Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
Міндеттері:
1. Қимылды ойындар мен шынықтыру шараларын қолдана отырып, бала денсаулығын нығайту.
2. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімін тәрбиелеу, ересектердің нұсқауларына зейінді болуға үйрету.
Мазмұны:
Өздігінен қозғалу белсенділігі
Балаларды кеңістікте орын ауыстыруын қамтамасыз ететін қимылдарды жетілдіруге, жүру кезінде орнықты қалыпты сақтай білуге, ептілік көрсетуге мүмкіндік туғызу. Қозғалыс бағытын сақтауға, өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруге үйрету. Әрекет жағдайына лайықты әрекет етуге үйрету. Балалардың дербес ойынында қимыл белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу.
Үлкендер мен құрдастарына еліктей отырып, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерінің бейнесі мен қимылдарын жасайды.
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Қолды дұрыс жууға (көбіктенгенше сабындау), құрғатып сүртуге, өз бетімен сүлгісін алып, қайта ілуге, таза және ұқыпты тамақтануға; қасық, кесе, сүлгіні дұрыс және орынды қолдануға және тамақтану кезінде аузын жауып жеуге үйрету.
Тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын сумен шайқауды үйрету.
Өздігінен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру. 2 жас 3-4 айдан бастап балалар өздігінен және белгіленген тәртіп бойынша түймесіз киімдерін, аяқ киімдерін киіп және шешіп, түймелей және бауларын байлап, шеше білулері қажет, ал 2,5 жастан кейін өздері туймелерді ағытып, қайта түймелей алады, бәтеңкесінің бауын байлап, қайта шеше алады, белгіленген тәртіппен киімдерді ұқыпты бүктеп, аяқ киімдерін орнына қояды. Балаларға өздерінің жеке заттарын: сүлгі, беторамал, тарақ, ауыз шаятын ыдысты қолдану керек екенін түсіндіру. Өздігінен (ескертусіз) мұрнын сүрту, қолының, бетінің ластығын, киіміндегі олқылықты байқау, серуеннен келген соң аяқты сүрту, кіре беріс жерге аяқ киімін шешу; ретке келтіріп ұстау - еденде жатқан затты жоғары көтеріп қою, ойнап болған соң ойыншықты орнына жинау және т.б.
Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балаларды шынықтыру таңертеңгілік серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су процедураларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы процедуралар қолданылады.
Баланы
шынықтыру қолайлы
Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2-3 минуттан 6-10 минутқа дейін. Ауа және сумен шынықтыру алдыңғы топта жүргізілгендей түрде өтеді.
Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді. Су температурасы +34°С, +35°С-тан +23°С, +22°С-қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа процедураларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- кеңістікте орнын ауыстырып жүру кезінде орнықты қалыпты сақтауды;
- қозғалыс бағытын сақтап, өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруді;
- қолды
дұрыс жууды (көбіктенгенше
- өздігінен сүлгісін алып, қайта ілуді;
- өздігінен ұқыпты тамақтануды;
- қасық, кесе, сүлгілерді дұрыс және орынды қолдануды;
- тамақтану кезінде аузын жауып жеуді;
- әрбір
тамақтанғаннан кейін ауыз
- өздігінен
киіну және шешінуді, аяқ киімдерін
киіп және шешіп, киімдерін
түймесін ағыту, қайта
- белгіленген
тәртіппен киімдерді ұқыпты
- өздерінің жеке заттарын: сүлгі, беторамал, тарақ, ауыз шаятын ыдысты қолдануды;
- өздігінен (ескертусіз) мұрнын сүрту, қолының, бетінің ластығын, киіміндегі олқылықты байқауды, серуеннен келген соң аяқты сүртуді, кіре беріс жерге аяқ киімін шешуді білуі тиіс.
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Мақсаты: балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықтарын дамыту.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған
ортамен таныстыру
Тіл дамыту
Мақсаты: балалардың жалпыға ортақ зат есім, етістік, үстеу, сын есім және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Баланың өз айналасындағы адамдарды көрнекіліксіз түсіну қабілеттілігін дамытуды жалғастыру, пассив сөздікті кеңейту
2. Балалардың өзіңдік тілін жандандыру, белсенді сөздікті қалыптастыру.
3. Балалардың сөйлеуін белсендіру, белсенді сөздіктерін қалыптастыру
4. Балаға
түсінікті сөйлей білуін
5. Сөйлемді қолдануға, оны грамматикалық жағынан дұрыс құруға үйрету.
Мазмұны
Тілдің дыбыстық мәдениеті
Балаларды ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету, дауыс аппаратын дамыту.
Бала тілінің түсінікті, анық, асықпай, жеткілікті дауыста айтылуын қадағалау керек. Балалардың назарын дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді анық айтуға, сөйлеу қарқыны, дауыс күші мен биіктігіне аудару. Бала айналасындағы адамдардың сөзін естуге және тыңдауға, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді үйренуі керек.
Бұрын меңгерген буындағы, сөздегі дыбыстарды: дауысты дыбыстар (а, у, и, о) мен айтылуы қарапайым дауыссыз дыбыстардың (м, п, б, ф, в) дұрыс айтылуын анықтау және бекіту.
Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеушілікке (бақ-бақ, тық-тық, з-з-з) жаттықтыру. Балалардың дыбысты анық айтып қана қоймай, сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағын сақтауына талпыну.
Дыбыстар мен сөздерді сөз тіркестерінде бекітуді ары қарай жалғастыру. Сөйлемдегі сөздерді анық айтуға үйрету.
Сөздік қорын қалыптастыру
Баланың сөздік қорын молайту және жандандыру. 2 жастағы баланың сөздік қоры орта есеппен 250-280 сөзді құрайды. 3 жасқа қарағанда сөздік қор 3-3,5 есе артады. Өзінің киімдерін атауға үйрету - мойынорағыш, кеудеше, пальто, қолғап, жейде, көйлек, кофта, қамзол, шалбар, шұлық. Бас киім - бөрік, орамал. Аяқ киім - бәтеңке, етік, туфли. Ыдыс-аяқ - шыныаяқ, табақ, қасық, шайнек, қазан, құмыра, кесе. Тамақтың аттарын дұрыс атау: сорпа, ботқа, шырын, компот, кеспе, бауырсақ; азық-түлік: сүзбе, сүт, ірімшік, қаймақ, айран, қымыз, балық, ет, жұмыртқа, күріш, картоп, макарон, бұршақ, қарақұмық. Сөйлемде зат есіммен (доп, мысық, ыдыс) бірге әрекетті білдіретін (доп домалады, мысық ұйықтап жатыр, ыдыс сынды) сын есімді қолдануларын жетіддіру. Сын есімді қолдана отырып, затты сипаттау (үлкен үй, жақсы бала). Ересек адам өз сөзінде сөз таптарының барлық түрін қолданып, үлгі көрсете білуі керек.
Балаларда
отбасында және балабақшада тілдік
қарым-қатынас жасауға
Белсенді сөздікте заттардың сапасы және олармен әрекет жасаудың атауларын бекіту. Тілдегі жинақтық зат есімдерді, тілдің жалпылау қызметін меңгеруге көмектесу.
Балаларға күнделікті әрекетте ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды, түрлі сөз табын, заттардың белгілерін, жануарлар мен олардың төлдері, көкөніс, жеміс, өсімдік, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолданып, жауап беретіндей сұрақтар қою. Заттар туралы қойылатын сұрақтар қарапайым болады: «Бұл кім?», «Бұл не?» (қозы, орындық) және күрделірек «Не жүгірді?» (ит), «Мысық қайда ұйықтайды?» (кілем үстінде).
Тілдің грамматикалық құрылымы
Тәрбиешінің сөйлеуін түсінуте, қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйретуді жалғастыру.
Балаларды
зат есімнің көшпе түрін
Сөз қосымшаларын қолдана білуге үйрету. Дауыс екпінімен көмегімен мақсатты жеткізе білу (баяндау, іздену, сұрақ қою және т.б.) - 2,5 жастағы балалар құрамы үш сөзден көп сөйлемдерді айтады, ал 3 жаста өз сөзінде күрделі сөйлемдерді қолданады.
Үш жастың соңына қарай бала тілдің барлық грамматикалық түрін, құрылымдарын қолданады. Бағыныңқы құрмалас сөйлемді қолдану, бірнеше сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.
Байланыстырып сөйлеу.
Заттар мен құбылыстардың маңыздысын бақылауға, қарастыруға, бөліп көрсетуге, олардың арасындағы қатынасты орнатуға, сөзбен белгілеуге үйрету.
Диалогты (кейінірек монологты сөйлеу), байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиешінің бүкіл топқа бағытталған сөзін балалардың мұқият тыңдауына назар аудару. Ерсектермен және құрдастарымен тілдік қатынас жасауды дамыту.
Балаларды ертегі айтуға белсенді қатысуға үйрету: бір-екі сөзбен немесе тіркесті толық айту, әңгімеге қатысу, сұраққа жауап беруге үйрету.
Балалардың пікір білдіруін мадақтау, түсініксіз жерін түсіндіру, бөліктерді анықтау және балалардың барлық сұрақтарына жауап беру Сөз мағынасын кеңейте отырып (балаға түсінікті етіп), қарапайым пікір айта білуге үйрету.
Жыл соңында
суреттегі бейне жайлы, серуен кезінде
көргендері туралы 2-4 сөйлеммен айтып
беруге, сөзінде жақын арада болған
оқиғаны айтып беруге, осы шақтағы
сөйлемдерді қолдануға, болашақты
қарапайым түрде бағдарлай
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- ана
тіліндегі дыбыстар мен
- айналасындағы
адамдардың сөзін естуді және
тыңдауды, түрлі дыбыстарды, дауыстың
қаттылығы мен айтылу
- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын пайдалануды;
- құрамы үш сөзден тұратын сөйлемді айтуды, өз сөзінде күрделі сөйлемдер қолдануды;
- заттар
мен құбылыстардың маңыздысын
бөліп көрсетуді, олардың
- көргендері жайлы 2-4 сөйлеммен айта білуі тиіс.
Көркем әдебиет
Мақсаты: көркемсөзге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, шығармалардың мазмұнын түсінуге көмектесу.
Міндеттері:
1. Балаларды тақпақтарды, ертегілер мен әңгімелерді қабылдауға, әрекеттің дамуын қадағалап, мазмұнын түсінуге үйрету.
2. Тілдің
эмоционалды мәнерлілігін
3. Тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап бере білуді дамыту.
Мазмұны:
Балаларды жыл бойы қазақ және басқа халықтардың қарапайым мазмұнды ертегілерімен, фольклормен, қазақ және басқа халықтардың балалар шығармаларымен жазушыларымен, жазушы-классиктерімен таныстыру.
Ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуге тәрбиелеу. Балаларды өздеріне таныс күлдіргі тақпақтарды, қысқа өлең жолдарын асықпай, анық қайталауға ынталандыру.
Балалардың көркем сөзді біртұтас қабылдауын қалыптастыру: эмоционалды елгезектік, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен кейіпкерлерін түсіну. Ертегідегі, қысқа әңгімедегі оқиғаларда, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын байқау, драмалық жағдайларда кейіпкерлерге жаны ашу, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуана білуді бекіту.
Айналасындағы адамдардың сөзін көрнекіліксіз тыңдау қабілетін дамытуды жалғастыру, тұрмыстық («Айжан мысық тауып алды») немесе ертегі («Назгүлдің құсы ұшып кете жаздады», «Қыңыр мысық табанын күйдіріп алды») тақырыптарына байланысты әңгімелер тындау.
Шығарма мазмұнына эмоционалдылық білдіру, түрлі дауыс екпінін байқай білу қабілеттілігі, болған жағдайға жанашырлық білдіру, кейіпкерлер бейнесіне (тауық, әтеш, мысық) ене білу қабілеттерін дамыту. Өздеріне таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсете білуге үйрету.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері