Казахстана алымның жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:17, курсовая работа
Краткое описание
Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Оның экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болған және оның өмір сүруінің негізі шикізаты болып табылады.
Оглавление
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..... 40
Файлы: 1 файл
Kurstyk zhumys.doc
— 312.00 Кб (Скачать)- медициналық, дәрігерлік және мал дәрігерлік қызметті;
- тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
- күзет, өрт сөндірі автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді жіне оларға техникалық қызмет көрсетуді;
- өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндіруді және сатуды;
- жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді жіне оларға қызмет көрсетуді;
- дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындауды, өндіруді, ұқсатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерін;
- автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
- емдік препараттар дайындау мен сатуды;
- жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конститутцияларын өндіру жөніндегі жұмыстарын;
- алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады. Жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын, қызметі ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет ұғынылады.
Қызмет түрінің тізбесін, бір жолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Бір жолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометражды қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
Патент негізінде арнаулы
салық режимін мынадай
- жалдамалы қызметкердердің еңбегін пайдаланбайтын;
- жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
- жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданатын.
Патент негізінде арнаулы
салық режимін қолдануға
Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органына, кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтініш бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп саналады.
Салық органдары өтініш берілгенін және бюджетке патенттің құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент беруді жүргізеді.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.
Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдеген кірістің 3 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзіге асырады.
Патенттің құны табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленуге тиіс.
Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.
Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің құны салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.
Қызметін әртүрлі аумақтық-
Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
- жеке кәсіпкерлер үшін;
- жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде он бес адам болса;
- салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500 мың теңге болса;
Осы талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шағын бизнес субъектісі есепті тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бідей белгіленген тәртібіне көшеді.
Салықты оңайлатылған декларация
негізінде есептеуді шағын
3-кесте - Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкаларда салық салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы |
Ставкасы |
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда |
Табыс сомасының 3%-ы |
3000,0 мың теңгеден жоғары-6000, 0 мың теңгені қоса |
90,0 мың теңге + 3000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 4% |
6000,0 теңгеден жоғары |
210,0 мың теңге +6000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5% |
4-кесте - Заңды тұлғалардың табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы |
Ставкасы |
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда |
Табыс сомасының 3%-ы |
3000,0 мың теңгеден жоғары-10 000, 0 мың теңгені қоса |
90,0 мың теңге + 3000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 4% |
10 000,0 теңгеден жоғары-18 000,0 мың теңгені қоса |
370,0 мың теңге +10 000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5% |
18 000,0 теңгеден жоғары |
770,0 мың теңге +18000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7% |
Салықты есептеу мен
төлеудің жалпыға бірдей белгіленген
тәртібінен оңайлатылған декларация
негізіндегі арнаулы салық
Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей салық органына табыс етіледі.
Оңайлатылған декларация бойынша есептеген салықты бюджетке төлеу жеке табыс слығаы және әлеуметтік салық түрінде бірбей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмейтін мерзімде жүргізіледі.
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру
Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі маханизімі ретінде бәсекелестік те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқару мен ондағы қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
- Ұйымдар мен кәсіпорындар арасында жиынтық табысты қалыптастыру мен бөлу процесінде, жеткізілімді төлеу кезінде, дайын өнімді сату кезінде;
- Кәсіпорынның акцияларын шығару мен тарату кезінде;
- Валюталық қорды пайдалану кезінде кәсіпорындар мен шетелдік әріптестер арасында.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектісінің бәсекелестік қабілетінің көтеруі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн – ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менеджментiн жүзеге асырудың шарты -нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң нарығымен қатар еңбек, капиталдар, өндiрiс құрал-жабдықтарының жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық реттеудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы дайындықтағы мамандар - қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар) қажет. Қаржылық менеджмент теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер тәжірибе жинақтай отырып, бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрынғы механизмін түбегейлі қайта құруы жүріп жатыр.
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары, министрлер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.
Кәсіпорынның қаржылық сыныптамасында қаржы менеджментiн келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:
- Ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау
- Ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау
- Қабылданған шешiм бойынша инвестициялау жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау
- Жобаның орындалуын ұйымдастыру
- Қаржыны басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу
- Қайта инвестициялаудың мақсаттары үшiн жоба нәтижелерiн талдау және бағалау.
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi - кәсiпорынның қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның нарықтағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiнің тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның нарықта тең қаржы саясатын жүзеге асыруы болып табылады.
Өз кезегiнде қаржы саясаты ұзақтығына және шешiлетiн мiндеттерiнiң сипатына байланысты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып екiге жiктеледi. Қаржылық стратегия стратегиялық басқарудың бес элементiнiң (өндiрiстiк, маркетингтiк, инновациялық, мамандық және қаржылық) бiрi және негiзгiсi болып табылады. Корпорацияның қаржысын басқарудағы объектi болып капиталдар және ақша ағымдары табылады. Осы категориялар арқылы стратегияның басты мiндетi болып табылатын корпораияның ұзақ мерзiмдегi уақытта нарықта бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, тұрақты дамып отыру және осының негiзiнде корпорацияның экономикалық мүмкiншiлiгiн тиiмдi жоғарлатуға негiзделедi.
Корпорацияның меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы нарығындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады.
Сонымен қатар кәсіпорынның қаржы стратегиясы ұзақ мерзiмде кең көлемде коммерциялық даму мiндеттерiн қарастырады, яғни стратегия кәсіпорын дамуының альтернативтiк жолдарын талдайды. Осы мақсатқа жету үшiн кәсіпорынның қаржы бөлiмi жоспарлауды, болжауды, тәжiрибелердi қаарстырып, олардың тиiмдi нұсқасын iздейдi.