Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Балаларды фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сонымен  қатар түрлі музыкалық аспаптарда (триола, металлофон, ксилофон, ауызсырнай) орындалатын әуендерді тыңдауға үйрету;

Ересектердің  айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат  беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын  айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын  белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым  бейнелі қимылдарды көрсету.

Педагогтің  артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.

1 жас 6 ай - 2 жас

Әннің әуені  мен сөздерін тыңдауға, оларды тануға үйрету.

Көңілді және байыпты сипаттағы әндер  мен пьесаларды қолдана отырып, музыкалық  шығармаға сәйкес эмоционалдық жай-күй  туғызу; музыкалық дыбыстауды ажырата  білуді, музыка тыңдауда шоғырлануын  арттыра отырып, есту қабілеттерін дамыту.

Домбыра - сыбызғы, барабан - баян музыкалық  аспаптарын дыбысталуы арқылы ажырата  білуге мүмкіндіктер туғызу.

Балаларды фортепианода, металлофонда, триолада орындалған ұлттық әуендерді тыңдауға үйрету; ересек адамның орындауындағы  әндерді тыңдау, қайталап айту, кім  туралы айтылғанын сұрау, ересектермен қосылып айту.

Музыкамен жүру, жүгіру, жалаушамен жүру; үлкендердің  әніне қосылып дабылды соғу; жоғарғы  және төменгі дыбыстауды тыңдау, ойын әрекеттерін көрсете білу, тәрбиешінің  көрсетуімен би қимылдарын (аяқтарымен топылдату, алақандарын шапалақтау, бір қолмен бұлғау, қазақтың және басқа  да халықтардың музыкасының ырғағына сәйкес қолмен би қимылдарын) орындау.

Заттармен қарапайым қимылдарды орындауға  үйрету: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлату.

Ойындарға белсенді араласу, жыл соңында 1-2 таныс  билерді дербес орындай білуі  тиіс.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- әндердің  әуені мен сөзін тыңдауы, оларды  тануды;

- музыкалық  аспаптарды дыбысталуы арқылы  ажыратуды;

- ересектердің  орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;

- музыка  әуенімен жүре білуді, жүгіре  білуді;

- тәрбиешінің  көрсетуімен би қимылдарын орындауды;

- заттармен  қарапайым қимылдарды орындауды;

- ойындарға  белсенді араласуды;

- 1-2 таныс  билерді дербес орындауды білуі тиіс. 

 

 

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ  

 

Мақсаты: Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын, құрбыларымен және ересектермен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, құрбыларына, ересек адамдарға, барлық тіршілік иелеріне жанашырлық пен қайырымдылықты тәрбиелеу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалар әрекетінің әр түрінде жүзеге асады:

Міндеттері:

1 .Ересектермен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету, ересектердің жағымды әсеріне жағымды эмоциялармен жауап беру.

2. Әлеуметтік  ортадағы қарапайым мінез-құлық  мәдениетінің ережелері мен нормаларын  тәрбиелеу.

3. Балаларды  жеке әрекет түрлерінен құрбыларымен қатар ойнауға, қысқа мерзімді қимылдарға көшуге үйрету.

Мазмұны:

Адамгершілік нормалар туралы түсініктері

Ненің жақсы, ненің жаман екенін (жанжалдасуға, ойыншықты тартып алуға, жаман сөздер айтуға болмайды) түсіндіру; әрекетті рұқсат еткенде ғана орындау (болады дегенде), тиым салғанда тоқтау (болмайды дегенде). Болмайды, рұқсат, қажет сөздерін түсіну және оның міндеттеріне сәйкес әрекет жасау.

Мінез-құлық мәдениетінің дағдылары

Нормалар  мен ережелерге сәйкес балалардың мінез-құлқын қалыптастыру: жайымен сөйлеу, жатын  бөлмеде өзін тыныш ұстау, үлкендерді мұқият тыңдау және тапсырмаларын орындау. Тәрбиеші топта балалардың әрдайым  байсалды, қуанышты көңіл-күйін сақтауға жағдай жасау қажет.

Сәлемдесуге, қоштасуға, үлкендердің сәлеміне жауап  беруге, алғыс айтуға үйрету.

Өсімдіктер  мен жануарларды бақылау барысында  барлық тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, табиғат бұрышын  мекендеушілерге қамқорлық жасауға үйрету.

Ересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынас

Баланың балабақшаға бейімделуіне жағдай жасау; сәбиге қайырымды және шыдамды болу, анасынан алшақ кетуде, өмірдің жаңа жағдайларына үйренуге көмектесу; баланы барлығы жақсы көріп, алаң болатынын  түсіндіру.

Ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста, заттармен, ойыншықтармен бірлескен әрекетте эмоционалдық елгезектік танытуға ынталандыру. Баланың құрбыларымен аз да болса  қарым-қатынасқа түсуін ынталандыру, құрбысына деген қызығушылығын қолдау, қолындағы тәттісімен, ойыншықтарымен бөлісуін мадақтау. Баланың тәрбиешімен бірге немесе өз бетінше басқалардың әрекеттерін бақылауы; олардың қимылдарына еліктеуі; тәрбиешіге өзі және басқа балалардың туралы айтып беруі («Сәуле құлап қалып, аяғын ауыртып алды, ал Самат оны аяды»).

Бір-біріне кедергі жасамай ойнауға үйрету. Ойыншықтарды сұрау және бөлісіп, бірге  ойнай білуді қалыптастыру. Бала бойында  құрбыларымен бірлесіп әрекет жасаудың (қысқа мерзімді әрекет) бастамасын қалау. Алғашқы табыстары мен  өзіндік күш салуына рақаттану  сезімдерін қолдау.

Ересектердің  назарына, қарым-қатынас жасауына қажеттіліктерін  қолдау; алғашқы дербес ниеттердің пайда болуын қолдау («келеді», «келмейді»); балада ересек адамды тыңдап, тапсырмасын  орындау ниеттерін дамыту («Дамир, пирамиданы алып келші», «Мәншүк, маған  текшелерді жинастыруға көмектесші»); Балаға жақын әлеуметтік ортада еліктеуге  лайықты жағдайларды қолдау («Анаңа көмектес», «Әжеңнің бетінен сүй», «Мысықты аяу керек», «Атаңа газет бер»).

Баланы  өзімен-өзін таныстыруға, өзінің атын есте сақтауға (бір жарым жастан кейін) жағдайлар жасау; өзін айнадан, суреттерден тануға үйрету, баланың  атын атап шақыру.

Өзінің  жыныстық ерекшеліктерін (ұл, қыз), сыртқы белгілеріне (киімі, шаш қоюы) қарай  анықтауға болатынын, аты-жөні, ұнататын ойыншықтары бойынша түсініктерін қорытындылау.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- ненің  жақсы, ненің жаман екендігі  жайлы түсініктерінің болуы;

- болмайды, рұқсат, қажет сөздерін түсініп, олардың мағыналарына сәйкес іс-әрекет жасауды;

- жайымен  сөйлесуді, үлкендерді мұқият тыңдауды, тапсырмаларды орындауды;

- амандасуды, қоштасуды, үлкендердің сәлеміне  жауап бере білуді, алғыс айтуды;

- барлық  тіршілік иелеріне ұқыптылықпен  қарауды, табиғат бұрышын мекендеушілерге  қамқорлығын білдіруді;

- құрбыларымен  қысқа мерзімді қарым-қатынасқа  түсуді, құрбысына қызығушылық білдіруді,  қолындағы тәттісімен, ойыншықтарымен  бөлісуге талпына білуді;

- бір-біріне  кедергі жасамай ойнауды;

- ересектерді  тыңдап, тапсырмаларын орындауға  ниет білдіруді;

- өзінің  атын (бір жарым жастан кейін), айнадан, суреттен өзін тани білуі тиіс. 

 

 

 

ОЙЫН  ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ  

 

Мақсаты. Балалардың танымдық және қозғалыс белсенділіктерін дидактикалық, сюжетті, қимылды және құрылыс ойындары арқылы дамыту. Ойын барысында салмақты, сергек мінез-құлықтары мен балалардың эмоционалдық жай-күйлерін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Балаларды  қимылды ойындарға ынталандыру, ойын көмегімен қимылдарды дамыту (жүру, жүгіру, өрмелеу т.б.).

2. Балаларды  бір-біріне кедергі жасамай, ойыншықтарды  бөлісіп, сюжеттік, дидактикалық  ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен,  сумен, қармен ойнауға үйрету.

3. Сюжеттік (бейнелі) ойыншықтармен іс-әрекеттерді заттармен әрекет жасаудан ажыратуға қол жеткізу.

Мазмұны:

Тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсету  және оларды қолданылуына сәйкес (шыныаяқпен қуыршаққа шәй беру, кереуетіне ұйықтауға  жатқызу және т.б.) атауға үйрету.

1 жас  алты айда балаларды ойынға  қажетті заттарды (қонжықты отырғызу  үшін арба, қуыршақты орау үшін  көрпе, т.б.) таба білуге үйрету.

Балаларды кейбір ойын әрекеттеріне үйрету. Ойын әрекетінің әр түрлі болуы мен  ойынды дамытуды қамтамасыз ету: мысалы, қуыршақты балалар тамақтандырады, ұйықтауға жатқызады, арбамен серуендетеді, емдейді. Тәрбиешінің көмегімен  меңгерген әрекеттерді бір ойыншықтан екінші ұқсас ойыншыққа (қоян мен  қонжықты тамақтандыру, үлкен және кішкентай қуыршақты ұйықтауға  жатқызу) ауыстыруға үйрету. Осы тұрмыстық  іс-әрекеттерді ойыншық жануарлармен де қайталау, жануарлардың қылықтарына  еліктеу: итті үруге «мәжбүрлеу», ойыншық  үйректі шиқылдату, т.с.с.

Балалардың  ойыншықтармен бірнеше іс-әрекеттерді  қатар орындай білуіне қол  жеткізу. Қоршаған ортадан үйренгенін іс-әрекеттеріне көшіре білуге үйрету.

Күтуші  мен ересек балалардың іс-әрекеттерін  бақылау; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қорытынды бөлімінде тәрбиеші әрекетін қайталауға балаларды еліктіру, қосымша  материал ретінде ойыншықпен тағы не істеуге болатынын көрсету арқылы ойыншықтармен сахналауды енгізу.

Екі жастың соңына қарай қарапайым сюжеттік ойындарды қалыптастыру. Балаларды  ойын әрекеттерін өмірлік-қисыңды  реттілікпен орындауға, ойында нақты  заттардың орнына ауыстырғыш заттарды (сабынның орнына текшені, термометрдің орнына таяқшаны) қолдануға үйрету.

Ойын  барысында балалардың бір-біріне жақсы  ниетін тәрбиелеу, ойыншықтарымен бөлісуге, ауыстыруға, көмек көрсетуге үйрету (ойынға қажетті затты әкелу), тәрбиешінің  көмегімен бірнеше әрекетті әрбір  баланың орындауы.

Балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныстырған дидактикалық ойыншықтармен  өз бетімен ойнауға үйрету. Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде меңгерген дағдыларын қолдана отырып, түрлі құрылыс  жасауға ынталандыру.

Балаларды ойыншықтардың өлшемін, түсін салыстыруға, ойында қолданылатын заттар мен құрылыс  материалдарының (текшелер мен кішкентай  кірпіштер) кейбір пішіндерін дұрыс  атауға ынталандыру. Ойынға қажетті  үстел үсті және көлемді құрылыс  ойыншықтарының болуы қажет. Құрылыс  материалдарының жинағында сюжеттік ойыншықтар болғаны жөн.

Құммен, сумен, қармен ойын барысында заттың қасиеттері туралы білімдерін бекіту. Құммен және қармен ойындарда қалақша  мен күрекшені дұрыс қолдануға  үйрету, кішкентай шелек пен қалыпшаға  құмды салу, ылғал құмнан пішіндер жасау. Құммен ұқыпты ойнауға үйрету (жәшіктегі құмды шашпау, киімді былғамау).

Қимылды ойындарда негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) дамытуға мүмкіндік  туғызу. Әр баланың жеткілікті қозғалуын  қадағалау. Балаларды қимылды ойындарға (арбаны сүйрелеу, доппен ойнау, төбешік-басқыштарға  шығып-түсу, жолмен жүгіру, пластмасса кеглилерді жеңіл доппен соғып құлату, т.б.) ынталандыру.

Бұрамалы  ойыншықтарды көрсету, ойын-сауықтар жүргізу.

Оқу жылының  соңында бағдарламалық материалдарды  меңгеру нәтижесінде бала:

- тәрбиешінің  өтінішімен ойыншықтарды тауып,  көрсетуді;

- оларды  қолданылуына сәйкес атап, пайдалануды;

- тәрбиешінің  көмегімен меңгерген әрекеттерді  бір ойыншықтан екінші ойыншыққа  ауыстыруды;

- бір-бірімен  қарым-қатынас барысында өмірлік-қисынды  біртінділікті ойын жағдайында  жүргізуді;

- нақты  заттардың үлгілерін ойында қолдануды;

- ойыншықтармен  бір-бірімен бөлісіп, ауыстыруды;

- ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде таныс болған  дидактикалық ойыншықтармен ойнауды;

- ойыншықтарды  өлшемін, түсін салыстыру, ойында  қолданылатын кейбір заттар мен  құрылыс материалдарының пішіндерін  дұрыс атауды;

- қармен, құммен ойнауда қалақшаны, күрекшені  дұрыс қолдануды;

- қимылды  ойындарға белсене араласуды білуі тиіс. 

 

 

 

МЕРКЕЛЕР  МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР 

 

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін  ұйымдастыру ұсынылады.

Ертеңгілік  барысында қуыршақ театрының  көрінісі, таныс ойындар мен билер  орындалады. Балаларда мерекелік  көңіл-күй құру.

Жыл бойы ауық-ауық ойын-сауықтар өткізу. Оның барысында  бұрамалы ойыншықтарды, қуыршақтар театрын  қолдана отырып, балалар жазушыларының  шығармалары бойынша шағын көріністер көрсету.

Қозғалмалы  және қызықты ойыншықтарға, олардың  қозғалыстары мен тәрбиешінің әрекеттерін  бақылауға деген ниетті, қызықты  ойын жағдайларын балалардың эмоционалды  елеуін тудыру.

Балаларды шағын көріністерді көруге, ойын-сауықтарға қатысуға, жүргізушінің тапсырмаларын  қарапайым қимыл түрінде орындап (қоянды қуып жету, атпен шабу, т.б.), жауап бере білуге үйрету. 

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері