Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................

1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................

1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................

ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................

2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................

2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................

2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................

2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................

ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................

3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................

3.2.

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Файлы: 1 файл

ІІ тарау. Банк.doc

— 246.00 Кб (Скачать)
 
 

     Мазмұны: 
 
 

Кіріспе............................................................................................................... 

І тарау. Қазақстан  Республикасының банк жүйесі........................................

1.1. Банк жүйесінің  пайда болуы және дамуы................................................

1.2. Қазақстандағы  банк жүйесі дамуының кезеңдері  және банк реформасы......................................................................................................... 

ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................

2.1. Банк жүйесінің  даму ерекшеліктері.........................................................

2.2. Банк жүйесін  дамыту проблемалары........................................................

2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................

2.4. Банктің жобаны  кредиттеуі....................................................................... 

ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................

3.1. Екінші деңгейлі  банктердің проблемалық активтерін  басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................

3.2.  

Қорытынды......................................................................................................... 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................... 

 

Кіріспе 

      Дамыған банк жүйесін құру кез келген елдегі түбегейлі экономикалық өзгерістердің  басты шарты болып табылады. Қазақстан  нарықтық экономикасы дамыған елдердегі  қаржы-кредит институттарының даму үрдісін және қаржылық, соның ішінде банктік қатынастарды құқықтық тұрғыда реттеу тәжірибесін басшылыққа ала отырып, отандық болмысқа икемдеді. Мұның өзі көптеген экономикалық және әлеуметтік өзгерістердегі мемлекеттің өндірістік әлеуетінің артуынан көрініс тапты.

      Банк  жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

      Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер  дәуірі» болды. Елімізде көп укладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк жүйесін қалыптастыру маңызды роль атқарады.

      Міне, сондықтан да Қазақстан банк жүйесінің  дамуында оның басты ерекшеліктеріне баса назар аударып, сол арқылы оның келешектегі даму бағытын анықтау, банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін басты проблемаларды шешу, банктердің экономикадағы ролін айқындау аса маңызды. 

      Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақсанның екінші деңгейлі банктері, даму өзгерістері, банк жүйесін дамыту проблемалары, атап айтқанда екінші деңгейлі банктердің несие беру проблемасы, кредиттер және депозиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі және т.б. проблемалар және оларды шешу жолдары.

      Курстық жұмыстың мақсаты – банк жүйесінің қазіргі жағдайын айқындау, оның ерекшеліктерін талдау, дамыту проблемаларын зерттей отырып, оларды шешу жолдарын қарастыру. Мұнда банк жүйесінің пайда болуы және дамуына, даму кезеңдері мен реформаларына, қалыптасу ерекшелігіне және банк жүйесін дамыту проблемаларына баса назар аударылады.

       

         

 

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

     1.1. Банк жүйесінің пайда болуы  және дамуы 

     Бірқатар  ғалымдардың пікіріне қарағанда, алғашқы  бактер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында дүниеге келіп, кредиттік қатынастардың кең ауқымда дамуына орай Италияда ХІV-ХV ғасырларда пайда болған.

     Ал  өзге ғалымдардың пікіріне сүйенсек, банктер әлдеқайда ертеде феодализм  тұсында төлем делдалдары ретінде  туындаған.

      «Банк»  сөзі «стол» дегенді білдіретін итальянша «banco» деген сөзден шыққан. Банк столдар тауар саудасы қызу жүретін ааңдарға орнатылатын болған. Сауда мемлекеттер, сондай-қ қалалар, кейбір жеке тұлғалар шекіп шығаратын алуан түрлі монеталар арқылы жүргізілген. Бұл жағдайларда айналымға түскен толып жатқан тауарлардың тегін біліп, түсінетін, оларды бағалап, кеңес бере алатын мамандар қажет болған. Осы маман-айырбасшылар базарларға өз столдарын апарып, сол жерде отырған. Италия Х ғасырдан бастап әлемдік сауда орталығына айналды, оған түрлі елдердің тауарлар мен ақшасы ағылып жататын. Бұл орайда банкирлер сауда операцияларының бұлжымас қатысушыларына айналды. Делдал-айырбасшы-банкирлер өздерінің айрықша банк-столдарымен танымал болып, көне Грекияда (трапезиттер деп аталатын, «трапеза» - стол дегенді білдіреді), ежелгі Вавилонда және басқа елдерде кең тарап үлгерді.

      Түрлі монеталарды бір-бірімен кедергісіз айырбастау үшін олардың қоры болуға тиіс. Сөйтіп, бұл айырбас-столдар  бағасы әр қилы монеталар айырбасталатын айырбас үйлеріне айналды.

      Алайда  банктердің табиғатын валюталарды  айырбастау операцияларымен тең  қарау банктердің пайда болу себебін  жаңылыс түсіндіруге әкелуі мүмкін. Бұл жерде ақша әлемдік ақша функциясын орындағанда ғана банк пайда болды  деген ұғым туындайды. Ақша ішкі нарықта ғана айналымда болған неғұрлым ерте кезеңдерде банктің өмірге келуі күмән тудырады.  Ғалымдардың пікірінше, б.з.д VІ ғасырдың өзінде ежелгі Вавилонда салымдар қабылданып, олар бойынша пайызақы төленген. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар Грекияда б.з.д. ІV ғасырда жүзеге асырылған.

      Тарихшылардың пікірінше бұл операцияларды  жекелеген тұлғалар, сонымен қатар  шіркеу мекемелері де орындаған. Мемлекет пен қауымдастық тарапынан зор  сенімге ие болғандықтан храмдар  ақша мен құндылықтарды сақтауға өте қолайлы орын болып табылған. Храмдар ақша операцияларын, яғни есепке алу және есептесуді ұдайы жүргізген және олар салмақ бірліктерінде жүзеге асырылған. Олардан бөлінімдік, біртектілік, сақталушылық сияқты қасиеттер талап етілетін. Мұндай сиапттарға металдар, әсіресе алтын мен күміс ие болған.

      Храмдар негізгі ақша операцияларымен қатар қарыз ақша барумен де айналысып, олар үшін пайыздық төлем алған. Бұлар заңнамалық нормаларды айрықша сақтай отырып ресімделетін.

      Сол кезеңде адамдар қозғалыссыз жататын қомақты ақшалай байлықты үстемелей беру пайда әкелмей, қайта зиян шектіретінін түсіне бастады. Сондықтан да оларды уақытша пайдалануға беріп, үстінен пайыз алу немесе сауда мен қолөнер орындарын ашу тиімді болып, табыс пен кірі сәкелетін.

      Осы кезеңде өсімкорлық, жоғары пайызға кредит беру пайда болды, себебі қарыз ақшаның негізінде тараптардың жеке келісімдеріндегі кредит берушінің үстемдігі жататын. Сауда үйлері түріндегі жеке кредиторлардың пайда болуымен қатар мемлекеттік сауда агенттері жұмыс істеген. Оларды Ежелгі Шығыста тамкарлар деп атаған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатып алу, сату, өзге мемлекеттерде олармен сауда жасаумен айналысқан.

      Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері мен сауда  агенттері жүргізген осы ақша операцияларының барлығы банктердің пайда болуына өз ықпалын тигізді. Банк ірі кредит кәсіпорыны болып саналғандықтан жоғарыда аталған кредиторлар әлі де банкке айналамаған еді. Банк кредит ісінің даму дәрежесіне және түптеп келгенде кредитор өз клиенттеріне қызмет көрсету жөнінде орындайтын операциялар жиынтығына тәуелді болады. Өсімқор өзі жүзеге асыратын кредит операцияларды жүйеге айналғанда, яғни кредиторлар арасында бәсеке пайда болғанда өсімқор болудан қалады. Мұнда өсімқор өз ссудалары үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, сондықтан қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін жасаумен қатар кредитор өз клиенттерінің бұйрығымен есеп айырысу және басқа операцияларды орындай бастайды. Банк ақша шаруашылығы дамуының кредит, ақша және есеп айырысу операцияфларымен біріге келіп, бір орталыққа шоғырланатын сатысы болып табылады. Мұндай мекемелер Италияның солтүстік қалаларында ХVІІ ғасырда пайда болды. 1619 жылы Венецияда қоғамдық серіктестік жиробанк деп аталды (латынша gэro - айналым). Металл монеталармен және оларды алмастырған серіктестік қағаздарымен төлем жасау олардың басты операциялары болды. Европа банктердің пайда болуын білдіретін ақша операциялары құрылып жатқан мемлекеттердің экономикалық қызметіне тұрақты түрде енген орталыққа айналды. Банк ісінің нағыз мәні мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарының даму процесінде айқын көрінді. Банк ісін жүргізқудің итальяндық тәжірибесі жеке банктерді құрудың ынталандырушы факторы болып қана қалды. Амстердамда айырбас банкі құрылып, ол депозиттік және жиробанкке, сөйтіа түптің-түбінде ссуда банкіне айналды. Германияда итальян сауда үйлерінің негізінде неміссауда үйлері пайда болып, олардан алғашқы неміс банктері бөлініп шықты. Францияда да солайболды, осылайша ХVІІ ғасырда Европаның барлық елдерінде дерлік банктер пайда болды.

      Ежелгі  банктердің кредит операцияларымен  бірге трансферт, яғни ақша қаражатын  бір таблицадан (есептен) өзгеге ауыстыру арқылы есеп айырысу ісі дамыды. Банктер біртіндеп өздері мен  клиенттер, клиенттердің өз араларында келісімшарттарға отыра бастады, сауда мәмілелерінде делдал болд. Есеп айырысуды қаматамасыз ету үшін ежелгі банктер банк билеттерін (hudu – «гуду») шығарды, олар ақшамен бірге айналыста болды.

