Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа

Краткое описание

. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Файлы: 1 файл

шағын және орта бизнес.doc

— 563.00 Кб (Скачать)

6.      Шағын бизнестің әлеуметтік  қиын жағдайды жұмсарту орны бөлек. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып, өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады, Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие көсіпорындарды айтамыз. Бұл көсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

              Шағын бизнесің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуы ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне  деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс ірі фирмаларда құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігне әсер етеді.

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайын талдау

 

2.1.Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері

    Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Негізгі Заңда – Қазақ­стан Республикасының Конституция­сында көрініс тапқан. Әркім кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметке пайдалана алады. Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғауды, қолдауды қамтамасыз етеді.

 “Қазақстан-2030” Стратегиясының логикалық жалғасы іспетті “Индус­триялық даму” басымдығын әйгілеген “2003-2015 жылдарға арналған индус­триялық-инновациялық даму Страте­гиясы” өмірге келді. Осы құжатта мемлекет қызметінің осы сала бойынша негізгі және концептуалдық бағыттары кеңінен қарастырылған. Дәл уақытты белгілей отырып, мемлекеттің ресурста­рын нақты іске шоғырландыруға мүм­кіндік беріп отырған Стратегия Қазақ­станның дамуына жаңа серпіліс әкелді.Алдағы 9 жылда Қазақстан Респуб­ликасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың нақты және тиімді үлгісі жасалды. Стратегияны әзірлеу барысында шетелдік тәжірибелер кеңінен зерттелді. Осы заманғы болжам жасау, қауіптің алдын алу мен болдырмау шара­лары тегіс електен өткізілді. Респуб­ликадағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары бірқатар заңдарда көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1992 жылғы 4 шілдедегі “Шағын кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы”, 1997 жылғы 19 маусымдағы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” және ”Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Респуб­ликасының Заңдары мен 1999 жылғы 15 қарашадағы ”Қазақстан Республикасы­ның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі мәселелер” деп аталатын Үкімет қаулысында шағын кәсіпкерлікке қатысты негізгі қағидаттық тұжырымдар тегіс бекітілген./4/ Тұтас алғанда, Қазақстан Республика­сының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау төңірегіндегі заңнамалық құжат­тары еліміздегі кәсіпкерлік қызмет аясын кеңейтуге барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Біздегі бірқатар заңдар мен Жарлықтардың күштілігі мен тиімділігі мықты нарық экономикасын құруға серпін бергендігі дау тудырмайды. Еліміздің белсенді экономикалық саясаты аз уақыт ішінде нарықтың бүкіл талаптарына жауап беретін жүйелі құрылымдарды құруға негіз қалады.Сонымен бірге, әлі де болса шағын кәсіпкерліктің табысты өрістеуіне негіз қалайтын басты шарттардың бірі – нақты инфрақұрылымдардың болмауы шағын кәсіпкерліктің құлашын кең жаюына толық мүмкіндік бермей жатқанын да айтпасқа лаж жоқ. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  тұрғысында табиғи монополия­ларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі ҚР агенттігі сияқты бірқатар институттар жүйелі жұмыс жасап келеді. Олар шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарлама­лардың орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді жасап, Үкіметке ұсынады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында халық­аралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Республика өңірлеріндегі шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған заңнамалардың сақталуына бақылау жасайды. Қазақстан Президенті мен Үкіметіне шағын кәсіп­керлікке мемлекеттік қолдау көрсету және қорғау мәселелері бойынша заңнама­лардың бұзылу себептері мен жағдайла­рына байланысты қабылданған шаралар барысын хабардар етеді. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыру және олардың экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылғы 26 сәуірдегі Үкімет қаулысымен ”Кәсіпкерлікті да­мыту қоры” құрылды./5/Жабық акционер­лік қоғам түріндегі банктік емес қаржы мекемесінің құрылуы республикадағы шағын кәсіпкерлікті кеңінен өрістетуге мейлінше жағдай жасады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашыл­дығын іске асыруға тырысатын түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналған. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несие және инвестиция жағынан қолдау ісі коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылып жатыр. Тендерлік негізде мақсатты мемлекеттік займдарды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жеңілдікпен қаржы тарту бүгінде басым жобалардың қатарына еніп отыр. Банктер ұсынатын несиелерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде кепілдік қорларын қалыптастыру да маңызды. Сондай-ақ, банктермен бірлесе отырып бюджеттік қаржыландыруды жүзеге асыру, сол тәрізді ауылшаруа­шылық несие одақтары жүйесін құру қарастырылып жатыр.

  2000 жылғы 17 қарашада Үкімет қаулысымен жарғылық қорына 100 пайыздық мемлекеттің қаты­суымен “Шағын кәсіпкерлік жө­нін­дегі Республикалық ақпарат­тық-көрме орталығы” жабық акционерлік қоғамы құрылды. Бұл құрылым технология трансфертін, инновацияны, кәсіпкерлікке үйрету және менеджмент мәселе­лерін жүзеге асырады. Аумақтық және салалық деңгейде мамандар мен жұмысшыларға деген сұра­нысты болжауды негіздейді. Ақпараттық қызмет көрсетеді, өнімдердің көрмесін ұйым­дастырады.

    Кәсіпкерлікті дамытуға бағыт­талған негізгі мемлекеттік сая­саттың бағыттары 2004-2007 жылдарға арналған шағын бизнесті қолдау мен дамыту туралы Мемлекеттік бағ­дарламада барынша көрініс тапқан. Бұл бағдарламаны жасау барысында шетелдік тәжірибеге арқа сүйелді, осы заманғы болжам жасау және шағын бизнесті дамы­туды анықтау мен бағалау әдістемелері қолданылды. Қазақстанда жасалған нақты бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері және оларды шешу жолдары ескерілді. Бағдарлама “Қазақстан-2030” Стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік тұрғыда атқарылуға тиісті мыңсан шаруасы осы бағдарламада барынша нақтыланды. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті дамыту саласында мемлекет алдында тұрған міндеттерді мейлінше айқын және дәл анықтау. Оларды шешудің негізгі жолдары да мүмкін­дігінше кеңінен қарастырылған.

    Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға қатысты мемлекеттік органдар атқаруға тиісті міндеттерді Мемлекет бас­шысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында саралап белгілеп берді.

    Қазақстан Республикасы Президен­тінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақ­станның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” деп аталатын Жолдауында мынандай негізгі бағыттар айқындалды. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту. Өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік “локомотивтерін” жасақтау./6/

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын  бизнестің қазіргі жағдайы

 

Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан-жылға ұлғая түсуде. Олардан түскен табыс мөлшері де сәйкесінше өсе түсуде. Мысалға алатын болсақ, осы тәуелсіздік алғаннан бастап 2000 жылға дейін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есеге көбейген. Қазақстан Республикасы Агентігінің мамандырылған бюллетенінде жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес 2005 жылы 1 қаңтарда республикада 626 187 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл дегеніміз өткен 2003 жылдың соңымен салыстырғанда 20,1 % өскен. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішінде 76,9 %  жұмыс істеушілер болып табылады.

Жалпы тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішіндегі заңды тұлғалар 145 087 (23,2 % ), оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар ( кәсіпорын ) – 103 291  (16,5 % ). Жеке кәсіпкерлердің саны және шаруа қожалықтары 378 332 бірлік, бұл  2003 жылдан  18,8 % көп.

Шағын бизнес саласында жұмыс істеушілердің саны 1385,3 мың адамға жетті. 2003 жылмен салыстырғанда 10,9 % үлкен. Солардың ішінде заңды тұлғаларда жұмыспен қамтылғандардың саны 524,6 мың, шаруа қожалықтарында 409 мың, жеке кәсіпкерлер – 451,7 мың адам. Минималды жұмыс істеушілер, яғни құрамында 6 адамнан аспайтын субъектілердің саны жалпы көрсеткіштің 77,6 % құрайды. Жұмыс істеушілердің саны аз 31-40 адам заңды тұлғалардың 1,2  % және 41-50 адам заңды тұлғалар жалпы көрсеткіштің 1,7 % құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны болып табылады. Сонымен, 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны 6,9 бірлік, шаруа қожалықтары – 22,5, жеке кәсіпкерлер – 15,4 бірлік. Жалпы республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы шағын бизнес субъектілерінің саны өсуде.

Шағын бизнес субъектілері өзінің классификациясына байланысты жұмыс істеуші және жұмыс істемейтін болып екіге бөлінеді. Соның ішінде жұмыс істеушілердің құрамы:

белсенді – 51 339 немесе 49,7 % ;

жаңалар - әлі қызметін бастамағандар – 21 068 немесе ( 20,4 % ) ;

уақытша қарапайымдар – 30 884 ( 29,9 % );

Жұмыс істемейтіндердің заңды тұлғалар бөлінеді:

жойылу процесінде – 1818 ( 4,3 % );

«көрінбеушілер» ( куәлігі жоқтар ) – 39978 ( 95,7 % ) ./7/

Дайын өнімді ( тауалар, қызмет көрсету ) өткізуден түскен шағын бизнес субъектілеріндегі қаржы 2005 жылы 762 728,2 млн. Теңгені, 2004 жылы 670 515,9 млн. Теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2004 жылдан кірістің сомасы 92212,3 млн теңгеге өскен, номиналды түрде 13,8  % өскен.

2005 жылы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің үлкен бөлігі сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен қолданатын заттар жасаумен айналысушылар. Олардың саны жалпы санынан 182 933 немесе 38 % , оның ішінде 41 984 заңды тұлғалар және 137 949 жеке тұлғалар.

2004 жылмен салыстырғанда шағын бизнес субъектілерінің кірісі  номиналды түрде 2005 жылы республиканың бүкіл аймақтарында өскен.                                                                                              

Біздің елде көптеген шағын кәсіпорындар халыққа қызмет көрсету емес, мемлекеттік ірі кәсіпорындар үшін құрылған. Сондықтан өндірістік базасы дамыған аймақтарда орналасқан. Өндірістік базасы дамымаған аймақтарда шағын бизнесті қолдаудың да үлкен мәні бар, себебі олардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу сияқты қызметтер үшін шағын бизнестің үлкен жүйесін құрудың болашағы бар.

Қазақстанда тіркелген шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі қолайсыз жағдайларға ұшырап, өз жұмыс істеулерін тоқтады. Қазақстан Республикасы Статистикалық Агентігінің жүргізген зерттеулері қарағанда   2008 жылдың қорытындысы бойынша республикада залал шеккен кәсіпорындар саны 21197 құраған. Яғни 7,1 %  банкротқа ұшыраған. Олардың залал сомасы республика бойынша 112 389 млн. Теңгені құрады. Сонымен қатар жылдан жылға залал шекен кәсіпорындар санының өсімі байқалуда.

1-Кесте /8/

Залал шеккен кәсіпорындар саны

1

2

3

4

5

 

2007

2008

2007

2008

 

Залалды кәсіпорындар саны

Залал сомасы млн.теңге

Қазақстан Республикасы

20486

21917

88960

112389

Ақмола

760

987

1896

2288

Ақтөбе

969

982

4903

3093

Алматы

955

962

2110

2877

Атырау

469

620

1605

3967

Шығыс Қазақстан

1869

1993

14046

8011

Жамбыл

535

571

374

653

Батыс Қазақстан

504

532

911

959

Қарағанды

1535

1580

4327

4220

Қостанай

1060

932

3408

2207

Қызылорда

335

417

435

2405

Маңғыстау

366

386

2770

2696

Павлодар

718

749

2559

2544

Солтүстік Қазақстан

754

689

1397

1079

Оңтүстік Қазақстан

1239

1307

1655

2071

Астана қаласы

1205

1433

3957

6952

Алматы қаласы

7213

8077

42607

66367

 

Егер залал шеккен кәсіпорындар санын 2000 жылмен салыстырар болсақ, 2004 жылы ол 23 % өскен. Республикада құрылған біршама кәсіпкерлер  өз бизнестерін жүргізе алмауда.  Бұлардың банкротқа ұшырау себептері әртүрлі болып келеді. Кәсіпкерлердің маркетинг, менеджмент ғылымдарынан хабардың жоқтығы, бизнес жоспардағы кемшіліктер, кадр мәселесі, жарнамаға көңіл аудармау, персоналдардың қызмет көрсетуінің төмен деңгейі тағы сол сияқты. Мемлекттің шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жүргізіп отырған саясатының ең басты аялары ол:

-         салықтық нормалар ;

-         еңбек заңдылықтары ;

-         бюрократиялық процедуралар.

Егер де соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасының статистика жөнінде агенттілігінің хабарлауы бойынша 2008 жылдың 1 қазанына Шағын кәсіпкерліктің 984 319 субъектісі тіркелген, бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда 5,3 % көп. Шағын кәсіпкерліктің мемлкеттің ЖҰӨ-нің 30,8 % құрайды. /9/

 

 

                                                                                                       2-кесте

 

 

1.01.2008 ж.

1.04.2008 ж.

1.07. 2008 ж.

1.10.2008ж.

Шағын және орта бизнестегі адам саны (адам)

1 835 606

1 851 181

1 920 476

1 924 334

Субъект саны (белсенді),  (дана)

680138

657520

648 363

658 807

Өндіріс көлемінің индексі (өткен жылға % бен)

 

қаңтар-наурыз

105,2%

қаңтар-маусым 103,4%

қаңтар-қыркүйек 100,1 %

Информация о работе Шағын және орта бизнес