Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа
Банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және банк жүйесінде кездесетін проблемалардың алдын-алу – бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Кіріспе...............................................................................................................
І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі........................................
1.1. Банк жүйесінің пайда болуы және дамуы................................................
1.2. Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы.........................................................................................................
ІІ тарау. Банк жүйесінің ерекшеліктері және проблемалары.......................
2.1. Банк жүйесінің даму ерекшеліктері.........................................................
2.2. Банк жүйесін дамыту проблемалары........................................................
2.3. Банк капиталының шоғырлануы..............................................................
2.4. Банктің жобаны кредиттеуі.......................................................................
ІІІ тарау. Банк жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары және оларды жетілдіру............................................................................................................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру.............................................................................................................
3.2.
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Банктерді құру мен лицензиялау жөніндегі Ұлттық банк пен Агенттік талаптарын қатайту нарыққа тек қаржылық жағынан тұрақты, бәекеген қабілетті кредит-қаржы мекемелерінің ғана шығуына мүмкіндік береді.
Меншікті капиталының зәрулігін сезінетін банктер Ұлттық банк пен Агенттікке қайта капиталдандыру жөнінде бағдарламалары мен шараларын тапсырып, олардың орындалуы жөнінде ұдайы есеп беріп тұрады. Капиталдың тиісті деңгейіне жетпеген банктер таратуға немесе банктік емес қаржы мекемелеріне айналдыруға жатқызылды.
2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап бірінші кредиттік бюро жұмыс істей бастады, ал 7 ірі банк және «Астана-Финанс» оның акционерлері болды. Кредиттік бюро банктердің кредиттеу құнын кемітуге және қарызшылар үшін тәуекел деңгейін түсіруге көмектесті. Мұның нәтижесінде кредиттеу мөлшерлемелерін кеміту үшін алғышарттар жасалды.
ІІ тарау. Банк жүйесі: ерекшеліктері мен проблемалары
2.1.
Банк жүйесінің даму ерекшеліктері
Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс (1879-1935) – ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі болды деп санаған. Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес, себебі, қаржылық түсініксіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер рет пен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банктердің ролін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған (аударған) кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясы мен олардың атқаратын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл – біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың ролі де арта түсті, міндеттері де өзгерді. Бүгінгі таңда банкілер үш түрлі ролдегі қызмет атқарады, атап айтқанда:
Қызмет көрсетулердің алғашқы екеуінде классикалық нысан басым, үшіншісі – олардан гөрі жаңа, даму сатысында тұр. Бұл жерде капиталды қандай амалмен жинақтау маңызды емес, әрине меншікті капитал өркениетті түрде жинақталады. Оның жинақталуы – заңды құбылыс. Банк капиталы, клиенттер қаражаттары емес, банк оны көбейту мақсатында пайдалана алады. Мұндай жағдайда ақшалай қаражаттардың тапшылығын сезінетін, сатып ылу құнын бір экономикалық субьектіден екінші экономикалық субьектіге ауыстыруды жүзеге асыратын банкілер мен компаниялар (фирмалар) арасында қандай да болмасын қаржы делдалы болмайды. Ақшаны көбейтудің бірден-бір жолы – экономиканың нақты секторларындағы инвестициялық қызмет.
Жемісті инвестициялық қызмет, банктің делдалдық функциясын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды, өйткені, инвестициядан түскен пайда банкілердің қаржы тұрақтылығын нығайтады, заңды және нақты тұлғалардың «жаңа» ақша ресурстарының шоғырлануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан, делдалдық пен инвестициялық қызметті бір-біріне қарама-қарсы қою негізсіз. Шын мәнінде, олар осы заманғы банкингте бірін-бірі толықтырушылар болып саналады. Коммерциялық банкілердің инвестициялық қызметін меншікті капиталдың нормативтерін белгілеумен жасанды шектеу – тиімсіз. Мұндай тікелей сырттан әсер ету тек КБ мен нақты сектордың мүддесіне сәйкес келмейді, сонымен бірге жаңа банкілердің пайда болуын қиындатады, кредит нарқындағы бәсекелестікте тайталыстық туғызады, оларды белсенділіктен, қызмет бағытын таңдап алудан айырады. Ақырында бүкіл банк жүйесі әлсірейді. Коммерциялық банкілердің қызметіне шамадан тыс араласудың соңы осыларға әкеп соғады.
Осы заманғы коммерциялық банк, әрі қаржы делдалы, әрі институционалдық инвестор болып саналады – ол өзінің саясаты мен Ұлттық банк саясатын қолдайтын меншік иесі.
Банк секторы ақша қаржы саласында жүйе құрайтын міндеттерді орындай отырып, басты орынды иеленеді. Банкілер, қаржы делдалдары мен бірлескен инвесторлар институттары ретінде қалыптасуға және экономикалық субьектілер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, қаржы институттары, мемлекет) арасындағы қаржы ағынына өздерінің қатысуына тікелей ат салысады. Қысқасы, олар, ішщкі валюталық экономикалық қызметтің барлық түрлерінде өнім банктік қызмет құүрылуы арқылы әсер етеді. Қазіргі банк жүйесі экономикалық қатынастарды ырықтандыру, кеңестік және коммерциялық банкілерді реформалау нәтижесінде дамуда. Бұның негізі 1990 ж. қабылданған «Қазақ КСР-дағы банкілер және банк қызметтері туралы» заңмен бекітілген.
Қазақстан
егемендігін жариялағаннан
Банкілердің экономикалық мүдделері шалғайдағы аймақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінен басым болатынын көрсетеді. Бұл барлық коммерциялық банкілерге, оның ішінде халықтың қалың тобына қызмет көрсетуге міндетті Халық банкісіне де қатысты. Бұл банкілер мен мемлекет мүдделері арасындағы қарама-қайшылық - өндіргіш күштердің біркелкі орналаспау себебінен болғаны – шындық. Автоматты түрде, әрі бүгінгі күні ол жойылмайды, бірақ болашақта, барлық аймақтардың дамуына байланысты шешілетін болады. Алайда, біршама өзекті мәселелерді мемлекет тұрғысынан банк қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін қолдау бойынша ынталандыратын шараларды қабылдау арқылы шешуге болады: шығындардың өтемі, салық жеңілдіктері т.б. Дегенмен, егер банкілер менеджментінің деңгейі төмен немесе олар жемқорлыққа ұшыраған болса, онда мемлекет қолдауынан тиімділік болмайды.
Нақтылықтың біркелкі емес күрделі жағдайларына жеткілікті капиталы, сластырмалы түрде менеджменті жоғары, ірі коммерциялық жобаларға немесе экспорттық өндіріске, яғни ішкі нарыққа қарағанда несиелік тәуекелдіктері болатын операциялары айтарлықтай аз болған банктер төтеп бере алады. Алайда, «қауіп-қатері аз өріс» созылмалы емес және ұсақ банкілерді ірі өнеркәсіп топтарымен үлестес банктер тез ығыстырып шығарды.
Банктердің
бастапқы қарқынды өсуін және олардың
одан әрі тұрақтылыққа «екшелуін» қоғамның
ділінде қабылданған
Әр түрлі банк институттарының қарқынды өсуін тек ҚР банк секторының ырықтандырылу саясатымен байланысты стихиялық немесе жүйесіздікпен ғана түсіндіруге болмайды. Бұл үдерісті реттеу берілген және кері алынған лицензиялар көрсеткіштері растайды. Сонымен, 1993-2004 жылдары банкілерден 215 лицензия, оның ішінде жұмыстағы кемшіліктер үшін – жартысына жуығы кері қайтарылып алынды. Бұған қарамастан, егемендіктің бірінші жылдары мемлекеттік реттеудің деңгейі мүлдем жеткіліксіз болғанын ескеру қажет. Ол банк жүйесін қалыптастыру мен реформалаудың осы кезеңдегі ерекшеліктеріне сәйкес болмады.
Банк жүйесінің озық дамуы түрлі қаржы топтарының қалыптасуы үшін жағдай жасады. ҚР-сындағы банкілер мен банк қызметі жөніндегі заң банкілердің үлестес тұлғалар құрылымына қатысуына рұқсат береді. Алайда мұндай құқықты тек ірі банктер ғана пайдалана алады, сондықтан жетекші ЕДБ-лер маңында қаржы топтары құрылды. Мұны банк секторындағы саны жағынан басым орташа және шағын банктер жөнінде айтуға болмайды.
Қазіргі уақытта ҚР банк секторы Еуроодақтың халықаралық стандарттарына жақындай түсті. Деректер бойынша, ол Орталық Fзия елдеріндегі ұқсас жүйелерді басып озуда, ал бірқатар параметрлері бойынша ол ТМД-да ең дамыған болып есептеледі. Банк саласын нығайту және дамыту үдерісі жалғасын табуда, әрі ол тұрақты бола түсуде.
Банк саласы басқа экономикалық жүйеден, бірінші кезекте оған мемлекеттің ерекше көңіл бөлуімен айтарлықтай ерекшеленеді және оның уәкілетті өкіліҚР Ұлттық банкі болып есептеледі. Ұлттық банк ұлттық валюта эмиссиясына монополиялық құқығы бар – жалғыз заңды төлем құралының, ақша мөлшері мен ақша айналымының санын реттейді, пруденциялық нормативтерді белгілейді, банк қызметіне лицензиялауды жүргізеді. Банк және салық-бюджет жүйесі сияқты экономиканың бірден-бір басқа секторы қатаң реттелмейтініне көз жеткізуге болады. Мұнда экономикалық еркіндік шектелген, басқарудың ең жиі тарағаны – бір қалыпсыз тәсіл. Дүние жүзінде жеке ақша түрлерінің көп болғанына жауап әрекеті сияқты мемлекеттің банк жүйесіндегі анықталу жағдайы тарихи түрде қалыптасты. Алайда қазіргі кезде ақшаның бірлескен нысандарын қолданып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты, оның нысандарының алуан түрлерін шығару әрекеттері алынып тасталмайды.
Қазақстанда банк саласын реформалау басталғаннан бері екі деңгейлі жүйе қалыптасты, бірінші деңгейі – Ұлттық банк және оның облыстық бөлімшелері, ал екіншісі - коммерциялық банктер болып табылады.
Қазіргі даму банк қызметтерінің жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын үш деңгейлі жүйе жағдайында жүруде. Сондай-ақ парабанк жүйесінің басқа сегменттерін де күшейте дамыту қажет. Бірінші кезекте «көлеңкелі өрістен» көлемдері үлкен емес бейресми кредиттеу нарығын шығарған жөн. Дүниежүзілік Банк Есебіндегі бейресми қаржыландыру 2005 ж. 8 млрд АҚШ долларына теңелді. Мұнда кредит беру тез жүргізіледі, кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар салыстырмалы түрде жоғары емес және т.б. Қорытындысында, микрокредит ұйымдарға (негізінен ломбардтарға) берген кредиттері үшін сыйақының жоғарырақ пайыздарын алуға мүмкіндік береді. Берілген секторды жария бизнес саласыда «Микрокредит ұйымдары жөніндегі» ҚР Заңына сәйкес келтіру, мүлік пен қызметті жария ету, сөзсіз ұсақ кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қол жеткізуіне мүмкіндік жасайды және кредит ресурстары нарығының баламалы көрінісін құрайды.
Алайда, ҚР кредит жүйесінің дамуы барысында басқа элементтердің алға шығуына қарамастан, банк саласы негізгі орынды алады. Барлық банктердің капиталында өсу үрдісінде ұлттық капитал басым. Шетел капиталы онымен салыстырғанда шамалы. Қазақстанның қазіргі банк секторы меншік нысанының көп түрлілігі ұлттық жүйе болып есептеледі деген пікір әділ. Оған мыналар тән:
Мемлекеттік банкілер өз қызметтерін нарық ережелері бойынша жүргізеді, екінші деңгейлі банктер мен мемлекет арасында өзара міндеттемелер жоқ, ал банкілердің өзара іс-әрекеттері нарық қатынастары негізінде орындалады.
Алайда жеке меншік банктердің басым болуы себебінен банк жүйесі тұтасынан берік емес, ал иелерінің құрамы бойынша ол клиенттер үшін мүлде жабық. Жеке банктің меншікті құрылымы өзіндік банк «құпиясын» құрайды. Мұндай жағдайда, банктердің клиенттері үшін пайыздық мөлшерлемелері бұл тәуекелдікті ескермейді.