бояулармен, қарындаштармен
эксперимент жүргізуге
Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын мадақтау. Балалардың жұмысын қарау және талдау. Таныс заттар мен кейіпкерлерді табу. Кеңістікті бағдарлауға («Аспанда күн жарқырап тұр», «Үйдің жанында шырша өсіп тұр» және т.б.) үйрету.
Белгілі бір ережелерді орындауға үйрету: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, бояуды ұқыпты қолдану, оған қылқаламның түгін ғана батыру, сабақ аяқталған соң материалдарды жинау.
Жылдың соңында балалар бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- таныс
заттардың, кейіпкерлердің
- түрлі-түсті қарындаштармен және бояулармен (гуашь) сурет салуды;
- қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуды;
- қарапайым
дөңгелек пішінді заттарды
- сурет
салудың белгілі бір
Желімсіз жапсыру
Мақсаты: қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.
Міндеттері:
1. Ересектермен бірлесіп, затты желімсіз жапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.
2. Жапсыру
барысында фланелеграф,
3. 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды құруға үйрету.
Мазмұны:
Балаларды дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауға, қарапайым композиция құруға үйрету.
Фланелеграфқа қарама-қарсы түстегі («Мерекелік от шашу») дайын пішіндерді орналастыру, заттың бейнесін құрастыру («Күн мен шырша», «Үй мен қақпа», «Өрістегі қойлар»).
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері