Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа
Краткое описание
Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Оглавление
I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39
Файлы: 1 файл
шағын бизнес.docx
— 83.65 Кб (Скачать)Төлем көзінен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар.
Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық ставканы қолдану арқылы есептеледі.
Стипендиялар.
Білім беру
ұйымдарында оқитындарға
Төлем көзінен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына:
• жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;
• жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
• жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскерлердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері жатады.
Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетін сатып алу сомасы да жатады. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады. Жеке табыс салығының сомасы 4.3-кестеде белгіленген ставкаларды жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетін табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлері:
1) мүліктік табыс;
2) жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы;
3) адвокаттар
мен жеке нотариустардың
4) өзге де табыстар жатады.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу.
Адвокаттар
мен жеке нотариустардың табыстарын
қоспағанда, төлем кезінен салық
салынбайтын табыстар бойынша жеке
табыс салығын есептеуді салық
төлеуші белгіленген салықтық шегерімдер
сомасына азайтылған, төлем көзінен
салық салынбайтын табыс
Салық төлеушіде
төлем көзінен салық
Мынадай резидент жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстың төлемдерді енгізу арқылы төлейді:
1) арнайы
салық режимдерін
2) резидент
болып табылатын және табысты
Қазақстан Республикасындағы
3) салық
агенттері болып табылмайтын
тұлғаларға Қазақстан
Салық төлеуші Салық кодексінде белгіленген жағдайларда енгізілген аванстық төлемдерді есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
Мүліктік табыс.
Салық төлеушілердің мүліктік табысына:
1) Қазақстан
Республикасының заңдарына
а) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүлікті;
ә) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесін;
б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;
в) мемлекеттік тіркеуге жататын және бір жылдан кем емес уақыт меншік құқығындағы немесе механикалық көлік құралын және тіркемелерді иеліктен айыру құқығымен басқаруға сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді сату кезіндегі олардың құнының өсімі;
2) төлем көзінен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.
Мүлікті сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен алынған табыс кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын табыс болып табылады.
Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы дегеніміз — заң көмегін, нотариаттық іс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыс сомасынан 10 пайыздық ставканы қолдана отырып анықталады және ай сайынш есептеліп отырады. Есепті ай үшін жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей төленеді.
Жеке кәсіпкердің салық
Жеке
кәсіпкердің салық салынатын
табысы салық салынатын табысты
анықтау жолымен есептеледі, яғни
жылдық жиынтық табыстан шегерімдерді
шегере отырып, сол сомадан салық
төленеді.
Басқа да табыстар.
Төлем көзінен салық салынбайтын басқа да табыстарға, жоғарыда көрсетілмеген табыстармен қоса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі кездерден алынған табыстар да жатады.
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
Салық кодексінің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.
Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу Салық кодексінің 373-бабында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджет есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға Салық кодексінің 370, 371 және 379-баптарының ережелері колданылмайды.
Салық кодексінің 392-бабының 1-тармағында белгіленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы 391-397-баптарда көзделген кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимінде ғана жүзеге асырады. Мынадай салық төлеушілердің: 1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың; 2) филиалдардың, өкілдіктердің; 3) заңды тұлғалардың еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдардың; 4) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Біржолғы
талон негізіндегі арнаулы
Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Біржолғы талондардың құны жергілікті өкілді органдардың шешімімен кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде белгіленеді.
Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салықтың төлеушілері болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады. Бәрін жинақтағанда жылына тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет болып саналады.
Патент
— арнаулы салық режимін
Патент
негізіндегі арнаулы салық
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органына кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп саналады. Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент береді.
Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдеген кірістің 3 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің құны жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленуге тиіс.
Нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі. Ал нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің құны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.
Патент
негізінде арнаулы салық
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетгі мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді.
Қызметін бір елді мекен шетіндегі әртүрлі аумақтық-әкімшілік бірліктерде орналасқан бірнеше объектілерде жүзеге асырған кезде салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш беру үшін салық органын дербес анықтайды.
Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
— жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде он бес адам болса;
— салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшін:
— қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса;