Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа
. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ 2002-2004 жж.
2001-2002 жж. ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ЖІӨ ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді. Осы жылдары бірқатар жарлықтар шықты:
2003 – « Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
2004 – « Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының (одан әрі- Стратегия) 2003 ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды.
Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және бәсекелі артықшылықты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғарғы технологиялы экспортқа бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін тауар және қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа стандартын енгізетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосу жолымен әлемдік экономика деңгейіне ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын құру болып табылады. Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған болатын. Енді кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, және де ауылдық жерлерде де мүмкін болады.
4-сурет. Даму қорының ҚР-дағы филиалдары
2002 ж. бастап, Қор шағын бизнесті өз қаражаты есебінен жылдығы 12% -бен 5 жылға кредиттеуді, 2004 ж . маусым айынан бастап проценттік ставка жылдығы 10% -ға дейін төмендеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері кредиттерін қаржыландыру сол кезде екінші деңгейдегі банктер арқылы және тікелей өз меншігі есебінен жүзеге асырылады. ШКС (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) республикалық бюджет қаражаты есебінен кредиттеу Бағдарламасының басында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен Қор кредит қаражаты лимиттерін барлық облыстарға бөлуді әзірлеп, бекітті. Кредит берілетін жобалар үшін приоритетті бағыттар тізбесі белгіленді. Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 ж. маусым айында басталған, ол 2008 жылы аяқталуы тиіс. 2007 жылғы 1 қазанға шаққанда Қор республикалық бюджеттен жалпы сомасы 793,8 млн. теңгеге 301 жоба (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі бойынша 250,2 млн. теңгеге 97 жоба) қаржыландырды. Осы бағдарлама бойынша 2 000 жуық жұмыс орны құрылып, мақұлданды.
Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша қаржыландыру қайтарылатын қаражат есебінен жүргізіледі.
5-сурет. РБ бағдарламасы бойынша жыл бойынша қаржыландыру көлемі
Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы
Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан аспайтын 60 шағын қала бар. Оның ішінде 41 шағын қала шағын қалалар санының 68% және ауылдық аудандар санының 25% құрайтын тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіпті кәсіпорындары мүлде жоқ. Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы құлдырауына алып келеді.Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы қабылданды, оның міндеті шағын қалаларды олардың функционалдық типологиясына сәйкес дамытудың негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын қалалардағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту болып табылады. Шағын қалалардағы инвестици ялық жобаларды кредиттеу және шағын кәсіпкерлікті дамыту Қаржыландыру көлемінің құрылымы үшін жарғылық капиталды толықтыруға республикалық бюджеттен Қорға 1 500 млн. теңге бөлінген.Қор Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, ШКС үшін бағдарламада белгіленген барлық қалаларда ақпаратты-консультациялық семинарлар өткізді. Бұл шараға шағын қалалар әкімдіктері үлкен көмек көрсетті. 2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 484,4 млн. теңгеге 281 жоба қаржыландырылды. 2 935 жұмыс орындары ашылып, мақұлданды. 2006 ж. бағдарлама толықтай орындалып, жұмысын аяқтады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ 2005-2007 жж.
Кезең Қор қызметіне елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылдануымен сипатталады.
2005 – «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы № 450 қаулысы
2006 – «Жеке кәсіпкерлік туралы туралы» Қазақстан Республикасы ның 2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-III Заңы
2006 – «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын» қабылдаған. Жеделдетілген шаралар Бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңды жетілдіруді, өмірге бейімді инфрақұрылымдық жүйені құруды, Қор рөлін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жүйеқұрушы элементі ретінде күшейтуді, ШКС кредиттеу мөлшерін ұлғайтуды және т.б. қарастырады. Осы бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген. Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, мемлекет тарапынан Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болды:
ð Жобалық қаржыландыру және лизинг;
ð Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;
ð Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;
ð кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік, ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.
