Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа
. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең басты проблемалардың бірі - ауыл, кедейшілік және жұмыссыздық. Осы мәселелрді шешудің жолы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Шағын бизнесті қолдауда үкіметтің жүргізіп отырған саясаты кәсіпкерлер үшін үлкен роль атқарады. Сондықтан шағын және орта бизнестің дамуына жол ашатын мемлекет.
Шағын бизнес өзінің қарапайымдылығына қарамастан, әрқашан мемлекеттің назарын, көмегін талап етіп отырады. Бұған оның жауабы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсім, әлеуметтік жағдайды жақсарту, жалпы мемлекеттің күші мен тұрақтылығы.
2.3.Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мәселелері
Кәсіпкерлік қызметінің табыс критерийі болып кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс алу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күреуіне тура келеді. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7 %, алғашқы төрт жыл ішінде – 51,7 %, алғашқы алты жыл ішінде 62,7 %, банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың себептері мыналар:
- экономикалық негізгі факторлар – 47,4 %,
- қаржылық қиыншылықтар – 38,4 %,
- кәсіпкерлік тәжірбиенің болмауы – 7,1 %,
- кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4 %,
- басқалар – 3,7 %.
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция, жаңа бәсекелестің пайда болуы, саладағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс-жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі тиімді жүргізе алуда, ал басқалары болса сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:
- стратегиялық сипаттағы қателіктер;
- жалпы менеджмент проблемалары;
- қаржы есептік жүйе мен тәжірбиедегі кемшіліктер.
Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшыраумен байланыстырады, басқалар ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігуі, басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да қосады.
Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарстыруды қалайды:
1. Банкротқа ұшыраумен байланысты;
2. Алдағы залалдардың алдын-алу мақсатымен байланысты;
3. Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты, мысалы, салынған капиталдың пайдалылық процентінің төмен болуы;
4. Зейнеткерлік жасқа жетуге немесе денсаулық жағдайына байланысты кету, пайда табу мақсатында немесе басқа бизнесті сату сияқты себептерге қатысты.
Шағын және орта бизнестің мәселелері келесі факторлармен түсіндіріледі:
әлеуметтік экономикалық;
саяси;
құқықтық;
психологиялық;
кадрлық;
ұйымдастырушылық.
Әлеуметтік–экономикалық факторларға демонополиялау қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздері мен коммерциялық тәуекелді сақтандыру сақтандыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады.
Саяси факторға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігін, бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға болады.
Психологиялық факторлар да үлкен мәнге ие, оларға халықтың теріс көзқараста болуы, қоғамға қажетті тауар мен қызмет көрсетулер осылардың қыруар жұмыстарының арқасында пайда болып жатқандығын түсінбеулері, кәсіпкерлік қызметін бағалаудың жаңа тәсілі мен кәсіпкерлік құрылымдарын қолдауда оң қоғамдық пікірлердің болмауы жатады. Экономикасы дамыған елдерде халықтың көбісі,материалдық игіліктер мен қызметтер кәсіпкерлердің күш қуатымен ынтасының арқасында жасалып жатқандығына сенімді.
Нарықтық қатынастарға өту тағы да бір проблеманы жарыққа шығарады: ол біліктілігі жоғары кадр-менеджерлердің жетіспеушілігі, кәсіпкерлік қызметте білім мен тәжірибенің болмауы.
Айрықша конъюнктура бойынша табыс табуға болатын кезде, ,,нарықтың,, алғашқы толқыны құлдырай түсті. Нарықтық инфрақұрылымының пайда болуына және қоғамның соған сәйкес психологиялық бейімделуіне байланысты арнайы оқытылған маман мененджерлер қажетет етіле бастады.
Ұйымдастырушылық реттегі факторларға жаңа фирманы тіркеу мен кезіндегі бюрократиялық кесірлерді жатқызуға болады. Жаңа кәсіпорынды тіркеу мен банкіден шот ашу алу үшін, 4-тен 6 аптаға дейін уақыт және 40000-нан 60000 теңгеге дейін қаржы қажет.Сонымен қатар саны шексіз мекемелер мен ұйымдардан анықтама жинау машақаты тағы бар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды түрлі мемлекеттік органдар тарапынан тексеру қосымша уақыт пен шығынды талап етеді.
Осыған байланысты көптеген кәсіпорындардың жабылып қалуы кездейсоқтық емес, ал қалғандарының үлкен бөлігі халықтан келіп түсетін майда тапсырыстармен құрылыста негізінен жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жалпы, Қазақстандағы жеке бизнес әзірге елде шетелдердегідей жалпы ұлттық өнімнің қомақты үлесін өндірмейді.
2009 жылдың 1 қаңтарына шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны | ||||
|
|
|
| бірлік |
| Барлығы | соның ішінде | ||
заңды тұлғалардың | жеке кәсіпкерлердің | шаруа (фермерлік) қожалықтарының | ||
Қазақстан Республикасы | 1001376 | 203142 | 603831 | 194403 |
Ақмола | 44302 | 6192 | 33288 | 4822 |
Ақтөбе | 39571 | 7960 | 26740 | 4871 |
Алматы | 104987 | 9001 | 44509 | 51477 |
Атырау | 38186 | 5614 | 30541 | 2031 |
Батыс Қазақстан | 32682 | 3990 | 24291 | 4401 |
Жамбыл | 46874 | 5245 | 25635 | 15994 |
Қарағанды | 63390 | 12697 | 43940 | 6753 |
Қостанай | 53670 | 6985 | 40555 | 6130 |
Қызылорда | 25864 | 3590 | 19613 | 2661 |
Маңғыстау | 31836 | 6134 | 24581 | 1121 |
Оңтүстік Қазақстан | 155192 | 17467 | 68245 | 69480 |
Павлодар | 45337 | 8763 | 32943 | 3631 |
Солтүстік Қазақстан | 28758 | 4342 | 20565 | 3851 |
Шығыс Қазақстан | 84342 | 11786 | 55463 | 17093 |
Астана қаласы | 63206 | 22757 | 40433 | 16 |
Алматы қаласы | 143179 | 70619 | 72489 | 71 |
ІІІ. Шағын және орта бизнестің даму мәселелерін шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
3.1.Шағын және орта бизнесті даму мәселелерін шешу
Қазақстан экономикасы қазіргі түбірлі өзгерістің екінші кезеңінде. Бірінші кезеңі ( жобамен 1991 жылдан 2004 жылға дейін ) әкімшіл -әміршіл жүйеден қазіргі нарықтық экономикаға өтумен белгілі. Ал екінші кезең болса, ( 2005 жылдан бастап ) « жергілікті » экономикадан глобальды экономикаға өтумен түсіндіріледі. Ендігі жерде кәсіпкерлер алдында стратегиялық таңдау жатыр. Ештеңені өзгертпей жергілікті экономикада қалу немесе қызметте түбірлі өзгерістер жасап глобальды экономикада бәсекеге қабілетті болу.
Қазіргі Қазақстан экономикасын тұйық су немесе шығанаққа теңестіруге болады. Себебі, көптеген кәсіпкерлер өз өнімдерін тек белгілі бір территорияда ғана өткізе алады, былайша айтқанда халықаралық аренада көрінбейді. Үкімет осы шығанақтың қоректенушілеріне қолайлы жағдай жасап, тырысуда. Судағы тірі ағзалар өздерімен өздері, белгілі бір су темпуратурасында тыныш өмір сүреді. Келешек Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына кіргенде, осы шығанақтың қоректенушілері глобальды экономика деп аталатын толқыны қатты, тасқынды өзенге құйылады. Сол кезде шығанақтың қоректенушілері үшін бір жағынан өзендегі ағыспен бірге жүзетіндей жаңа мүмкіндіктер туады, екінші жағынан оларға өзеннің қатты толқыны қауіп төндіреді. Қазақстанның кәсіпорындары басқа ортада жұмыс істеуге дайын ба, әлде дайын емес пе? Егер дайын болмаса, компания қызметі тоқтап қалмау үшін не істеу керек?
Бәрімізге белгілі, сондай-ақ бүгінгі таңдағы жаһандық экономикаға дағдарыстың екінші толқыны да жайылып үлгерді.
Оған қарсы әлемнің алпауыт елдерінің өзі қал-қадерінше қарманып, ішкі экономикалық тұрақтылығын сақтауға ұмтылып жатыр. Бұл ретте, ширақтық танытқан ел Үкіметі Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, 2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын былдыр күзде қабылдағаны мәлім. Бұл жоспардың басты мақсаты – ғаламдық дағдарыстың салдарына төтеп беру, сонымен қатар экономикалық өсу, тұрақтылық негізін қалау, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз жіктерін қолдау. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті «Дағдарыстан жаңару мен даму» атты Жолдауында 275 млрд.қаржы бөлінгендігін атап өтеді және ҚР-ның экономикасын тұрақтандыру үшін «Самұрық-Қазына» қорының «Бес батыл қадам» бойынша қызметтерінің бірі шағын және орта бизнесті қолдау екендігі бәрімізге мәлім./11/Экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нығаюына дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ерекше мән берілуі сондықтан. Дағдарыс салдарынан сыртқы несие көздерінің жетіспеушілігі елдегі кәсіпкерліктің қиындықтарға ұшырауына түрткі болғаны рас. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша Астанадағы шағын және орта бизнес 2007 жылы 135 млрд. теңгеге несиелендірілген. Ал 2008 жылы 78 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бір жылда бұл саланы несиелендіру қарқыны 43 пайызға кеміді. Дағдарыс жағдайында кәсіпкерлік субъектілері несиеге деген қажеттіліктері қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Осындай жағдай барлық өңірлерде қалыптасты. Бұл мәселе бағдарлама аясында өз шешімін табуы үшін мына шараларды атқару көзделуде:
- жаңа Салық кодексі ауқымында салықтық жүктемені күрт төмендету.
- екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу.
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді мемлекеттік кепілдендіру.
- «Қазпошта» АҚ аймақтық пошта желілерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту.
- шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін кеңейту.
- бизнесті құру мен жүргізу бойынша рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді төмендету, лицензиялауды қысқарту.
- әкімшілік тексерулерді шектеу.
- әрбір облыс орталығында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін құру.
Кәсіпкерлерге салынатын салықтық ауыртпалықтарды жеңілдетудің бір қадамы ретінде жаңа салық кодексі бойынша корпоративтік табыс салығын кезең-кезеңмен төмендету көзделгендігін айтуға болады. КТС 2009 жылға дейін 20%-ға, 2010 жылға дейін 17.5%-ға, 2011 жылға дейін 15%-ға кемітілмек. Шағын және орта бизнестің қиын-қыстау кезеңіндегі ахуалын оңалтуға сеп беретін тағы бір маңызды қадам жасалды. 2009 жылы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында салық органдарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге тыйым салынып, Үкімет қаулысы бойынша салықтық тексерістерге мораторий жарияланды. Үкімет кабинеті «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мәселесі бойынша 2009 жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейдегі банктер арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 1 млрд, доллар (120 млрд. теңге) көлемінде қаржы аударды. Кәсіпкерлікті несиелеу наурыздың 1-нен бастап жүзеге асырыла бастайды. Мұндағы бизнеске берілетін несиенің жылдық үстемесі теңгемен 12,5 пайыздан аспайтын болды. Бұдан бөлек шағын және орта бизнеске бөлінетін несиенің мерзімі 7 жылға ұзартылып, ал мөлшері 750 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.Республикамыздағы шағын және орта бизнес субьектілерінің негізгі шоғыры Алматы мен Астанада орналасқандықтан, бөлінген 120 млрд теңге көлеміндегі қаржының 50 млрд. теңгесі Алматы қаласына, ал Астана қаласына 30 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлу жөнінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ әкімдіктермен меморандумға қол қойды.Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия және жергілікті әкімдіктер қаражаттардың мақсатты жұмсалуы үшін 28ер-жақты мониторинг жасауда. Өтінім 28ерген кәсіпорындардың тиімділігі, олардың қаржы қажеттілігі қаншалықты, қандай мөлшердегі қаржыға зәру, сонымен қатар отандық экономиканың қай саласына басымдық 28ерген қолайлы – осының бәрі сараптаудан өтуде. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия екінші деңгейдегі банктің және қаржы ұйымдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға қатысушылар тізімін белгіледі. Әзірше бұл бағдарламаға 10 банк қатысады: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Kaspi bank» АҚ, «Центркредит банкі» АҚ, «АТФ» Банк АҚ, «Нұр банк» және «Цесна», «Казкоммерцбанк» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ, «Астана-Финанс Банкі» АҚ. Экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан олардың әрқайсына бөлінетін қаржы көлемінің лимиттерін де анықтады. Аталмыш транштық қаржыландыру талаптарының ішінде шағын және орта бизнесті қайта несиелендіру жобаларына қаражаттың 70 пайызын жұмсау көзделген. Ал қаржының қалған 30 пайызы жаңа жобаларды іске асыруға бағытталады. Бұл елдегі шағын және орта бизнестің тұрақтап қалуына ғана емес, ары қарай өркендеуіне жол ашады.Қосымша бөлініп отырған 1 миллиард долларды жылдың ортасына қарай игерілсе, жылдың екінші жартысында 120 млрд. теңге бөлінеді деп жоспралануда. Бұл еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлерді кеңінен қаржылай қамтып, соның есебінен бизнесті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен өндірістерді ашуға қолдау көрсететіні анық.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттыық әл-ауқат қоры» АҚ тапсырмасына сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іске асырып отырған заем қаражатын (3 транш) келісіп орналастыру бағдарламасындағы екінші деңгейлі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) транштық қаржыландыру біржолғы қаржыландыруға ауыстырылды. Осылайша, 2009 жылдың 25 ақпанына шаққанда 117 млрд. тг. Мөлшеріндегі сома түгелімен ЕДБ-ге аударылды: