Жүйке жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:02, реферат

Краткое описание

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia(грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Оглавление

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1) Жүйке жүйесіне жалпы түсінік
2) Жүйке жүйесінің маңызы
3) Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жуйке жуйеси.docx

— 31.79 Кб (Скачать)

Оңтүстік  Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

 

Кафедра: _____________________________________

 

 

    Тақырыбы: _____________________________________

 

 

 

 

                                                                                                                 Орындаған:_____________________

Қабылдаған:____________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы 2012 жыл

 

 

 

I  Кіріспе

II Негізгі бөлім

1) Жүйке жүйесіне жалпы түсінік

2) Жүйке жүйесінің маңызы

3) Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia(грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

      Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

      Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық, парасимпатикалық, симпатикалық.

      Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі —тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды. Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі бөлімге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім - сомалы (грекше - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті (қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды. Жүйке жүйесінің тәндік бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты козғалыстарды басқарады.

       Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

        Жұлынның қызметі:  жұлын  екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

        Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

         Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады. Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.

 

 

Жүйке жүйесінің маңызы


  1. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
  2. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
  3. Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).

 

 

Ағзалар тіршілігіндегі барлық ерекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.

    Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

  1. жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы);
  2. сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
  3. жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
  4. қозғалтқыш нейрондар;
  5. тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады. Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).

 

Жүйке жүйесінің  типтері


 

       Жүйке жүйесінің типтері - жүйке жүйесінің  жеке - дара ерекшеліктерінің жалпыланған сипаттамалары. Көптеген физиологтардың көзқарасы бойынша, жүйке жүйесінің типтері туа бітеді және тұқым арқылы беріле алады. Тіршілік іс-әрекеті барысында ол жасырын да болуы мүмкін, сондай-ақ өмір сүру, тәрбие жағдайларына байланысты ол өзгеріп те, күшейіп немесе әлсізденуі де мүмкін. Ол нәсілдік ерекшеліктер мен өмірлік тәжірибелер арқылы қалыптасады. И.П. Павлов бойынша, жүйке жүйесінің типтері негізінде қыртыстық физиологиялық процестердің — қозу мен тежелудің қасиеттері жатады: күштілік, икемділік, тепе-теңдік

 

немесе оларға қарама-қарсы  процестер — әлсіздік, икемсіздік, тепе-теңсіздік. Осы жүйке процестерінің  қасиеттері үйлесе келіп, жүйке жүйесі типтерін құрады. Қозу мен тежелудің  күптті процестеріңде қозу тежелуге қарағанда, басым болады да, бірінен  екіншісіне ауысу тез жүреді. Бұл  қатты қозғыш жүйке жүйесінің  типтері Егер екі процесс те әлсіз  болса, онда тежелу қозуға қарағанда, басым  түседі — бұл әлсіз жүйке жүйесінің  типтеріне тән. Бірінен екіншісінен  ауысқандағы қозу мен тежелудің  күшті процестерінің тепе-теңдігі  — тек күшті, тепе-тең жүйке  жүйесінің типтері сәйкес келеді. Қозудан тежелуге және тежелуден  қозуға баяу өту (екі процесс те күшті  болған жағдайында) күшті инертті  жүйке жүйесінің типтері көрсетеді.

 

Жүйке жүйесінің  патофизиологиясы


 

Нерв жүйесі организмнің барлық функциялық жүйелерін, ағзалар мен  тіндерін біртұтас бірлікте байланыстыратын, біріктіретін жүйе. Ол ұдайы өзгеріп  тұратын сыртқы ортаның ықпалдарына  организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары  организмнің  осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына  әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын  көптеген дерттердің негізінде  нервтік  реттелудің бұзылыстары жатады. Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа  бөлінеді. Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен  стрихнин,   хлороформ, кураре  ж.   б.,   гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген  себептік ықпалдармен бірге адам үшін

 

сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады. Эндогендік ықпалдар туа біткен немесе жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен эндогендік себептік ықпалдарға тұқым қуалайтын нерв жүйесінің аурулары (Даун ауруы, фенилкетонурия, шизофрения, эпилепсия, микроцефалия т. с. с.) және нәресте басының туылу кезіндегі жарақаттанулары жатады. Жүре пайда болған эндогендік ықпалдарға мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы, тромбозы немесе эмболиясы, қан құйылу), өспе өсуі, эндокриндік дерттер (қантты диабет, туа біткен гипотиреоз, тиреотоксикоз ж. б.), аутоиммундық үрдістер ж. б. жатады. Бұл көрсетілгендерден басқа нерв жүйесі нервтік-рефлекстік (травмалық шок), шартты-рефлекстік жолдармен бұзылулары мүмкін. Жоғарыда  көрсетілген  себептік  ықпалдардың   әсерлері  олардың қарқынынан және әсер ету ұзақтығына байланысты. Кейде әлсіз әсерлер ұзақ мерзімде әсер еткенде нерв жүйесінде көрнекті өзгерістер дамуы мүмкін. Бұл кезде ұзаққа созылған әсерлердің жиынтық өлшемі (дозасы) сол ықпалдың бір рет әсер еткен өлшемінен кем болады.

        Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.  Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. 
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Әдеп және жантану.  Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж. 
2. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 ж. 
3. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж. 
4. Бапаева М.К., Нығметова К.Н., Шериязданова К.Т. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1994 ж. 
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993 ж. 
6. Алдамұратова Ә. Жалпы психология. Алматы 1995 ж. 
7. Немов Р.С. Психология. Т-1. М., 1998 ж. 
8. Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 ж.  
9. Данилова Н.Н., Крылова А.Л. Физиология высшей неврной деятельности. - М., 1989 ж. 
10. Лурия А.Р. Эволюционное введение в психологию. – М., 1975 ж. 
11. Мұқанов Ж. Жас және педагогикалық психология (лекциялар). – Алматы, 1982 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жүйке жүйесі