Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:48, реферат
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Кіріспе
Негізгі бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
1.2
Күмәнді дебиторлық
борыштар
Сатып
алушылар мен тапсырыс беруші заңды
және жеке тұлғалардың төлем
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
Бұндағы
бірінші аталған әдістің
Жоғарыда
аталған несиеге сатудан
Күмәнді қарыздарда бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
1.3
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің
дебиторлық борыштарының
есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
«Шаруашылық серіктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Меншіктің осы түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт:
3130 « Қосылған құн салығы шоты»
түріндегі корреспонденция
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» деп
Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес,
тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың
дебиторлық борыштары олардан тауарлық-
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы жазылады.
1.4
Басқадай дебиторлық
борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250
«Жұмысшылар мен басқадай
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».