Жобалық қаржыландыру және лизинг.Жобалық қаржыландыру Қордың шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі бірден-бір негізгі бағдарламаларының бірі болып табылады. Оның мақсаты шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың артықшылықты бағыттары бойынша ШКС жобаларын қаржылай қолдау, сонымен қатар банк секторы әлсіз қамтылған аймақтардағы кредит ресурстарына ШКС-ң қол жеткізушілігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор тәуекелін азайту және ШКС-ті қарыз қаражаттарын басқару дағдысына оқыту үшін жүзеге асырылатын жобаның құрама элементтерін кезеңмен (транштық – алдыңғы соманы табысты меңгеру нәтижесі бойынша ) қаржыландыру енгізілді; бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаны жүзеге асыру барысында тегін кеңес беру. ШКС үшін республикамыздың шалғай жатқан елді-мекендері мен шағын қалаларынан, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жаңадаң бастаушы қатысушылар үшін және кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі салдарынан өндіріс саласында проблемаларға, ЕДБ пайыздық ставкаларының жоғары болуына, ШКС активтерінің төмен құнына және бастапқы бизнесті банктердің кредиттеуге ниетінің жоқтығына кездескен жобалары бар өзге ШКС үшін, Қордың жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша көрсеткен қызметі олардың жобаларын, әсіресе, өндірістік бағыттағы жобаларын жүзеге асыру үшін жалғыз жол болып табылады. ШКС-ті кредиттеу мақсатында Қордың жарғылық капиталын өсіруге республикалық бюджеттен бөлінген қомақты көлемдегі қаражаттың арқасында, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор өз қаражаты есебінен жобалық қаржыландыру және лизинг бойынша жалпы сомасы 21 800,0 млн. теңгеден асатын 2000-нан аса жобаны қаржыландырды. 20 мыңнан аса жұмыс орны мақұлданып, құрылды Оның ішінде жобалық қаржыландыру бойынша 19 000,0 млн. теңгемен 1 700-ден аса жоба, қаржы лизингі бойынша 2 500,0 млн. теңгеден асатын сомаға 200 жоба қаржыландырылды.
Қаржы лизингі
Қор 2004 жылдан бастап қаржы лизингі бойынша Бағдарламаны жүзеге асыра бастады. ШКС жобаларын қаржы лизингі бойынша қаржыландырудың басты мақсаты жоғары технологиялы және бәсекелесті жаңа өндіріске негізделген еліміздің өнеркәсіп базасын дамыту, ШКС қазіргі заманғы жабдықтарды, жаңа технологияларды сатып алу, шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оперативті шығындарды төмендету үшін нақтылы мүмкіншілік беру болып табылады. Қордың осы қызмет түрінің маңыздылығы ірі лизинг компаниялардың бастапқы бизнестің кішігірім жобаларын қаржыландырмайтындығы туралы фактіні күшейте түсті. Лизинг көмегімен шағын бизнес кәсіпорындарының бірден бір негізгі проблемалары – кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі немесе болмауы жөніндегі проблемалар шешілді.
6-сурет. Әрбір сала бойынша жобалық қаржыландыру пайызы
ШКС жобаларын жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша қаржыландыру шарттары бір заемшыға 120 000 АЕК-ке дейін жылдығы 10% сыйақы ставкасымен және негізгі қарыз бойынша 12 айға дейін жеңілдік мерзіммен қаржыландырудың максималды лимитін қарастырған.
Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы
Микроқаржыландыру, халықаралық таным бойынша, кедейлік деңгейін төмендету, халықтың өмірін жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру үшін бірден бір негізгі құрал болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді. Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы мен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады. Қор Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру үшін әр елдегі халықаралық микрокредиттеу тәжірибелерін , Қазақстан жағдайында микроқаржыландыру практикасын пайдалану мүмкіншілігін оқып үйренді, сонымен қатар ПРООН, CGAP (СИГАП) – микроқаржыландыруды дамытуға ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Дүниежүзілік банк жанындағы консультациялық топтың ұсыныстары ескерілді. Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыруды Қор екі бағытта жүзеге асырды.
Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы бойынша Қор серіктестері мен консультанттары
Қазақстандағы БҰҰ даму Бағдарламасы (Қазақстандағы БҰҰДБ)
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі консультациялық топ (CGAP, АҚШ)
Микроқаржы орталығы (МҚО , Варшава)
Орта-Ази ялық микроқаржы альянсы (CAMFA, Өзбекстан)
Ресей микроқаржы орталығы (РМО, Ресей)
«Қазақстан кредиттеу қоры» КҚ (ҚКҚ, Қазақстан)
«Азия кредит қоры КҚ (АКҚ, Қазақстан)
«Қазақстан микроқаржы ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТА (АМФОК)
ШКС екінші деңгейдегі банктерден алатын кредиттеріне кепілдік беру
Қор ШКС екінші деңгейдегі банктерден кредит алған кезде оларға Қор кепілдігін сақтандыруды пайдалана отырып, кепілдік береді. Бұл Қазақстан нарығы үшін жаңа өнім болып табылады. Қордың кепілдік беру механизмі «банк – кәсіпкер – сақтандыру компаниясы» сияқты қаржы қатынастарын құру үшін негіз болатын кредит тәуекелдерін сақтандыруды қарастырады. Қор екінші деңгейдегі банктер беретін ШКС кредиттері бойынша тәуекелді төмендету үшін, өздері беретін кепілдікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру туралы шарт жасасады. Кепілдік беру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде кепілдік беру механизмінің Қазақстанда да барлық ТМД елдеріндегідей іс жүзінде игерілмегені және енгізілмегендігі Қорға біраз қиындықтар туғызды.
Қордың ЕДБ алдында ШКС кредиттеріне кепілдік беру сияқты өнімі банк желісі мейлінше дамыған аудандарда ғана қол жеткізілуі мүмкін, себебі Қор кепілдік берген кезде ШКС жобаларын қаржыландыруға тек ЕДБ қаражаты ғана дереккөз болып табылады. Бұдан бөлек, Қордың беретін кепілдіктері шалғай аудандардағы ШКС тәуекелдерімен әзірше жұмыс істемейтін сақтандыру компанияларында сақтандырылуы қажет. Осылайша, ШКС-ң осындай өнімді пайдалануы шалғай аудандар мен шағын қалалар үшін біраз қолайсыздық туғызады. Қордың кепілдік беру бағдарламасымен Қазақстан Халық банкі «Бизнес-SuperLights», ТұранӘлем банкі – «КРЕДИТПРО» сияқты банктік өнімдерді әзірлеп, жүзеге асырды. Қазіргі кезде ШКС-ң екінші деңгейлі банктердегі 39 кредитіне Қор кепілдігі берілді, Қордың кепілдік сомасы 900,0 млн-ға. жуық теңгені құрды.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ 2008-2012 жж.
Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады. Жаңа Концепция мен шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясаттың басты міндеті Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, оның сапалы серпілісіне, осы саладағы өнімділік өсімі мен бәсекегеқабілеттілігіне жәрдемдесу болып табылады. Қазіргі кезде «Даму» қорының алдында мынадай стратегиялық мақсаттар тұр. Қор мынадай міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:
- жүйеқұрушы екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қаржыландыруға тарта отырып, ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарын ұсынудағы қол жетімділік деңгейін және жылдамдығын көтеру;
- ШОБ субъектілері арасынан әлеуетті қарыз алушыларды қамтуды ұлғайту және елдің барлық аумағында кредит ресурстарының біркелкі үлестірілуінің тиімді деңгейін қамтамасыз ету;
- ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарының бағасын төмендету.
Қор қойылған міндеттемелердің шешімін ШОБ субъектілерін әрі қарай кредиттеу үшін республикалық, жергілікті бюджет, халықаралық қаржы ұйымдарының және өзге ұйымдардың қаражатын екінші деңгейлі банктерге және кредит қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өзге ұйымдарға келісіп орналастыру арқылы жүзеге асырады.