Казахстана алымның жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:17, курсовая работа
Краткое описание
Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Оның экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болған және оның өмір сүруінің негізі шикізаты болып табылады.
Оглавление
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..... 40
Файлы: 1 файл
Kurstyk zhumys.doc
— 312.00 Кб (Скачать)Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бүл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын обьектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына салықтар кіреді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.б.
Корпорациялық табыс салығы – заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мемлекеттiк тiкелей салық болып табылады.
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсiмдерiнде едәуiр орын алады (25%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Республикадағы көздерiнен табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негiзгi шектерде бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды: салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның iшiнде кәсiпкерлiк қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейдi. [7]
Мыналар – салық салынатын табыс, төлем көзiнен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
Салық салынатын жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексiне сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып, заңнамалы түрде белгiленген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетiлуге тиiс.
Ендi Қазақстан Республикасындағы
соңғы бiрнеше жылдағы
1-кесте - ҚР-ның мемлекеттiк бюджетiндегi корпорациялық салықтардың үлесi
Көрсеткiш мөлшерi |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. | ||||
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% | |
Корпорациялық табыс салығы |
38271 |
17,7 |
54759 |
16,6 |
163529 |
31,2 |
169049 |
26,6 |
Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi Салық кодексінде белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
Жеке табыс салығы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiнің басты көздерiнiң бiрi және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өмiрiне тiкелей әсер ететiн салықтың бiр түрi болып табылады.
Осы табыс салығын төлеушi болып салық жылы iшiнде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбiр салық төлеушiлер табыс салығын өздерi тұрған жерi бойынша төлеудi жүзеге асырады. Жеке табыс салығын салу объектiлерiне келесiлер жатады:
- төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
- төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.
Салық салу объектілері салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық ставкалары салық төлеушiнiң табыстарына 10% ставка бойынша салық салынады. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5% ставка бойынша салық салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлері жатады:
1) қызметкердің табысы;
2) жеке тұлғаның
салық агентінен түсетін
3) жинақтаушы
зейнетақы қорларынан
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Салық төлеушiнiң төлем кезiндегi салық салынбайтын табыстарына келесiлер жатады:
- Мүлiктiк табыс;
- Жеке кәсiпкерлердiң салық салынатын табысы;
- Адвокаттар мен жеке нотариустардың – заңдық көмек, нотариалдық iс-әрекетер ақысын қоса алғанда, адвокаттық қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстар;
- Басқа да табыстар – Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден алынған табыстар болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушiлер салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызмет етуінің тиімділігі
ондағы жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының жоғарылауына мүмкіндік
береді, ол сәйкесінше орта тап өкілдерінің
қалыптасуына жағдай жасайды, ұлттық экономиканың
дамуына оң әсер береді. Оны төмендегі
сурет түрінде келтіруге болады:
1-сурет - Салық жүйесінің экономикалық үдеріске
тигізетін әсері
Салық жүйесінің реттеуші функциясы коммерциялық ұйымдардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Бұл функция коммерциялық ұйымдардың қызметін ынталандырушы және шектеуші бола алады.
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері
Экономикалық тұтқалардың ішінд
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеке және заңды тұлғалар салық комитетінде мемлекеттік тіркеуге тұрып, өз қызметін жоғарыда аталған арнаулы салық режимін таңдап іске асыруға құқылы.
Нарықтық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамыту және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр.
Нарықтық экономика негiзiнде осындай тұрақты экономикалық өсуге әкелетiн басты құралдың бiрi – іскерлік қызмет, нақтылай айтсақ шағын бизнестiң үлесi айтарлықтай болмақ. Әсiресе бұл салаға кіші инновациялық іскерліктiң берер нәтижесi ерекше. Себебi, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің микро- және макроэкономикалық мән-жайларын тереңдетіп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және ынталандыру саясатына байланысты олар үшін салықтық міндеттемелерін орындаудың айрықша режимі белгіленген.
Салық кодексінде ескертілгендей, арнаулы салық режимдерінің бірін таңдап алған кәсіпкер салықты есептеу және төлеудің, сонымен қатар бюджетпен есептесудің ерекше жолын таңдауға құқылы. Сонымен қатар, осы категорияны таңдап алған кәсіпкерлерге салық заңдарына сәйкес арнаулы режиммен сәйкес жеңілдетілген салық ставкалары қолданылады. Бұл салық жеңілдіктері кәсіпкерлер үшін ойланған іс деп айтуға болады, себебі шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің салық төлеу кезінде жұмысын жеңілдету оған себеп, кейбір кәсіпкерлердің арнаулы экономикалық-құқықтық білімдері жоқ болғандықтан оларға салық төлеу кезіндегі есептеу үлкен қиындық әкеледі, ал ерекше жолмен салық төлеу өте оңай және де түсінікті. Мемлекеттің бұл жолғы кәсіпкерлерге жүргізіп жатқан шешуші қадамдары көп кешіктірмей өзінің нәтижесін көрсетер деген ойдамыз, ол шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер де өздеріне тиісті міндеттерін орындауы тиіс. Ол бюджетке төленетін салық мөлшерін көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, мемлекеттік мекемелерде қиыншылықтарды жеңіп және мемлекетте кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға керекті ұсыныстарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен қарамағындағы жұмысшылардың саны орта есеппен жылына 50-ден аспаса, сонымен қатар активтерінің құны бір жылда орта есеппен 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспаған заңды тұлғалар жатады. [17]
Бұл шағын бизнес субъектілеріне жататындар: жеке кәсіпкерлер – егер жеке кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде он бес адамнан аспаса және тоқсандық табысы 4,5 миллион теңгеден аспаса;
Заңды тұлғалар үшін – егер қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адамнан аспаса және тоқсандық табысы 9,0 миллионнан аспаса.
Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат болып табылады. Арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі.Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуде салық органдарының нысандары мен оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын, бір жыл ішіндегі табысы 1,5 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.
Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міедетті.Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органына кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі днп саналады.Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент береді [5].
Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдеген кірістің 3% мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің құны жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленүге тиіс.
Нақтылы табыс патент
алған кезде мәлімделген
Патент негiзiндегi арнаулы
салық режимiн мынадай
1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк
нысанындағы қызметтi жүзеге
3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
Дара кәсiпкер патент
негiзiнде арнаулы салық
Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.