      Сөйтіп, кредит, ақша және есеп айырысу операциялары орталыққа (банкке) шоғырландырыла бастады. Ақша шаруашылығы дамуының осы сатысында банк сияқты ірі кредит мекемесі пайда бола бастады.

      ХVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап Англияда банктер эмиссия операцияларын орындауға кірісіп, ХІХ ғасырдың  басында оған елдің орталық эмиссиялық банкі мәртебесі берілді. Оның банкноттары заңды түрдегі бірегей төлем құралына айналды.

      Германияда 1846 жылы жерлердің 33 эмиссиялық банктерін  біріктірген орталық банк ретінде  Прусс банкі құрылды.

      Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыда  дамыды, жеке эмиссиялық банктер болған жоқ. ХІХ ғасырдың соңында ғана (1984 ж.) эмиссиялық банк ретінде Госбанк (Мемлекеттік банк) пайда болды.

      ХХ  ғасырдың 90-жылдарының басына дейін  Қазақстанның өз банктері болмады.  

      1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы 

      Қазақстан банк жүйесінің қалыптасу процесінің тарихы әріде жатыр. Қазақстан банк жүйесінің тарихы революцияға дейінгі Ресей мен КСРО тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара кредит қоғамдары, қалалық банктер, ипотекалық кредит банктері және басқа кредит мекемелері.

      Ресей мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастаған) бүкіл кредит жүйесінің  Орталық банкі болды. Оған қағаз  аұшаларды айналымға шығарудың  монополиялық құқығы берілді. Ресейдің Мемлекеттік банкі 1914 жылы барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы есептерінің жартысынан астамын, есеп-ссуда операцияларының 1/3-ке жуығын өзіне тартқан еді. Өзге елдердің эмиссиялық банктерінен бір өзгешелігі, Ресейдің Мемлекеттік банкі банктерді ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіпті, сауданы, дайындауды да несиеледі. 1914 жылға таман оның 1 кеңсесі, 124 бөлімшесі және мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркеме кассасы болды.

        Акционерлік коммерциялық банктер (743 филиалы бар 47 банк) ссуда капиталы нарығында басым жағдайға ие болып, 1914 жылға таман шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.

      Орташа  және ұсақ буржуазияға қызмет көрсету  үшін шағын кредит мекемелері жұмыс  істеді: өзара кредит қоғамдары, қалалық  қоғамдық банктер болды.

      Ипотекалық  кредит жүйесі мемлекеттік дворяндық  жер банкі, мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банкі және ипотекалық кредиттің өзге де банктерінен  тұрды.

      Өзге  кредит мекемелері арасында деревняның ауқатты бөлігіне қызмет көрсететін кредит кооперациясы неғұрлым кең тарады. Ол ссуда-жинақ кассаларынан тұрды.

      1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін  банк ісін ұйымдастырудың мемлекеттік  монополия принципі жүзеге асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылып,  кейіннен жекеменшік коммерциялық және басқа да банктерді национализациялау нәтижсінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. мемлекеттік еңбек жинақ кассалары банк жүйесі буындарының біріне айналды. Мемлекеттік банктермен бір мезгілде кеңес өкіметінің алғашқы жылдары кооперативтік және жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен мемлекеттік емес кредиттік мекемелер де құрылды. 1922 жылы деревняны және ұсақ қолөнерді жандандыру мақсатын көздеген кредит және несие-жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. 1924 жылы ауыл шаруашылығы кооперациясына салымдар қабылдау, қарыз беру және есеп айырысуда делдалдық жасау сияқты кредиттік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. 1926 жылғы 1 сәуірде КСРО-да 16185 серіктестік, олардың ішінде 2426 кредит және қарыз-жинақ серіктестігі, кредиттік функциялары бар 12424 ауыл шаруашылығы серіктестігі болды.

      1922 жылдан бастап жекеменшік сауданы,  өнекәсіпті кредиттеу үшін өзара  кредит беру қоғамдары, сондай-ақ  шетелдік капиталдың қатысуымен  мемлекеттік-капиталистік акционерлік Оңтүстік-шығыс банкі және Ресей коммерциялық банкі құрылды.

      Экономиканың  социалистік секторының дамуына  орай кооперативтік және жекеменшік кредиттік органдар өзінің маңыздылығын жоғалтып, өмір сүруін доғарды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кредиттік кооперацияны жарамсыз етіп тастады. Оның 1931 жылы жойылып, жекеменшік сектордың сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстырылуы өзара кредиттеу қоғамының қызметін тежеді. Өзге кредиттік органдардың функциялары мемлекеттіксалалық банктерге: 1922-1925 жылдары құрылған Промбанкке, Цекобанкке, Всекобанкке, Орталық Ауылшарбанкке және басқаларға берілді.

Информация о работе Банк жүйесі