Экономикалық өсу және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:43, реферат

Краткое описание

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Файлы: 1 файл

Экономикалық өсу және оның түрлері.docx

— 28.62 Кб (Скачать)

Экономикалық  өсу және оның түрлері.

  1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

  Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Экономикалық  өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

Дәріс мән-мәтіні

Экономикалық  теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу  дегеніміз ұлттық өнімнің сан  жағынан өсуімен қатар сапа жағынан  жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп  өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің  табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

     Экономикалық  өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі  мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

      Экономикалық  өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа  бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

      Қоғамдық  өндірістің типіне байланысты, өнімнің  өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік  әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан  экономикалық өсу де бірнеше типке  бөлінеді.

      

      

        
 
 
 

  1. Интенсивті  типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

      Экономикалық  теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының  күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын  келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

     Экономикалық  өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін  ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға  бөлінеді.       Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар: Жанама  факторлар:
-Еңбек  ресурстарының саны мен сапасының  өсуі.
  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

      Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің  сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың  болуы мен дамуы іс жүзінде  олардың өздерінің өнімдерін  сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің  тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың  тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының  жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының  және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу  динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.  Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.      16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. 
Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен
компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.[1] [2]

ҒЫЛЫМИ  ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп   дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы   мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып,    өндірістік амал-шараларға  ұдайы әрі тікелей ықпал ете   алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты    өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға    ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. жөне тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл — Р. т. п-тің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі.  Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғыл.-тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғ.-т. п-тің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-тех-никалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғ.-т. п-тің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: а. ш., көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғ.-т. п. әлеум. прогресстің негізі болып табылады. 

Информация о работе Экономикалық өсу және оның түрлері