Дебиторлық борыш және онын түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:48, реферат

Краткое описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Арапов реферат 2.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

  1. Кіріспе
 
  1. Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі

    1. Дебиторлық борыштар  есебін ұйымдастыру

    1.1  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

    1.2  Күмәнді дебиторлық

    1.3  Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

    1.4  Басқадай дебиторлық борыштардың есебі 

  1. Қорытынды
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Дебиторлық  берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

    Саудалық  дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде  өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

    Саудалық  емес дебиторлық берешек  – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

    1) алынуға тиісті шоттар;

    2) алынған вексельдер;

    3) басқалар.

    Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген  тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

    Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген   4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді  несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.  
 
 
 

1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып  екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

    Есеп  беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

    • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
    • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Негізгі ұйымдар  мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған  дебиторлық борыштар;
    • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
    • Басқадай дебиторлық борыштар.

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде  аталған  құжаттарды қолданады:

    Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар  мен басқа да тұлғалардың борышы»  деп аталатын шотының кредиті  бойынша;

    Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

    Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв»,  1620«Алдағы кезең  шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;

    Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының  және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа  дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың  жиынтығын  анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

    Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден  тұрады:

    1210  «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

    1290 «Күдікті қарыздар  бойынша резервтер».

    1220 «Еншілес (тәуелді)  серіктестіктердің  дебиторлық борышы».

    1280 «Басқадай дебиторлық  борыштар».

    1620 «Алдағы кезең  шығындары».

    1630 «Берілген аванстар».

    Яғни  осы жоғарыда аталған баптар бойынша  кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа  заңды немесе жеке  тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.  

1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі 

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы»  деп аталатын бөлім шоттары сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы  ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

    1210 «Алынуға тиісті  шоттар»

    1210«Алынған  вексельдер»

    1210«Сатып  алушылар мен тапсырыс  берушілердің өзге  де борыштары»

    Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан  да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып  алушы заңды немесе жеке тұлғалардың  сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

    «Алынуға  тиісті шоттар» деп аталатын шотта  тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген  қызметтері үшін сатып алушылар мен  тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған  есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде  пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау  шараларын жүргізілулері қажет.

    Кәсіпорындар мен ұйымдардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты дебиттелініп,1320«Қосылған құн салығы»шоты кредиттелінеді.

    Ал  сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың  пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер»,  1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

    Шетелдік  валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге  де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

    Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

      Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде  1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Сатылған  тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған  жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың  қайтарылуы» деп аталатын шот  дебиттеліп,  1210 «Сатып алушылар мен  тапсырыс берушілердің борыштары» деп  аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

    Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына  6030  «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттелініп, 1210  «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер»,      1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130  «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).

    Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай  басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.

Информация о работе Дебиторлық борыш және онын түрлері