Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................

1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................

1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................

ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................

2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................

2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................

2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................

2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................

ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................

3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................

3.2.

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Файлы: 1 файл

ІІ тарау. Банк.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

      1930-32 жылдары КСРО-да жүргізілген кредиттік  реформаның нәтижесінде жаңа  принциптер негізінде салалық  банктер ұйымдастырылды. Күрделі  салымдарды қаржыландыру және кредиттеу үшін 4 арнайы банк құрылды:

      Өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімге кредиттеу банкінен қайта құрылған Өнеркәсіпті және электр шаруашылығының күрдеолі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) бөлініп шықты. Ол 1959 жылы КСРО Промбанкі болып қайта ұйымдастырылды.

      Толып жатқан кредиттік серіктестіктер мен  республикалық ауыл шаруашылығы  банктерінің орнына құрылған Социалистік  жер өңдеуді қаржыландыру банкі (КСРО Ауылшарбанкі) 1959 жылы таратылып, оның функциялары КСРО Госбанкі (Мембанк) мен Стройбанк арасында бөлінді.

      Бүкілресейлік кооперативтік банктің негізінде  Кооперауияның күрделі құрылысын  қаржыландыру банкі (Всекобанк) құрылды. 1936 жылы Всекобанк жойылып, оның активтері мен пассивтері жаңа құрылған КСРО Торгбанкіне берілді. Ол өз кезегінде 1959 жылы таратылды.

      Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы жойылып, оның функциялары КСРО Стройбанкі мен  Госбанкі арасында бөлінді.

      Осы салалық банктердің барлығы да салаларды  қаржыландырумен және ұзақ мерзімді кредиттеумен айналысты. Ал КСРО Госбанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімге кредиттеу шоғырландырылды. Бүкіл кредиттік жүйені орталық және жетекші буыны ретінде КСРО Госбанкінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және ағымдағы есептері КСРО Госбанкінде тоғысты.

      Барлық  одақтас республикаларда, соның  ішінде Қазақстанда да барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл орайды банк ісін орталықтандыру принципі, банк мекемелерінің банктердің жоғары органдарына бағынуы, қандай да болмасын жергілікті тәртіптерді белгілеуге жол бермеу принципі сақталды.

      Сондай-ақ ақша айналымын бір банкке шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни бір  кәсіпорын, ұйым немесе мекеме бір банкте есеп айырысып, ағымдағы есебіне ие бола алды. Осы банкте олар өз қаржысын сақтап, кредит пен қолма-қол ақша алды, сол арқылы барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларын жүргізді.

      КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Мұның нәтижесінде КСРО Госбанкі мен Стройбанкі мекемелерінің негізінде Промстройбанк, Агропромбанк және Жилсоцбанк құрылды. КСРО Госбанкі құрамында болған жинақ кассалары негізінде сберегательный (Жинақ) банк, ал Внешторгбанк негізінде Внешэкономбанк құрылып, КСРО Госбанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға касса және кредит-есеп айырысу қызметтерін көрсетуді доғарды. Ол елдің Орталық банкі болып жарияланды.

      1990жылғы  желтоқсанда егемендік алғаннан  кейін Қазақстан нарықтық экономика  талаптарына жауап беретін өзіндік  банк жүйесін құруға кірісті.

      1991 жылдың қаңтарында елде банк реформасының және екі деңгейлі банк жүйесін құрудың бастамасы болған «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» Заң қабылданды. Респулбликалық мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылып, облыстық басқармаларымен және бөлімшелерімен бірінші деңгейді құрады. Республикалық Промстройбанк – акционерлік-коммерциялық Тұран банкі, Агропромбанк – Қазақстан Республикасының акционерлік-коммерциялық Агроөнеркәсіп банкі, Внешторгбанк - Әлембанк акционерлік-коммерциялық банкі, Республикалық Сбербанк – Қазақстан республикасының акционерлік-коммерциялық Жинақбанкі болып өзгертіліп, екінші деңгейді құрады. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып, ал Жинақбанкі Қазақстан Республикасының Халық банкі болып аталды.

      1989 жылдан бастап алғашқа коммерциялық, аралас, кооперативтік, жекеменшік  банктер пайда бола бастады.  Осы жылы Интеринвестбанк, КРАМДСбанк және басқа да коммерциялық банктер құрылды. Кейіннен банктер саны күрт өсті. 1993 жылы шілдеде ҚР Банктер ассоциациясы құрылды. Сөйтіп, 1988-1991 жылдар аралығындағы кезең Қазақстанда банк реформасын жүргізудің алғашқы сатысы болды.

      1992 жылдан бастап 1993 жылдың соңына  дейінгі кезең ақша реформасы  мен банк жүйесін қалыптастырудың  екінші сатысы болды. Ұлттық банктің Орталық банк функцияларын атқаруға біртіндеп көшуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптастырылып, дамуы оның негізгі белгілері болып табылады.

      Өзіндік ұлттық валютаны енгізу банктердің пайдав болуына қуатты түрткі болды: нақ  сол кезеңнен бастап банк жүйесінің қарқынды экстенсивті және интенсивті дамуы бастау алды. Ұлттық валютаның енгізілуі Ұлттық банктен ұлттық валютаның тұрақтылығы мен беріктігін сақтау жөнінде белсенді шаралар қабылдауды талап етті. Ұлттық банктің тәжірибесінің аздығына және Үкіметпен бірлескен жұмыс тәжірибесінің жоқтығына байланысты тұрақты ұлттық валюта идеясы 1994 жылдың орта тұсына дейін қиял күйінде қалды. Сол кезеңде тікелей қарыз алу жолымен бюджет зәрулігін қаржыландыру практикасы еріксіз сақталды. Ұлттық банк пен Үкімет алдында тұрған міндеттердің қайшылығы осыдан көрінді.

      1994 жылғы қыркүйектебанктердің меншікті  капиталының өтімділігін арттыру  мақсатымен екінші деңгейдегі  банктердің жарғылық қорларының  құрылымына қойылатын талаптар  қатайтылды. Жарғылық қорды ақшалай емес құралдармен өтеуге шектеу қойылып, коммерциялық банктердің Ұлттық банкте депозитке қойылған қаржысын қайта алуды көздейтін резервтеудің жаңа тәртібі алынды және Ұлттық банкте орналастырылған резервтер үшін ақы төлеу енгізілді. Анағұрлым тиімді болып табылатын резервтеудің балама тәртібін жүзеге асыру жөнінде банктерге рұқсат берілді. Ақы қайтақаржыландыру мөлшерлемесінің 25 %-ына сайетіп белгіленді.

      1995 жылғы 1 қаңтарда банктердің саны 237-ге жетті, олардың 25-інің  бас валюта лицензиясы болды және жарғылық қор мөлшері бойынша республиканың ең ірі банктері қатарына жатты. Жалпы санаттағы банктер ішінде 8 банктің ғана жарғылық қоры 5 млн доллар және одан жоғары болды.

      1995 жылы Қазақстандағы банк заңнамасының  негізі болған екі заң қабылданды. Олар 1995 жылғы 30-наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі туралы» №2155 Заң және 1995 жылғы 31-тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2444 Заң. Алғашқы Заңда Қазақстан Ұлттық банкінің елдің Орталық банкі және банк жүйесінің бірінші деңгейі ретіндегі мәртебесі, қызметінің құқықтық негіздері, есептілігі, міндеттері, функциялары мен өкілеттіліктері нақты белгіленді.

      Екінші  Заңда да банк мәртебесі, банк жүйесі, банк операциялары ұғымдары, қызметтің  құқықтық негіздері, құру, қайта құру, тарату, банк қызметін жүзеге асыру және реттеу тәртібі, екінші деңгейдегі банктердің есебі мен есептілігі айқын көрсетілді.

      Осы заңдар қабылданғаннан республиканың  банк жүйесінің сенімділігін арттыру  басты мақсаты болып табылған банк жүйесінің сандық тұрғыдан сығымдалуы басталды. Банктердің сығымдалуына Ұлттық банктің жарғылық капиталға қоятын талаптарын қатайту және банктер арасындағы бәсекені күшейту арқылы қол жеткізілді. Барлық банктердің қызметін сапалық жағынан жақсарту және әлемдік стандарттарға жақындайтын банктер тобын құру Ұлттық банктің басты міндеті болды.

      Ұлттық  банк төмендегі ақша-кредит құралдарын пайдаланды:

    • қайта қаржыландыру кредиттерінің көлемін реттеу;
    • қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейін реттеу;
    • міндетті резервтер тетігін пайдалану;
    • мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізу;
    • Ұлттық банктің валюта нарығындағы интервенциялары.

      1993-95 жылдардағы кезең ішінде банк  мекемелері желісінің тұрақты  кему тенденциясы байқалып, 1995 жылдың соңында Ұлттық банктің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиялары бар 130 екінші деңгейлі банк (1306 филиалы бар) тіркелді. Олардың саны 1995 жлығы 1 қаңтармен салыстырғанда ширекке, 1994 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда үштің біріне кеміді. Республикада өнеркәсіп орындарының қаржылық жағдайларының нашарлауы банк қызметінің көрсеткіштерінен көрініс тапты (қайтарылмаған кредщиттердің өсуі), сөйтіп банктер дұрыс жұмысістеп тұрған тиімсіз филиалдарын жабуға мәжбүр болды. Олардың жарғылық капиталының мөлшері 20 мың теңгеден әрі ауытқып, тұтасалғанда 6,8 млрд теңгені құрады. Мұның өзі 1995жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,4 есе артық болды.

      1995 жылдың соңында 62 банк тарату  процесін бастап кеткенімен, ісжүзінде  6-ақ банк жабылды. Кей жағдайларда  бұл процесс тура 2 жылға созылды.  Мұндай проблемалар Ресейде де орын алды, мұнда 1995 жылы 315 банк жабылуға тиіс болғанымен, нақты таратылғаны 6 банк болды. Қазіргі кезде банктерді тарату тетігі анағұрлым пысықталған және соншалық ұзақ уақытқа созылмайды. Сонымен 1998 жылы 1 қаңтарда 77 банк қалды.

      Мемлекеттік реттеу органы ретінде Ұлттық банк банк секторында жүріп жатқан өзгерістерге тиісті бағыт беру үшін күш-жігер жұмсады. Мәселен, банктердің қосылуы сияқты кейбір процестер бей-берекет жүрмейтін болды, бұған оң қабақ танытылды. Заңнамаға сәйкес бірқатар банктер бойынша консервация тәртібі енгізілуі мүмкін болды. Ұзақ уақыт бойы Агроөнеркәсіпбанкі санация тәртібінде тұрды. Алайда шамалы уақыт жұмыс істеп, ол банкротқа ұшырады да, 2004 жылы оның негізінде «Наурызбанк» АҚ құрылды. Алайда ол да өз ізашарынан тағдырынан тайқып кете алмай, нашар кредит саясаты мен менеджменттің салдарынан 2005 жылы сот шешіміміен қауқарсыз деп танылып, күшпен таратылды.

      1995 жылдан бастап Ұлттық банк  екінші деңгейдегі банктердің  қызметіне араласудың келесі  бір мүмкіндігін көрсетті. Аса ір Әлембанк аз уақыт Ұлттық банктің уақытша әкімгершілігінде болды. Ұлттық банк сондай-ақ, банктерді қосу тетігін қолданды. Сөйтіп, 1996 жылы Тұран және Әлем сияқты ірі банктер, 1997 жылы Тұрғынүйқұрылысбанкі және Әлеумнесиебанк қосылды.

      Банк  нарығындлағы ахуалды өзгертудің келесі бір әдісі шетел банктерін  Қазақстан нарығына жіберу, қаржы  жағдайы мүшкіл қазақстандық банктерді олардың сатып алуына жағдай жасау болып табылады.

      Банк  жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Екінші деңгейдегі тарлық депозиттік банктер оған мүше болып табылады.

      Қадағалау жөніндегі Базелб комитетінің талаптарына  сәйкес банктердің бучгалтерлік есеп (БЕХС) және қаржылық есептіліктің (ҚЕХС) халықаралық стандарттарына көшуі банк реформасының басты міндеттерінің, оның нәтижелерінің бірі болды.

      Банк  реформасы ауқымында банктердің бучгалтерлік есептің халықаралық  стандарттарына көшуі  жөніндегі  Орта мерзімді бағдарламасы жасалды. 1995 жылы басталған Қазақстан Республикасының банктерінде және өзге де кредит мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау аяқталды деуге болады.

      1998 жылы ҚР Ұлттық банкі «Екінші  деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу мәселелері туралы» қаулы қабылданып, оған сәйкес екінші деңгейдегі 30 банк бірінші топқа жатқызылды және бұл халықаралық стандарттарға 2000 жылдың соңына дейін жетуі тиіс болатын.

      Аталған қаулы банк реформасы барысында толығымен орындалды. Қазіргі таңда 34 банк қалды. Олардың барлығы халықаралық стандарттарға көшті және бұларда бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есепті автоматтандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табуда. Мәселен, 2004 жылы екінші деңгейдегі 7 банк банк ақпаратын автоматтандыру бойынша бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшті, 2005 жылы 10 банк ауысты.

      Үкіметтің 2003 жылы 3 ақпандағы №119 Қаулысымен бекітілген банктердің халықаралық қаржы есептлігіне көшуі жөніндегі ережелерге сәйкес 2003 жыдың 1-қаңтарынан бастап қаржы есептілігі халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді. 2004 жылы Ұлттық банк мынадай жұмыстар жүргізді:

    • есептілік формалары бекітілді;
    • Ұлттық банктің лицензиясы негізінде жүргізілетін қолма-қол шетел валютасымен орындалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жасалады;
    • қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын алғашқы қолдану, банктердің клиенттерге берген қарыздары мен клиенттерден алған салымдар бойынша операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетуі, ЖЗҚ-ның теріс инвестициялық табысын қаржылық есептілікте көрсету , жарғылық капиталға қатысты операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөнінде нұсқаулық хаттар жөнелтілді.

     Қазіргі таңда Қазақстанның барлық банктері, соның ішінде Ұлттық банк қаржы есептілігінің  халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізіп, қаржы  есептілігін түзуде.

     Банк  реформасы банк қадағалауы жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін жетілдіруде.

     Осы мақсатта ҚР Перзидентінің Жарлығымен Ұлттық банктен ҚР Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігі бөлініп, Ұлттық банк банк қызметін реттеу мен қадағалауға  қатысатын болады. Ұлттық банк пен Агенттіктің қазақсатндық банктерге қоятын талаптары Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің халықаралық талаптарына сәйкестендірілетін болады. Халықаралық тұрғыда танылған стандарттарды қолдану банктердің капиталдануының және тәуекелге көнгіштігінің нақты бағасын береді. Мұның өзі екінші деңгейдегі банктер жөнінде банктердің басышылығы мен акционерлері, сондай-ақ Ұлттық банк пен Агенттік басшылығы тарапынан неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.

Информация о работе Банк жүйесі