Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа

Краткое описание


Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Оглавление


I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39

Файлы: 1 файл

шағын бизнес.docx

— 83.65 Кб (Скачать)

— салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Осындай талаптарға сай келмеген жағдайларда  немесе арнаулы салық режимінен  өз еркімен шыққан кезде шағын  бизнес субъектісі есепті тоқсаннан  кейінгі тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен  төлеудің жалпыға бірдей белгіленген  тәртібіне көшеді.

Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға  бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын бизнес субъектісі салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Жеке  кәсіпкердің тоқсандық табысына мынадай ставкалар бойынша:

1) 2000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда, табыс сомасының 3 проценті мөлшерінде;

2) 2000,0 мың теңгеден жоғары – 3000,0 мың теңгені қоса алғанда, 60,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасының 5 проценті мөлшерінде;

3) 3000,0 мың  теңгеден жоғары, 110,0 мың теңге  + 3 000,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасының 7 проценті мөлшерінде  салық салынуға тиіс.

Ал заңды  тұлғаның тоқсандық табысына мынадай  ставкалар бойынша:

1) 2000,0 мың  теңгеге дейін қоса алғанда,  табыс сомасының 4 проценті мөлшерінде;

2) 2000,0 мың  теңгеден жоғары – 4500,0 мың  теңгені қоса алғанда, 80,0 мың теңге  + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасының 5 проценті мөлшерінде;

3) 4500,0 мың  теңгеден жоғары — 6500,0 мың  теңгені қоса алғанда, 205,0 мың  теңге + 4500,0 мың теңгеден асатын  табыс сомасының 7 проценті мөлшерінде;

4) 6500,0 мың  теңгеден жоғары – 345,0 мың теңге  + 6500,0 мың теңгеден асатын табыс  сомасының 9 проценті мөлшерінде  салық салынады.

Егер  есепті кезеңнің қорытындысы бойынша  жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының  заң актілерінде белгіленген  ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды  тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген  мөлшеріндей болса, онда салықтық кезең  ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің  орташа тізімдік санын негізге ала  отырып, әрбір қызметкер үшін салық  сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылуға тиіс.

Табыстың  шекті мөлшері белгіленген мөлшерден  асып кеткен жағдайда, салық сомаларын  есептеу табыстың шекті сомасы және нақты алынған табыс сомасы бойынша  жеке-жеке жүргізіледі. Салықтың осы  сомаларының арасындағы айырма бюджетке төленуге тиіс.

Оңайлатылған  декларация тоқсан сайын, есепті салық  кезеңінен кейінгі айдын 10-ынан кешіктірілмей, салық органына табыс етіледі. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты  бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтік салық  түрінде бірдей үлеспен есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Ал декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу  оңайлатылған декларация негізінде  арнаулы салық режимін қолдануға  өтініш берген жері бойынша салық  органында жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты  аяқтай келіп ,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі  күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу  болатын күрделі проблемалар  әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі  проблемалар:

шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі  заңдық базаның шыңжаулығы;

шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие  беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы;

білімді кадрлардың жетіспеуі.

Ал шағын  бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек  қана кепілдеме ретінде мүлікке  беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындаодың  керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды.   Сондықтан шағын кәсіпорындардың керектігі банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу информациялық қызметтерге мұқтаж.       Шағын кәсіпорынның артықшылықтары:

бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді;

айрықша қажеттіліктерді (пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.   Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.     Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:  ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту;  салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі;       несие беру ісіне жеке сектордың араласуы;      шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру.

Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты  тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады  және жергілікті шикізат ресурстарын  тиімді пайдалануға, мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды  орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер  мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп  негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады.          Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:

 ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту;

салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі;

несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру.

Жеке  табыс салығы – Қазақстан Республикасының  резиденттері жеке тұлғалардың және олардың табыстарына төлем көзінде  және олардың Қазақстан Республикасынан  тыс жерлердегі қызметтерінен алған  табыстарына, сондай-ақ резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы  жұмыстары мен қызметтерінен  алған табыстарына төлем көзінде  салынатын тікелей салық болып  табылады.

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып  есептелінеді. Салық салу объектісі  төлем көзінен салық салынатын  табыстар және төлем көзінен салынбайтын  табыстар болып табылады.

Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың  болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда  – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде  мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды  кеңейту, экономиканың құрылымын қайта  құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан  салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда  болады. Бөлгіштік процестегі белгілі  бір теңестіруге жанама салықтардың  өзіндік әлеуметтік бағыттылығы  осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. Алматы, 2002.
  2. Найманбаев С.М. Қаржылық құқық. Алматы, 1994.
  3. 2002 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы ереже».
  4. 2003 жылғы 6 тамыздағы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасының бұйрығымен бекітілген «ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық әкімшілігін жүргізу басқармасы туралы ереже».
  5. 2003 жылғы 6 тамыздағы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасының бұйрығымен бекітілген «ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әкімшілік жүргізу және ірі салық төлеушілер мониторингі басқармасы туралы ереже».
  6. Химичева Н.И. Налоговое право. М., 1997.
  7. Худяков А.И. Налоговое право РК (общая часть). Алматы, 1998.

 

 

 

 


Информация о работе Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі