Шағын және орта бизнес субъектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:56, доклад

Краткое описание

Шағын және орта кәсiпкерлік субъектілеріне қызметі «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңмен реттелетін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа(фермер) қожалықтары жатады.

Файлы: 1 файл

Шағын және орта бизнес субъектілері.docx

— 19.85 Кб (Скачать)

                        Шағын және орта бизнес субъектілері

 

  Шағын және орта кәсiпкерлік субъектілеріне қызметі «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңмен реттелетін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа(фермер) қожалықтары жатады. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Мыналар:

- есiрткi заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;

 - акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;

- астық қабылдау пункттерiнде  астық сақтау жөнiндегi қызметтi;

- лотереялар өткiзудi;

- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;

- мұнай, мұнай өнiмдерiн,  газ, электр және жылу энергиясын  өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi;

- радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;

- банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);

- аудиторлық қызметтi;

- бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елуден астам, бiрақ екi жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Елімізде  ең көп шағын және орта бизнес субъектісі Оңтүстік Қазақстанда тіркелген.

  Статистикалық мәліметтер бойынша бұл аймақта 113 мың шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Алайда бизнес саласы шығарған өнімінің көлемі бойынша республикада Алматы қаласы алда тұр. Мұндай мәліметті Даму кәсіпкерлікті дамту қорының өкілдері таратты.

Бексұлтан Құрманқұлов «Даму» КДҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Ең үлкен кәсіпкерлік  субъектілерігің саны Оңтүстік  Қазақстанда тіркелген. Онда 113 мың  шағын және орта бизнес субъектісі  бар. Бірақ саны көп болғанымен  өнімділігі, еңбек өнімділігі тауар  өндіру көлемінің деңгейі боынша  Алматы қаласы алдыңғы орында  тұр. Себебі, Алматы қаласы бойынша  ШОК жарты жылдықта шығарған  өнімінің көлемі 469 млрд. теңгеге  жетіп отыр. Ал саны көп Оңтүстік  Қазақстан облысындағы ШКС шығарған  өнімінің көлемі 74 млрд. теңге.  2010 жылдың 1 жарты жылдығында шағын және орта бизнес саласы 1 трлн. 770 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл пайданың 500 млрд. теңгеге жуығы Алматының үлесінде. Ал Астанадағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандары шығарған өнім көлемі бұл көрсеткіштен 2 есе төмен. Ал Батыс Қазақстанда ол 3 есе аз.

Шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау

  Елбасының  кәсіпкерлікті заңсыз араласудан тиісті қорғауды қамтамасыз ету, негізсіз тексеріс жүргізу фактілерін жою бой    ынша тапсырмасына сәйкес Агенттік Төрағасымен қаржы полициясы органдарының шағын және орта бизнес субъектілерін тексерудің ережелері белгіленді.

  Шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік қызметтеріне негізсіз араласу фактілерін жою мақсатында қаржы полициясы органдарына шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалған қылмыс бойынша жедел ақпараттың бары туралы қызметкерлердің баянаттары негізінде тергеуге дейінгі тексерулерді алдын ала жедел тексерусіз, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін тексерусіз, жүргізуге тыйым салынды. Сонымен бірге қылмыстық-іс жіргізу заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғауға себеп болмайтын иесі бүркемеленген арыздардың негізінде тергеуге дейінгі тексерулерді жүргізуге тиым салынды. Ойдан шығарылған тұлғалардың шағымдары бойынша тексерулерді ұйымдастыруды болдырмау мақсатында арыз иесінің тұратын жерін және қаржы полициясы органдарына жүгіну фактісін жедел жолмен анықтау қажет. Арызда көрсетілген мекен-жай бойынша арызданушы болмағанда, егер бұл факт қарап-тексеру хаттамасымен және екі көршісінің қолымен расталса, немесе арызды жазу фактісін мойындамағанда, бұл арызданушының жазбаша арызымен расталса, арыз иесі бүркемеленген деп есептеледі. Арыздарды және ақпараттарды тіркегеннен кейін, тексерісті бастамас бұрын анықтау мәліметтерін білу және субъектіні жоғары тәуекелді топқа енгізу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден немесе Автоматтандырылған криминогендік картасынан тексеріс субъектісі туралы мәліметтерді алу мүмкіндігін қызметкерлер барынша пайдалануы тиіс.

  Мәліметтер базасында шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты мәліметтер болмаған жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң талаптарын міндетті түрде сақтай отырып  оларды уәкілетті мемлекеттік органдардан, банк мекемелерінен және басқалардан сұратып алу керек. Агенттік Төрағасының нұсқауымен келіп түскен арыздарды азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар белгісінің болуына және қылмыстық жазалау әрекеті белгісінің болуы/болмауына құқықтық баға беру жұмысын, уәкілетті органдардан шешім қабылдау үшін келіп түскен тексеріс материалдарына талдау жүргізу міндеті бекітілді. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт міндеттерін орындамау фактілері, сот дауы және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда, қаржы полициясы органдары арыз түскен күннен бастап 3 тәулік ішінде, тексеріс жүргізбестен, арызданушыға өтініштің мәні бойынша оның құқықтары мен шағымдану тәртібін түсіндіре отырып жауап жібереді. Арызда шаруашылық субъектілері құрылтайшыларының, басшыларының және өзге де қызметкерлерінің әрекетінде қылмыс белгілері туралы мәліметтер болған жағдайда, оларды тергеуге тиіс органды анықтау жүзеге асырылады. Егер арызда баяндалған фактілер қаржы полициясы органдарының тергелуіне қатысты болмаған жағдайда, материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберіледі. Келіп түскен материалдар бойынша тексерістерді тек қылмыс құрамының белгілері анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуге дейінгі тексеріс өндірісі кезінде тексеріліп жатқан субъектінің кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатуға, толық тоқтатуға, оның ішінде үй-жайларды мөрлеуге, автокөлік құралдарын автотұрақтарға алып кетуге, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдерін түнгі уақытта (жергілікті уақыт бойынша 22:00 сағаттан 6:00 сағатқа дейін), демалыс және мереке күндері шақыртуға  жол берілмейді. Тексерілетін объектілердің лауазымды тұлғаларынан сұрақ-жауап, шағын және орта бизнес субъектілерінен құжаттарды тікелей алу тек шаруашылық субъектілері құрылтайшыларының, басшыларының және өзге де қызметкерлерінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігін көрсететін материалдар жинақталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тергеуге дейінгі тексеру материалдары бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен құжаттарды алу тек зерттеліп жатқан сұрақтар шеңберінде жүзеге асырылады. Аумақтық органдардың тапсырмалары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізу кезінде тіркелген қылмыстық іс, немесе алдын ала тергеуге дейінгі материалдар, сонымен қатар тергеушілердің жеке тапсырмалары бойынша тексерулерді тек тапсырмада көрсетілген сұрақтар бойынша жүргізіле алады.

  ШОБ субъектілеріне тексеру тек аумақтық Департамент бастығымен бекітілген тексерістің негізділігі туралы қорытынды шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

  ШОБ субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде қаржы полициясы органдарының қызметкерлері: азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, және мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының ережелерін қатаң және мүлтіксіз сақтауға; кісінің ар-намысы мен абыройын құрметтеу принциптерін қолдануға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, әдепті және ілтипатты болуға; заңдылықты қатаң түрде сақтауға, әділдік пен табандылық көрсетуге, қызметтік және еңбек тәртіптерін бұзуға жол бермеуге, жекелеген шаруашылық субъектілерінің мүдделеріне төрешілдік білдірмеуге, сарсаңға салмауға және сүйемелдеп-қолдамауға міндетті.

  Шағын және орта бизнес субъектілеріне негізсіз тексеруді басқа бақылау органдары арқылы тағайындау немесе бастамашылық ету фактілері анықталған жағдайда, басшылар және орындаушылар қаржы полициясы органдарынан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік шараларына тартылатын болады.


Информация о работе Шағын және орта бизнес субъектілері