Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа
. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Кіріспе
. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Шағын және орта кәсіпкерлік, ерекшеліктері және нарықтық экономикадағы алар орны мен рөлі». Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.
Тақырыптың өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың, әсіресе Әлемдік экономикада орнаған қаржылық дағдарысқа байланысты барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылып қалу қаупі бар. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып табылады. Қазіргі мол шетелдік тәжірбиеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті құру, жұмыс істеудің тәжірбиелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық жақтарын, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар. Сонымен қатар, егерде 2007-2008 жылдары шағын және орта бизнесті мемлекет дамыту әрекеттерін жасаса, дағдарысқа тәуелді, қазір оны қалыпты сақтауға тырысуда.
Курстық жұмыстың мақсаты -шетелдік тәжірбиелерді саралай отырып, шағын және орта бизнесті дамытудың біздің еліміз үшін оңтайлы жолдарын қарастыру. Зерттеліп отырған шағын және орта бизнес мәселелерін шешу жолдарын нақты әрі түсінікті қылып жеткізу, даму жолдарын талдау.
І. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым дегенге келді.
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеуілері.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады./1,191-бет/
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
Өз бойына әділетті бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
Жігерлік және іскерлік белсенділіk;
Жеке, дербес жауапкершілік;
Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда;
Болашақта қоршаған ортада өзгерістерді болжай білу;
Ұйымдардың шеберлігі.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік — жаңа көсіпорынды қүрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына "Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы" (1991), "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы" (1992) заңы сияқгы заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емсс, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Шағын және орта бизнесті дамытуда сапалы серпілісті қамтамасыз ету, осы саладағы өнімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз етуіне байланысты. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылгы 6-наурыздағы №3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 "Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы" жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды. Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделген. Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлеміндегі келешегі анағұрлым үлкен жобаларды қаржыландыру көзделуде. Алайда үкіметтің күш салуына қарамастан кәсіпкерлік қызметін белсендетуге шындап бетбұрыс әлі бола қойған жоқ./2/
Қазақстан Республикасының Статистика агенттілігінің хабарлауы бойынша 2007 жылға мемлекеттің ЖҰӨ-нің 30,8% Шағын және орта бизнес алып отыр.
1.2. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласына келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын жөне орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда./3/
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік жөне құрылыста — 300 адамнан көп емес, көтерме саудада — 100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында — 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте — 770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада — 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының казіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;
• құрылыста - 100 адамға дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығында -50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада — 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта — 50 адамға дейін;
• саудада және түрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта
кәсіпкерліктің ролі мен орны:
1. Шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісін икемді сезінді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарда мүмкін емес.
2. Шағын кәсіпкерлік іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан ресурстар пайдаланылмаған болар еді.
3. Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.
4. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.
5. Шағын өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлемдік тәжірибеде 50% келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палориоид» типті фотоаппараттар)