Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................

1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................

1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................

ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................

2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................

2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................

2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................

2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................

ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................

3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................

3.2.

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Файлы: 1 файл

ІІ тарау. Банк.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

      Бірінші топ. Оның құрамында екі облыс және екі астана (Астана және Алматы).

      Ол  АЖӨ көрсеткіші және кредиттері бойынша  жоғары сипатталады. Мұнда бір адамға шаққанда Атырау облысының кредит көрсеткіштерін айрықшалау. Бұл ауытқу тіелей шетелдік инвестицияның үлкен түсімі және мұнай бағаларының тұрақты өсуіне байланысты.

      Екінші  топ – ең көбі. Ол алты облысты біріктіреді, қарастырылатын көрсеткіштері бойынша оның деңгейі – орташа. Ерекшелік – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда да, сондай-ақ Атырау облысындағы сияқты, кредиттердің деңгейі орташа топтан күрт түсіп кеткен. Мұның себептері ұқсас.

      Үшінші  топқа үш облыс берілген, олардың екеуі – негізінен астық өндірушілер. Мұнда көрсеткіштер деңгейі орташадан төмен.

      Төртінші  топта қалған үш облыс. Деңгейі - төмен.

      Аймақтық дамудың болашағы келесі факторлармен анықталуы мүмкін. Біріншісі: мұнайдың жоғары бағасы мен бюджеттің профициті ішкі нарықтағы қаржы құралдары тиімділігінің төмендеуіне әкелді. Екіншісі: қазіргі кезде еліміздің қаржы орталықтары – Астана мен Алматы банктері өзара күшті бәсекелесуде. Алматыда қаржыландыру саласының шеңбері шектеулі: сауда, құрылыс, қызмет көрсету және ойын-сауық салалары. Ал Астанада мемлекеттік бюджеттің қаржысын игеретін жалған коммерциялық құрылымдарға тікелей бюджеттік құю жүргізілуде. Екінші деңгейлі банктер, аймақтық нарықтарды белсенді игере бастауы ықтимал. Үшіншісі: ЖІӨ мен жан басына шаққандағы кредиттер деңгейінде, әсіресе, мұнай өндіретін өңірде айтарлықтай сәйкессіздік байқалады. Ол тереңдей түсуі мүмкін.

      Кредитте нарығын дамыту процесі көбінесе депозиттерді тартуға күш салуға байланысты, олар екінші деңгейлі банктердің ресурс базасының негізін құрайды. Бұл қызметтің талдауын былай көрсетеді:

  • өсу қарқынының 2 еседен аса төмендеуі болды. Егер ол 2000 ж. 89,5% болса, 2001ж. – 53,1%; ал 2002 ж. барлығы 22,8% болды;
  • ЖІӨ-ге қатысты депозиттер көлемі асып түсуінің әжептәуір тұрақты үдерісі байқалды.

   Деректерге  қарағанда, шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара басталуымен доллардың құнсыздану процесі басталды. 2002 жылға дейін доллардың өсу процесі жүргеніне қарамастан 2002 жылы бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1%-ға азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банктің отандық төлем қавражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізуімен және жалпы экономикалық коньюнктураның жақсаруымен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді.  

2.3. Банк капиталының шоғырлануы 

   Банк  капиталын шоғырландыру – бұл  меншік иелерінің қаражаттарын қосу немесе бір меншіктің салымынан  құралған капиталды топтауы және оның бір банкте өсуі.

   Қазір, Ұлттық банк жүйесіндегі, және де Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдындағы бәсекелестіктің күшейе түсуіне байланысты бұл проблеманың маңызы артуда. Сондықтан, банк секторындағы шоғырландырудың рұқсат етілетін деңгейі жөнінде мәселе көтерілуде. 2004 жылдың ортасынан, Қазақстан Үкіметінің шешімімен жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия, еліміздің қаржы жүйесіне түбегейлі реформа керек деген қорытындыға келді. Себебі, жүйелік негіздерді өзгерту қазіргі кезде индустриялы-инновациялық дамудың бағдарламасын іске асыруды тежейтін банк секторына да қажет. Олай болатыны, монополияландырудың жоғары деңгейі кредит бойынша қисынсыз жоғары пайыздық мөлшрлемелерге икемдейді.

   Мұндайда  классикалық әдістер, яғни монополияландыруды төмендету және нарықтағы бәсекелестікті күшейтуде қолданылуы мүмкін. Сөз  Ұлттық банк саласының жүйелік сипаттамаларын, атап айтқанда, «Сonsentration stability» (шоғырландыруды тұрақтылық ретінде) – жоғары деңгейде шоғырландыратын «Consentration fragility» (шоғырлануды әлсіздік ретінде) қарама-қарсы нұсқасынан кері кету.

   Қазіргі кезде еліміздегі үш ірі банкке екінші дәрежедегі барлық банктер активтерінің 60%-на жуығы келеді. Бір жағынан мұндай жағдайды монополистік, екінші жағынан, ол дүниежүзілік банк тәжірибесінде дағдылы құбылыс деп сипаттауға болады.

   Банк  жүйесіндегі монополияны қалыптастыру мен дамытудың көптеген факторларының үйлесімі, шын мәнінде, елдің дамуының нақтылғымен қаныққан үш бірқалыпсыз ұстанымға түйіседі: ұлттық экономиканың жай-күйін қамтитын банктің көрсететін қызметтері нарығының әлеуетті сыйымдылығына; пайда деңгейіне, халық санына және орналасу тығыздығына, аумақ мөлшерлеріне, сондай ақ бірқатар ішкі және сыртқы факторлармен анықталатын банктердің бәсекелестікке қабілеттілігінің айырмашылығына.

   Бәсекелстікке қабілеттіліктің жоғары дәрежесі банкке нарықта алда болуды қамтамасыз етеді. Ал аса ірі емес банктердің бәсекеге қабілеттілігі аз болады да, олар өздерінің мүмкіндіктері мен менеджмент сапасына байланысты орын алады. Бәсекелестік өз жағдайын жақсартуға ұмтылумен немесе, тым болмаса, оны ұстап қалумен дәлелденеді. Көшбасшыларға жақын орналасқан банктер, олардың тобына кіруге ұмтылады, бұл оларға ыңғайлы жағдайда монополияның немесе олигополияның күйреуіне әкеледі. Мұндай жағдайда АҚШ-та немесе Жапониядағы кездесетін тұрпатта сияқты ұлттық банктр жүйесі құрылады. Көпшілік елдерде, әдеттегідей, үлес салмағы жиынтық активтерде 5%-дан жоғары ең ірі үш банк басымдық жағдайда болады. Олигополия деңгейі дамитын елдерде ғана емес, сонымен бірге Батыс Еуропаның дамыған елдерінде де жоғары. Бұл халық санының аздығы салдарынан нарықта көрсететін банк қызметі сыйымдылығының жеткіліксіздігінен болады.

   Капиталды капиталдандырудың өркеиетті деңгейіне  әсер ететін тіті кез келген бір  фактордың болмауы, монополияның не олигополияның қалыптасуына әкеледі.

   Сондай-ақ банк жүйесінде капиталдың шоғырлануында алғашқы пайда болған, «пионер» банктер іс жүзінде бәсекелессіз-ақ өздеріне лайықты орын алады. Даму процесінде олардың тұрақты қалыптасуына бәсекелестік артқшылығы ретінде уақыт факторы көмектеседі. Әрине, әлдеқашан бөлініп қойған көрсетілетін қызмет нарығы жағдайында құрылған банктерге, жағдайды өз пайдаларына сай өзгерту үшін көп күш жұмсауға тура келеді.

   Банк  жүйесінде шоғырландыру жөніндегі  мәселе таңдауда: ойдағыдай бәсекелестік пе немесе тұрақтылық па деген сұрақ  туады. Өйткені нарық көптеген ұсақ банктердің арасында болғандықтан олардың сенімділігі бәсекелестіктегі басты талап болып есептеледі. Екінші жағынан, ұсақ және тұрақсыздықтардың қаржы нарықтарында көңіл қоюды талап ететін дағдарыстарға айналуына жағдай жасалады. Дүниежүзілік банк сарапшыларының зерттеулерінде капиталдары төмен шоғырланған банк жүйелері оның жоғары деңгейі бар жүйелерге қарағанда қаржы нарығында банктік дағдарыстарға көбірек бейім болатынын көрсетеді. Америка Құрама штаттарында, қазір «Сonsentration stability» тұжырымдамасын қолдайды, өйткені ұсақ банктердің көптігі, қаржы дағдарыстарының бай тарихын құрайтынына Америка толық сенді. Керісінше, Ұлыбритания не Канадада, қарама-қарсы, бірнеше ірі банктің басымдылығы тұрақтылық тудыратынына және мұндай күйзеліс сирек болатынына көз жеткізді. Бұған жуырда кезекті банк дағдарысын бастан кешкен және енді банк жүйесі активтерін шоғырландыруды арттыру жағына шапшаң реформалауды жүргізіп жатқан Ресей Федерациясының мысалы – үлгі. Дамушы елдерде капитал шоғырлануының артуы мемлекеттік, не шетелдік банктерді күшейту есебінен жиі болады.

   Қазақстан банк секторының дамуы жөніндегі   талдаушылардың бір мезгілде жүргізген  сауалнамасы олардың жоғары шоғырландырылған банк жүйесіне артықшылық беретінін  көрсетті. Ең маңызды дәлел ретінде келтірілгендері: аймақытық нарықтардағы бәсекелестікке қабілеттілік, халықаралық нарықтардан қарыз алу мүмкіндіктерін жақсарту, банк дағдарыстарына тұрақтылық. Қарама-қайшы тұжырымдаманың кемшіліктері ретінде атап көрсетілгендері: шетел банктерімен бәсекелестікте қарсы тұруға төмен қабілеттілігі, дағдарыстарға тұрақсыздығы, қауіп-қатерлерді әртараптандыруға мүмкіндіктерінің шектеулігі.

   Сонымен бірге, жоғары шоғырландырылған жүйе қаржының жаһандануының артықшылықтарына түсіністікпен  қарайды. Бұл Ұлттық банк жүйесінің сыртқы көрінісін  дұрыс анықтаудағы шешуші фактор болып табылады. Осы заманғы жаһандандыру әлемінде шоғырландырылған жүйені дамыту үшін біріншіден, капиталдың халықаралық нарықтары, не қарызға алу көзі ретінде, не инвестицияға обьект ретінде, екіншіден, одан әрі өсу кеңістігі ретінде халықаралық нарықтар қажет. Нарықтың басым үлесіне иекомпаниялар өз өнімдеріне көрстететін қызметтеріне көтеріңкі бағаларды белгілейді. Жоғары шоғырланудың қазақстандық жақтаушылары экономиканың осындай мөлшерлемелерін қабылдайтынын атайды. Нәтижесінде, соңғы 4,5 жылда кредиттер көлемі елімізде 8 есе дерлік өсті. Ал несиелер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі кешенді тәсіл негізінде нарықтық әдістермен жүргізілуі тиіс. Ең алдымен, экономистер, қалыптасқан пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне, әрі макроэкономикалық (экономикалық өсу, инфляция т.б.) және микроэкономикалық факторлар (ресурстарды қызықтыру бағасы, несие беру тәуекелділігі факторы т.б.) әсер ететінің атап өтуде. Мұнда пайыздық мөлшерлемелері жоғары болады. Кредит мөлшерлемелерінің төмендеуіне несиелерді қайтармаумен, кепілдікті қамтамасыз етудің кемшіліктерімен, экономиканың нақты секторы үшін кредиттерді сақтандырудың нарықтық тетігінің жоқтығына байланысты тәуекелдіктердің жоғары деңгейі кедергі келтіретіні негізгі фактор болып есептеледі.   

    Сonsentration stability – шоғырландыру, бұл – тұрақтылық

  + -
25% Капиталдың  халықаралық нарық-тарында арзан қарыздарды алудың үлкен мүмкіндіктері Пайыздық мөлшерлемелері тым жоғарылау
33,3% Банк қызметтерінің (басқа елдерге экспансиясы) дүниежүзілік (аймақтық) нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі Көшбасшысының банктротқа ұшыраған кезінде банк жүйесінің  тәуекелдігі – «тым үлкендігінен кедейленбейді»
16,8% Банк дағдарыстарына тұрақтылығы  
16,6% Реттеуші органға көптеген ұсақтарына қарағанда, бір ірі банкті «бақылағаны» жеңіл. Бұдан басқа, Қазақстанда ірі банктер біршама «ашық» - өйткені бұл шетелдік қарыз алудың шарты болып есептеледі.  
8,3% Ірі банктердің активтерді әртараптандыруға мүмкіндіктері  көбірек.  
 

    Consentration fragility – шоғырландыру, бұл – нәзіктік

+   -
Пайыздық  мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі

Банк көрсететін қызметтер өрісін мамандандыру және кеңейту

 
33,3%

8,3%

25% 

33,4%

Дағдарыстарға тұрақсыздық, бейімділік

Мониторингтің қиындығы

Нарықтарды әртараптандыруға мүмкіндіктердің аздығы

Ірі шетел банктерімен  бәсекелестікте қарсы тұру мүмкіндігіның  төмендігі

(нарықты шетел  банктерінің басып алу мүмкіндігі  және Ұлттық банк жүйесінің  ысыраптары)

 

  Кредиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендету банктер үшін ресурстар құнын төмендетуден, шығыстар мен тәуекелдіктерді азайтудан тұратын шаралар тобын жүзеге асырудан болуы мүмкін. Ресурстар құнын төмендету, егер, біріншіден, бюджет ресурстарының артығын немесе Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін даму институттары арқылы қайта қаржыландырса, екіншіден, зейнетақы қорларының активтерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейте түскенде болуы мүмкін. Банк шығыстарын азайтуға депозиттерді сақтандыру қорына резервтік талаптар мен мүшелік жарналарының капиталы жеткіліктілігі бойынша нормативтердің төмендеуіне, сондай-ақ кепілдіктерді ресімдеу бойынша кейбір ресімдік техникалық мәселелерді ықшамдауға мүмкіндік туғызады.

  Қазақстан банк жүйесінде капиталдың шоғырлану  мөлшерін анықтайтын үш түрлі көзқарас бар. Біріншісі – шоғырлану деңгейі банктің көрсететін қызметтер нарығындағы бәсекелестігі нәтижесі ретінде анықталады және оның одан әрі өсуі мүмкін. Егер банктер қосылуға (бірігуге) мүдделіліктерін білдірмесе, онда бәсекелестік жағдайда бірінші қатарға шыққан банктердің басымдық жағдайы сақталады. Екіншісі – оңтайлы деңгей, бәсекелестік ортаға байланысты, бірақ ол басқа банктердің активтерінің үлес салмағының өсуіне қарай өзгереді. Мұндай жағдайда шоғырланудың төмендеуі мүмкін. Үшінші жағдайда, әңгіме, активтердің жартысына дейін шоғырландыру деңгейі рұқсат етілетіндігі жөнінде айтылады.

  Қазіргі кезде еліміздің банк жүйесінің  дамуына сырттан алатын қарыздары  өте маңызды әсер етуде. Ірі банктердің айтарлықтай бәсекелестік артықшылықтары бар. Шетелдік кредит берушліре үшін, әдеттегідей, төлем қабілеттілігінің көптеген факторларының ішінде негізгісі оның қарызға алушының банк жүйесіндегі үлес салмағы болып есептеледі.  Дүниежүзілік банк сарапшыларының зерттеулері көрсеткендей , ірі банктер ұлттық банктерден демеу қаржыны жиі түрде алады, бұл Ұлттық банк қандай да болмасын ірі банктің банкротқа ұшырауына жол бермеуге тырысатынын дәлелдейді.  Үш қазақстандық банк активтерінің төмендеуін қарапайым түсіндіруге болады. Халық банкі әзірге сыртқы қарыздарға аса белсенді үйір болмауда, өйткені ол жақында жекешелендірілді және бизнестің құрылымын өзгертумен айналысуда. Бірақ, банк шетелден ақша тарта бастаса және жиынтық активтердегі өз үлесін өсіре бастаса, еліміздің үші ірі банкісінің үлес салмағы күшейеді.

  

62

61 

60

59

     1.01.04 1.01.05 1.01.06 1.07.06

Дереккөз: Қазақстанның Ұлттық банкі 

ҚР ең ірі үш банкі активтерінің үлес салмағы 

   Қазақстанның  негізгі сауда серіктесі болып  есептелетін Ресейде, коммерциялық банктердің активтері көбінесе біркелкі орналасқан.  Жұмыс істеп жатқан 1000-нан астам банктердің ішінен алғашқы бес банктің үлесі барлық активтердің 41%-нан аспайды. Ресей банк жүйесіне тек банктердің санының көптігі емес, сонымен бірге олардың мөлшерлерінің үйлесімділігі тән: ірі, орташа және әсіресе, ұсақтарының көптігі.

   Қазақстанда  елдің және дүниежүзілік тәжірибелердің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеретін банк секторының үлгілерін енгізу қажет (О. Баймұратов). Бұл жерде басымдылық екінші дәрежедегі ірі, орташа және ұсақ банктердің ұтымды, үйлесімді тұжырымдамасына беріледі, бірақ оларды бір-біріне қарама-қайшы қоймайды. Нарықта капиталдану деңгейі әртүрлі болатыны, түрлі қатынасушылардың болуы, тұтас алғанда жүйенің орнықтылығы мен тұрақтылығына мүмкіндік туғызады. Кез келген түзу сызықсыз салада оның өмірге икемділігін арттыратын әртүрлілікке тартылыс (ұмтылу) заңы жұмыс істейді. Банк секторы да, түзу сызықсыз бола тұрғанмен оған бағынады.

Информация о работе Банк жүйесі