Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Экологиялық қауіпсіздіктің алғашқы дағдыларын және адам денсаулығы қоршаған орта мен  өзін-өзі ұстауына байланысты екендігі жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Қоршаған  ортаға қатысты өз іс-әрекетін болжау іскерлігі мен ниетін қалыптастыруды, шамасы келгенше оны сақтау мен жақсартуға қатысуды қамтамасыз ету. 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: қоғамдық өмірде қоршаған ортамен және құбылыстармен таныстыру негізінде балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту. Баланың ұжымда, қоғамда, мектепке бейімделуі ойдағыдай әлеуметтенуі үшін қажетті тұлғаның қасиетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- қоршаған  орта заттарына, адам қолымен жасалған заттарға қамқорлықпен қарау жөнінде қарапайым білім жүйесін қалыптастыру;

- қоршаған  ортаның ақиқат құбылыстарына  қызығушылық білдіруге тәрбиелеу,  әлеуметтік байланыстарды жасауға,  қазіргі өзгермелі дүниеге бірдей  бейімделуге үйрету;

- заттық  әлеммен және қоршаған әлеуметтік  құбылыстармен байланысты адамгершілік  қағидаларын, түсініктерін, өзін-өзі  ұстау мәдени дағдыларын қалыптастыру.  

 

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдени дағдылары

Балаларды түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауға, өзінің және жолдастарының  қылығы бойынша пікір айтуға болатынын  және қажеттілігін түсінуді үйрету.

Үлкен адамдарды  құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген  өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын  сақтауға үйрету.

Үлкендермен немесе құрдастарымен келіспей қалған жағдайда балаларды «өзара келісуге»  ниеттендіру, басқаларды тыңдай білу, олардың тілектерін, қажеттіліктерін, қиындықтарын түсіне білу, өз тілегі мен  мәселесін айтуға мүмкіндік жасау, дау-жанжалдарды бірге шешуге, татуласуға үйрету.

Қоршаған  ортамен таныстыру үдерісінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын бекіту (сәлемдесу, қоштаса білу, кешірім сұрау, өз көмегін  ұсыну).

Адамдардың  мінез-құлықтары мен кәсіби әрекеттерін, этникалық мәдениетке ұқыптылықпен қарау, құқықтық білімдерін құрметтеу  әрекеттерін балаға түсінікті болатындай гендерлік тәсілмен жеткізе отырып әлеуметтік-мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Балалардың  мінез-құлқында қарапайым этикет ережелерін бекіту, үлкендердің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу сияқты этикалық құнды өзара әрекет үлгілерін қолдау.

Үлкендермен және құрдастарымен өзара  қатынасы

Балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген  қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары (көзі, мұрны, шашының  түсі, т.б.) бар екенін көре білуге үйрету. Өзара сыйластық негізінде отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай  білуді бекіту.

Туыстарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Отбасы мүшелеріндегі үлкендер (ата мен  әже) мен кішілерге қамқорлық  көрсету.

Өзін-өзі  дұрыс бағалап өзіне сенімінің  бекуіне мүмкіндік туғызу, өзін қадірлеп дербестігін дамытуға, түрлі әрекеттерде (ойын, бейнелеу, музыкалық және т.б.) өзінің жетістіктерін нақты бағалауын  дамытудағы қажеттіліктерін қолдау.

Бала  санасын «Мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер», «Мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер)» бағыттары  бойынша қалыптастыру.

Балаларда өзін құрметтеу, әлеуметтік мәнділік сезімін, өзін таныту, өзінің қайталанбастығын, құрдастарының алдында жеке даралығын  сезінуді тәрбиелеу.

Туыстық байланыс түсінігін, өзінің жасын, толық  аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ  атауын, нөмерін айта білу, үйден  балабақшаға дейінгі жолды анықтау  туралы түсініктерін қалыптастыру.

Отбасындағы атаулы күндер, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып-өскен жерін жақсы көру жөніндегі  ұғымдарын қалыптастыру. Балаларды  отбасы мерекелері мен салтанаттарына дайындық жасауға қатыстыру.

Айналасындағы үлкен адамдармен және құрдастарымен  өзара әрекеттестік және қарым-қатынастың түрлі жағдайларында әлеуметтік бейімделу ашықтық, әлеуметтік икемділік  дағдыларын қалыптастыру. Балалардың төзімділіктерін (басқалардың өмір салтына, пікірге, мінез-құлыққа, құндылыққа, өзінен ерекшеленетін қасындағы  әңгімелесушінің көзқарасын қабылдау, шыдамдылық таныту) дамыту.

Құрдастарымен және үлкендермен бірлесіп әрекет жасай  білуді қалыптастыру. Топтағы балалар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жөнінде түсініктерін молайту: кім  кіммен көбірек қатынаста болады, ойнайды, суретті не үшін салады, кім  кіммен жолдас.

Үлкендердің еңбегіне және оның нәтижесіне қызығушылықты  қалыптастыру, балаларды үлкендермен  бірге еңбектенуге кірістіру.

Қатынас жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен  құралдарды қолдануға жағдайлар  жасау: үлкендерді аты және әкесінің атымен атау, құрдасын атын айтып шақыру, рөлдерге бөлгенде олардың атын білу («жүргізуші», «дәрігер»), тілдік және тілдік емес тәсілдерді қолданып басқа адамның көңілін өзіне аудару: «мұнда қараңыз ...», «тыңдаңызшы, өтінемін ...» деп, көзіне тура қарау, ашық жүзбен өтінішке үн қату, басқа баланың жауабын тыңдау.

Жақын туыстары мен құрдастарына сенімі мен тілектестік  қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Балаға  қандай ойыншықтар, фломастерлер, қарындаштар  тигенін, рөльдер, тапсырмалар, міндеттер  қалай бөлінгенін «Сен келісесің  бе?», «Саған жете ме?», «Сен ренжімейсің  бе?» деген сұрақтардың көмегімен  анықтауды ұсыну.

Қоршаған  ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері  мен қызығушылықтарын (соның ішінде өзінің отбасы мүшелеріне) арттыру, басқа  адамдарға қамқор болып мейірімділіктерін  білдіру, басқа балалармен қатар  және бірлесіп, бір-біріне кедергі жасамай  әртүрлі әрекет түрлеріне қатысу.

Нәтижеге  жету барысындағы топтың барлық мүшелерінің  теңдігін білдіретін, ойындағы біріншілік құқығы мен серіктесті таңдау құқығы бар балалардың өздері белгілеген ережелерді меңгеруге көмектесу.

Әртүрлі балалармен (үлкен, кіші, құрбы, ұл бала, қыз бала, дамуында ерекшеліктері  бар балалармен, балабақшаға жаңадан  келген балалармен) қарым-қатынас жасау  іскерліктерін дамыту

Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға, балалардың үлкендермен бірге еңбек әрекеттеріне қосылуға қызығушылықтарын қалыптастыру.

Баланың үлкендермен және балалардың бір-бірімен  түрлі әрекеттер түрлерінде мазмұнды қатынасына жағдай жасау, ондағы баланың  рөлдерді, ойыншықтарды, материалдарды  таңдап алуына, еркімен шешім қабылдауына  мүмкіндік туғызу.

Балаларды бақылау, салыстыру, теңестіру, өзінің және өзгенің әрекетін бағалап, ерекшеліктерін айта білу іскерлігіне, өз әрекетінің салдары өзге адамдардың эмоционалдық жағдайына әсер ететінін түсінуге тәрбиелеу.

Баланы  өзін балалар қауымының мүшесі («біздің  топ», «біз») ретінде сезінуге, ортақ  игіліктері үшін балалардың өздері орнатқан топтың барлық мүшелеріне тең ережелерді (ортақ жұмысқа қатысуы, ойыншықтармен  ойнағанда, заттар мен материалдарды  қолданғанда) меңгерулеріне көмектесу. Ойын кезінде жекеленуге, серіктесін таңдауға, ойыншықты бірінші болып  пайдалануға («Бұл текшелерді мен бірінші алдым»), меншігіне құқылы екенін («Бұл менің қуыршағым - мен оны үйден алып келдім») және сыйға тартудың қайталанбайтын заңын түсіндіру, өзге балалардың кеңесі мен ұсыныстарын тыңдауға, оларға жол бере білуге үйрету.

Ұл балалар  мен қыз балалар сюжеттік-рөлді, театрландырылған және басқа ойын түрлеріне  бірге қатысып, тапсырмаларды орындауларына  мүмкіндік туғызу.

Қоршаған  ортаға, үлкендер мен балаларға зейіндері  мен қызығушылықтарын арттырып, басқа  адамдарға қамқор болу ниеттерін  білдіру. 

 

Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер

Балаларды әлеуметтік құзіреттілігі мен мінез-құлқын көрсететін тәртіп нормаларымен, салт-дәстүрлермен, ережелермен таныстыру арқылы тәрбиелеу. Оларды алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға жаппай қатыстыру.

Ұлтжандылық сезімдерін - өз отбасына, балабақшасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда  тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Баланың өзіне құрметпен қарап, мейірімді, қайырымды және басқа да ізгі қасиеттерді  бойына сіңіруіне мүмкіндік туғызу, үлкендер балаларының жетістіктеріне қуанатынын, сәтсіздігіне қамығып, аяныш  білдіріп, көмек беретінін түсіндіру.  

 

Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті және көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын меңгеру негізінде әлеуметтік дағдыларды, кейіпкерлердің қылықтарын талдауды дамыту.

Міндеттері:

- балаларды шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлерге жаны ашуға, бәсекелесуге үйрету;

- әдеби  шығармаларға қызығушылықтарын  арттыру, әдебиеттегі жағымды  мысалдар негізінде қоршаған  ортамен қарым-қатынасты құру  іскерліктеріне тәрбиелеу. 

 

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары

Көркем  әдебиет шығармаларымен таныстыру  үдерісінде сыпайылық, мінез-құлық  этикеті мен мәдениетінің дағдыларын бекіту. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің қылықтарын олардың мінез-құлқы тұрғысынан, адамгершілік нормаларға сәйкестігі жағынан талдау.

Үлкендермен және құрдастарымен өзара  қатынасы

Балаларды топтағы жағдайларға байланысты адамның эмоционалдық жай-күйі мен  оның себебі арасындағы байланысты, сонымен  бірге көркем әдебиетті, ертегі желісі бойынша ойындарды, ән айту, сурет  салу, адамдардың қарым-қатынасын және сезімдерін бейнелейтін үлкендер мен  балалардың қатысуымен театрдың әр түрін  анықтауға ниеттендіру.

Балалармен  ұл бала (күшті, батыл, еңбексүйгіш, қамқоршы) мен қыз баланың (нәзік, қарапайым, әдемі, кішіпейіл) мінез-құлықтарына  тән ерекшеліктерді талқылай отырып, көркем әдебиетті қолдану. 

 

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әдеби шығарма кейіпкерінің іс-әрекетіне өзінің қатынасы жөнінде әңгімелей отырып, оны адамгершілік қағидалар мен түсініктер тұрғысынан бағалауға ниеттендіру.

Балаларға кейіпкерлер мінез-құлқындағы жасырын  себептерді түсінуге көмектесу. Шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлықпен, аяушылықпен  қарауға тәрбиелеу.

Көркем  әдебиет шығармаларымен танысу үдерісінде адамдар, олардың эмоционалдық жай-күйі, іскер және жеке қасиеттері, мүмкіндіктері, қарым-қатынас сипаты жөнінде балалардың түсініктерін молайту. Осы мақсатта шығармалар желісімен драмалау ойындарын  қолдану, эмоцияларын көрсете білуді дамыту, үлкендермен және құрдастарымен  қарым-қатынас жасай білу, өзара  түсіністікке қол жеткізу. 

 

 

 

ОЙЫН  

 

Мақсаты: ойын әрекеті үдерістерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану.

Міндеттері:

- бірлескен  ойын әрекетінде жақсы әдеттер  мен адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру, білуге құмарлық пен  танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру;

- әр баланың  шығармашылық бастамасын, ойынды  өз бетінше құру және ойлаған  ойын іске асыру, өзін ойын  желісі мен ережесіне сәйкес  ұстауды дамыту;

- түрлі  ойындарға ойын топтарын құруға  көмектесу;

- ойын  үдерісінде жолдастарына тілектестік  қарым-қатынасын, олармен санаса  білуді, қиын жағдайларда көмекке  келуді, ойын материалын қолдануда  келісім жасауды, дауларды әділ  шеше білуді үйрету;

- бірлескен  ойында өзін-өзі ұстау ережелері  мен нормаларын орындауға үйрету;

- ойыншықтар  мен ойын материалдарына қамқорлықпен  қарауға, өз бетімен ойыншықтарды  ретке келтіруге тәрбиелеу;

- балалардың  қоршаған тіршіліктің жағымды  жақтарын бақылау және ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері  негізінде ойын мазмұнын дамыту  және молайту;

- отбасы  және балабақша тұрмысын, түрлі  саяхатты, адам еңбегін, қоғам  өміріндегі айрықша оқиғаларды  бейнелейтін ойындарды қолдау. 

 

Мазмұны:

Сюжетті-рөлдік ойындар

Балалардың  өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың  ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту  негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен  байыта отырып, жағдай жасау.

Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын  топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына  көмектесу.

Рөлдерді  орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін  көрсету.

Заттық-ойын ортасын үнемі өзгерту, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Ойындағы  бала бастамасын дамыту, ойындағы шығармашылыққа еркіндік беру, ойын желісіндегі тәрбиелік  мәні қажетсіз жақтарын түзеу. Ойнаушылардың  арасындағы жолдастық қарым-қатынасты  тәрбиелеу.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері