Дебиторлық борыш және онын түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:48, реферат

Краткое описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Арапов реферат 2.doc

— 107.50 Кб (Скачать)
justify">    Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген  қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

    «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

    • Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

    Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»  шоты

    Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

    Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»  шоты

    Кт: 1280 «Басқадай несиелік борыштар мен  аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    1280 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ  салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

    • Жылдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

    Дт: 1280«Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

    Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз  түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

    • Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:

Дт: 1030 «Ақшалар» шоттарының тиістілері,

Кт: 1280 «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    1250 «Жұмысшылар мен  басқа тұлғалардың  борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да  тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

    • Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары! Және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты

Кт:  4420 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    • Есеп беру тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта : материалдық активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы шот» кредиттелнеді.
    • Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған  қарыз сомаларының қайтарылуы субъектіге кіріске алынғанда:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың  борышы» шоты

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың  кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        7210  «Жалпы және әкімшілік шығындары»;

     8410 «Үстеме шығындар»;

    деп таталатын шоттардың тиістілері.

    Кт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» түріндегі екі жақты жазу жазылады.

  • Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:

    Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

    Кт: 1310 «Материалдар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Құны акцептелген (төленген) тауарлы-материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түсенде олардың жетіспеушіліг мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

Кт:   6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына:

    Дт:  1280«Басқадай дебиторлық борыштар»  шоты,

    Кт:  6310 «Тоқталынған операциялардан болатын кірістер (зияндар)» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Сонымен қатар «басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері  жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен  тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілердегі табыстар есептеу  тәсілінен айқындайтындықтан күдікті  борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып табылады және  борыштық өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалетрлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне сәйкес   күмәнді талаптар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде  қанағаттандыратын талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді дебиторлық борышты шотта көрсету қажет салыстыру принципі бойынша дебиторлық борыштың есепті кезеңді күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш  операциялық іс-әрекеттен болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді дебиторлық борыш күтілмесе, онда крістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер  талап етілмейді.

    Қорыта  келгенде, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептесулердің есебі мына шоттарда жүргізіледі: 3350, 4150, 4160, 3360, 4250, 4230. Несие берудің басқа түрлері 4030 «Басқа да несиелер» шотында есебі жүргізіледі. 4030-шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары мен қызметтері) және берілегн вексельдері есепке алынады. Кәсіпорын өз өндірісінң тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және  әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.

    Кәсіпорынның  дебиторлық және кредиторлық қарыздарын басқара отырып, шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға, алдағы кезеңде инвесторларды осы кәсіпоырнның ісіне толықтай араласуға, жаңа нарықтық қатынастарға ие болуға,  шығындарды, кіріс пен табысты басқаруға мүмкіндік бар.  
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. «Кәсіпорындағы  бухгалтерлік есеп», Алматы 2003, В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт. Беттер: 246-275, 278-349.
 
  1. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» : оқулық / Қ. К. Кеулімжаев, Н. А. Құдайбергенов. - Алматы : Экономика, 2006.

         Беттер 140-172, 274-287. 

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Бухгалтерлік  есеп және  қаржылық есеп туралы»
 
  1. Бухгалтерлік  есеп шоттарының үлгілік жоспары (Қазақстан  Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұрығымен  бекітілген)
 
  1. www.referattar.com
 
  1. www.ektu.kz/cgi-bin/irbis64r/cgiirbis_64.exe
 
  1. www.ularumit.kz/kaz
 
  1. «Бухгалтерлік  есеп теориясы және тәжірибесі» оқулық/ Б.С.Мырзалиев А.А.Сәтмырзаев Р.С. Әбдішүкіров. Беттер 142-144 . Экономика баспасы, Алматы 2008.

Информация о работе Дебиторлық борыш және онын түрлері