Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа
Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................
І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................
1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................
1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................
ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................
2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................
2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................
2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................
2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................
ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................
3.2.
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Кейбір болжамдарға сүйенсек, алдағы уақытта, банктер саны біртіндеп азая түспек. Себебі - екінші деңгейлі банктерде тәуекелдіктерді басқару жүйесін енгізуге, оның қымбатшылығына байланысты көпшілігінің күшінің жетпеуінде. Қазкоммерцбанк мамандарының бағалауынша, тек бағдарламалық өнімді әзірлеу 2 млн АҚШ долларынан кем түспейді. Бұл қосылу және қайта құрылу үдерісін жылдамдатады. Банк активтерінің шоғырлануы белсенді жүріп жатқанына, Ұлттық банктің нарық көрсететін қызметтерге молығатындығына, ірі жетекші банктер капиталдарын шетелге жіберетіндігіне назар аударған жөн. Ең ірі үш банктің – Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанк, Халық банктің үлестері түседі де, тиісінше қалғандарының үлесі арта бастайды. Нәтижесінде бәсекелестікке төтеп бергісі келетін тек ұсақтары емес, сонымен бірге көлемдері орташа және тіпті ірі банктер де қосылуға мәжбүр бола бастайды.
1993-2004 жылдары 18 екінші деңгейлі банктер басқа банктермен қосылды, оның ішінде айтарлықтай ірілері – «Тұран» және «Әлем», соның арқасында бірлескен банк ірі банктер тобына қосылды.
Банк саны қысқарған кезде банкке жатпайтын қаржы ұйымдарының желісі тез өседі, сөйтіп ол банк секторы құрылымын күрделендіреді. Несие нарығында банктерде банкке жатпайтындармен оларға уақыт көрсетіп отырғандай, сұраным бар ішінара орын алмасу жүруде. Банктік кредит нарығы мемлекеттің әсерінен бос емес, одан да қатаң пруденциялық нормативтермен реттеледі, онда Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты сезіледі. Банкке жатпайтыны – мейлінше ырықтандырылған. енді мемлекетті қандай да болмасын бір міндеттемелерден босатуағ болады, атап айтқанда, жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру қорында құрылтайшылар қатарында республиканың Ұлттық банкі бар. Енді қор өзін-өзі басқару қағидалары негізінде дербес қызмет ете алады.
Банк сандарының азаюы сөзсіз, тек бәсекелестік ұлттық деңгейде емес, ең алдымен халықаралық деңгейімен түсіндірілетін обьективті үдеріс. Еліміздің алда тұрған Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру жағдайында ірілену және бір-бірімен, немесе шетел банктерімен қосылу қажеттілігі тұр. Ірі топтарға енбейтін еліміздің бірнеше банктерінің іріленуі, олардың дамуына, елдің банк капиталындағы бөлінбеген үлесінің өсуінің негізін қалауына және банк өнімдерінің арзандауына, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге, олардың қызметтерін әртараптандыруға мүмкіндік туғызады. Мұны сырттан дұрыс реттеген кезде жасанды тежеу мүмкін емес, жүйенің өздігінен дамуы тиімді шоғырландыруға әкеледі.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы мына бағыттарда жүріп жатыр:
2.2.
Банк жүйесін дамыту
Банк жүйесінің жай-күйі көбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оған қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциалдық нормативтер есептелінеді.
ҚР
коммерциялық банктер меншікті капиталының
динамикасын талдай отырып, тұтас
алғанда оның өсуі жүріп жатқанын атап
өту керек:
меншікті капиталының
динамикасы
Көрсеткіштері | 2000ж. | 2001ж. | 2002ж. | 2003ж. | 2004ж. | 2005ж. |
Жиынтық
меншікті капитал (ЖМК), млрд теңге
ЖМК өсу қарқыны, %-бен Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен Активтер, млрд теңге ЖІӨ-ге активтер, %-бен Меншікті капиталдың активтерге қатынасы, %-бен |
47,3 45,8 2,7 195,8 11,3 24 |
69,0 41,4 3,4 341,2 16,9 20 |
97,6 25,3 3,75 527,9 20,3 18 |
122,2 34,0 3,72 784,0 25,1 16 |
162,8 37,3 4,3 1146,0 30,5 16 |
223,5 4,8 1667,9 36,4 13 |
Дегенмен өсу қарқыны жылына ондаған пайыздарға жетсе де, меншікті капитал көлемі активтердің озық жүрген қалыптасуымен салыстырғанда 0,2%-ға төмендейді. Бұл процесс, біріншіден, экономиканың басқа секторларының банкке деген сенімімен түсіндіріледі. Бірақ, екінші жағынан, ЖІӨ-ге қатысты меншікті капиталдың мөлшері әлі де болса жеткіліксіз.
Банк капиталының мұндай жай-күйі жуық жылдары Қазақстанның банк жүйесі обьективті түрде экономиканың кредиттерге қажеттілігін қанағаттандыра алмайтынын жорамалдайды. Банк жүйесінің меншікті капиталының дәстүрлі көлемі ЖІӨ-нің 6-7%-ын құрауы тиіс. Банк секторының капиталдануының артуы – үлкен, әрі әжептәуір көп уақыт пен еңбекті талап ететін жұмыс. Бұл проблеманы шешу жолы бұдан әрі Ұлттық банктің акция эмиссиясымен Қазақстан қор нарығында екінші деңгейлі банктерді ынталандыру. Банк бизнесі әжептәуір пайдалы және отандық инвесторлар екінші деңгейлі банктердің акцияларын сатып алады.
Парасатты талдауды талап ететін қазіргі маңызды мәселе – екінші дәрежелі банктердің несие беру проблемасы. Оның дамуына кредит көлемінің ЖІӨ-ге қатысты өсуінің озып кетуі байқалады, мұнда еліміздің 10 ірі банкісінде кредит көлемінің өсуі ерекше жоғары. Егер 2007 жылы банк жүйесі бойынша жалпы өсу 70,8% болса, ал аталған онында – 86,2%, 2008 жылы тиісінше – 34,8% және 36,6%. Бұл ірі банктердің халықаралық агенттіктерден несие рейтингілерін алуы және оның салдары ретінде, капиталдардың халықаралық нарығының арзандау ресурстарын пайдалану мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, экономикалық өсудің кредит ауқымдылығы төмендейді. 2005ж. ЖІӨ-нің әрбір пайызының өсуіне кредиттердің 21,9%-ға өсуі, 2006ж. – 8,7%, 2007ж – 5,7%, 2008ж. – 3,8%-ға өсуі қажет болды. Бұл цифрлар банк кредиттерінің экономиканың нақты секторын қаржыландыру көздерінде, кредиттеу динамикасы өскеніне қарамастан аз үлес алатынын көрсетеді. ЖІӨ-нің өсуіне басқа да негіздер: банктердің меншікті қаражаттары, халықаралық кредиттер, шетелдік инвестициялар да әсер етеді. Оныфң үстіне, соңғыларында, кредит мөлшерлемесі төмен, демек, олар екінші деңгейлі банктердің кредиттеріне қарағанда арзан. Қаржыландырудың кредиттік емес көздеріне шаруашылық жүргізетін субьектілер, әсіресе, ірі компаниялар қол жеткізеді. Екінші деңгейлі банк кредиттеріндегі олардың үлес салмағы төмендейді, ал халыққа несие беру үлесі артады.....................
Тұжырымдағанда: орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі өсуде, яғни, еліміздің халқы тек тұтынушіліқ мұқтаждыққа ғана емес, сонымен бірге өндірістік мақсаттарға да пайдалана бастады.
Кредит нарығының жай-күйін қарастырған кезде сыйақы өлшемінің жоғары пайыздық маржасы жөніндегі мәселеге тоқталған жөн. (кесте)
Пайыздық мөлшерлемелер жоғары деңдейінің іс-тәжірибесі елдегі қаржы-экономикалық дағдарыс жылдарына барып тіреледі. Сол кезеңде кредиттер 200 және одан да жоғары жылдық пайызбен беріледі. Алайда дағдарыс кезеңіндегі олардың деңгейінің төмендеуі инфляцияның төмендеу қарқынынан артта қалды. Банктерде инфляцияның төмендеуінен кешігу нәтижесі пайда болды.
