Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................

1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................

1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................

ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................

2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................

2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................

2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................

2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................

ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................

3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................

3.2.

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Файлы: 1 файл

ІІ тарау. Банк.doc

— 246.00 Кб (Скачать)

   Қазақстан нарығына шетелдік банктердің жылдам енуі анық байқалмауы мүмкін. Бөлшек сауда  нарығы әзірге әлсіз, өйткені ЖІӨ  Қазақстанда жан басына шаққанда 2 мың АҚШ доллар, Шығыс Еуропада 10-15 мың доллар, нарық экономикасы  дамыған елдерде 20-25 мың доллар шамасында.

   Дешенмен  даму деңгейі бойынша Қазақстан  нарығына ұқсас Ресей нарығына, соңғы  уақытта, өздерінің менменшіл жоспарлары жөнінде мәлімдеген бірнеше ірі  дүниежүзілік банктер енді, олар: BNP Paribas, Dresdner Kleinwort Wasserstein, General Electric Consumer Finance. Жақын онжылдықта ЖІӨ артқан кезде Қазақстан нарығының тартымдылығы да арта түседі және отандық нарққа шетелдік банктердің келуіне мүмкіндік туады.  

   2.4. Банктің жобаны кредиттеуі (кредиттік қаржыландыруды ырықтандыру) 

   Жобаны  кредиттеу – анық қаржы құралы. Бұл жерде кредит беруші ретінде тек банктер ғана емес, сонымен бірге басқа да шаруашылық субьектілері де қатысады, оның үстіне инвестициялау ұзақ мерзімді болады. Мұндай жағдайда нысанда банк және басқа кредит берушілер алдында борышқорлық міндеттемелерді қамтамасыз етудің жиі және жалғыз көзі болып жобаның әрекет ету қабілеті есептеледі. Басқаша айтқанда, болашақта құрылатын немесе техникалық жағынан жаңаратын кәсіпорындар әкелетін – пайда. Алайда тәуекелдікті азайту үшін банктер кепілдік ретінде өтімді мүлікті, жерді, кепілдікке алуды пайдаланып, кредитті қамтамасыз етудің аралас түсіндірмесіне ұмтылады. Бұл тәуекелдікті барлық қатынасушылар арасында таратуды жобалық саты кезеңінде жүзеге асыруға көмектеседі.

   Сөйтіп, жобаны кредиттеудің тағы бір ерекшелігі анықталады: жоспар мен ТЭН көрсеткен талдау мұқияттығы және бизнесті нақты бағалау.

   Өз  алдына экономикалық бірлік ретінде, арнайы жобалау компанияларын құру, әрі  ол арқылы кредиттендіру – тағы да бір жобалық несиенің үрдісті  ұзақ мерзімінің айырмашылығы. Жобалау компаниясы бұл ретте қарыз беруші болады да, кредиттің өтелуіне жауап береді.

   Жоғарыда  аталған ерекшеліктер жобаны кредиттеудің екі түрін – шағын және орта бизнестегі көп емес жобалар үшін  және мемлекеттік маңызы бар ірі  жобаларды анықтауға мүмкіндік береді. Екеуінің де мәні – бір, ол келесі анықтамадан шығады: жобаны кредиттеу – оны (кезеңмен) жүзеге асыру барысында немесе одан кейін табыстардан оған салынған салымдарды өтей отырып, инвестициялаудың прогрессивті, ұзақ мерзімді, көтеріңкі тәуекелді түрі.

   Банкирлер мен басқа инвесторлардың көпшілігінің  «жобаны кредиттеу (қаржыландыру)»  туралы түсініктері жеткілікті емес. Жуық арада Қазақстан экономикасын қайта құруда шын қажеттілік пен  оның техникалық базасын  түбегейлі  жаңғыртудың болмай қоймауын осы инвестицмялық процесс көрсетіп отыр. Болашақта банк консорциумдары мен синдикаттары, инвестициялық банктер т.б. сияқты инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру түрлері енгізілетін болады. Жобаны  қаржыландыру сұлбасын пайдалану түскен өнімдердің мөлшерінің талап етуі бойынша қарыз алушылардың баланстық активтері мен салыстырмалы немесе олардан кейін асып кеткен жағдайда анықталады. Мұндайда қалыпты әдіспен кредиттеу мүмкін болмайды, өйткені кәсіпорынның кепілмен орнын толтыруы – алынатын енсиеге талап етілетін мөлшерден кем. Және де жобаны инвестициялау оң роль атқарады, себебі оны қаржыландырудың түрлі көздерін жұмылдыру тәсілі ретінде түсіну керек: меншікті, қарызға алу, бюджет қаржаты, зейнетақылық, лизингтік, инвестициялық қорлардың т.б. – яғни нақты инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың түрлі әдістерін кешенді пайдалану. Барлық жағдайларда негізгі кредит берушілер – банктер, ал қаржыландыру әдісі ретінде көтеріңкі тәуекелдігі бар жобаны кредиттеу болып есептеледі.

   Несие беруші-банктер өз еркімен қаупі жоғары операцияларға барады – себебі мұндай жобалар елеулі пайдаға үміттендіреді және банк мол табысқа ие болады. Жобаны кредиттеу шарттары бойынша банк пайдалануға енгізілген немесе жаңартылатын обьектінің меншік иесі бола алады. Дәл осылай банк пен өнеркәсіп капиталы өркениетті түрде ұласады.

   Кредиттеудің  бұл түрінің артықнылығы қаржыландырудың  кепілділігі, сондай-ақ қауіптілікті оның қатысушылары арасында бөлісу.

   Банк-кредит беруші өзіне қабылдаған тәуекелдік үлесіне байланысты жобаны кредиттеуі төмендегідей бөлінеді:

    • Шегініске құқығы жоқ жобаны кредиттеу;
    • Шегінісі шектеулі жобаны кредиттеу
    • Қарыз алушыға қатысты толық шегіністі жобаны кредиттеу.

      «Классикалық» сұлба кезінде банк қарыз алушыға  шігініс (айналым) құқығын айырып оған кредит береді, яғни банк инвестициялық жобаға байланысты барлық қауіптілікті өзіне алады. Қауіптілікті өзіне ала отырып, банк кредит бойынша тек жоғары пайыз ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлік пайданың бір бөлігін алуды көздейді. Бұл ретте оның пайдалануға енгізілген немесе жаңартылған обьектінің акциясын сатып алуға және оны басқаруға қатысуға бірінші кезекте құқығы бар. Банк инвестициялық жобамен байланысты қызметтің егжей-тегжейін түсініп, кәсіпкер ретінде әрекет етеді. Жоғары және аса жоғары пайда беретін инвестициялық жобаларға мұнай және газ өндіру, кен өндіру өнеркәсібін, энергетика және шикізатты қайта өңдеуге қаржыландыруды жатқызуға болады. Басқа салаларда олардың пайдалылығы айтарлықтай төмен. Алайда аса жоғары табыс әкелетін инвестициялық жобалардың саны шектеулі. Сондықтан қарыз алушыға банктің шектеулі шегінісі (айналым) бар жобаны кредиттеу сұлбасы жиі пайдаланылады, яғни кредит қауіптілігі тек банк пен қарыз алушы арасында ғана емес, сонымен бірге жобаның басқа қатысушылары арасында да бөлінеді. Бұл ретте берілген кредитті қамтамасыз ету соншама болашақтағы инвестициялық табыс қана емес, сонымен бірге қарыз алушының барлық жүргізілетін шаруашылық қызметінен түсетін ақшалай табыстар, сондай-ақ өтімді активтер және мүмкін болатын кепілдіктер мен кепілгерліктер болып табылады. Жобаны кредиттеудің бұл сұлбасы ұзақ мерзімді кредиттеудің аралас түрі болып саналады. Қауіптілікті дұрыс бөлу нәтижесінде банк несие ресурстарын орташа бағамен береді, әрі жоба құнына және қаржыландырудың жүйелігіне оң әсер етеді.  

   Содый-ақ қарыз алуға толық шегінісі бар  жобаны кредиттеу көп таралған. Банк-кредит беруші өзіне ешқандай қауіптілікті алмайды, жобалауды қаржыландыруға өзінің қатысуын үшінші тараптың кепілдігімен қажетті ресурстарды берумен  шектеледі. Жобаны кредиттеудің бұл түрінің дәстүрлі ұзақ мерзімді кредиттеуден айырмашылығы шамалы, әрі ең қарапайым болып табылады, оны енгізуге уақытша және материалдық шығындар талап етілмейді. Қауіптілікті бөлу жөніндегі жобаны кредитеу қағидасы іс жүзінде қолданылмайды, өйткені бүкіл жауапкершілікті құрылтайшы өзіне алады. Қарыз алушыға толық шегінісі бар қаржыландыру мемлекеттік тапсырысы немесе ірілерінің бір бөлігі болып табылатын аралық жобалардың негіздемесінде пайдалылығы төмен жобаларды іске асырған кезде қолданылады.

