Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:22, реферат
Мақсаты: Экономикада жер рентасы процесі өте маңызды рөлдердің бірін атқарады, ол жерден түскен тұрақты табысты сипаттайды. Бұл тақырыпта жер рентасына сәйкес жер рентаның түрлерін, жалпы рента. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Сондықтан бұны бәріміз білуіміз қажет.
Жалпы жер дегеніміз - қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы болып табылады.
Кіріспе
Жер рентасын капиталдандыру
Рента
Қортынды
Пайдаланылған әдебиет
Білім және Ғылым министрлігі
ҚАЕУ колледжі
Тақырыбы: Жер рентасы және оның түрлері
Тексерген: Буткенова Ә. Қ.
Орындаған: Асубаева Н. Т.
Өскемен қаласы
2012 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Менің алған рефератымның тақырыбы: Жер рентасы және оның түрлері.
Мақсаты: Экономикада жер рентасы процесі өте маңызды рөлдердің бірін атқарады, ол жерден түскен тұрақты табысты сипаттайды. Бұл тақырыпта жер рентасына сәйкес жер рентаның түрлерін, жалпы рента. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Сондықтан бұны бәріміз білуіміз қажет.
Жалпы жер дегеніміз - қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы болып табылады.
Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға: тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента; құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.
Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.
Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.
Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.
Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.
Жер рентасын капиталдандыру
Жер рентасын капиталдандыру әдістемесі құрылыс салынған және салынбаған жер учаскелерін бағалау үшін қолданылады. Әдістемені қолдану шарты - бағаланатын жер учаскесінен жер рентасын алу. Әдістеме іс-қимылдардағы мынадай кезектілігін болжайды:
жер учаскесінен құрылатын
жер рентасының есебі;
жер рентасын капиталдандыруға сәйкес
коэффициентінің шамасын белгілеу;
капиталдандыру арқылы жер учаскесінің
нарықтық құнын есептеу.
Жер учаскесін капиталдандыру деп өзара тең немесе біркелкі ағынмен жер рентасының бірдей уақыт кезеңінде өзгеретін барлық болашақ шамаларды бағалау күніне белгілеуді айтамыз. Есептеу бағалау жүргізілгеннен кейінгі кезеңдегі жер рентасының шамасын бағалаушы белгілеген капиталдандырудың тиісті коэффициентіне бөлу арқылы жүргізіледі.
Осы әдістің шеңберінде жер рентасының шамасы жер нарығында қалыптасқан шарттар бойынша жер учаскесін жалға беруден түскен табыс ретінде есептелуі мүмкін.
Капиталдандыру коэффициентін белгілеудің
негізгі тәсілдері мыналар:
жер рентасын ұқсас жер учаскелері бойынша
олардың сатылу бағасына бөлу;
капиталға жасалатын қауіп-қатерсіз
қайтарым ставканы тәуекел үшін бағаланатын
жер учаскесіне капиталды инвестициялауға
байланысты сыйақы мөлшеріне көтеру болып
табылады.
Бұл ретте тәуекелге бармай капиталға
қайтарылатын ставка деп капиталды барынша
тәуекелге бара отырып инвестициялайтын
кездегі қайтарылатын ставканы түсінеміз.
Рента (фр. rente — табыс әкелу) — меншікке
келетін табыстың бір түрі, капиталды
жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне
түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде
белгіленеді. Аренда келісімі арқылы берілген
жер үшін ол арендатор жердің меншік иесіне
рента төлеп тұрады. Демек, жер рентасы
жерге меншіктік экономикалық жағынан
жүзеге асырылуының нысаны болып табылады.
Рента— жерді‚
мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден
қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін
табыс.
Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл ретте рантъе деп аталады.
Жер рентасы меншікке табыс түрінде, бұдан көп ерте заманда пайда болған. Бірақ тек нарық экономикасында рентаны экономикалық тәсілдер арқылы иемдену мүмкіндігі туады. Осы жағдайда ол үстем пайда болып табылып, екіге бөлінеді: кәсіпкер — жер арендаторы ие болатын пайдаға және жерге меншік иесіне түсетін рентаға.
Дифференциялдық рента монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: бірінші дифференциалдық рента және екінші дифференциалдық рента.
Бірінші дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.
Екінші дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.
Екінші дифференциалдық рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аргарлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.
Қортындылап айтқанда біздің мақсатымыз жер рентасын дұрыс пайдаланып. Болашақта оның турлерін ажырата алып. Оның капитал жәнеде басқа да әдістемелерін, менің қорғаған тақырыбымнан дұрыс түсініп, болашақта пайдасы болар деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиет