Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Балалар шартты түрде дайын бейнелерді, ауыстырғыш заттарды қолданатын, өзіне жақсы  таныс оқиғаларды (ертегіден, фильмдерден, тұрмыстан) бейнелейтін жеке және бірлескен  режиссерлік ойындарды қолдау.

Балалардың  ойындағы бастамасын, ұжымдық ойында жеке дара көрінуін мадақтау.

Балалардың  дене, әлеуметтік, этномәдениет жағынан  дамуына көмектесетін дәстүрлі ережелі  халық ойындарын қолдану.

Сахналанған және мерекелік-шеру ойындарын ұйымдастыру.

Сахналау ойындары

Мектепке  дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен (ертегілер, өлеңдер) таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар (қуыршақ, ойыншық, костюм және көркем безендіру элементтері) қолдануға үйрету.

Тәрбиеші-режиссердің  ойлаған ойына бағына білу, сонымен  бірге сахналық ойында өзінің рөлін  мәнерлі орындау.

Орындаушылық  біліктерді жетілдіру.

Музыкалық сахналық ойындар

Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық  аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы  бар сахналық ойындарлы ұсыну.

Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен  дайындау.

Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.

Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық  және дауыс ырғақтық сипаттамаларын өздігінен таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Ойында  орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді меңгерту.

Құрылыс материалдарымен ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі  ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға  үйрету.

Мектеп  жасына дейінгі балаларды ұжымдық  құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты  бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын  ортаға салуға үйрету.

Ойында  табиғат материалық кеңінен қолдануға жағдай жасау: құм, саз балшық, су, қар, мұз.

Қимылды ойындар

Балалардың  қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру  және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында  қимыл үйлесімділігін дамыту.

Достық  сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Балалардың  негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен  ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау.

Мектепке  дейінгі ересек жастағы балаларды  әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.

Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.

Дидактикалық ойындар

Мектепке  дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға  үйрету.

Ойын  ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын  әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды  таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.  

 

 

 

ЕҢБЕК  

 

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру;

- еңбек  әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен  және ұқыпты орындауға үйрету;

- айналасындағы  адамдар үшін маңызды еңбекте  нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

- материалдар  мен еңбек құралдарына құнттап  қарауды дағдыландыру;

- балаларға  жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға  (өзінің және жолдастарының) көмектесу.  Жолдастық өзара қарым-қатынастарды  тәрбиелеуді жетілдіру;

- өзінің, үлкендердің, жолдастарының еңбегін  бағалай және сақтай білуді  тәрбиелеу;

- ұжымдық  еңбек дағдыларын қалыптастыру.

- еңбекке  қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту.

Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі  қызмет көрсету дағдыларын, тазалық  пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің  сыртқы түрін қадағалау қажеттілігін дамыту (өздігінен киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді  уақытында кептіру).

Өзінің  сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек  сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы түріндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде  және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап  отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, үлкендерге дастархан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке  дейінгі ересек жастағы балаларды  топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен  бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды  сыпыру, құмға су құю, қыста жолды  қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға  үйрету.

Өз бетімен  және жауапкершілікпен дастархан мәзірін  әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға  көмектесуге үйрету.

Сабаққа қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған  қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге  үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).

Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін  өз бетімен және жауапкершілікпен орындай  білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының  мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық  жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлеріне қатыстыру:

- күзде  үлкендерге балабақша ауласын  (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста  тәрбиешімен бірге құстарға жем  салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы  қарды күреуге, ағаштар мен  бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде  гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын  себуге, олардың өсуін бақылауға,  ауланы жинауға;

- жазда  гүлзардағы топырақты қопсытуға,  арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді  шабықтауға, оларды суаруға.

Бау-бақшада  өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты  қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа  ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы  жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге  қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс  түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға  үйрету.

Жұмыс үдерісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс  күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.

Қол еңбегі

Қол еңбегімен  айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма  қағазбен жұмыста құрастыру мен  қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды  өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек үдерісінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оку іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға  үйрету. 

 

 

 

МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚТАР 

 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі ересек жастағы шығармашыл белсенді тұлғаны, оның эстетикалық эмоцияларын, сезімдерін, қарым-қатынастары мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттер:

- қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру;

- мемлекеттік  және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға  ортақтастық сезімін, эмоционалдық  ықыластылық, ұлтжандылық және  азаматтық сезімдерді дамыту. 

 

Мазмұны:

Балалармен  мемлекеттік және жалпыхалықтық  мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа Жыл, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні, осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру.

Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде  түсініктерін кеңейту.

Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).

Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.

Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы  ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл  күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды  үн қосуға үйрету.

Мектепке  дейінгі ересек жас балаларымен  спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.

Балалардың  ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.

Достық  сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.

Балалардың  түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық  мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.

Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының  көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.  

 

 

 

АТА-АНАЛАРМЕН  ЖҰМЫС 

 

Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту үдерісінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.

2. Ата-аналарды  балабақша өміріне отбасылармен  тиімді жұмыс түрлерін іздестіру  мен енгізу арқылы қатысуға  бейімдеу.

3. Педагогтер  мен ата-аналар арасында тиімді  серіктестікті құру, мектепке дейінгі  ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.

4. Өз  баласының дамуы, тәрбиелеу мен  білім беру саласында ата-аналардың  қажеттіліктерін анықтау.

5. Отбасылық  тәрбиенің үздік тәжірибелерін  зерттеу, жалпылау және тарату.  

 

Мазмұны:

Ата-аналардың  психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.

Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы  папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері  ата-аналар бұрыштары және т.б.

Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын  құруға көмектесу.

Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу  мен дамыту бойынша бірлескен  әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада  немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі  проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен  күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.

Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.

Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін(түпнұсқаға сәйкес)енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдын-алуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері