Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:56, курсовая работа

Краткое описание

. Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Файлы: 1 файл

шағын және орта бизнес.doc

— 563.00 Кб (Скачать)

 

                                                                                                             4-кесте

Банк

Қаражатты орналастыру

1

«АТФБанк» АҚ

10 000 000 000

2

 «Kaspi Bank» АҚ

6 000 000 000

3

«Банк ЦентрКредит»АҚ

10 000 000 000

4

 «Цесна банк»АҚ

3 300 000 000

5

«ЕуразияБанкі»АҚ

3 000 000 000

6

«НұрБанк» АҚ

8 000 000 000

7

 «Казкоммерцбанк» АҚ

16 000 000 000

8

«БТА банк» АҚ

22 000 000 000

9

 «Сбербанк России» АҚ

6 000 000 000

10

«Альянс Банк» АҚ

18 000 000 000

11

 «Банк Астана Финанс» АҚ

3 000 000 000

12

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

11 700 000 000

 

ЖИЫНТЫҒЫ

117 000 000 000

/12/ «Даму» Қорының Басқарма Төрағасы Госман ӘМРИН «Қаражатты ЕДБ-ге   біржолғы бөлу туралы шешімнің қабылдануы қаражатты соңғы заемшыға тездетіп жеткізу және мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларының жылдамдығын арттыру қажеттілігіне байланысты» болғандығын айтады.

 

3.2.Шағын және орта бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары

 

Бәрімізге белгілі, жақын арада Біріккен Сауда Ұйымына кірмекшіміз.Үкімет осыған байланысты шаралар қолдануда. Біздің отандық кәсіпорындарды бәсекелес бола алатындай етіп дайындау керек.Осыған байланысты үш сұрақ туындайды:

-         3,5 және 10 жылдан кейін отандық кәсіпорындар қандай деңгейде болуы қажет ?

-         Қазіргі кезде отандық кәсіпорындар қандай жағдайда ? 

-         Қандай әдістермен қалағанымызға жетуге болады ?

«Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясында» көрсетілгендей және нарықтың талап етуі бойынша үкімет отандық  кәсіпорындардың жетекшілерін БСҰ-на кіру барысында біз тек өздеңгейімізді сақтап қалу ғана емес, сонымен қатар батыс компанияларымен бәсекелес бола алатындай деңгейге жетуге шақырады. Бұны екі жолмен іске асыруға болады: біріншіден, отандық компаниялар экспортқа шыға алатын тауарларды ғана өндіру керек, яғни әлемдік нарыққа шығару, екіншіден ең жоғарғы қосылған құны бар өнімді ғана игеру керек.

Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 1.11.08ж баяндады. Әлемдік қаржы нарығында орнаған дағдарысқа тәуелді 2008 жылы Шағын және орта бизнеске қолдау жасауға байланысты «Даму» Кәсіпкерлікті Қолдау Қорының қабылдаған бағдарламаларын атап өтсек:

1.      50/50 бағдарламасы – Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың тұрақтандырушы бағдарламасының екінші бөлімі, КҚҚ (ФРП) «Даму»;  

2.      28/28 бағдарламасы – шағын және орта бизнесті аймақтарда қаржыландыруға жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу бағдарламасы.

3.      10 млрд. тенге – ШОБ-ті қаржылық қолдауға арнайы бағдарлама.

Енді осы бағдарламаларға жеке тоқталып өтеміз:

    2008 жылғы 1 қазанға арналған жағдай бойынша 984 319 шағын кәсіпкерлік субъектісі (ШКС) тіркелді, бұл жыл басымен салыстырғанда 5,3 %-ға артық. ШКС шығарған өнім көлемі 2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 0,1% артып 1 748,9 млрд. теңгені құрады. Елде 2007 жыл ішінде ҚҚС –да шағын кәсіпкерлік үлесі 30,8 % құрады. ШКС өнімдерін шығару көрсеткіштері нашарлап келеді. Көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен барынша төмен өңірлер бар.
   50/50 бағдарламасын – Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландырудың тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншын іске асыруға 2008 жылдың 1 қарашасына арналған жағдай бойынша «Қазына» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ ШОБ келесі несиелендіру үшін 50 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлді. Сондай-ақ 19,3 млрд. теңге сомасына 400 жоба несиелендірілді, оның ішінде өнеркәсіп – 9,5%, құрылыс – 5,5%, ауыл шаруашылығы – 2,2%, көлік – 4,9%, көрсетілетін қызмет – 34,7%, сауда – 40,6%. /13/
   Осы бағдарлама бойынша қаражатты игерудің төменгі қарқынына қарамастан жақсару дәстүрі байқалады, әр апта сайын бағдарламаны іске асыру қарқыны үдей түсіп отыр.
   «Даму» Қоры мен жергілікті атқару органдарының қатысуымен өңірлерде шағын және орта бизнесті қоса қаржыландырудың 28/28 бағдарламасына қатысты шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға жергілікті бюджеттен 15,7 млрд. теңге, яғни жоспарланған соманың 56% (28 млрд. теңге) бөлінді. Екінші деңгейлі банктар шотына 11,0 млрд. теңге түсті, бұл жоспарланғаннан 56 млрд. теңгені, 19,6% құрады.
   Әкімдіктер жанындағы жобаларды іріктеу комиссиясы мен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 42,9 млрд. теңгені құрайтын 1344 жоба қарастырылды. ЕДБ оң несиелендіру қорытындысын 243 жоба 6,3 млрд. теңге сомаға алынды. Осы бағдарлама бойынша банктер 2,7 млрд. теңге сомаға 149 жоба несиелендірілді, бұл 28/28 бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 56 млрд. теңге жалпы сомадан 4,8% құрайды.
   Несиелердің ең үлкен үлесі өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығы мен көрсетілетін қызметтерге келеді. Ең төмен көрсеткіштер көлік пен байланыс. Осы үлгімен 28/28 бағдарламасы бойынша ауыл кәсіпкерлері нақты қаражат алатынын баяндамашы атап өтеді.
 Өз баяндамасының соңында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мынадай ұсыныстар енгізді:
     1. Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері қызығушылық танытқан ЕДБ және «Даму» КДҚ» АҚ бірлесіп шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржы бағдарламалары бойынша несиелендіру үшін құжаттар топтамасын жинау және рәсімдеу мәселелері бойынша ақыл-кеңес беру;
     2. Қазақстан Республикасының қаржы рыноктары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп «Даму» КДҚ» АҚ ЕДБ депозиттер салу кезінде заңнамалық нормативтердің бұзылуымен байланысты жағдайды шешу бойынша мәселелердің қарастырылуын тездетсін.
     3. «Даму» қоры қалыптасқан жағдайда микрокредиттік ұйымдарды қаржыландыру бойынша жұмыстарды белсендірсін (ҚР бүгінгі күні 1223 ұйым);
     4. Әкімдіктер мен ЕДБ «Қазақстан инжинирингә ҰК кіретін зауыттарға несие бөлуді бастасын;
     5. «Даму» Қоры арқылы кластерлік бастамаларды тікелеу несиелендіру сызбасы мақұлданатын жағдайда осы сызбаны ауылдық кластерлерді несиелендіру, бірақ ФФПСХ арқылы несиелендіру үшін пайдалану керек.
     6.ШОК жобаларын бөлінген сомалардан 100% дейін қайта қаржыландыру тетігін қолдануды кеңейту, бұл қолданыстағы бизнестің несиелендірген жобаларын өндірістік салада сақтап қалу мүмкіндігін береді.
     7. Айналыс қаражатын толықтыруға бағытталған ШОБ жобаларын несиелендіру бөлігінде шектеулер алып тасталсын.

 

Даму қорының негізгі кезеңдері:

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады. Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2006 жылы Қордың акционері болып белгіленді. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басты мақсатына қол жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін мынадай:

        жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу;

        қаржы лизингін дамыту;

        микрокредиттік ұйымдар желілерін дамыту ;

        шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін дамыту;

        Қордың жүзеге асыратын бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету сияқты функциялар мен міндеттерді атқарды.

2007 жылдың соңынан бастап, Қорда тұжырымды өзгерістер болды: Қор «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр. Қордың фирмалық стилі өзгерді. 2008 жылғы қазан айында, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» бірігіп, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып өзгерді. Жаңадан құрылған қор қызметінің мақсаты өзіне тиесілі меншік құқығында  ұлттық даму институттарының ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың акциялар пакетін, қатысу үлестерін басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг ретінде белгіленді. Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.

«Даму» Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.

 

 

 

ҚОРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Қордың құрылуына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдеде қабылданған Заңы және:

        «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» 1992 ж. 5 мамырда;

        «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің 1994 ж. 10 маусымда қабылданған қаулылары себеп болды.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ 1997-2001 жж.

Бірінші кезең 1997 ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.

        1997 – «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;

        «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысы;

        «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы;

        «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 135-1 Заңы

        1999 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;

        2001 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;

Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ

        ЕҚҚДБ;

        АДБ-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау агенттігінің функциясын орындауымен суреттеледі.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы.Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде экономикалық өзгертулерге жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы халықаралық шарт негізінде құрылған . ЕБРР бірден бір мейлінше табысты жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен бірлесе жүргізіп отырған Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы болып табылады. ЕҚҚДБ мен жоба бастамашысы болып отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес Бағдарламасының басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жеткізуін қажетті институционалдық құрылымдарды дамыту және кредиттеу әдісін енгізу арқылы қамтамасыз ету болып отыр.

1-сурет.ҚР-ындағы ШОБ-ті дамытуға бағытталған банктердің тізімі

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды. Аталған Бағдарлама бойынша кредиттеу қарыз алушыларға кредит беру шарттарын өздігінше анықтайтын және де экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты міндеті кезінде ресми қаржыландыру көздеріне қол жеткізе алмаған кәсіпорындарды кредиттеу болып табылады . 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. құрайтын барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба). Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде IPC (Internationale Projekt Consult) халықаралық фирма консультанттарының қатысуымен шағын кәсіпорындарға берілетін қомақты кредит санын банктер жедел түрде қарастыруы үшін арнайы әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі секторлар құрылған./14/

 

2-сурет.Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы


 

Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды. Аталған Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат Қор келешекте ШКС-н тікелей кредиттеуге пайдалануы үшін Қордың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталды.

3-сурет. Отандық тауар өндірушілердің бағдарламасы

     Азия даму банкінің ауылшаруашылығы секторы үшін бағдарламалық заемның екінші траншы Азия даму банкінің (АДБ) бағдарламалық заемдарының қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жабдықтарды сатып алуды, машина-технологиялық стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын кредиттеу, ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін көзделген азық-түлік көтерме базары мен базардың өзге инфрақұрылымдарын құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін тағайындалған. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, кредит қаражаты екінші деңгейдегі уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға ұсынылды. АДБ заемының екінші траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі 12 банк және «Астана-Финанс» АҚ қатысты. 2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігі мен Қор арасында кредит келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес Қор жобаларды Бағдарламалық заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз бетінше кредиттеуге құқығы бар. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.

Информация о работе Шағын және орта бизнес