Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Сөйлеу  тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық  ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік  туғызу Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- бөлмедегі  және даладағы заттар (бақшада,  аулада, көшеде), кейбір жануарлар  мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды;

- заттардың  белгілері, күйі, орналасқан орнын;

- айналадағы  адамдардың жасы мен жынысына  сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік  және сандық қарым-қатынастарды  атауды;

- ересектерді  мұқият тыңдау, топта өзін-өзі  ұстау немесе басқа балалармен  қарым-қатынасы туралы нұсқауларын  орындауды;

- екі-үш  қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды  орындауды;

- сюжетті  суреттер бойынша үлкендердің  шағын әңгімелерін түсінуді;

- ересектердің  сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек  әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы  адамдармен қарым-қатынасты ретке  келтіріп және тілектерін білдіруге  байланысты сөздерді қолдануды;

- кейбір  есімдіктер (мен, біз, сен, маған)  мен үстеуді (онда, сонда), сын  есімдерді (үлкен, кіші, жақсы,  жаман, дәмді) қолдануды;

- 300-ге  дейін сөзді;

- заттарды  айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды;

- ана  тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне  қарай сөйлемдерді дұрыс құруды;

- таныс  заттар туралы сұрақтарға бір  сөзбен немесе сөз тіркесімен  жауап беруді;

- өз өтінішін  сөзбен немесе сөз тіркестерімен  білдіруді, тапсырманы мұқият  тыңдап, басқа адамға жеткізуді;

- дауысты  а, у, и, о және дауыссыз  м, б, п, т, д, н дыбыстарын  анық айта білуі тиіс. 

 

 

 

Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларға  шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.

2. Халықтық  шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің  ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды  түрде жауап беруді қалыптастыру.

Ең алдымен, тиісті сурет, ойыншық, әрекеттерді  көрсете отырып, кейін заттарды көрсетусіз кішігірім, мазмұны қарапайым тақпақ, ертегі, әңгімелерді түсінуді дамыту.

Көркем  шығарманы тыңдау және оның мазмұнын белсенді сезіну қабілеттерін дамыту. Мәнерлі сөйлеуді түсінуін дамыту: көркем шығарма мазмұнына қатынасын  білдіретін сұраулы, мақұлдайтын, лепті  ырғақтарды дамытуды жалғастыру. Қайталап оқу барысында мәтіннің сөздерін айтуға үйрету.

Таныс ойындағы өлең жолдарына сәйкес («Қуырмаш», «Санамақ», т.б.) ойын әрекеттеріне үйретуді жалғастыру, оқу немесе әңгімелесу барысында  ұлттық шығармалардың, тақпақтар мен  әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоционалдығын білдіру.

Бала  тәжірибесі көрініс тапқан, балалар  көрген жануарлар, тұрмыстық және ойын жағдайлары бейнеленген көркем әдебиет  шығармаларын оқу.

Екі жастың соңына қарай балаларға түсінікті  табиғат құбылыстары: қар, жаңбыр, жел, шалшық, т.б., адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген шағын  әңгіме, ертегі, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды түрде пікірлерін білдіруге үйрету. Шығарманы оқу  және түсінгенін айту барысында шығарма  кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру, пікірлерін білдіру ниеттерін мадақтау. Кітаптағы  суреттерді қарастыруға үйрету.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- адамдар  мен жануарлардың қылықтары суреттелген,  балаларға түсінікті табиғат  құбылыстары бейнеленген кішігірім  тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды  түрде тыңдауды;

- мазмұны  қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;

- халықтық  шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің  ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды  түрде жауап беруді;

- мәтінді  қайталап оқығанда сөздерді айта  алуды;

- өздеріне  таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне  сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;

- шығарма  кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға  қатысуға ынта білдіруді;

- кітаптағы  суреттерді қарауды білуі тиіс.  

 

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту.

Міндеттері:

1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.

2. Ересектердің  бүкіл топқа, жеке балаға айтылған  сөздеріне назар аударуды, түсіне  білуді қалыптастыру, байланыстырып  сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Заттар  мен құбылыстардағы ең маңыздыны  анықтауға, бақылауға, оларды  атап, араларындағы қарым-қатынастарды  құруға үйрету.

Баланың өзіне жақын ортада бағдарлауының  кеңеюімен байланысты тілін дамыту.

Заттарды, жабдықтарды, ересектер атқаратын  кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.

Балалардың  белсенді сөздік қорларын кеңейту, таныс  сөздерді (айналасындағы заттар, олардың  қасиеттері, құбылыстар, іс-әрекетгер, т.б.) айтуға, адамның кейбір еңбек  әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау, т.б.) дұрыс атауға үйрету.

Балаларға таныс кейбір көлік түрлері (автобус, машина, трактор және т.б.) туралы түсінік  беру, ойыншық машинаға ұқсастырып, суреттерден таба білуге үйрету. Суреттер мен ойыншықтардан кейбір үй жануарларын  тануға және (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапандар және т.б.) атауға ынталандыру; адамдар  мен жануарлардың қарым-қатынасын  білдіретін көріністерді түсінуге үйрету, көрсету барысында әңгімелей  білуге ынталандыру. Жануарлардың ерекшеліктерін қарастыра отырып, ерекше белгілеріне  назар аудару: көзі, құлағы, аяқтары, құйрығы және оларды атауға ынталандыру.

Бір жарым  жастан асқан балалармен табиғат  құбылыстарын бақылау, оларды атау және кейбір ақпараттарды хабарлау: жаңбыр жауса, жер су болады, серуенге шыға алмайсың; жердегі нәрсені ауызға салуға болмайды - ауырасың, күннің көзі шықса күн жылынады.

Сөздік  қорларын толықтыру, көрген-білгендерін  атай білуге ынталандыру.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- балалар  пассив сөздік қорындағы сөздерді  айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары  мен қызметтері, т.б.);

- адамдардың  кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және  т.б.) дұрыс атауды;

- кейбір  үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т.б.) суреттер  мен ойыншықтардан танып, аттарын  атауды;

- жануарлар  мен адамдардың оларға қарым-қатынасын  бейнелейтін көріністерді түсінуі;

- жануарлардың  айтарлықтай ерекшеліктері мен  белгілерін анықтауы және оларды  атауды;

- табиғат  құбылыстарын атауды білуі тиіс.  

 

 

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ  МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: қоршаған ортадағы заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, баланың танымдық қызығушылығы мен сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық  мазмұны:

- қоршаған  ортамен таныстыру;

- сенсорика;

- құрастыру  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  жүзеге асады. 

 

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

Міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды  қолжетімді табиғат құбылыстарымен  таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға  қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.

Мазмұны:

Өзі және айналасындағы адамдар  туралы түсініктері

Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі («Қолың қайда?, «Көзің қайда?», «Мұрның қайда?»), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды, т.б.) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу, т.б.) туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту.

Балаларда қоғамдық өмірдің нақты жағдайлары жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру («Сатушы тәте», «Дәрігер аға», «Жүргізуші аға», т.б.).

Балаға жақын ортадағы заттармен  таныстыру

Балаға  жақын заттық ортадағы ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, тамақ түрлері, жеке заттары туралы түсініктер беру.

Балаларды заттармен, олардың белгілерімен, қарапайым  іс-әрекет түрлерімен (суарады, жейді, киеді) таныстыру. Заттардың негізгі  белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырата  білуге үйрету. Түсіне қарай заттарды топтастыруға үйрету (қызыл шарды  қызыл қорапқа, ал көк шарды көк  қорапқа салу).

Балаға  жақын ортадағы және суреттегі заттарды тани білуге үйрету.

Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру

Баланы  айналасына жақын жануарлармен таныстыру.

Әнші  құстарға, аквариумдағы балықтарға, құстарға және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу. 2 жасына қарай  бірнеше жануарлардың болмысын суреттерден, ойыншықтардан (құс, тауық, мысық, ит) танып, көрсетуге, оларды атауға, дауысына еліктеуге  үйрету. Осы белгілерімен қатар нақты  атауларын беру. Балалармен бірге  жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару.

Бір жарым  жастан асқан балалармен бірге табиғат  құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыру.

Серуенде  ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл  аудару. 2 жасқа қарай тәрбиешінің  нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, ересек адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйрету.

Балалардың  өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығын  дамыту, оларға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу. Тәрбиешінің табиғат  бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға  қандай күтім жасайтынына назарын  аудару.

Балалардың  назарын гүлдейтін бөлме өсімдіктеріне  аудару, суаруға үйрету.

Балаларға күнделікті өздері көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін бекіту, оларды болмысынан мен суреттерден  тануға жаттықтыру.

Су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады және суға шомылады.

1 жас  6 айдан асқан балаларды құмның  қасиетімен таныстыру: құрғақ  болса, сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайды.

Жыл соңында  бағдарламалық материалдарды меңгеру  нәтижесінде балалар:

- өзі  туралы - өзінің аты-жөні, іс-әрекеттері, тілек-ниеттері, жақын адамдары мен  отбасы мүшелері туралы;

- заттардың  белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырату,  қарапайым іс-әрекеттерді;

- заттарды  түсі, пішіні мен өлшемі бойынша  топтастыруды;

- заттарды  өзіне жақын ортадан және суреттерден  тануды;

- бірнеше  жануарларды табиғи болмысынан, суреттерден танып көрсету және  олардың аттарын атау, дауыстарын  келтіруді;

- табиғат  құбылыстарын атауды;

- ағаштар,  гүлдер мен шөптерді ажырату,  оларға қамқорлықпен қарауды;

- белгілі  түстегі гүлді тауып алу, үлкендердің  көмегімен гүлдер, ағаштар мен  шөптерді көрсетуді;

- балаларға  күнделікті көріп, жеуге болатын  (жергілікті жағдайды ескеріп)  кейбір көкөністер мен жемістерді  ажырату, оларды табиғи түрлері  мен суреттерден тануды;

- су туралы  түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;

- құмның  қасиеттерін білу: құрғақ болса  сусылдайды, ылғал болғанда пішінді  жақсы сақтайтынын білуі тиіс.  

 

 

 

Сенсорика

Мақсаты: баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

Міндеттері:

1. Баланың  талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.

2. Ұсақ  қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен  іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік  тәжірибелерін дамыту.

3. Заттардың  түсі, пішіні, өлшемі мен басқа  да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында  ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Заттық іс-әрекет

1 жас - 1 жас 6 ай

- затты  лентасынан, бауынан, ауа шарын,  ойыншық машинаны, арбаны жібінен  тартуға, жібінен тарта отырып, дыбысын шығаруға (қоңырау) үйрету;

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері