Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа

Краткое описание


Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Оглавление


I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39

Файлы: 1 файл

шағын бизнес.docx

— 83.65 Кб (Скачать)

Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимін  қолдану үшін жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген нысан  бойынша өтініш береді. Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі  оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға  бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

20 ақпаннан  кейін құрылған шаруа (фермер) қожалықтары жеке кәсіпкерді  мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін  алған күні арнаулы салық режимін  қолдану кұқығына өтініш береді. Таңдап алынған салық салу  режимі салық кезеңі ішінде  өзгертуге жатпайды.

Бірыңғай  жер салығы бойынша күнтізбелік  жыл салық кезеңі болып табылады. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде  арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары:

1) осы  арнаулы салық режимі қолданылатын  қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке  табыс салығын;

2) осы  арнаулы салық режимі қолданылатын  қызметті жүзеге асырудан түскен  айналым бойынша қосылған құн  салығын;

3) осы  арнаулы салық режимі қолданылатын  қызметте пайдаланылатын жер  учаскелері бойынша жер салығын  және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны  үшін төлемді; 

4) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген  қажеттілік нормативтері шегінде  салық салу объектілері бойынша  көлік құралдары салығын;

5) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген  қажеттілік нормативтері шегінде  салық салу объектілері бойынша  мүлік салығын төлеушілер қатарына  жатқызылмайды. 

Жер учаскесін  бағалау құны бірыңғай жер салығын  есептеу үшін негіз болып саналады. Жер учаскесінің бағалау құнын  айқындау Казақстан Республикасының  жер заңдарында белгіленген тәртіппен  жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын  есептеу жер учаскесін бағалау  құнына 0,1 процент ставканы қолдану  жолымен жүзеге асырылады.

Бірыңғай  жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде: ағымдағы төлем ағымдағы салықтық кезеңнін 20 қазанынан кешіктірілмей  төленеді, сондай-ақ бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу  есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей декларация негізінде жүргізіледі.

Төлеудің  бірінші мерзімінде бірыңғай жер  салығын төлеушілер ағымдағы төлемді  бұдан бұрынғы салықтық кезең  үшін бірыңғай жер салығы бойынша  декларацияда есептелген бірыңғай жер  салығы жалпы сомасының 1/2 бөлігінен  кем емес мөлшерде төлейді. 20 қазанға  дейін құрылған бірыңғай жер салығын  төлеушілер, сондай-ақ жұмыс істеп  тұрған салық төлеушілер салықты  есептеу базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеуді бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебімен есептелген салық сомасының кемінде 1/2 бөлігі мөлшерінде жүргізеді. 20 қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын  төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге  тиісті жалпы салық сомасын енгізеді.

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық  режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер  салығын төлеушілер кірістер мен  шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік  құралдарының) бөлек есебін жүргізуге  және жалпы белгіленген тәртіппен  және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде  қызметтің осындай түрлері бойынша  тиісті салық пен бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді есептеуді, салық есептілрін, тапсыру мен  төлеуді жүргізуге міндетті.

Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесін басқа  шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардын әрқайсысы  осындай жер учаскесі бойынша  бірыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетілген жер учаскесінің  нақты пайдаланылу кезеңін негізге  ала отырып есептейді және төлейді. Жалға алушының пайдалану кезеңі жер учаскесін жалға алған  айдан кейінгі айдан бастап белгіленеді.

Жер учаскесін  жалға беруден алынған табыс  бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты  жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен  есептейді және төлейді, сондай-ақ осындай  жер учаскесі бойынша бірыңғай жер  салығының төленген сомасы салық  салынатын табыс айқындалған  кезде шегерілуге тиіс.

Бірыңғай  жер салығын төлеушілер жыл сайын  ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына  өткен салықтық кезең үшін бірыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.

Сонымен бірге бірыңғай жер салығын төлеушілер бірыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде:

1) әлеуметтік  салық бойынша декларацияны;

2) төлем  көзінде ұсталатын жеке табыс  салығы бойынша есепті;

3) жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті  зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі  есептілікті;

4) жер  бетіндегі көздерден су ресурстарын  пайдаланғаны үшін төлемақы бойьшша  және қоршаған ортаны ластағаны  үшін төлемақы бойынша декларацияны;

5) мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына  әлеуметтік аударымдар бойынша  есепті табыс етеді.

Бірыңғай  жер салығын төлеуші осы арнаулы  салық режимін қолданған бірінші  жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды:

1) ағымдағы  салықтық кезең үшін бірыңғай  жер салығы бойынша ағымдағы  төлем есебін;

2) нотариат  немесе селолық (поселкелік) атқарушы  органдар куәландырған жер пайдалануға  құқық беретін құжаттардың көшірмелерін;

3) жер  ресурстарын басқару жөніндегі  уәкілетті орган берген жер  учаскесін (жер пайдалану құқығын)  бағалау құнын анықтайтын актінің  нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған  көшірмесін;

4) әлеуметтік  салық сомаларын есептеу үшін  қажетті деректерді міндетті  түрде көрсете отырып, қызметкерлерді  алдағы салықтық кезенде жалдау  туралы мәліметтерді табыс етеді.

Кейінгі нарықтық кезендерде бірыңғай жер салығын  төлеуші бірыңғай жер салығы бойынша  ағымдағы төлем есебін және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етеді.

Таратылған  немесе қайта ұйымдастырылған кезде  бірыңғай жер салығын төлеуші  қызметгі тоқтату немесе қайта ұйымдастыру  туралы өтінішті салық органына бергеннен  кейін он бес күн мерзімде өткен  салық кезеңі үшін декларация тапсыруға  міндетті.

Бірыңғай  жер салығын төлеушілер осы салық  бойынша декларация табыс ету  үшін белгіленген мерзімдерде: әлеуметтік салық бойынша декларацияны; төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептілікті; жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.

Бірыңғай  жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерін  қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық  сомасын ай сайын есептеп отырады.

Төлем көзінен  ұсталатын жеке табыс салығын  есептеу Салық кодексінің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес, ал жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы  жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының  зейнетақы заңдарында белгіленген  тәртіппен жүргізіледі. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны және жер  бетіндегі көздерден су ресурстарын  пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу  тиісінше 451 - 465-баптарда белгіленген  тәртіп негізінде жүзеге асырылады.

Төлем көзінен  ұсталатын әлеуметтік салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы  қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының қоршаған ортаны ластағаны үшін және жер бетіндегі  көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасын  төлеу бірыңғай жер салығын төлеу  үшін көзделген мерзімдерде:

1) ағымдағы  салықтық кезеңнің 20 қазанынан кешіктірілмейтін  мерзімде 1 каңтардан 1 қазанға дейінгі  кезең үшін есептелген сома  төленеді;

2) есепті  кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде 1 казаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы  кезең үшін есептелген сома  төленеді.

Ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды  тұлғаларға арналған арнаулы салық  режимі патент негізінде бюджетпен  есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:

1) жерді  пайдалана отырып, ауыл шаруашылық  өнімдерін өндіру, өзі өндірген  осы өнімді ұқсату және өткізу  жөніндегі;

2) толық  кезеңді мал (төлді өсіруден  бастап) шаруашылығы (соның ішінде  асыл тұқымды) мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық  өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ  өзі өндірген осы өнімдерді  ұқсату және өткізу жөніндегі  қызметіне қолданылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің  акцизделетін өнім өндіру, оны ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне  қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде  кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның  ішінде көлік құралдары мен жер  учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге  және қызметтің мұндай түрлері бойынша  тиісті салық пен басқа да міндетті төлемдерді жалпы белгіленген тәртіппен  есептеуді және төлеуді жүргізуге  міндетті. Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмеуге  тиіс.

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық  төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей  жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген нысан  бойынша патент алуға өтініш береді. Салық төлеушінің көрсетілген мерзімде өтініш бермеуі оның салықты жалпы  белгіленген тәртіппен есептеуге  және төлеуге келіскені болып  есептеледі.

Салық төлеуші  осындай арнаулы салық режимін  қолданудың алғашқы салық кезеңінде  өтінішпен бірге жер учаскесінің  орналасқан жері бойынша салық органына:

1) заңды  тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы  куәліктің нотариат куаландырған  көшірмесін;

2) уәкілетті  органдар берген, нотариат немесе  селолық (поселкелік) атқарушы органдар  куәландырған жер учаскесіне  деген құқығын растайтын құжаттардың  көшірмелерін;

3) салықтық  кезеннің басындағы жағдай бойынша  көлік құралдарына салынған салықты  есептеу үшін қажетті көрсеткіпггерді  көрсете отырып, Салық кодексінің 385-бабының 1-тармағында белгіленген  қызметте пайдаланылатын қолда  бар автокөлік құралдарының тізбесін;

4) мүлікке  салық салу объектілері болып  табылатын және меншік құқығындағы  сенімгерлік басқару объектілерін  бөліп алып, салықтық кезеңінің  басындағы жағдай бойынша бухгалтерлік  есептегі олардың қалдық құнын  көрсете отырып, Салық кодексінің 385-бабының 1-тармағында белгіленген  қызметте пайдаланылатын негізгі  құрал-жабдықтар мен материалдык  активтердің тізбесін;

5) қызметтің  лицензияланатын түрін жүзеге  асырған жағдайда лицензиясын; 

6) жұмыс  берушінің (жаңадан құрылғандарын  қоспағаңца) мәлімделген қызметкерлер  санына табыс түрінде төлейтін  шығындарын қоса алғанда, салық  төлеушінің өткен үш-бес жылдағы  жылдық жиынтық табысы мен  шығындарын растау үшін қажетті  есептерінің көшірмелерін;

7) уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген  нысан мен тәртіп бойынша салық  төлеуші толтырған патент құнының  есебін табыс етеді.

Жоғарыда  аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмыс  күні ішінде патент береді.

Патент  құны есебіне енгізілген салықты  есептеуге арналған салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне  қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік  күн ішінде осы арнаулы салық  режимін қолдану құқығына өтініш береді. Патент құнының есебіне корпорациялық  табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер  пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану  учаскесі болған кезде жер учаскесін  пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік  салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеуші  есепте тұрған жағдайларда) енгізіледі.

Салық кезеңінің  басында патент құнының есебіне  енгізілген салық сомаларын есептеу:

1) корпорациялық  табыс салығын және қосылған  құн салығын белгілеу кезінде  — өткен бес жыл ішіндегі  шаруашылықтың табысы мен шығындарының  көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.  Жаңадан құрылған салық төлеушілер  табыс пен шығындар көрсеткіштерін  осыған ұқсас шаруашылықтардың  орташа көрсеткіштері бойынша  анықтайды. Табыстар мен шығындар  көрсеткіштерін анықтау тәртібін  уәкілетті мемлекеттік орган  белгілейді;

2) әлеуметтік  салықты анықтау кезінде —  Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына  сәйкес белгіленетін табыстар  түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге  төлейтін шығыстарына 317-бапта  белгіленген ставканы қолдану  арқылы жүргізіледі. Бұл орайда  жұмыс берушінің қызметкерлерге  табыс түрінде төлейтін шығындары  осы шаруашылық бойынша өткен  жыл ішіндегі орташа жалақыны  ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер  санына көбейту жолымен анықталады.

Информация о работе Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі