Шағын бизнес салығы және төлеу жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:49, курсовая работа
Краткое описание
Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Оглавление
I. Кіріспе …………………………………………………………..………3-6
II. Неігізгі бөлім
2.1. Арнаулы салық режимі…………………………………….………..7-12
2.2. Шағын бизнеске арналған салық режимі…………………………13-21
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі………......................22-24
ІІІ Жеке тұлғалардың арнай салық режимі
3.1. Жеке табыс салығының міндеттері…………………………..…..25-27
3.2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы…………………..….28-32
3.3. Жеке табыс салығының құрылуы принциптері…………….…...33-36
Қорытынды ............................................................................…………37-38
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..39
Файлы: 1 файл
шағын бизнес.docx
— 83.65 Кб (Скачать)3) жер
салығының, жер учаскелерін
Патент құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 процентке азайтылады. Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған құн салығын қоспағаңда, патент құны есебіне енгізілген салық және жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есепті беруден босатылады.
Патент құны есебіне енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешіктірілмей, патент құны есебінде көрсетілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиісінше 1/6 жөне 1/2 мөлшерінде және патент құны есебінде енгізілген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берілген қайта есептеулерді ескере отырып, патент құнының қалған белігі мөлшерінде келесі салықтық кезеңнің 20 наурызында жүзеге асырылады.
Төлем көзінен
ұсталатын жеке табыс салығын
есептеу Салық кодексінің 153, 155, 158,
160-баптарына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы
қорларына міндетті зейнетақы жарналарын
есептеу Қазақстан
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары сомаларын төлеуді, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мен жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер:
1) ағымдағы салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомаларды 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) 1 қазан
мен 31 желтоқсан аралығындағы
кезең үшін есептелген
Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар өткен салық кезеңі үшін 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде салық органына: жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияны; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша декларацияны табыс етеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті: ағымдағы салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сома бойынша — 15 қазаннан кешіктірмей, ал 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сома бойынша — есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 15 наурызынан кешіктірмей тапсырады. Мынадай заңды тұлғалардың:
1) Еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
2) заңды
тұлғалар филиалдарының,
3) осы
арнаулы салық режимін
Аффилиирленген тұлға ретінде шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі:
— ойын бизнесі саласында;
— ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;
— боулинг (кегельбан) бойынша;
— картинг бойынша;
— бильярд бойынша;
— лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.
Арнаулы салық режимі осы аталған тұлғалар салық төлеушілер үшін:
— тіркелген
жиынтық салық түрінде
— осы аталған салықтар мен акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларация түріңде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Осындай тәртіп төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүліктік табыс жөніндегі жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептілігін есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.
Корпорациялық (жеке) табыс салығы — тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30 процентін, қосылған құн салығы – тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70 процентін құрайды.
Салық төлеушілер
тіркелген жиынтық салықты
Салық кодексінің 393-бабында аталған ойын мекемесінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің әрбір түрінің жалпы саны, объектілердің жалпы санының өзгерісі осы Кодекстің 397-бабында белгіленген тәртіппен салық органдарында міндетті түрде тіркелуге немесе қайта тіркелуге жатады.
Тіркелген жиынтық салық салу объектісіне:
1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін:
— тарап ретінде өз өкілдері арқылы ойын мекемесі қатысатын құмар ойындарды өткізуге арналған ойын үстелі;
— өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде ойын мекемесі қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі;
— ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
— тотализатор кассасы;
— букмекерлік кеңсе кассасы;
2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін:
— ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:
— ойын жолы;
4) картинг
бойынша қызмет көрсететін
5) бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: бильярд үстелі;
6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушілер үшін: лото ұйымдастырушы жатады.
Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін салық органдары берген деректер негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді және ол бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірыңғай болып табылады.
Салық төлеушінің бір елді мекен шегінде орналасқан бірнеше ойын мекемесі (тұрақты нүктесі) болған жағдайда салық салу объектілерін тіркеу салық төлеушінің таңдауы бойынша бір салық органында жүргізілуі мүмкін.
Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық Салық кодексінің 393-бабында белгіленген әрбір салық салу объектісіне тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады. Осы Кодекстің 396-бабында белгіленген есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы он екіге бөлу жолымен анықталады.
Объектілер есепке алынған тіркеу карточкасының түпнұсқасы әрбір ойын мекемесіне (тұрақты нүктеге), олар пайдаланатын салық салу объектілері есепке алына отырып, жеке беріледі.
Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге тиіс.
Салық төлеушінің облыста (қалада) бірнеше ойын мекемелері (тұрақты нүктелері) болған кезде тіркелген жиынтық салық және акциз бір аудан (қала ауданы) шегінде орналасқан салық салу объектілері бойынша бөлек есептеледі.
Тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Салық салу
объектілері салық кезеңінің 15-іне
дейін шығып кеткен кезде тіркелген
жиынтық салық — салық
Салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларацияны есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс етуге міндетті.
2.3. Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі
Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Жалпы. кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады. Отызыншы жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз, меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды: 1.Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай компанияда меншік пен басқару бір адамның қол астына шоғырланады.
2. Көпшілік акция арқылы бақылау.