Жүйек жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:05, статья

Краткое описание

Егер адам баласына аяқ асты ажал келіп қалса, ол міндетті түрде өкіне бастайды. Ол адам ешқашан қолдан келмеген ісі үшін өкінбейді, керісінше шамасы жетіп тұрып, жақсы бір амалдарды істемей кеткені үшін өкінеді. Сонымен адам баласы осы дүниеде тағдырына жазылған өмірін сүріп жүріп, бір амалымен болса да Алла ризашылығына жетсе, онда ол мына дүниені ұтқан, жеңген, тиімді пайдаланған пенде болып есептелінеді. Егер пенде баласы бүкіл өмірінде Алла ризашылығына жететін бір амал істей алмай кетсе, онда дүние ол адамды жеңді, шапты, алдады. Енді жиған дүниеңді артқа қалдырып, жасаған жақсы немесе жаман амалдарыңды арқалап Құдайдың алдына барасыз. Қандай қуанышты, нендей өкінішті!.

Файлы: 1 файл

омир.doc

— 38.50 Кб (Скачать)

Кез келген адам баласы бақытты болғысы келеді, әрі  сол үшін өзінің күш жігерін аямайды. Адамдардан «өмірдің мәні не, қалай  бақытқа жетем?» деп сұрасаңыз, біреулер «ақшаң көп болса, бақыттысың!»  деп жауап береді. Келесі біреулер, «мансабың болса өзіңді бақытты сезінесің» дейді. Ал, тағы біреулер, «бақыт деген сүйген адамыңа қосылу, яғни махаббат» десе, келесі біреулер «көп бала-шағаң болса» дейді. Тіпті  «достарың көп болса бақыттысың!» деп жауап беретіндер де бар.

Бұл жауаптардың барлығы  орынды. Дәлелдері бар, дұрыс айтылған дана сөздер сияқты болып көрінеді. Бірақ ақылға салып қарасақ, егер тек ақша бақытты қылатын болса, онда барлығы ғылым-білімді тастап, ақша табудың жолын ойлаcтырса (соңғы кезде Бразилияда жастар бас ауыртып оқығаннан гөрі футболды жақсы үйреніп, ақша табуды  дұрыс деп санайды екен.) не болмақ. Адамдар ақшаға табыну басталады ғой. Алайда, өмірде бай адамдардың да басы қатып, ұрыс-керіске белшеден араласып, әртүрлі ақшамен шешілмейтін машақаттарға тап болып, жатқанын көзіміз көріп жүр. Ақша көп мәселелерді шешкенімен, адамды бақытты қыла алмайды екен.

Егер билік адамды бақытты  қылады десек, онда барлығымыз билікке  жүгіріп, таласуымыз керек болады. Себебі бәріміз бақытты болуға құқығымыз  бар. Бірақ бәріміз билікке лайық  емеспіз, әрі барлығы бастық болса, онда кім жай адам болады. Сауд Арабиясының  патшасынан Ресей журналисі «биліктің дәмі қандай?» деп сұрағанда, ол кісі: «билік алыстан тәтті көрінеді, бірақ оған жақындаған сайын ащы бола бастайды» деп жауап беріпті.

Махаббатқа келсек, бір-бірін қатты жақсы көріп үйленгендер, кешікпей бір-бірін көрместей болып, ажырасып  жататыны тағы бар. Ал, көп бала-шаға бақыт  десек, онда балалары жоқ адамдар бақытсыз болғаны ма?! Достарға келсек, қазір достың түрі көп (саяси көзқарас, қызмет бабы, есеп үшін дос т.б.). Бірақ  басыңа қиыншылық келсе, достардың көбін таппай қаласыз. Тіпті көмегін бергеннің өзінде сізді бақытты қылу қолынан келмейді.

Сонымен «өмірдің мәні мынау  деп» таңдаған жолдарымыз іс барысында  басқаша болып шығады. Бұл аз болғандай  қазір бұқаралық ақпараттар құралдары, интернет… т.б-лар өмірде, саясатта, қоғамда, ауылда, қалада болып жатқан келеңсіздіктерді, әділетсіздіктерді, зұлымдықтарды… үсті-үстіне көпіртіп айтып, көрсетіп жатқанда: көрген  адам бақытты болу бұлай тұрсын, қалай аман қалар екем деп басымен қайғы боп кетеді.

Енді не істеу керек?. Жауап  қарапайым. Бақытты болу үшін, Алла Тағалаға ұнайтын жақсы амалдарды  істеу қажет. Егер сіз бүкіл әлемдерді, жерді, сізді, жаратқан Алла Тағалаға ұнайтын  жақсы амалдарды істесеңіз, Алла Тағала сізге бақыттың дәмін кез келген жағдайда сездіруге құдіреті жетеді. Сіз бейбіт өмірдесіз бе, жоқ майдандасыз ба, ақшаңыз көп пе, әлде аз ба, бала-шағаңыз бар ма, немесе жоқ па, сүйгеніңіз бар ма, жоқ па… бәрібір. Алла Тағала сізге бақыттың  дәмін сездіртемін десе мыңдаған себеп бар, қайғының дәмін сездіртемін десе де себеп мыңдаған.

Қарапайым мысал келтірейік. Қазір әртүрлі қызметтегі  мамандардың  аузынан «бастық немесе шеф мына нәрсені жақсы көрмейді, байқап қалмасын»  деген сөзді жиі естіп қаламыз. Ол дегеніміз – қызметкерлер өзінің бастығының қандай тамақ, одеколон, киім, прическа, галстук, кино, музыканы т.б. ұнататынын меңгеріп алғанын айғақтайды. Және бұлай біліп алу іс барысында жақсы жемісін беріп те жатады. Міне осы ұстанымды, қағиданы ауқымды қылсаңыз болғаны. Себебі, сіздің шеф көп болса бір фирманың немесе мекеменің бастығы. Тіпті министр болсын. Ал, Алла Тағала біз өмір сүріп жатқан жердің, күллі ғаламның иесі, нағыз қожайыны.

 

Құранда айтылады: «Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер, әрі  сабыр етіңдер.  Жер Алланікі екені  даусыз. Ол құлдарынан қалағанына мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі,  деді» («Ағраф» сүресі, 128-аят). Пайғамбарымыз с.ә.с. хадисінде: «Егер саған барлық адамдар жиналып, жақсылық жасаймын десе, тек Алланың саған жазып қойғанын ғана жасайды.  Ал, егер саған барлық адамдар жиналып жаманшылық істейміз десе, тек Алланың саған жазып қойғанын ғана істейді. Біліп алыңдар қаламдар көтерілді, жазылымдар кепті» дейді. (Нәуәуидің 40 хадис. 19-хадис Тирмизи).

Яғни сіз Алланың алдында  қандай да бір жақсылыққа лайық болсаңыз, адамдар соған себепші ғана. Ол жақсылыққа лайық болмасаңыз, адамдар оны қалай істесе де, берекесі болмайды. Сол сияқты барлық адамдар жиналып сізге жамандық істеймін десе, бірақ Алла Тағала қаламаса, яғни, сіз ол жамандыққа лайық болмасаңыз, адамдар оны істей алмайды, істесе де оның зардабы сізге сезілмейді.

Әрине оқу оқып, кәсіп  істеу, өнер үйрену мұсылман адамның  міндеті, әрі заманның талабы.  Бірақ  адам баласы кейде өнердің шыңына жетіп тұрып, бақытсыздыққа душар  болуы мүмкін. Мысалы,  үш диплом қалтада бола тұра бала-шағамен немесе әке-шешемен тіл табыса алмай әулеттің берекесі кетіп жататын кездер жоқ емес. Кәсіптің нәтижесі жемісті болса қуанып, кішкене сәтсіздік болса қайғырып кететіндер де кездеседі. Алла Тағалаға ұнайтын жақсы амалдарды істеу кез келген адамның қолынан келеді. Оған көп ақшаның, зор күштің, асқан бір әдеміліктің, таныс-тамырдың, данышпан болудың қажеті жоқ. Тек қана дұрыс ниет, таза ықылас, салихалы (дәлелмен) амал болса жетіп жатыр.

Егер адам баласына аяқ  асты ажал келіп қалса, ол міндетті түрде өкіне бастайды. Ол адам ешқашан қолдан келмеген ісі үшін өкінбейді, керісінше шамасы жетіп тұрып, жақсы бір амалдарды істемей кеткені үшін өкінеді. Сонымен адам баласы осы дүниеде тағдырына жазылған өмірін сүріп жүріп, бір амалымен болса да Алла ризашылығына жетсе, онда ол мына дүниені ұтқан, жеңген, тиімді пайдаланған пенде болып есептелінеді. Егер пенде баласы бүкіл өмірінде Алла ризашылығына жететін бір амал істей алмай кетсе, онда дүние ол адамды жеңді, шапты, алдады. Енді жиған дүниеңді артқа қалдырып, жасаған жақсы немесе жаман амалдарыңды арқалап Құдайдың алдына барасыз. Қандай қуанышты, нендей өкінішті!.


Информация о работе Жүйек жүйесі