Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Балаларға
пластикалық тәсілдермен
Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.
Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Сәндік мүсіндеу
Балаларды халық шеберлігінен шыққан ойыншықтармен таныстырып, оларды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісімен бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну (рельеф, илеу, кескіштер арқылы жону, қыру).
Балаларды халық шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру, халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар, т.б.) жасауға үйрету, сыртын теп-тегіс етіп, күрделі рельефпен безендіріп, әшекейлеу («Оюланған кесе», «Тостаған», «Тегене», «Торсық», «Табақ» және т.б.) Түбі мен қабырғасына лента тәрізді пластиналарды орналастырып, бір-біріне іші-сыртын бекіту арқылы ыдыстар жасауды үйрету.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәнді мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Декоративті пластиналарды мүсіндеуге, жұмыстарында әртүрлі құралдарды қолдануға үйрету.
Сюжетті мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістері мен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету, сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін (мұрын, ауыз, көз) жасай білу, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру, бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу. Балаларға таныс күнделікті өмірде балабақша мен үйде, қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.
Қоршаған
өмір, ертегілер мен әңгімелердің,
халық әндерінің мазмұны
Топтық жұмыстарды орындауға үйрету.
Музыка
Мақсаты: ұлттық музыкаға сүйіспеншілігі мен тұрақты қызығушылықтарына, ән айту мен билеудің шығармашылық элементтерін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, музыкалық шығарманың түрі мен мәнерлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақстан
композиторларының өмірі мен
шығармашылығы туралы
- ұлттық
музыкалық аспаптардың
- вокалды
және аспапты музыкаға
- балаларды әнді еркін, жеңіл дауыспен, бірқалыпты мәнерлі айтуға үйрету;
- музыкалық
шығарманың сипатына қимылдың
үйлесімділігін музыкалық
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Музыка сипатын бейненің мазмұнымен, ондағы көрсетілген көңіл күйді байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға
өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелейтін
тәсіл ретінде музыкалық
Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын «Күй» жанрымен таныстыру, күйші-композитор: Құрманғазы, қобызшы Қорқыт, күйшілер Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығаев, Ықылас Дүкенов шығармашылығымен таныстыру.
Музыкалық
мәнерлілік құралдары мен сипатын
егжей-тегжейлі ажырату қабілетін
дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген
пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық
мәнерлілік құралдарын белгілей отырып
тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы
байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның
билеуге икемді сипатын сезініп,
қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық
дыбысталуының сипаттамасына
Ән айту
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту, музыкаға сәйкес түрлі қимылдарды орындау. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрену. Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
Жаттығулар
Музыка сипатының өзгеруіне сәйкес қозғалыстарды өзгерту, марш сипатын анық ырғақтық жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, қозғалысты музыкамен сәйкестендіріл жартылай отыруларды («серіппені») анық, ырғақты орындау, қимылдарды музыкамен келістіріп, бөлшек адымды би қимылын меңгерту. Шапалақтаумен ырғақтық қимылдарды орындау, түрлі бағыттарда секіріп қозғалу іскерліктерін бекіту, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Қазақтың би қимылдарының элементтерін орындау. Қазақтың «Бетеге» биінің элементтерімен таныстару, қол, аяқ және бас қимылдарымен жұмысты жалғастыру, ауыспалы адымды жетілдіру, қазақ және орыс ұлттық билерінің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар мен қол ұстасып шеңбер бойында айтылатын әндер
Әуеннің
осы немесе басқа вариациясының
сипатына сәйкес негізгі қозғалыстардың
(жүру, жүгіру) түрлерін өзгерте отырып
қозғалу, музыка сипатына сәйкес ойын
әрекеттерін орындау, қол ұстасып
шеңберде айтылатын әндермен шеңберді
айналып жүру, музыкалық тіркестерге
сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық
пен ептілікті білдіру, пьесаның
аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың
көңілді сипатын бере білу, дауыстардың
биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден
кіші шеңберге қайта тұру, шашыраңқы
қалыптан шеңберге жылдам ауысып кеңістікте
еркін қозғалу, қол ұстасып шеңберде
айтылатын әндер мен таныс
би қимылдарын орындау (жеңіл секірулер,
дененің бұрылысы, серіппелі отырулар).
Түрлі сипаттағы музыкамен
Билер
Қазақ биінің қимылдарын үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыкалық фразаларға қозғалыс бағытын жеңіл және әдемі ауыстыра отырып қозғалу, қазақ биінің қозғалыстарын үйренуді жалғастыру, мәнерлі орындау дағдыларын жетілдіру. Би бейнелерін қолдана отырып әндерді сахналау, би қимылдарын бере білу.
Би шығармашылығы
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау
Металлофонда, ықыласына қарай басқа да аспаптарда ойнау тәсілдерін меңгеру, триола, кларнет және сыбызғыда ойнау барысында дұрыс тыныс алуын сақтау, аккордеон мен баянда ойнауда ыңғайлы аппликатураны табу, тарелкелер мен үшбұрыштың дыбысталуын бәсеңдету, дабыл мен барабанда, кастаньетты, маракасты, асатаяқты сілкіп ойнау барысында қолды дұрыс ұстау әдістерін меңгеру, аспаптардың аттарын біліп, олардың үндемдерін тану.
Жеңіл әуендерді
кіші ансамбльмен уақытында қосылып
ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау,
әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптары асатаяқ,
тоқылдақ, жыланбас қоңырау аспаптарында
анық және тәртіппен ойнау. Ересектердің
аккордеонда орындауындағы
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
Мақсаты: баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енуге қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбек дағдыларын, жалпыадамзаттық құндылықтардың нормаларын білу, салт-дәстүрлер мен ережелер негізінде әлеуметтік-мәдени тәжірибесін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асады:
- экология;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- көркем әдебиет.
Экология
Мақсаты: баланың тірі және өлі табиғат нысандарына қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін қалыптастырып, оң қатынас жасауға баулу
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда адамдардың мінез-құлқы мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты анықтау мақсатында түрлі ортадағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жөніндегі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- табиғат
құбылыстарын эмоционалды
- балаларда
табиғаттың бір бөлігі болып
саналатын адамға және
Мазмұны:
Табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары
Табиғат құбылыстарын бақылау кезінде өз сезімдері жайлы айта білуге көмектесу, табиғат мекендеушілерін сақтап қалуда адамдардың дұрыс өзін-өзі ұстауының маңыздылығын түсінуді (егер өзенді ластаса, балықтар, балдырлар құрып кетеді, егер орманда қоқыс қалдырса, өрт шығуы мүмкін) қамтамасыз ету.
Балаларды
тірі және өлі табиғатпен тереңдетіп
таныстыруда олардың «
Үлкендермен және құрдастармен өзара қатынасы
Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық қызмет дағдыларын меңгерту. Баланың қоғамда, ұжымда, мектепке бейімдеу мен өмірдің тез өзгеретін жағдайына ойдағыдай әлеуметтендіру үшін жеке басының қасиеттерін дамыту.
Балалардың үлкендермен бірлесе отырып өсімдіктердің өсіп-жетілуі мен жануарлардың мінез-құлықтарына бақылау және күтім жасау үдерістеріне жауапкершілікпен қарау іскерліктерін қалыптастыру.
Адамның биоэлеуметтік жан ретінде және оның тіршілік ету ортасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы адамгершілік мінез-құлық қағидалары жөніндегі ұғымдар.
Балаларда
табиғатта өзін-өзі ұстау
Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау жұмыстарының әр алуан түрлерін бірлесіп орындауларын қамтамасыз ету. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің адамның сауатты күтіміне байланыстылығы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру. Тірі және өлі табиғатпен қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын, үлкендер мен құрдастарының табиғат объектілеріне қатысты теріс қылықтарын бағалай білуге үйрету.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері