Казахстана алымның жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:17, курсовая работа
Краткое описание
Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Оның экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болған және оның өмір сүруінің негізі шикізаты болып табылады.
Оглавление
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..... 40
Файлы: 1 файл
Kurstyk zhumys.doc
— 312.00 Кб (Скачать)Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада іскерлік қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын және орта бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Инновацияны жүзеге асыру
үшiн оны мемлекеттiк
Сондай-ақ елiмiздiң ғылыми және ғылыми-техникалық мүмкiншiлiгi жоғары деп айтуға болады. Қазiргi таңда елiмiзде 350-ден астам ғылыми, тәжiрибелiк және құрастырушылық ұйымдар бар. 5 Ұлттық ғылыми орталық, 150 жоғары оқу орындары қызмет көрсетуде [18].
3.2 Салықтық жоспарлау
жүйесіндегі басқарушылық
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің қызметін қолдау мен жандандыру мақсатында 2008 жылдан бастап 9 айға шағын кәсіпкерлік субъектілерін салықтық тексеруге мораторій енгізілген болатын. Құжатта көрсетілгендей мораторий жасау кезеңінде қарсы тексеру, хронометражды тексерілім, сон дай-ақ тексерулерді прокуратура органдарының тиісті актісі қылмыстық іс қозғау, салық төлеушілердің өтініштері немесе шағымдары болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Индустрия және сауда министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта елімізде 418 мың шағын және орта кәсіпорындар бар. Бұларда 1 миллионнан аса адам жұмыс істейді . Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша осы шаруашылық жүргізуші субъектілер жалпы сомасы 460 млрд. теңге кіріс алып, мұның 52 млрд. Теңгесі салықтар түрінде бюджетке аударылған. Қазіргі кезде жалпы ішкі өнімнің 17 %-ті экономиканың осы секторының үлесіне тиеді.
Шағын бизнес саласындағы заңнаманың келелі мәселелерін шешу Алматыда шағын бизнес саласындағы заңнаманың келелі мәселелері жөнінде конференция болып өтті. Әділет органдары 2007 жылдың 10 айы ішінде айқындаған тіркелмеген және жарияланбаған нормативтік құқықтық актілер бойынша ақпарат тілде тиек етілді. “Бір терезе” қағидатын (шағын бизнес субъектілерін бір рәсім шегінде 10 күн мерізімінде тіркеу) енгізуді көздейтін заң жобасы алға тартылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу және шағын бизнес мәселелерін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдау, кәсіпкерлік қызмет үшін кедергілер келтіретін актілерді жою жөніндегі ұсыныстар қаралды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Индустрия және сауда министрлігі мен Кәсіпкерлердің форумы шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі өз ара ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойды.
Қайта қаржыландыру ставкасы төмендетілді. Қазақстанның Ұлттық Банкі 2007 жылдың 18 қарашасынан бастап қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8 % -тен 7,5 %-ке дейін төмендетті. Қазақстандағы инфляция 2006 жылдың қыркүйегіндегі 0,1 %-пен және қазанындағы 0,7% салыстырғанда 2007 жылдың қазанында 0,6% боды. 2007 жылдың қантар -қазанында инфляция 23002 жылдың қыркұйегіндегі 3,5 % -пен және қазанындағы 4,5 % салыстырғанда 4,1 % болды.
Қаржы ресурстарының басым бөлігінің мемлекет қрамағына өтуі кәсіпорындардың дербес болуына кедергі болады. Нарықтық экономикада қаржы ресуртсарын шоғырландыру деңгейі қоғамның әлеуметтік бағытталынуына байланысты. Мемлекеттегі әлеуметтік қорғау деңгейі соғұрлым мемлекеттің әлеуметтік шығындарды қаржыландыру үшін де көп қаржы керек.
Ал мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі салықтар екені бәрімізге мәлім. Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты.
Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысында әсер етуге болатынын зерттеу барысында байқалып отыр. Салық ставкаларын салықтық реттеу құралы ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен түсімдерімен өзара байланысын, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.
Енді салық жеңілдіктерін тиімді де икемді салықтық реттеу құралы ретінде талдап көрейік. Салық жеңілдіктерінің ғылыми-техникалық прогресті, шағын және орта кәсіпкерлікті, өндірісті, экономикалық өсуді ынталандыру сияқты негізгі мақсаттары мемлекеттік саясаттың бағыттарының өзгеруімен байланысты құбылып отырады.
Экономиканы реттеу барысында салық жеңілдіктерін қолданудың мынадай бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- ғылыми-зерттеу, тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарының өркендеуіне жағдай жасау;
- робототехника, биотехнология, электроника тәрізді ғылымды көп қажет ететін өндіріс салаларының дамуын ынталандыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;
- инвестиция барысын реттеу.
Салық жеңілдіктерінің салық төлеуден толық немесе жартылай босату, салық салынбайтын минимум, шегурістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету тәрізді тетіктері арқылы бір жағынан, нақты бір кезеңдегі салық түсімдерінің сомасы кемітілсе, екінші жағынан өндірістің, кәсіпкерліктің одан әрі дамуына, болашақтағы салық түсімдерінің артуына әсір етуге болады.
Өндірістегі шағын және
орта кәсіпкерлікті қолдау барысында
салықжеңілдіктері мынадай
Қазақстанда кәсіпкер тұлғалардың қайырымдылық қорларына көрсеткен көмектері салық заңнамасында көрсетілген мөлшерде жылдық жиынтық табыстан шегеріледі; кәсіпкерлік қызмет барысында шеккен залалдары бес жыл мерзімге (жер қойнауын пайдаланушылардікі-жеті жылға) алға жылжытылып, болашақ табыс есебінен өтелетін болады.
Салық төлеу тәртібі мен мерзімі салық салу жүйесінің маңызды элементі болып табылады, өйткені кәсіпкерлер салықтарды қашан, қай мерзімде, қалай төлейтінін білуге мүдделі.
10 күн мерзім ішінде, барлық есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кеншіктірмей табыс салығы бойынша толық есеп айырысып отыруы тиіс. Еңбек шарты негізінде жалдамалы жұмысшы күшін пайдаланып, төлем көзінен салық ұстайтын заңды және жеке тұлғалар әрбір жұмысшысына табыс салығын есептеп мынадай жұмыстар атқарады.
1) Есептелген табыс салығының сомасын банк мекемесі арқылы қаражат алған кезде аудару керек; банк мекемелерінде есеп айырысу шоттары болмаған жағдайда төлем жасалған айдан кейінгі бес күн ішінде бюджетке аударуы тиіс;
- Табыс алушы жеке тұлғаның талап етуі бойынша, аты-жөні, табыс түрі мен сомасы, ұсталған салық сомасы көрсетілген анықтама беруге міндетті;
- Салық жылы аяқталған соң 30 күн ішінде салық органы салық жылы төленген табыс сомасы мен ұсталған салық сомасы туралы, салық төлеушінің аты-жөні мен тіркеу нөмірі (СТТН) көрсетілген анықтама береді.
- Төлем көзінен салық ұсталмаған жағдайда табыс төлеуші тұлға салық заңнамасы негізінде ұсталмаған салықты, онымен байланысты айыппұл мен өсімдерді өтейді.Белгіленген мерзімде нақты дәлелсіз декларация ұсынбаған жағдайда тиісті салық сомасынан әр ай үшін бес пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді. Декларацияда көрсетілген салықтың толық төленбеуіне әкелген кеміту үшін кемітілген салық сомасының 50% мөлшерінде айыппұл салынады.
Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, салықтық реттеу құралдарының ықпалының өте зор екендігі. Егер оны ұтымды пайдалана алмаған жағдайда экономикалық өсудің тежелуі немесе халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі, өндірістің, кәсіпкерліктің даму барысына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан салықтық реттеу құралдарын қолдану барысында нақты сол кезеңдегі салық салу жүйесін тиянақты талдап, кемшіліктерін анықтап, салық салу жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру керек.
Сонымен, экономиканы салықтық реттеу барысында, оның соңынан туындайтын салдарын алдын-ала дұрыс болжамдау керек, өйткені салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық есептеу, төлеу тәртіптері мен мерзімітәрізді салықтықреттеу құралдары өндірістің, өндірілген өнімнің (қызмет, тауарлар) бәсекелік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін, ал кәсіпкедің іскерлік қабілетін ынталандыруға, капитал жинау барысында оларға барынша қолайлы жағдай туғызуға, кәсіпкерлердің әлеуметтік, қайырымдылық қызметтерін ынталандыруға бағытталуы қажет.
Сондықтан
салық салу жүйесінің әділеттіл
- түсінікті, айқындалған және ақтаңдақтарсыз салық заңдарын қабылдау;
- салық әкімшілігін жүргізу тәртібін жақсарту және салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қолдану жүйесін жетілдіру жолымен салық жүйесін ұтымдыландыру; Бірақ салық қызметінің фискальды қызметіне басты салмақты түсірудің дұрыс еместігін өміркөрсетеді, ло салық төлеушілерді салық қинап, сол арқылы салық салу базасы мен салық салмағын азайтуы мүмкін.
- мемлекеттің салық жүйесін нарықтық-әлеуметтік талаптарға сай үтымды – ықшамды қалыптастыру негшізінде жалпы мемлекеттік және корпоративтік-жекеше мүдделерді ұштастыру және олардың мүмкіндігінше теңдестірілуін қамтамасз ету;
- салық элементтерін, салықтық міндеттемелерден туындайтын міндеттер мен құқықтарды, салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық жағдайларын өте мұқият белгілеу;
- салық заңдарын жетілдіру арқылы нарықтық экономиканың бастамасы, ажырамас бөлігі және арнайы аясы кәсіпкерлікті, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктідамытуға қажетті арнаулы салық режимін белгілеу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен сыртқы экономикалық қызмет аясыда жеңілдетілген салық салу жүйесін қалыптастыруға байланысты жаңаша сипаттағы заңдар қабылдау;
- салықтық есепке қоюды, мол табыс өкелетін салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жетілдіру және салықтық бақылауды тиімді, пәрменді әрі әділеттіжүргізу барысында мемлекеттің салық жүіесінің халықаралық стандартқа барынша жақындауын қамтамасыз ету тәрізді міндеттерді жүзеге асыру қазіргі заманғы салық салудың құқықтық реттеу механизімін жетілдіру концепцияларының мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы салық жүйесін ұйымдастырудың экономикалық және заңидылық принциптерінің кешені экономикалық - әлеуметтік тұрғыдан өнімді және икемді салық жүйесін құруды көздейді, сондай-ақ салық әкімшілігінің ұтымды жүргізілуін және салықтық құқықтық қатынастардың фискальдық тиімділігінің заңдылық шегінде дамуын негіздейді.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1 Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
- мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
- бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
- бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
- республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
- бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
- мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
- ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады [16].
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік салалық бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленген.
Қазақстан Республикасы салық жүйесiн басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкiметке, Қаржы министрлiгiне жүктеледi. Салық қызметi органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi Салық Комитетiнен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерiнен тұрады [10].