Сыйақының орташа өлшемденген мөлшерлемелерінің төмендеу қарқыны шын мәніне қарағанда жоғары болуы мүмкін еді. Заңды тұлғаларға кредиттері үшін мөлшерлемені төлеу 1,6 есе, ал депозиттер үшін мөлшерлемелер – 2,3 есеге төмендеді. Жеке тұлғаларға қатысты жүргізілетін пайыздық саясат талдауда қызығушылық тудыруда. Қарызға алушылардың осы санаты үшін несиелер 1999 жылға қарағанда қымбаттады. Халықтың оларға сұранымын негізінен коммерциялық банктер қанағаттандыра алады, алайда басталғандағы қор нарығы, инвестициялық қорлар, кредиттік бюролар арасындағы бәсекелестіктің болмауы мөлшерлемелер шамасының өсуіне әкелді. Бұл жеке тұлғалардың депозиттері үшін мөлшерлемелердің төмендеу процесіне себеп болды. Нәтижесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша маржаның мөлшерлемелерге қатынасы өсуде.
Бұл проблеманы шешудің бірнеше нұсқасы бар. Біріншіден,екінші деңгейлі банктерде кредитке жобалауды дамыту қажет. Екіншіден, лизингілік операцияларға аз назар аударлыған, екінші деңгейлі банктерде лизингілік компанияларды ашу баяу жүруде, 2002-жылдан бері 5-уі ғана ашылды. Мысалы, АҚШ-та, кәсіпорындар негізгі құрал-жабдықтардың 70%-дан астамын лизинг негізінде алады. Қазіргі кезде Қазақстанда лизингілік қоржын шамамен 30 млрд теңгені құрайды – бұл отандық экономиканы игеру көлемімен салыстырғанда тым аз шама. Лизингілік операциялардың ауқымын арттыру үшін мемлекеттің екінші деңгейлі банктерге кепілі қажет. Бұл оларға түрлі жобаларды қаржыландырудағы тәуекелдіктің және кредиттер бойынша пайыздарды төмендетуге мүмкіндік береді, көптеген обьектілердің пайдалылығына оң әсер етеді. Мұндай шара, әсіресе, отандық ауыл шаруашылық өндірушілеріне қолдау жасайды. Мемлекеттің кепілдігі бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру үшін жаңа жабдықтар мен техниканы сатып алуға көмектеседі, еуроазиялық кеңістікте бірлесу процестерін нақты күшейтеді, өйткені отандық ауыл шаруашылығы көбінесе Достастық елдердің машина жасау өндірісіне сүйенеді.
Алайда
қазір кредит нарғында қарыз қаражатын
шағын қарыз алушылардың
Бұл проблеманы бақылауды құрылып жатқан кредит бюросы жүргізеді. Банк аралық бәсекелестікті ескере отырып, несие бюросы толығымен, немесе мемлекет тарапынан бастапқы кезеңде әрекет ете алады. Мұндай бюролар, ең алдымен, ірі банктерге пайдалы. Олар аймақтарда клиенттер жөнінде сенімді ақпаратқа ие болады және азырақ капиталдандырылған аймақтық банктерді ығыстырып шығарады.
Нәтижесінде, тәуекелдіктер азаяды, көрсетілген қызмет сапасы жақсарады, ең маңыздысы бүкіл банк жүйесі тұрақтылыққа ие болады.
Жан басына шаққандағы аймақтық жалпы өнімге кредиттердің аймақтық орналасу баламалығының барабарлығын талдау келесі кестеде келтірілген.
ҚР-дағы АЖӨ және кредиттің жан басына шаққандағы көлемі
(2003-2004 жж-ғы, мың тг)
Жан басына шаққандағы АЖӨ | Жан басына шаққандағы кредиттер көлемі | |||
2003 | 2004 | 2003 | 2004 | |
Атырау
Маңғыстау Астана қ. Алматы қ. Павлодар Қарағанды Батыс Қазақстан Ақтөбе Қостанай Шығыс Қазақстан Ақмола Солтүстік Қазақстан Қызылорда Оңтүстік Қазақстан Алматы Жамбыл Республика бойынша |
1123,7
605,7 568,7 643,4 319,8 284,6 332,9 300,5 219,5 199,6 155,5 153,5 195,8 116,2 120,2 90,6 277,6 |
1396,3
793,1 627,0 676,1 409,5 384,4 427,0 401,1 265,2 247,6 193,5 196,1 268,9 127,0 139,4 116,0 333,7 |
30,1
4,9 132,9 590,0 30,8 32,97 18,9 39,4 22,4 28,1 17,5 7,5 4,8 17,1 1,6 6,3 65,8 |
61,8
5,6 185,5 827,0 46,6 60,5 33,9 65,5 35,2 39,4 13,8 19,1 14,8 23,3 3,3 12,8 99,3 |