   Орталық банктердің жобалық кредиттеу тетігін  пайдалау сөзсіз, инвестициялық қызметтің  жандануына, инвестициялық ресурстарды  пайдалану тиімділігінің артуына, мамандықтардың жаңарып, не жоқтарының пайда болуына әкеледі.

   Содай-ақ жобаны кредиттеуді инвестициялау үшін қаражаттар жұмсалымының жалпы сомасы бойынша қай обьектіні ірі деп есептеуді анықтау қажет. Қазақстан жағдайында бұл құны 3-5 млн АҚШ долларнан асатын жобалар бола алады. Соманың өсуі банк қызметі жөніндегі ережеге сәйкес кепілдіктің артуына, оның өтімділігінің артуына, сондай-ақ қауіптілігін аса мұқият зерделеуге әкеледі.

   Алайда, Қазақстан экономикасында ірі жоблардан  басқа, шағын және орташа бизнес, жеке меншіктегі кәсіпкерлік жұмыс істейді, олар өз дамуларында өздеріне бекітілген «жоғарғы шек» сомасымен шектеледі. Біріншіден, бұл бизнесте қойылған шектен шығып кету мүмкін емес. Содықтан белгілі шектеуді жойған дұрыс болар еді, өйткені ол шағн кәсіпкерлерді өздерінің қызметтерін жандандыруға, бизнесте қосымша жаңа салаларды іздеуге психологиялық тұрғыдан онша әсер бермейді. Екіншіден, ұлттық шаруашылықтың жалпы тұрақтылық жағдайын, яғни «көзге түсерлік» экономикаға өтуін, сондай-ақ Президент Н.Назарбаев терең әлеуметтік деп анықтаған қазақстандық үлгінің бағдарламалық негізгі қағидаларының енгізіле бастағанын ескеру керек. Олар атап айқанда, зейнетақылық, жаңартпалық, инвестициялық, лизингтік қорлар т.б. келешекте 500 мың АҚШ долларына дейінгі – шағын және жеке бизнеске – білі беру, кітап-баспа, орташа туризм т.б. салалардағы тікелей жаңартпалық жобаларды жүзеге асыруда пәрменді күшейткіш бола алады. Ұсақ шаруашылық субьектілері лайқты кепілдікті беретін және қысқа мерзімде несиені төлей алмайды. Әрекеттегі бизнесте ақылға қонымды жобалар салықтар мен пайыздар бойынша үш жыл демалытан кейін, бір жағынан, қаражатты өтей бастауларына, екінші жағынан қоғамның әлеуметтік дамуы үшін жағдай тудыруы тиіс еді.

   Бірінші кезектегі шағын жобаларға қолайлы  салауатты өмір салты, жас өспірімдерді әскери қызмет атқаруға, жатардың қолы босамаушылығы т.б. сияқты бірнеше проблемаларды шешетін халыққа арналған «спорт кешендерін» жатқызуға болады. Сонымен қатар қаржыға байланысты шығарылмайтын, бірақ сұранысты тұрақты әдебиеттердің шығаруды да айтуға болады.

   Әлеуметтік  обьектілер мемлекет стратегиясындағы басымды бағыт болып есептелетіндіктен, «Банктер мен банк қызметі жөніндегі», «Инвестиция жөніндегі» заңдарға келешекке арналған қыржы құралдарын енгізуге бағытталған толықтырулар мен өзгерістерді қолданылуы көптеген мемлекеттік проблемаларды сапалы шешуге мүмкіндік беретін жобаны кредиттеуді енгізу қажет. Сонымен,

    • «ҚР-ғы банкер мен банк қызметі жөніндегі» заңы жобасы кредиттеуді қолдану туралы баппен толықтырылуы қажет. Онд ...........................................................................................................?

 

ІІІ тарау.

3.1. ҚР-дағы  екінші деңгейлі банктердің проблемалық  активтерін басқару тәжірибесін  жетілдіру 

      Активтер  мен пассивтерді басқару субьектілерінің ішінде отандық банктік тәжірибеде қолданылып жүргендеріне: активтер мен пассивтерді басқару комитеті, Несиелік комитет, проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі және қазынашылық жатады. Мұндағы бастапқы екі комитет бөлімшенің қызметін атқармайтыны белгілі. Олар қазіргі жағдайдабанктің активтері мен пассивтеріне құзіретті басқаруды жүзеге асыра алмағандығын, бүгінгі күні ҚР екінші деңгейлі банктерінің активтері құрылымында жіктелетін (күмәнді және үмітсіз) немесе проблемалық активтер үлесінің артуынан байқауға болады (1-кесте).

  1-кесте

ЕДБ-дің  активтері мен шартты міндеттемелерінің сапаларының

динамикасы  кезеңнің басына

Банк  активтері мен шартты міндеттемелерінің  жіктелімі 2004 2005 2006 2007
Барлық  активтер мен шартты міндеттемелер, млрд, теңге о.і.:

Күмәнді, с.і.              

                                     үлесі, %

1-санатты күмәнді

үлесі, %

2-санатты күмәнді

үлесі, %

3-санатты күмәнді

үлесі, %

4-санатты күмәнді 

үлесі, %

5-санатты күмәнді 

үлесі, %

Үмітсіз

үлесі, %

1965,9

1467,2

74,6

475,0

24,2

350,0

17,8

37,0

1,9

51,4

2,6

16,1

0,8

20,5

1,1

23,7

1,2

3330,3

2411,5

72,4

862,6

25,9

691,5

20,8

28,9

0,9

97,9

2,9

18,9

0,5

25,4

0,8

56,2

1,7

5427,0

3973,5

73,2

1382,1

25,5

1136,8

21,0

38,2

0,7

142,8

2,6

28,5

0,5

35,8

0,7

71,4

1,3

11242,5

8117,7

72,2

3026,9

26,9

2587,9

23,0

112,7

1,0

236,1

2,1

39,0

0,3

51,2

0,5

97,9

0,9

 

      Кестеден  байқағанымыздай, банктердің активтері  мен шартты міндеттемелерінің сапасына жасалған талдаудан, стандартты активтер мен шартты міндеттемелердің 2007 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 74,6%-дан 72,2%-ға дейін төмендегенін көруге болады.

      Ал  күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі болса, керісінше 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 24,2%-дан 26,9%-ға дейін өскен. Күмәнді активтердің ішінде 1-санаттағы күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 17,8%-дан 23,0%-ға өскен.

      Үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі керісінше төмендеген, немесе 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 1,2%-дан 0,9%-ға дейін азайған.

    Қазіргі жағдайда банктің активі мен пассивін кешенді басқаруға тек теориялық тұрғыдан тоқталу жеткіліксіз, себебі бұл жерде «басқару» деген ұғымның өзі тәжірибенің араласуын қажет етеді. Банк активтері мен пассивтерін басқарудың отандық тәжірибеде тек қана активтер мен пассивтерді басқару комитетінің қызметі, банктің өтімділігі мен табыстылығы тұрғысынан қосымша бір бөлімшенің болуы қажет саналады.

    Ондай бөлімше ретінде экономика ғылымдарының кандидаты С.Б. Мақыш банктің басқару құрылымында әсіресе, активтерді басқаруға қатысты мамандандырылған бөлімше ретінде «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесін» (ПАББ) құруды ұсынады (Қаржы-қаражат, №1(2008)).

    Проблемалық активтер дегеніміз бұл банктің  жіктелетін активтерінің бір бөлігін, яғни, қайтару мерзімі кешіктірілген  активтер топтарын білдіреді.

    «Проблемалық  активтерді басқару бөлімшесі» сияқты басқару құрылымдары шетелдік банк тәжірибесінде бөлім түрінде кездеседі. Ондай бөлім ретінде отандық банктер тәжірибесінде «проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі» алуға болады. Олар екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде бертінде ғана құрылып қызмет етуде және оның тиісмділігі де дәлелденіп отыр. Демек, «проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің» құзіреті жоғарыда аталған бөлімге бөлімшенің құрылымына жатқызуға толық негіз бар. Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі өз қызметінде банктік заңдылықтарды, Қазақстан Ұлттық банкі мен ҚКА-нің нормативтік актілерін, банктің жарғысын, Басқарманың шешімдерін, өзге банктің нормативтік және үкімдік құжаттарын және аталған бөлімше туралы ережесін басшылыққа алады. Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі мынадай типтік міндеттерді шешуге тиіс:

Информация о работе Банк жүйесі