Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Кітаптағы суретерді қарап, олардың мазмұны  бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын  меңгеру нәтижесінде:

- ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін  қойып, алаңдамай, құрдастарымен  тыңдауды, мазмұны бойынша сұрақтарға  жауап беруді;

- ертегідегі, қысқа мазмұнды әңгімедегі болып  жатқан оқиғаларды, шығармаларда  жаңа кейіпкерлердің пайда болуы  мен олардың қарым-қатынасын байқауды;

- драмалық  оқиға кейіпкерлеріне жанашырлық  білдіруді, өзіне таныс кейіпкерлермен  кездескенде қуануды;

- таныс  шығармалардағы қарапайым сюжеттерді  ойнап көрсетуді;

- кітаптағы  суреттерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуі тиіс. 

 

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларды қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту, ересектердің айтқан сөзін түсінуін, көрнекі-әрекетті ойлау және тілді пайымдаудың қарапайым түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Қоршаған  ортаны баланың тілі мен ойлауын қалыптастыратын, сөздік қорын жандандырып, толықтыратын, байланыстырып сөйлеуін дамытатын, дыбыстауды қалыптастыратын, қоршаған орта туралы тілді пайымдаудың қарапайым түрлерімен таныстыратын маңызды құрал ретінде қолдану.

2. Барлық  балаға арналған тәрбиешінің  сөзін тыңдауды және түсінуді, заттарды бақылау мен суреттер  қарау кезінде мұқият болуды  дамыту.

3. Балаларды  тәрбиешінің айтқанын дұрыс қайталауға: заттардың аттары, қимыл-әрекеттер,  түстер; бұл сөздерді өз сөзінде  қолдана білуге үйрету.

Мазмұны:

Баланың қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту негізінде сөздік қорын жандандыру мен тілді түсінулерін дамыту. Табиғат құбылыстары мен алуан түрлі заттар туралы алғашқы түсініктерін дамыту, заттар және құбылыстар арасындағы қарапайым байланыстарды орната білуді қалыптастыру, балаларды көрнекіліксіз қоршаған ортадағы адамдардың тілін түсінуге үйрету.

Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай  тауып әкелуге («Қызыл кубикті алып кел», «Кішкентай қонжыққа ән айтып  берші»), олардың орналасқан жерін  ажыратуға («Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр», «Жанына қой», адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге («Суды қалай құятынын көрсет», «Қонжыққа  ұқсап жүр»).

Балалардың  сөздік қорын:

- транспорт  құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;

- кейбір  еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту,  үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты  (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін  етістікпен;

- заттардың  көлемін, түсін, дәмін (үлкен,  қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы)  білдіретін сын есіммен;

- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қарашы) молайту.

Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.

Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар  айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.

Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т.б.) мен оның төлдерін (қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай  ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б.) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы  шаш үлгісін жасайды, жүргізуші  көлік жүргізеді және т.б.).

Айналадағы  кейбір транспорт түрлерін (жеңіл  және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.

Тәрбиеші  балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар  өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың  қолданылуын (төсекте ұйықтауды, үстел  басында тамақтанады және сабаққа  дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.

Балалардың  заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттау білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын  меңгеру нәтижесінде:

- педагогтың  ауызша көрсетуі бойынша: заттарды  түстеріне, өлшемдеріне қарай  тауып, олардың орналасқан жерін  ажыратуды;

- транспорт  құралдары, автомобиль бөліктері,  өсімдіктер, жемістер, көкөністер, үй  жануарлары және олардың төлдерінің  аттарын білдіретін зат есімді  қолдануды;

- кейбір  еңбек әрекеттерін білдіретін  етістікті, заттың көлемін, түсін,  дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;

- сурет  мазмұны бойынша, серуенде көргендері  жайлы тәрбиешінің қойған сұрақтарына  жауап бере білуді;

- суреттегі  үй жануарлары мен оның төлдерін  танып, атай білу, өсімдіктерді  ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы  түріне қарай ажыратып, кейбір  жемістер мен көкөністердің дәміне  қарай атай білу, отбасындағы,  балабақшадағы, көшедегі үлкендердің  кейбір еңбек әрекеттерін атауды;

- айналадағы  кейбір транспорт түрлерін сыртқы  түріне қарап және бөлшектерін  ажыратуды;

- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін,  тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісін  атымен және әкесінің атымен  атай білуі тиіс. 

 

 

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ  МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: заттар, табиғат, адамдар әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық  мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған  ортамен таныстыру ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.  

 

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балалардың қоршаған орта, табиғат, заттар мен олардың маңызы және олармен әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту және қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды қоғамдық өмір құбылыстарымен және ересек адамдардың кейбір мамандықтарымен таныстыру.

2. Заттардың  қасиеті мен кеңістіктік ортаны  бағдарлау негізінде танымдық-тәжірибелік  дербестікті (өзіндік «Мен»-ін) дамыту.

3. Балалардың  барлық тіршілік иелеріне адамгершілік сезімдерін, мейірімділігін және қамқорлықтарын дамыту.

Мазмұны:

Қоғамдық өмір құбылыстары

Ересектердің  еңбегіне қызығушылығын дамыту. Бала айналасына жақын адамдардың үйдегі және балабақшадағы еңбегі туралы ұғымдарын  қалыптастыру. Жекелеген еңбек әрекеттерін (анам киіп тігеді, кір жуады, үтіктейді; мейірбике градусник қояды, ине  салады; күтуші ыдыс-аяқ жуады; дәрігер  емдейді; жүргізуші машина жүргізеді; аспазшы ас пісіреді және т.б.) тануға және атай білуге жаттықтыру.

Балалардың  жекелеген еңбек үдерістері туралы ұғымдарын тереңдету, оларды еңбек  нәтижесін көруге, әрекеттерді белгілі  бір біртінділікпен орындауға және бұл үшін еңбекке қажетті құралдар, материалдардың бар екенін түсінуге үйрету.

Автомобильді  басқару туралы қарапайым мәлімет, транспорт құралы және оның маңыздылығы  туралы ұғым беру, оларды танып, атауға (жүк және жеңіл автомобильдер, автобус, трамвай, троллейбус, поезд), сонымен  қатар жүк автомобилінің негізгі  бөліктерін атап, ажырата білуге үйрету. Автобус, жеңіл автомобиль, трамвайға  адамдар отырады, ал жүк машинасымен  жүк (балабақшаға азық-түліктер) тасиды.

Адам:

- оның  сыртқы денесінің ерекшеліктері  (әр адамның басы, қолдары, аяқтары,  беті; бетінде - көзі, мұрны, аузы  бар);

- оның  дене және эмоционалдық жағдайы  (қарны ашты - тойды - шаршады - дем алды; ауырды - емделді; қайғырды - қуанды; жылады - күлді және т.б.);

- балаға  жақын адамдардың әрекеттері («Анам  тамақ пісірді», «Әжем шұлық тоқыды»,  «Атам газет оқыды», «Ағам сурет  салды», «Әкем сағат жөндеді»  және т.б.) туралы білімдерін бекіту.

Қоршаған ортадағы заттар

Баланың заттарды, нысаналарды және айналасындағы құбылыстарды зерттеу ниетіне қолдау көрсету, заттардың қолданылуымен және олармен әрекет жасаумен таныстыру.

Үй тұрмысына  қажетті заттарды (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз  және т.б.), ойыншықтарды, еңбек құралдарын (сыпыртқы, сыпырғыш, күрек, су сепкіш, шелек және т.б.) қарауды ұйымдастыру. Балаларды үй тұрмысына қажетті  заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың  қасиетін - қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға; заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыруға; қарама-қарсы белгілері  бойынша (үлкен-кіші, қатты-жұмсақ) олардың  арасындағы қатынасын орнатуға; бүтінді  және бөлшекті (матрешкалар, қима суреттер), заттармен, материалдармен әрекет жасауды  атауға, қарама-қарсы әрекеттерді (киіну - шешіну, ағыту - түймелеу) ажыратуға  үйрету.

Заттарды  қолдану белгілері бойынша (ас ішуге және шайға арналған ыдыс-аяқтар, қуыршаққа арналған киімдер) топқа біріктіруге үйрету.

Табиғат ортасы

Өсімдіктер әлемі. Балаларды қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануға үйрету.

Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі  гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктеріне (діңі, бұтағы, жапырағы) аудару, жапырақтардың  түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға  жаттықтыру. Өсімдіктердің бөліктері (сабағы, жапырағы, гүлі), суару туралы ұғым беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға ынталандыру.

Жануарлар әлемі. Үй жануарлары (сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, жылқы, ит, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін (бота, бұзау, лақ, қозы, құлын, күшік,балапан және т.б) атауға және ажырату.

Орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін жэне т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсету (әтештің әдемі айдары бар, қоянның  ұзын құлақтары бар, аю үлкен, оның құлақтары  кішкентай, әтештің шақыруы, мысық  пен күшіктің шығарған дыбыстарын тыңдату).

Кейбір  жануарлардың денесінің бөліктерін (басы, құйрығы, аяқтары) ажыратып атауға үйрету.

Құстарға  және олардың іс-қылықтарына (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді) бақылау жасау. Балаларды балықтарға (аквариумдағы), құстарға жем шашуды үйрету.

Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.

Табиғатта жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуын және олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн  жарқырайды, көктемде сүңгілер ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, күзде жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге  түседі) байқау. Жыл мезгілін сыртқы белгілері бойынша ажырату және оларды атау.

Ауа райындағы  және табиғаттағы ерекшелік өзгерістерді байқау. Ауа райы құбылысы мен оған адамдардың қатынасы (жаңбыр - дымқыл, сырт киімсіз және етіксіз қыдыруға болмайды, жаздың ыстық күнінде бас  киім киеді, қыста адамдар тон, мойын  орауыш, жылы етік, аң терісінен жасалған тымақ киеді және т.б.).

Тұрмыстағы  су (сұйық, жылы-суық, суға шомылады, жуынады, кір жуады және т.б.), табиғаттағы  су (жылғалардан ағады, сүңгілер ериді, өзен, тоған) туралы білу.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын  меңгеру нәтижесінде:

- үлкендердің  жекелеген еңбек әрекеттерін  танып, атауды;

- балаға  жақын адамдардың әрекеттері  туралы;

- транспорт  құралдары мен олардың маңызы  туралы;

-ойыншықтар, жиһаз, киім, ыдыс-аяқтар, кейбір  жемістерді атап, ажыратуды;

- оларды  қолдану белгілері бойынша топқа  біріктіруді;

- үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, қой,  түйе, шошқа, әтеш, тауық, қаз және  т.б.) мен оның төлдерін атап, ажыратуды;

- орманды  мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән  ерекшеліктерді атап көрсетуді;

- жануарлардың  дене бөліктерін атап, ажыратуды;

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері