Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
Қазақ ою-өрнектерінің сипаты (арқар мүйіз, сонымен қатар, бес бейнелік пішіндер, қиықтар) мен оның үйлесімділігін бере отырып, жапсырылған және қатырма қағаздан жасалынған көлемді пішіндерді (қораптар, бокалдар және т.б.) безендіру. Заттарды балалардың ойынша безендіру.
Гжель ыдыстарымен таныстыру. Гжель суреттеріне тән жиектемелермен, гүлдермен және жапырақтармен шыны аяқтарды, табақтарды, шәйнектерді, қант салғыштарды (жапсырылған заттар немесе қағаздан қиылған сұлбалар) әшекейлеу.
Дымков ойыншықтарымен (аттар, лақтар, шелектер), ағаштағы ас тақтайшалары, панно, сәнді табақтарды городец көркем суретімен таныстыру. Ұжымда жұмыс істеуге, халық шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сюжетті сурет салу
Бір мазмұнға біріктіре отырып бірнеше заттардың суреттерін (табиғат суреттері, қоршаған ортадағы оқиғалар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, әңгіме, өлең, әндер мен мазақтамалардың сюжеттері) бейнелей білуге үйрету.
Қазақ халқының өмірін, тұрмысын, еңбегін білдіретін қазақтың ертегілері мен аңыздарының желісімен суреттер салу («Қаңбақ шал», «Ақсақ құлан» және т.б.). Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастарын бейнелеуге үйрету. Кейіпкерлердің әрекеттерін бейнелеу. Қарапайым психологиялық сипаттамаларын құру, заттардың кеңістікте бір-біріне жақын, бірге және т.б. орналасуын бере білу.
Суреттегі түстік қатынастарды жеке шешуге: табиғат пен ұлттық өнердің орнын қарама-қарсы және үйлесімді байланыстарына еліктеп бояуларын таңдауға, жыл мезгілдерін, тәулік уақытын, әрекеттердің орнын түстермен бейнелеуде өзінің қатынасын бере білуге, бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі жарығы жанған кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету, түстердің қарама-қарсы және пастелді гаммаларын қолдану.
Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға (жақын, алыс) орналастыру іскерліктерін қалыптастыру. Қағаздың төменгі жолақшасына жердегі заттарды, жоғарғы бөлігіне жоғарыдағы заттарды орналастырып кеңістіктік қатынасын бере білуге үйрету.
Ойдан салу және ұжымдық жұмыстарды қолдану.
Балаларды өнермен таныстыру
Балаларды
бейнелеу өнер түрлерімен (кескіндеме,
графика, мүсіндеу, сәнді-қолданбалы өнер)
таныстыруды жалғастыру. Кескіндеме
өнері туындыларымен (суреттер мен
қазақ, орыс және кеңес дәуірі суретшілерінің
өңдеген суреттері), портреттермен,
пейзаждармен таныстыру. Суретшінің әр
жыл мезгілінде (алтын күздің көп
түстілігі мен көктемнің
Аңдар бейнесін мейіріммен жылы қабылдауға үйрету (Е. Чарушин «Бұғының бұзауы», «Сәбізі бар қоян»). Бөлме ішінде өнер туындыларын орналастыру әсемдігіне көңіл бөлуге үйрету.
Қазақ халқының ұлттық өнер туындыларымен, әшекей бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен, ат әбзелдерімен, киім-кешегімен таныстыру. Ұлттық ойыншықтар мен әшекейлер туралы (тәрбиешінің қалауымен) түсінік беру. Шағын бейнелерді мүсіндеу (құстардың, балықтардың, жануарлар мен адамдардың) туралы түсініктерін кеңейтуді жалғастыру. Бейнені жасауда суретшінің қандай әсерлендіргіш құралдарын қолданғандығын көре білуге, бейненің мінез-құлқын анықтай білуге үйрету. Мүсінді тұғырда айналдырып, жан-жағынан анықтап қарауға үйрету. Әр түрлі материалдардан (фарфор, сүйек, керамика, ағаш, шойын, шыны, т.б.) жасалған мүсіндермен таныстырып, бұл мүсіншінің қолынан шыққан туынды екендігін әңгімелеу. Жұмыс үстіндегі мүсіншінің суретін көрсету. Мысалы: М.В. Нестеровтің «Мүсінші Вера Игнатъевна Мухинаның портреті». Мүсіндеу құралдарымен таныстыру: «Бүркіт» (ағаш), «Көжек» (фарфор). Көлемдік пішініне, қалыбына, ырғағы мен материалына көңіл аудару. Суретшінің мүсіндік портрет құралдарын қолдана отырып кейіпкердің мінез-құлқын түсінуге үйрету (даналық, ерлік, ананың қайсарлылығы). Ұлы Отан соғысының батыры Н. Әбдіровтың анасының бейнесімен таныстыру (А. Ғалымбаеваның «Батыр анасы»). Ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз, қылқобыз, т.б. таныстыру. Балаларды балаларға арналған кітаптарын безендіру құралдарымен таныстыру. (В. Конашевичтің балаларға арналған кітабына А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісі», С.А. Михалковтың «Сізде не бар?» шығармасына А. Пахомованың иллюстрациялары. Балалар кітаптарының қазақстандық суретшілері: график К. Пак, суретші К. Каметов, қазақтың ұлттық эпосы мен ертегілерінің суретшісі Е. Сидоркин.)
Қауырсынмен,
қарындашпен, акварельмен орындалған
суреттердің айқындылығы мен
кітапты безендірудің ерекшеліктерін
(суреттердің мәтінге
Жапсыру
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелеу, балаларды безендіру және ою-өрнек қызметіне дайындау, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру - қимыл үйлестірулерін дамыту.
Міндеттері:
- қиюдың түрлі тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктерден заттар құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық және өсімдік элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамыту;
- көз
алдына елестету арқылы
- таныс
техникаларды өз еріктерімен
үйлестіру, өзінің
- көркем
қолөнер туралы түсініктерін
қалыптастыру (ағашты ою және
әшекейлеу, қыш-құмыра кәсібі, тоқымашылық,
қол шеберлігі және т.б.), шеберлердің
қаңдай материалдармен және
- жапсыру
барысында түсті мәнерлілік
- ұлттық
сәндік қолданбалы өнердің
Мазмұны:
Заттық жапсыру
Заттың құрылымының негіздері туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету (барлық заттар бөліктерден құралады, тағайындалуына қарай бөлшектер бөлініп, төменгі бөлігінде әрқашан қомақты және ірі, қалғандар - ұсақ бөліктер болады), балалардың қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту: жолақшаларды төртбұрыштарға, шаршыларды үшбұрыштарға, шаршы немесе төртбұрыштардың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қию. Симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе ойдағы контурларымен қию дағдыларын қалыптастыру.
Екіге бүктелген қағазды қатпарлап, түрлі бейнелерді қиюға үйрету (жапырақтар, гүлдердің күлтежапырақшаларын, көлік дөңгелектері).
Балаларды жырту тәсілімен жапсыруға, ғажайып құс, алтын балық, қызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.
Түзу
сызықты және дөңгелек пішіндерден
тұтас ойыншықтардың
Қағаз бетіне әуелі ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік жапсыру
Ұлттық
өнердің желісімен түрлі
Аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді (бас киімдер, мойынорағыштар, көйлектер, жейделер, іш киімдер), ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың өз ойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыру.
Балаларға қағазды бірнеше бүктеп, геометриялық сәнді элементтер мен пішіндерді, шаршыларды, төртбұрыштарды, дөңгелектер мен сопақшаларды тең бөлуге, шаршылар мен т.б. қиғаштап қиюға үйрету.
Ортасы
мен бұрыштары безендірілетін симметриялық
пішіндерді екіге бүктелген қағаздардан
қиюға, қатпарлап бүктелген
Ұлттық кілемдерді (сырмақ, тұскиіз, текеметтерді), ас тақтайшаларын, сүлгілерді, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді (аяқ қап), тері белдіктерін, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), кеселерге арналған қаптарды әшекейлеуге үйрету. Қойдың екі мүйізі - қос мүйізді «төрт айшық» өрнегі негізінде қолдану.
«Қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп қолдану: жиектеме өрнек (белдік, кілемнің жиектемелері, киіз үйдің баулары), қоймүйізді жұп шиыршықтар (кілемнің ортасы, жапқыштар, сандықтың тыстары, сөмкелер), геометриялық өрнектер (кілемдер, алашалар). Қазақ өрнектеріне тән ашық түстерді қолдану: қызыл күрең, жасыл, қара, ақ, сүр, қызыл.
Бейнелерді
айқын беру үшін сұлбаны қию және
жыртып жапсыру тәсілдері бойынша
үйрету. Жұқа бұйымдарды (сулық, шымылдықтар,
қуыршақтарға арналған киімдер) әзірлеу
үшін күрделі ойық (шеңберлер, жарты
шеңберлер, қиықтар, шыршалар) өрнектерін
қолдану. Бұйымдарды, шырша әшекейлері
мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау
ашықхаттарын, топ бөлмесін безендіруге,
қыс тақырыбындағы ұжымдық
Сюжетті жапсыру
Балаларға жапсыруда сюжетті композиция құру Іскерлігін дамытуды жалғастыру. Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Ұжымдық жапсыруда ортақ композиция құрып, қағаздың бетін толықтыруға, заттарды бір сызықтың бойымен жалпақ жолақшаға (жоғары, төмен, 2-3 жоспар), бүкіл параққа орналастыруға үйрету. Аспанды, жерді немесе өзен мен көлді (теңізді) бөлуге, жердің (аспанның) түсін таңдауға үйрету. Жаңа жылдық мерекеге залды безендіруге қатыстыру.
Жапсыруларды
құрастыру барысында
Жапсыруларда
әлеуметтік жағдайлар мен балалар
өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге, Қазақстанның
табиғаты мен жерлестердің еңбегін
бейнелейтін ұжымдық
Мүсіндеу
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығы мен эстетикалық қабылдауын, қиялын, бейнелеудің тақырыбы мен тәсілдерін іріктеудегі дербестігін, бастамашылығын, тапқырлығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып үйлесімін, құрылуын, қозғалысын бейнелеу;
- мүсіндеудің
тәсілдері мен пластикалық
- заттардың
пішіндері, олардың
- өз еріктері
бойынша заттарды мүсіндеуге, оларды
бейнелеудегі тәсілдері мен
Мазмұны:
Заттық мүсіндеу
Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.
Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын саңтауға үйрету.
Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.
Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.
Ермексаз
бен балшықтың бүтін
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері