Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа

Краткое описание


Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Оглавление


I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39

Файлы: 1 файл

шағын бизнес.docx

— 83.65 Кб (Скачать)

Салық төлеушінің (оған қатысты заңи фактілерге сәйкес) салық төлеу жөніндегі мемлекет алдындағы міндетін оның салықтық міндеттемелерінде  нақтыландыратын, республикалық немесе жергілікті бюджетке төленетін салықтық төлем сомасына байланысты салықтық міндеттемені айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттің  салық жүйесіндегі әрбір салықтың әлеуметтік-экономикалық және заңи мән-жайының  тектік белгілерін, қолданылу тәртібін ашып көрсететін ҚР Салық кодексінде белгіленген әрбір салықтың құрамдас бөліктерінің кешені – салық элементтері болып табылады.

Салық салу жүйесі мемлекеттің салықтық құзырының ауқымыңда жұмыс істейді. Мемлекеттің салықтық құзыры Казақстан Республикасының Конституциясында айқындалып, Салық кодексінің ережелерінде заңдық көрініс тапқан тиісті мемлекеттік билік органдарының салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және алу жөніндегі мемлекеттік өктем өкіметтіліктері қамтитын ая болып табылады, сондай-ақ ол экономикалық кеңістіктегі мемлекеттің салық салу жүйесінің стратегиялық әлеуетін қалыптастырады.

Алымдар дегеніміз уәкілетті мемлекеттік  органдар тарапынан өздеріне өтінуші  қатысты тұлғаларға белгілі бар  көрсетілген тиісті қызметтер мен  берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар  үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан  алынатын мақсатты, эквивалентті әрі  міндетті ақшалай төлемдер.

Баж деп  арнайы мамандандырылған уәкілетті  органдар тарапынан өздеріне өтінуші  тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол  заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын эквивалентті, міндетті ақшалай төлемді  айтамыз.

Төлемақы  уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өзеріне өтінішпен  келуші тұлғаларға көбінесе материалдық  көрініс табатын, сондай-ақ кейде  басқаша мақсатта пайдаланылатын белгілі  бір объектілерді, не болмаса соларға  байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.

Бүгінде шағын кәсіпкерлік аясының Казақстан  Республикасының экономикасында алатын орны мен маңызының аса зор  екені көпшілікке мәлім. Шағын кәсіпкерлік  экономиканың нарықтық тұрақтылығын қамтамасыз ететін елеулі фактор ретінде тауар  рыногын жайлап алған аса ірі  монополияларға шынайы қарсы тұра алады. Қандай болмасын кәсіпкерліктің шағын  нысаны кәсіпкерлік қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді. Рынокта  жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік  субъектілері бәсекелестікті қолдай отырып оның базасының одан әрі кеңеюне  өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерлік  жоспарланған табысты табуға және пайдалы  қаржылық нәтижеге қол жеткізу мақсатында оның субъектілерінің жеке меншігіндегі мүліктері мен қаражаттары сондай-ақ кәсіпкерлікті алғашқы дамытуға тартылған кредиттер есебінен Қазақстан  Республикасының тиісті заң актілері шегінде ерікті әрі еркін жүзеге асырылатын коммерциялық және шаруашылық қызмет болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілері іс-әрекеттерін рыноктың сұранысы басым бөліктерінде жүзеге асыратындықтан, халықтың белгілі бір  бөлігін жұмыспен қамти алады, сондай-ақ әлеуметтік сұраныстарды тікелей қанағаттандыруға бейімделген. Шағын бизнесті рынок  талаптарының, макро- және микроэкономиканың  жалпы негіздеріне сай жүргізу  үшін кәсіпкерлікті дамыту мақсаты  мен бағдарын, менеджмент қағидаларын, жаңа технология мен ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін есепке ала  отырып, жалпы адамзаттық сипаттағы  критерийлер мен құндылықтықтарды және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру қажет.

Сонымен шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге байланысты нақтылы  сұраныстарды қамтамасыз ету жөнінде  шапшаң қызмет көрсету арқылы заңды  жолмен пайда табады, сондай-ақ бәсекелесу рыногының ауқымын кеңейтуге  ат салысады.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілері өздерінің қаржылық және салықтық міндеттемелері бойынша тапқан табыстарымен және ерекшеленген мүліктерімен жауап береді. Салық салу жүйесінің  тиісті бөлімімен қамтылатын бүгінгі  шағын кәсіпкерлік субъектілері 2001 жылғы маусымның 12-сінде қабылданған  ҚР Салық кодексіне дейін кәнігі, жалпыға бірдей салық есебіне  тұру және салық есебін беру, салық  төлеу жүйесін пайдаланып келген болатын.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы осы  шағын кәсіпкерліктің микро- және макроэкономикалық  мән-жайларын тереңдетіп ойластыру, монополияны  тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау және ынталандыру  саясатына байланысты олар үшін салықтық міңдеттемелерін орындаудың айрықша  режимі белгіленген.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 368-бабының 1-тармағында көрсетілген:

1) шағын  бизнес субъектілеріне;

2) шаруа  (фермер) қожалықтарына;

3) ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші  заңды тұлғаларға;

4) кәсіпкерлік  қызметтің жекелеген түрлеріне  қатысты арнаулы салық режимдері  көзделген.

Арнаулы салық режимі:

1) акцизделетін  өнімді өндіретін;

2) консультациялық,  қаржылық, бухгалтерлік қызмет көрсететін;

3) мұнай  өнімдерін өтісізетін;

4) шыны  ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;

5) жер  қойнауын пайдаланатын;

6) мыналарды:

— медициналық, дәрігерлік және мал дәрігерлік қызметті;

— тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;

— күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру  автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

— өртке  қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды  және өрттен қорғау құралдарын өндіруді және сатуды;

— жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді;

— дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары  мен препараттарын дайындауды, өндіруді, ұқсатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерін;

— автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;

— емдік препараттар дайындау мен сатуды;

— жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі жұмыстарын;

— алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;

— пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радиохабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпы республикалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;

— жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;

— жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдер өткізуді;

— өлшеу құралдарын тексеруді, жасауды және жөндеуді;

— тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;

— жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеуді және пайдалануды;

— іздестіру-құтқару, тау-кен жұмыстарының қаупінен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауына қарсы жұмыстарды;

— пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;

— жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;

— жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;

— оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды, білім беруді ұйымдастыру үшін электрондық оқулықтар мен қосымша оқу әдебиеттерін шығару қызметін;

— аэропорттарда, азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипаждарды тамақтандыруды қамтамасыз етуді;

— электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;

— өнеркәсіптік жарылыс - өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалык құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш кұралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды жобалауды, салуды және пайдалануды;

— химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын. Жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау. Аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;

— астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;

— аэродром, аэропорт, аэронавигация объектілерін ұстауды, жөндеуді және пайдалануды;

— жылжымалы темір жол құрамын, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасауды және жөндеуді;

— шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда  жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

— ақпаратты  қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда. (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрін қоспағанда), лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.

— Салық кодексінің 371, 372, 374, 376-баптарында белгіленген талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салу мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық  режимі, төлем көзінен ұсталатын  салықтарды қоспағанда, әлеумет салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Аталған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне Салық кодексінің 375, 377-баптарында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Салықтық  төлем көзінен салы ұсталғанын растайтын құжаттар немесе біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға тиіс) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісі болып табылады.

Жеке  кәсіпкердің, мүлікті жалға беруден  түскен табыстарды қоспағанда, төлем  көзінде салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық  салу объектісі болып табылмайды.

Патент  негізінде бюджетпен есеп айырысуды  жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл, ал бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектісі үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын  бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда олардың табысы қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады. Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салықтық кезең ішінде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен  төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық  есебін тапсырудың мынадай:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі тәрізді тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы.

Бұл талап  базарларда (жалдау шарттары бойынша  базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды. Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.  Шағын бизнеске арналған салық режимі

 

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы  салық режимі бірыңғай жер салығын  төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер) қожалықтары  қызметіне қолданылады.

Жеке  меншік құқығымен және (немесе) жер  пайдалану кұқығымен (кейінгі жер  пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық  режимін қолдану құқығы беріледі. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы  салық режимін немесе салық салудың  жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

Информация о работе Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі