Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Өмір қауіпсіздігі мен жолда  жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен  жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыруды жалғастыру.

Бағдаршамның  түстерімен таныстыруды жалғастыру. Қайсысы қандай белгі береді?

Жол қиылысымен, «Жаяу жүргінші жолы» және «Медициналық көмек пункті» жол белгілерімен таныстыру.

Көлік жолдары  мен жаяу жүргінші жолдары туралы түсінік беруді жалғастыру.

Жаяу  жүргінші тротуармен, балалар жолдан ата-аналарының көмегімен, жаяу адам көлікті  аялдамада күтеді, көлік ішінде ешкімге  кедергі жасамай, тәртіп сақтау.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;

- үшкір  заттармен ойнамау;

- электр  құралдарынан алыс жүру;

- отпен  ойнамау;

- таныс  емес, бөгде біреуге есік ашпау;

- серуенде  жүргенде үлкендерден алыс кетпеу;

- өзі  білмейтін саңырауқұлақтар мен  жидектерді теріп жемеу. 

 

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық»  білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет  салу;

- музыка.  

 

 

 

Мүсіндеу  

 

Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.

Міндеттері:

1. Заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту.

2. Заттарды  бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу  құралдарын өз еркімен таңдап  алуға үйрету.

3. Шығармашылық  әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды  қатынасын білдіру іскерліктеріне  тәрбиелеу.

Мазмұны:

Алақан  арасына салып түзу және домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру.

Саз балшықтың, қамырдың, ермексаздың, қардың кесегінен  мүсіндеуге және мүсіндеудің түрлі  ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана отырып бейнелер жасауға үйрету.

Сазбалшықтан  пішіннің негізгі бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның құлағы), пішіннің үстін тегістеуге, бөліктерді біріктіруте, оларды қысу және жағуға (шыны аяқтың тұтқасы), толық пішінді беру үшін ішіне  қарай басуға (табақ, кружка) үйрету.

Балаларды бейнелік ойыншықтарға, бейнелеу өнері  заттары мен сәндік-қолданбалы өнерге талпындыру.

Заттардың бірнеше бөліктерін тепе-теңдік қалпын сақтап, бөліктерді бір-біріне біріктіру  арқылы мүсіндеудің тәсілдерін көрсету.

Балаларға түрлі материалдарды қосып (ермексаз, саз балшық, табиғи және қалдық материал) мүсіндеуге үйрету, шығармашылық қиялын дамыту.

Балалардың  көлемді пішіндер мен қарапайым  композиция мүсіндеуге қызықтыру.

Адамдар мен жануарларды мүсіндеудің  түрлі тәсілдерін көрсету.

Жеке  жұмыстарын ұжымдық композицияға біріктіру  жолдарын үйрету.

Стектерді қолданып жұмыс істеуге үйрету. 

 

 

 

Жапсыру  

 

Мақсаты: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларға  қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету.

2. Заттардың  халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.

Мазмұны:

Қайшымен  жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Шаршы мен  тіктөртбұрышты қиғаш сызық бойынша  кесуге, шеңбер мен сопақшаны жіңішкелеп ортасынан кесу, содан соң жалпақ жолақша етіп кесуге үйрету.

Адам  мен жануарлардың пішіндерін, едәуір күрделі заттарды бейнелеуге үйрету.

Ұсақ  бөлшектерді құрастырып және желімдеуге, яғни заттардың бейнесін алдымен  қағаз бетіне қойып алып, содан  соң оларды желімдеуге үйрету.

Заттар  мен өрнектердің пішіндеріне  байланысты жазықтықта орналасу зандылықтарын, элементтердің бірізділігі мен  олардың арасындағы арақашықтықты  сақтауын көрсету.

Домалақ, шаршы, жолақшадағы өсімдіктер пішінінде  және басқа да пішіннен геометриялық элементтерден өрнек құрастыру  тәсілдерін көрсету.

Қылқалам  мен желімді пайдаланып, клеенкадағы  пішінге ұқыпты жағу, су орамалды қолдану  іскерліктерін дамыту.

Қағаздың: жыртылатыны, оңай мыжылатыны және желімнің: желімденетіні, ұқыптылықпен қолдануды  қажет ететін мүмкіндіктері туралы ұғымдарын бекіту.

Ұжымдық композиция қалай құру керектігін үйрету.

Жапсыруға қызығушылықтарын дамыту.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері - кілемге жапсырумен таныстыру.

Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын (жапсыру  мен сурет салу) үйлестіріп жапсыруға  үйрету, шығармашылық қиялын дамыту. 

 

 

 

Сурет салу 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Заттар  мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру.

2. Қарапайым  заттар мен қоршаған ортаның  құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін  бейнелеу тәсілдерін үйрету.

3. Қазақ  және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.

Мазмұны:

Заттарды, адам мен жануарларды, табиғат құбылыстарын, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерін  бейнелеуге үйрету.

Сәндік-қолданбалы өнердің кейбір түрлерімен, керамикалық  ыдыстармен, балалар көркем әдебиеті шығармаларының суреттерімен, атақты қазақ және басқа суретшілердің  көшірмесімен, кіші пішіндегі мүсінмен таныстыру, олардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.

Балаларды күрделі заттардың суретте ораналасқан  бөліктерін (жоғарыда, төменде, бір  жағымен, екінші жағымен) бейнелеу барысында  және оларды көлемі бойынша үйлестіре  білуге үйрету.

Адамдар мен жануарлардың суретін салу тәсілдерін көрсету.

Балаларды негізгі түстермен және олардың  реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу тәсілдерімен таныстыруды  жалғастыру.

Көлеміне  байланысты жазықтыққа ою-өрнекті орналастыру  заңдылықтарын, элементтердің бірізділігін және олардың арқашықтығын сақтауларын  көрсету.

Халық ойыншығының  сарыны бойынша, керамикалық ыдыс-аяққа, дөңгелекке, жолақшаға, шаршыға, дайын  пішінге өрнектің элементтерінің суретін  салуға, өрнектің элементін ырғақты  орналастыру, симметрияны сақтауға үйрету.

Қазақ халқының және дымковтық ойыншықтардың ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету.

Сурет салудың  техникалық дағдыларын бекіту: қаламмен, қылқаламмен (акварелдік бояу, гуашь) тек  бір бағытта - жоғарыдан төмен  немесе солдан оңға қарай, бояуды ырғақпен жағу, бүкіл пішінді үзік сызықпен сызу, сұлбаның шегінен шығып кетпей, қылқаламмен жалпақ сызық жүргізу, ал жіңішке сызықты, түктің ұшымен немесе қылқалам сабынының ұшымен нүкте  арқылы суреттерді бояу. 

 

 

 

Музыка  

 

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түріне эмоционалдық қатынасын білдіруге талпындыру.

Міндеттері:

1. Кейбір  музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру.

2. Музыкалық  аспаптардың дыбысталуын ажыратуға  үйрету, даңғырлатып ойнайтын оркестрге  қатысу.

3. Би  қимылдарын орындауға, музыкалық  ойын әрекеттеріне талпындыру.

4. Түрлі  сипаттағы музыкалық шығарманы  ажыратуға, кейбір балалар композиторларының  шығармаларын атауға үйрету.

5. Сазды  әуенмен, күшенбей, мәнерлі, табиғи  даусымен ән айтуға үйрету.

6. Адамгершілік-эстетикалық  сезімге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Ән тыңдау

Түрлі сипаттағы (көңілді, көңілсіз, жылдам, баяу) музыкалық шығарманы қабылдауға үйрету.

Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, шығарманың бөлімін ажырату, музыканың сипатын  анықтау іскерлігін дамыту.

Әнде  не туралы айтылғанын әңгімелеу іскерлігін дамыту.

Музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды (асатаяқ, домбыра, қобыз, барабан, сылдырмақ, дабыл  және т.б.) ажырату іскерліктерін  дамыту.

Музыкалық шығармалар мен олардың жанры  туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дыбыстардың биіктігі, дыбыстау ұзақтығы, ырғақ пен тембр туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Ән салу

Жеке  және хормен ән айту, дыбысталуын созып, дауыс ырғағын таза келтіріп айту дағдыларын қалыптастыру.

Бір қарқында (жылдам - баяу) бірдей дыбыстау күшімен (қатты - ақырын) ән айтуға үйрету. Түрлі  сипаттағы әндерді орындауды  қолдану, секірмелі және әдемі сазды  қарқынмен дауысты бере білуге үйрету.

Табиғи  дауыспен ән салуға, күштенбей, сөзі мен  дыбысты таза және анық, кіріспе  музыкадан кейін әнді бастауға, музыкалық  сөздің арасында тыныс алуға, әнді бір  уақытта бастап аяқтауға, сазды дұрыс  бере білуге, әннің аяғын саздылық етуге үйрету.

Кварта  аралығында, музыка сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән салу. Дыбыстарды биіктігі бойынша (октава шегінде) ажырату, басы мен аяғын сезіну.

Балалар композиторларының шығармаларын, халық  музыкасын, бағдарламалық шығармалар мен олардың авторларының аттарын  атап, тани білуге үйрету.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы. Музыка сипатына сай қимылдарын өзгерту, пьесаның соңын сезіну, музыка сипатына қимылды үйлестіруге талпыну  іскерліктерін дамыту.

Музыканың түрлі бөліктерін: ән бастамасы, қайырмасын ажыратуға үйрету.

Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға  талпындыру.

Би қимылдарымен, би билеу, ойын және хороводтармен таныстыру.

Музыка  сипатының алмасуын сезінуге үйрету.

Таныс әннің  мазмұнын сахналауға қатыстыру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Ересектердің  домбырада, сазсырнайда, қобызда, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда және басқа  да түрлі музыкалық және даңғырлақ  аспаптарындағы ойнауын тыңдау іскерлігіне  тәрбиелеу. Күрделі емес ырғақта  үшбұрышта, румбада, табақшада өз еріктерімен  орындау іскерліктерін дамыту. Шулы оркестрге қатысуын талпындыру. Балалар  музыкалық аспаптарын танып, атай білуге үйрету. 

 

 

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелері мен қағидаларының негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- қоршаған  ортамен таныстыру;

- экология;

- көркем  әдебиет. 

 

 

 

Қоршаған  ортамен таныстыру 

 

Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, қоршаған әлемнің қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру.

Міндеттері:

1. Ұлтжандылық, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін, ересектерді құрметтеу сезімін қалыптастыру.

2. Әрекеттердің  әр түріне қызығушылықтары мен  қажеттіліктерін дамыту.

3. Ересектер  мен құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.

Мен - адаммын

Өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтау. Дене мүшелері (қол, аяқ, бас  және т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап  сезу мүшелері не үшін қажет.

Мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.).

Өзін-өзі  дұрыс бағалау қажеттілігін қолдау.

Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі  мен дербестігін дамытуға мүмкіндік  туғызу.

Өзінің  қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйрету. Құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйрету.

Адам - тіршілік иесі

Өзін  адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері