Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа

Краткое описание


Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Оглавление


I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39

Файлы: 1 файл

шағын бизнес.docx

— 83.65 Кб (Скачать)

 

Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі ( жеке тұлғалардың арнайы салық  режимі)

Асема тел№ 33 37 41

My_ulzhan@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6

 

II. Неігізгі бөлім

 

2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12

2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21

        2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24

         

        ІІІ   Жеке тұлғалардың арнай салық режимі

 

         3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27

         3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32

 3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36

 

 

        Қорытынды ............................................................................…………37-38

 

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39

 

Кіріспе

 

Бүгінде Қазақстан Республикасының салық  жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары  мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық  салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Салық жүйесі мемлекеттік билік органдары  мен салық төлеушілердің өзара  қарым-қатынастарын ұйымдастыратын императивтік құрылым болып табылады және ол мемлекеттің  экономикалық саясатының заңи күші бар  құралы ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттің салық жүйесі салық салу стратегиясын айқындауға ат салысады және осы орайда мынадай жағдаяттарды:

1) салық  салу принциптерін;

2) салықтарды  белгілеу және аумақта заңи  күшіне енгізу тәртібін;

3) салықтар (жекелеген салықтар мен өзге  де міндетті төлемдердің түрлері  мен тізбесін) жүйесін;

4) салықтан  түсетін түсімдерді әр деңгейдегі  бюджеттер арасында бөлу тәртібін;

5) салықтық  қатынастарға қатысушылардың құқықтары  мен міндеттерін;

6) мемлекеттік  салықтық бақылауды;

7) салықтық  қатынасқа қатысушылардың жауапкершіліктерін;

8) салықтық  қатынасқа қатысушылардың құқықтары  мен тиісті мүдделерін қорғау  тәсілдерін қамтиды.

Мемлекеттің салық жүйесінің жұмыс істеуінің  және салық салудың негізінде  мына:

1) салық  салу аясындағы тұрақтылық пен  орнықтылықты сақтау мақсатында  белгілі бір баланстарды бұзатын  салық заңдарын қолдануға тыйым  салу;

2) салық  әкімшілігін жүргізу жөніндегі  іс-әрекеттердің мәжбүрлеу-жазалау  сипатында болуына жол бермеу;

3) экономикалық-қаржылық  мүдделердің біршама теңдігін  қамтамасыз етуге талпыныс жасау;

4) табыстарды  тек салықтар арқылы қайта  бөлу;

5) салық  функцияларының арасындағы біршама  теңдікке қол жеткізу;

6) салық  салудың бейтараптылығын, ашықтығын,  айқындығын және әмбебаптығын  қамтамасыз ету;

7) салықтардың  (өзге де тиісті міндетті төлемдердің)  салық жылында бірнеше мәрте  алынуына және салықтық тең  құқықтылықтың болмауына (дискриминациясына)  жол бермеу тәрізді және т.б.  принциптердің жатқаны дұрыс  болады.

Мемлекеттің салық жүйесінің:

1) трансферттік  және индикативтік қасиеттері;

2) императивтік  сипаты;

3) ақшалай  нысандағы құнды бөлудің қаржылық-құқықтық  құралы;

4) фискальдық  өзара қарым-қатынастардың принциптерін  іске асыру негізі;

5) қоғамның  әлеуметтік-экономикалық дамуының  әр қилы жағдайларына қарай  салық әкімшілігін жүргізу жолдары;

6) корпорациялық  және мемлекеттік қаржылар аясының  мүдделерін теңдестіру элементі;

7) әлеуметтік  аяларға зиянын тигізбейтін, экономиканы  тікелей немесе жанама түрде  басқарудың тәсілі сияқты өзіне  тән ерекшеліктері мен белгілері  болады.

Жоғарыда  баяндалған жәйттерді ескерсек, мемлекеттің  салық жүйесі деп ҚР аумағы мен  мемлекеттің салықтық юрисдикциясының (құзырының) ауқымында қалыптасқан  қазіргі заманғы талаптар мен  халықаралық салық салу стандарттарына сай салық салудың өте маңызды  жағдайлары мен мән-жайларының жиынтығын  айтамыз.

ҚР салық  жүйесі мынадай құрылымдық элементтерден:

1) салықтарды  белгілеу және салық салу аясына  енгізу тәртібі мен негіздерінен (заң актілерінде белгіленіп, бекітілуі);

2) салықтар (алынатын салықтар мен міндетті  төлемдердің түрлері және тізілімі) жүйесінен;

3) салықтардың  алыну көздерінен;

4) салықтарды (мәжбүрлеп) алудың принциптері  мен түрлерінен;

5) салықтарды  алу деңгейлерінен;

6) мемлекеттік  салықтық бақылаудың нысандары  мен әдістерінен;

7) салық  төлеушілердің тиісті құқықтары  мен міндеттерінен;

8) мемлекеттік  органдардың өкілеттіліктерінен;

9) салықтық  қатынасқа қатысушылардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау  тәсілдерінен тұрады.

Мемлекеттің салық жүйесінің негізінде:

1) салықтық  қатынастардағы заңдылықты қамтамасыз  ету;

2) салық  жүйесінің икемділігі;

3) салық  жүйесінің әлеуметтік мақсат-бағдары;

4) салық  процедураларының заңмен регламенттелуі;

5) салық  жүйесі құрылымының мұқият құрылуы  және біртұтастылығы;

6) салықтық  міндеттеме салмағының салық  төлеушінің қаржылық жай-күйімен  мөлшерлес болуы;

7) салықтық  заңдарды (заңнаманы) білу презумпциясы;

8) салық  төлеушілердің кінәсіздігі презумпциясы;

9) салық  саясатын еліміздің экономикалық  өсуі мен тұрақтылығын қамтамасыз  ету мақсатында пайдалануға ат  салысу;

10) әкімшілік  шығындар мен салық төлеушілердің  салық заңдарының әмірлі талаптарын  сақтау барысында жіберген шығындарын  есепке алу;

11) инвестициялық  процестердің бұзылмауын қамтамасыз  ету принциптері жатуға тиіс.

Қазіргі уақытта мемлекеттің салық жүйесін  ұтымдыландыру мақсатында мынадай  маңызды мәселелер:

1) тікелей  және жанама салықтардың арасындағы  ара қатынастардың тиімділігін  айқындау;

2) бір  салық салу базасына әр түрлі  салық салуды болдырмау;

3) экономикалық-құқықтық  табиғаты бойынша өзінің құрамына  бірден салық қосылатын салық  базасынан салық алуға жол  бермеу;

4) экономика  тұрғысынан тиімді деп табылған  салық жеңілдіктерінің тізбесін  белгілеу;

5) резиденттілік  принципін қолдануды дұрыс жолға  қою;

6) салықтық  міндеттемелерді іске асыратын  жер мен оны орындау мерзімін  нақтылы анықтау;

7) шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты  айрықша салық режимдерін қолдану;

8) жергілікті  мемлекеттік басқару органдарының  қаржылық базаларын реттейтін  жаңа салықтық механизмдерін  құру;

9) салық  механизмінің мемлекеттік шаруашылық  жүйесінің вертикалі мен горизонталі  бойынша тиімді жұмыс істеуі  көзделініп отыр.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен  алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым.

Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау  болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады.

Шағын бизнестің  экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі  фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорын тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады.

Ол тек  қана тұтыну сферасында ғана емес, сол  сияқты кейбір бөлек узелдер мен  механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі  басты өндірісті қамтамасыз етуде  маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды.

Нұрсұлтан Назарбаев  “Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың  мемлекеттік бағдарламасы туралы”  жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр.

Бүгінгі танда  еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы  кедергілер жойылып келетіндігі  туралы жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі.Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді.

Шағын кәсіпкерлік  бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай  үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің  жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы  жағдайында бірінші кезекте тұратын  маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады.

Өнеркәсібі  дамыған елдерде оның үлесіне  барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

  Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Арнаулы салық режимі

 

Мемлекеттің салық саясаты салық жүйесінің  салықтық механизмі арқылы іске асырылады. Салықтық механизмді қалыптастыру барысында  занды және жеке тұлғалар салықтарының аралық қатынасы, салықтық міндеттемелердің туындауын негіздейтін өндіріс  пен үй шаруашылығының базистік көрсеткіштері  және әрбір базистік көрсеткіштен алынатын салықтың ставкалары сияқты басты мәселелер  шешіледі.

Салық деп, мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңның негізінде, сол заңдарда нақтылы айқындалған мөлшер және қатаң белгіленген мерзімде Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалар жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде заттай) міндетті төлемді айтамыз.

Салықтар қоғамдағы экономикалық қатынастардың аса қажетті буыны, бюджет-қаржы жүйесінің маңызды құраушысы, әлеуметтік-саяси қатынастардың басты элементі, мемлекеттік кірістің негізгі нысаны, жалпы-мемлекеттік қаржылардың элементі, қоғамдық өндіріске мемлекет тарапынан экономикалық ықпал ету үшін пайдаланылатын механизм, мемлекеттік бюджет кірісін қамтамасыз ететін тетік, экономиканы реттеу не ынталандыру құралы, дербес экономикалық категория, мемлекеттік бюджет кірісі мен корпоративтік және жеке меншік шаруашылық аялардағы қаржылық қатынастарға тікелей қатысы бар объективті-субъективті қаржылық-экономикалық және құқықтық қоғамдық құбылыс болып табылады.

Информация о работе Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі