Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдардың  дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік  беру.

Адамдардың  бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын  сыртқы белгілеріне қарап ажырата  білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен  шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар.

Адамдардың  бір-бірімен айырмашылықтары мен  ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді).

Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім  мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш.

Өзінің  дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ.

Отбасы

Отбасы  бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы  мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.

Ойын  жағдайларында отбасы үшін бөлмені  жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету.

Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы  туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа  балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп  қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.

Ересектердің еңбегі

Ересектердің  еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы, пошташы) туралы түсініктерін кеңейту.

Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Балабақша

Балабақша қызметкерлері туралы білімдерін кеңейту.

Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, ас үй, кір жуатын, т.б. бөлмелерімен таныстыру. Қай бөлме неге арналғандығын  ажыратуға үйрету: бұл бөлмелерде не жұмыс істейтінін сұрау, әр бөлмедегі  жұмыс туралы, оған қажетті құрал-саймандардың атын, неден жасалғандығын, айту, көрсету, түсіндіру. Қайда?, кімде?, қандай?, кім?, не істейді? сұрақтарына дұрыс жауап  беру.

Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың  мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.

Бөлме өсімдіктері  мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы  жағдайларын туғызу қажеттілігі  туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі  күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.

Тірі  табиғат бұрышын мекендеушілер  мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін  салуға үйрету.

Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын  көгалдандыру, гүлзарлар балабақша  келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру.

Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне  қарай анықтап және ажырату іскерліктерін  дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.

Өзін-өзі ұстау мәдениеті

Ұлттық  педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту.

Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты  өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен  татуласу дағдыларын үйрету.

Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс  білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды  әрекеттер жасауға дағдыландыру.

Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа  таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б.

Ересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынасы

Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын  ояту.

Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін  дұрыс айтуға үйрету.

Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау.

Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың  бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру.

Өзінің  жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа  ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен  сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. 

 

 

 

Экология  негіздері 

 

Мақсаты: тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту.

Міндеттері:

1. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білімдерін кеңейту.

2. Табиғат  пен адамдар арасындағы байланыс  туралы түсінік беру.

3. Қоршаған  табиғаттың сұлулығын көре білуге  тәрбиелеу, оған қызығушылығын,  сүйіспеншілігін арттыру.

4. Табиғатты  қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениеті

Өзін-өзі  тану, табиғаттағы өз орнын білуге талпынысын қолдау. Өзіне, өзінің мүмкіншіліктері  мен күшіне сенуіне жағдай жасау. Белсенділігін арттыру, өзін бағалауға  дағдыландыру.

Табиғат, ондағы адамның рөлі, табиғатты қорғаудағы адамдардың әрекеттері, өзінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету.

Ересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынасы

Өз-өзіне  қызмет етуі мен тірі табиғат бұрышындағы, балабақша ауласындағы, еңбек түрлерін атқару барысында ересектермен, құрдастарымен  жағымды қарым-қатынас орнату талпыныстарын  қолдау.

Күнделікті  өмірде айналасындағы адамдарға қамқорлық жасау дағдыларын меңгертуді жалғастыру.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Өсімдіктер  мен жануарлар әлемін танып-білуге сүйіспеншілігін арттыру, оларды сақтауға, қорғауға талпыныстарын қолдау.

Табиғат әлеміне жылы сезімін тәрбиелеу, оны аялауға, күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Өсімдіктер  мен жануарлар адамның қамқорлығына зәру екендігін ұғындыру.

Ересектер мен құрдастарының табиғатқа  жасаған теріс қылықтарын көре білуге, содан нәтиже шығаруға тәрбиелеу. 

 

 

 

Көркем  әдебиет 

 

Мақсаты: балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамыту.

Міндеттері:

1. Әдеби  шығармалар арқылы өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстыру.

2. Әдеби  шығармалардың кейіпкерлерінің  қарым-қатынасы мен өзін-өзі ұстауын  талқылауға, өз көзқарасын білдіруге  тәрбиелей отырып әдебиетке қызығушылығын  ояту.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениеті

Адами сезімдер мен қарым-қатынастар әлемінен сыр  шертетін ертегілер мен әдеби  шығармаларды тыңдауға, ондағы оқиғалардың  дамуын бақылауға, мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің қылықтарын бағалап, өзінің қарым-қатынасын білдіруге тәрбиелеу. Сол арқылы мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету.

Балабақшада, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстауға  баулуды жалғастыру.

Көркем  әдебиет шығармаларындағы жағымды  өнегелерге қарап өзінің тәртібін реттеуге үйрету.

Шығарма кейіпкерінің басқаларға жасаған қамқорлығын көрсету арқылы балаға әсер қалдыру.

Ересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынасы

Балаларға ойдан шығарылған кейіпкерлері мен  олардың ішкі жан-дүниесіне жан  ашуға үйрету. Өзінің және басқалардың  эмоционалдық күйлері және шығу себептері  арасындағы байланыстарын адамдардың сезімі мен қарым-қатынастарын білдіретін көркем әдебиеттерді қолдана отырып, табуға ынталандыру.

Қазақ және басқа да халықтардың ертегілері мен әдеби шығармаларының мазмұны  арқылы ер (күшті, батыл, ер-батыр, қамқор) және әйел (мейірімді, нәзік, сұлу, ару) адамдардың қылықтарының ерекшеліктерін бағалауға үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету. Досына қамқорлық  жасап, қолдан келгенше көмектесуге  үйрету.

Балалардың  бір-бірімен дау-жанжалдар барысында  «келісу» және осы дау-жанжалдың  шешу «татуласу» тәсілдерін іскерліктерін  қалыптастыру.

Ойындарда рөлдік диалогтерді балалардың аша  білуіне, қарым-қатынастарда сыпайылықты  сақтау (сөзді бөлмеу, мұқият тыңдау, келісу) іскерліктеріне мүмкіндіктер туғызу.

Ересектерді құрметтеуге, кішілерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әдеби кейіпкерліктердің  өзін-өзі ұстауы мен қылықтарын талдауы  мен бағалауы негізінде мейірімді, қайырымды және басқа да игі қасиеттерді  бойына сіңіруіне үйрету.

Тұлға аралық қатынастарының адамгершілік қағидаларымен  және әлеуметтік ортадағы өзін-өзі  ұстау ережелерімен таныстыруды  жалғастыру.

Сыпайылықтың  қарапайым дағдыларына (амандасау  қоштасу, кешірім сұрау және өзінің көмегін ұсына білу) тәрбиелеу. Қарым-қатынас  негізінде туындайтын әр түрлі жағдайларды (жақсы мен жаманның, солай еткім  келеді және осылай істеу қажет, неліктен осылай болды) түсінуге мүмкіндік туғызу.

Ертегілер мен әдеби шығармалар кейіпкерлерінің  адамгершілік қасиеттерін бағалау  және оларға өзінің қатынасын білдіру  іскерліктерін қалыптастыру. 

 

 

 

ОЙЫН  ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ 

 

Мақсаты: серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, ересектермен жағымды қатынас жасауға қабілетгі, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әртүрлі ойындар ойнауға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойын таңдауға, жалғыз және топтасып ойнауға, ойын бірлестіктерін құруға ынталандыру.

2. Ойын  әрекетінің тәсілдерін үйрету: белгілі  бір сюжетті басқа баламен  бірігіп көрсетуге қатыстыру,  ойынға қажетті заттар мен  ойыншықтарды таңдап алу, дидактикалық  және қимыл-қозғалыс ойындарына  қажетті ойын материалын дұрыс  таңдап, орынды қолдану іскерліктерін  дамыту.

3. Ойын  біткен соң ойыншықтар мен  конструкторларды өз бетінше  тиісті орындарына орналастыру  дағдыларын меңгертуді жалғастыру.

4. Топырақ,  су, балшық және қармен ойнау  арқылы олардың қасиеттері туралы  түсініктерін тиянақтау.

5. Басқа  балалармен ойнау барысында бір-бірімен  татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.  Құрдастарымен, ересектермен жылы  қарым-қатынас жасау дағдыларын  дамыту.

Мазмұны:

Сюжеттік-рөлдік ойындар

Тәрбиешінің қатысуымен бір-бірімен қарым-қатынасқа  түсетін 2-3 рөлдік қойылымдарға қатысуға ынталандыру.

Басқа балаларға  рөлдерді ұсыну, оған қажетті заттар мен атрибуттарды таңдап беру, рөлді  орындау іскерліктерін көрсетуге  дағдыландыру. Ұсынылған рөлдерді ойнау  барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсету  іскерліктерін жетілдіру. Күнделікті өмірде көріп жүрген көріністерді жасау  іскерліктерін дамыту. Мысалы: «Дүкенде», «Балабақшада», «Ауруханада», т.б.

Тәрбиешінің көмегімен өздеріне таныс ертегілер  мен әдеби шығармалардан сюжеттер көрсету барысында көркемдік-образдық бейнелеу құралдарын (екпін, ым-ишара, жүріс-тұрыс, т.б.) пайдалануға үйрету. Көріністерге ойыншықтар мен театр  қуыршақтарын қолдану іскерліктерін  қалыптастыру.

Ересектердің  көмегімен ойынға ыңғайлы жер  таңдау, оны ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Сюжеттік-рөлдік ойындарға  табиғи заттарды да пайдалану іскерліктерін қалыптастыру.

Қимылды ойындар

Секіру, жүгіру, лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытатын доппен, шармен, секіртпемен ойнауға қызығушылығын арттыру.

Ептілікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, ережелері  күрделірек, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарды ойнау іскерліктерін  дамыту. Ойын ережелерін бұзбауға дағдыландыру.

Судың айналасы мен орман-тоғайларда ойнау іскерліктерін  қалыптастыру. Ересектердің көмегінсіз турниктер мен әткеншектер ойнауға  үйрету.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері