Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа

Краткое описание

. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Файлы: 1 файл

шағын және орта бизнес.doc

— 563.00 Кб (Скачать)

Экономиканың шағын және орта бизнес саласында әртараптануына жәрдемдесу. Қор «Даму-Қолдау» ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын әзірледі және ол 2008 жылғы 1 тамызда Директорлар кеңесімен бекітілді . Аталмыш бағдарламаның ұйғарымы :

- басым салалардағы ШОБ қаржыландыру кезінде нақты шектеу қою;

- кредит берудегі төмен мөлшерлеме – қайтақаржыландыру мөлшерлемесі деңгейінде (10,5%);

- ресурстың негізгі бөлігін ШОБ-ң негізгі қаражатын ұлғайтуға, жетілдіруге және жаңартуға жіберу .

«Даму-Қолдау» ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:

- ШОБ субъектілерінің сандық құрылымы сапасының жақсарғанын, яғни шағын бизнес субъектілері санының заңды тұлға түрінде және активтері мен жұмысшылары ұлғаюына байланысты шағын бизнес кәсіпорындарының біразы орта бизнеске өтуі есебінен орта бизнес субъектілері санының өскенін;

- ШОБ субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және шетке шығаруға бағдарлануын арттыру;

- Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде ШОБ рөлін күшейту ;

- жаңадан құрылған және қолдау тапқан жұмыс орындарын ұлғайту.

Елдегі микроқаржы ұйымдарының секторы үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсетуді жақсарту.

      Қаржы нарығының банктік емес секторын дамыту мақсатында, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту — мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты елдегі кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микроқаржы секторының сапалы дамуына микрокредиттік ұйымдарға (одан әрі – МКҚ) қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу. Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету./15/

      Сонымен қатар, Елімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектлерін тексеруге мораторий жарияланды .   Мұндай шешім бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қабылданды.Отырыста сөз алған министр Владимир Школьник Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізу туралы Үкімет қаулысын әзірлегенін атап көрсетті: «Біз бірлесіп ұсынып отырған қаулы жобасының негізгі пунктінде: орталық және жергілікті атқарушы органдарға 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен 2009 жылғы шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынсын делінген». «Мораторийді енгізу екі мақсатты көздейді. Біріншісі, уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау. Екіншісі, шағын және орта бизнес субъектілері тексерілмейтін бос уақытта мемлекеттік органдарға тиісті қауымдастықтармен және Атамекен одағымен бірлесіп, кәсіпкерлерді мемлекеттік тексеруді оңтайландыруды аяқтауға мүмкіндік береді», деді В. Школьник.

Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының ішінде «Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» атап көрсетілген. Бұл да шаған және орта бизнесті дамытудың ең негізгі бағыттарының бірі болмақ.Бұл бағдарламаның міндеттері, шешу жолдары және нәтижелеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Мақсаты

Кәсіпкерлікті тиімді дамыту үшін заңнамалық және институционалдық сипатта қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, шағын және орта бизнесті, оның ішінде мемлекеттік холдингтердің қолдауы.

Міндеттері

1. Бизнесті дамытуды бөгейтін әкімшілік кедергілерді жою.

2. Бизнес ахуалды жақсарту.

3. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастыққа тарту үшін ынталық туғызу.

Шешу жолдары

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату;

жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру процесін жетілдіру, оның ішінде фирманы тіркеудің мерзімін 2 – 3 күнге дейін қысқарту;

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

қайталауды жою және рұқсат беру рәсімдері мен тексерулерді қысқарту;

лицензиялау, келісу, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу және аттестаттау рәсімдерін оңайлату;

аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру;

кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және бизнестің «көлеңкеден» одан әрі шығуы үшін салық заңнамасын жетілдіру;

кеден заңнамасына экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

елдің шағын қаржы секторын дамыту;

Қазақстанның барлық өңірлерінде инфрақұрылым объектілерінің қызметін жақсарту және кеңейту жолымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консалтингтік және үйретуші қызметтер көрсету;

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның кредит беруінің жаңа өнімдерін әзірлеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ұзақ мерзімді кредит беруді енгізу;

мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға тән емес функцияларды шағын және орта бизнеске беру (аутсорсинг);

мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың тапсырыстарын Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында орналастыруды қамтамасыз ету.

Нәтижелері

Дүниежүзілік Банктің (Doing Business) өлшемдеріне сәйкес бизнесті  жүргізу жеңілдігі рейтингінің мынадай индикаторлары жақсартылатын болады: бизнес ашу, лицензиялау, меншікті тіркеу, салықтар төлеу, халықаралық сауданы жүргізу, компанияны жабу. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы рейтингі 2006 жылы 63-орыннан  2007 жылы 58-ге, 2008 жылы 53-ке және
2009 жылы 48-ге дейін жоғарылайтын болады.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді. Осыған байланысты Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories” компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлік субъектілерді көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде.
Атап айтсақ, Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді. /16/

Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117,4 млн. теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді. /17/
 

3.3.Шағын және орта бизнесті дамытудың экономикалық тиімділігі

     Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне  айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қала­лардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.

     Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көпқұрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.Әлемдік тәжірибені зерделей зерт­тегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқын­дауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі болып келеді.Мемлекеттің шағын және орта биз­несті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту керек.Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.

     Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жа­сайды. Салалық және аумақтық моно­полизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралым­сыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Бір жағынан техноло­гиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорын­дардың мүмкіндігін шектейді.Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік коңюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік болады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамта­масыз етуге болады. Инновациялық және жоғары технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану арқылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестиция тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіп­орындар жұмысын шағын кәсіпорын­дармен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріп­тестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіп­керлермен және жалдамалы жұмысшы­лармен арадағы қоғамдық қатынасты үйлестіруге жол ашылады.

      Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік саласында 1,5 миллионнан астам адам еңбек етеді./18/ Осыншама адамның отбасында, әулетінде қаншама жан бар. Кәсіпкерліктің дамуына жүргізілген талдаулар бұл саланың елдегі тұрақтылыққа оң ықпал жасап отырғанын айғақтайды. Әйтсе де, шағын кәсіпкерлік саласында өндірілетін өнімдерден гөрі сауда-саттық-делдалдық қызмет түрлері­нің үлес салмағы көп екенін де айту керек. Соның салдарынан шағын бизнес тарапынан түсетін салықтық түсімдер жалпы алғанда 10 пайыздан аспай жатыр.Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеті көбінесе жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың іс-қимылына тәуелді болып келетіні де жасырын емес. Сол себептен де шағын бизнестің өркенін кең жаю үшін мемлекеттік қолдау қажеттігі білініп отыр. Бұл үшін арнаулы жоғарыда аталып өткен шараларды қолға алу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқ емес.

Жалпы кәсіпкерлік жөнінде Қазақстанда 90-жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастаған. Бұл кезде былайша айтқанда,                  “комсомолдық кәсіпкерлік” басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Нарыққа көшу барысында бәрімізге белгілі көптеген реформалар жүргіздік. Соның ішінде шағын және орта бизнеске аса көңіл бөлінді. Шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет көптеген кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер жасады. Соның нәтижесінде елімізде кәсіпкерлердің саны қазіргі кезде  біршама өсіп қалды. Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіші ретінде оның жалпы ішкі өнімдегі алатын үлесі 30,8 пайыз алынады.

Дегенмен, бізде көптеген кемшіліктер кездеседі. Кейбір құрылған кәсіпорындардың жұмыс істеуі ұзаққа бармай жабылып қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған себеп, әлі уақытқа дейін кәсіпкерлердің білімінің жоқтығы. Атап айтсақ, маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп жүйесі ғылымдарынан хабарсыз болуы. Қолдағы бар қаржыны дұрыс пайдалана алмауы, өндіріп отырған өнімге немесе қызмет көрсетуге деген сұраныс деңгейінің дұрыс анықталмауы және т.б. себептер бар.

Информация о работе Шағын және орта бизнес