Казахстана алымның жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:17, курсовая работа

Краткое описание


Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Оның экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болған және оның өмір сүруінің негізі шикізаты болып табылады.

Оглавление


Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..... 40

Файлы: 1 файл

Kurstyk zhumys.doc

— 312.00 Кб (Скачать)

Қаржы саясатында стратегия мен тактика әрдайым бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Бұл – кәсіпорынның қабылдаған стратегиясының болашақтағы тиiмдi даму бағытын көрсетсе, ал қаржылық тактикалар сол мақсатқа жетудiң әр түрлi жолдарын қарастырады.

Кәсіпорын iшiлiк қаржылық жоспарлау өз кезегiнде келесiдей  құжатттардан тұрады:

  • кәсіпорын бюджетiнiң кiрiсi мен шығыстары;
  • қызмет түрi және қаржы есебiнiң орталығы бойынша ақша құралдарының қозғалысы;
  • баланстық есеп бойынша бюджет жағдайы;
  • капиталдық бюджеттiң мәлiметтерi.

Қаржылық анализ келесi тараулардан тұрады:

    • қызмет түрi бойынша ақша ағымдарының тиiмдi қозғалысын және бөлiнуiн бағалау;
    • қосымша қаржы ресурстарын тартудың каналдарын (банктiк несие, меншiктiк акцияны эмиссиялау, лизингтiк бизнес, тауарлы несие және т.б.) анықтау.
    • қабылданған қаржылық және инвестициялық шешiмдердi қаржы тұрақтылығы көрсеткiшi арқылы тиiмдiлiгiн бағалау.

Осылайша кәсіпорынның қаржы саясатының басты екi мiндетi: қаржының тұрақты өтiмдiлiгiн сақтау және максималды пайда табу болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы  саясаты стратегиялық  және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, нарықтағы кәсіпорын тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiгін сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.

Экономикалық ортаның  тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы  кезiндегi нарықтағы қызмет етiп отырған кәсіпорындардың өмiр сүруі және банкротқа ұшырамауы үшiн тырысып бағады. Жалпы кәсіпорынның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға болады:

  • кәсіпорынның қаржылық ағымдарын және айналым капиталдарын тиiмдi басқару;
  • алдағы кезеңдегi қаржылық ресурстарды қолданудағы негiзгi бағыттарды анықтау;
  • тәжiрибелiк iс-әрекет көшу, яғни алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн қаржылық зерттеу, қажеттi қаржыларды талдау, кәсіпорынның нақты инвестициялық жобаларына және қаржылық активтерiне баға беру.

Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және стратегиялық мiндеттер келесiлер  болып табылады:

  • экономикалық өсудiң қайнар көзi ретiнде пайданы максималдап отыру;
  • капиталдың құнын және құрылымын оптимизациялау, корпорацияның iскерлiк активтiгiн және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • меншiк иелерiне (акционерлер, қатысушылар, инвесторлар және несиелеушiлерге) арнап кәсіпорынның қаржылық жағдайын анық және нақты түрде хабарлап отыру;
  • корпоративтi бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы лизингi, жобалық қаржыландырулар көмегiмен капитал өсуiнiң нарықтық механизмiн қолдану;
  • кәсіпорын қызметiнiң алдыға қойған мақсаттарына, нарықтық экономикадағы және бәсекелiк ортадағы тұрақтылығына, кәсіпорынның одан әрi даму болашағына түсу жолдарын қарастыру мақсатында “қаржылық менеджмент” негiзiнде қаржыларды тиiмдi басқару механизмiн қолдану.

Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда  пайдаланылатын ақпараттармен анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді  мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді.

Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барлық көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ  бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді.

Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызмет саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет.

Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:

  • Мемлекеттік бюджет табыстарының көлемі
  • Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі
  • Бюджет тапшылығының мөлшерінің көлемі
  • Ақша эммисиясының көлемі
  • Халық табыстарының көлемі
  • Хылықтың банктегі салымы
  • Инфляция индексі
  • ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасы

Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді.

Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады.

Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:

  • Өнімге баға индексі
  • Негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу ставкасы
  • Активтердің, соның ішінде айналым активтерінің жалпы құны
  • Пайдаланылған капиталдың, соның ішінде жеке капиталдың жалпы сомасы
  • Өндірілген (өткізілген) өнім көлемі.

Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады.

Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне есептік материалдардың жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер нарығында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.

Үшінші топқа қаржылық нарықтың коньюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы және қысқа мерзімді салымдар мен басқа операцияларды жүзеге асыру саласында басқарушылық шешім қабылдау үшін қызмет етеді.

Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.

  • Биржалық және биржадан тыс қор нарығында айналатын негізгі өтімді қор құралдарының (акциялар, облигациялар және т. б.) түрлері
  • Қор құралдарының негізгі түрлерінің сұранысы мен ұсынысының  өтімді бағалары
  • Қор құралдарының негізгі түрлері бойынша мәмілелердің көлемі мен бағалары
  • Қор нарығындағы баға динамикасының жанама индексі
  • Коммерциялық банктердің депозиттік және несие ставкалары
  • Жекелеген валюталардың ресми бағамдары және т.б.

Төртінші  топқа кәсіпорынның басқару және қаржылық есеп мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен қалыптасқан көрсеткіштер жатады.

Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі қаржылық менеджментің ақпараттық базасының негізін құрайды. Осы көрсеткіштер жүйесінде талдау, болжау, жоспарлау және кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша жедел басқарушылық шешімдер қабылдау жүргізіледі.

Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы болып қалыптасуының тұрақтылығы, сенімділігінің жоғары деңгейі (сенімділік қорытылған қаржы көрсеткіштерімен және қаржы есеп беруінің сәйкесті статусымен анықталады) табылады.

Қаржылық  есепке алу көрсеткіштері оның негізіне сүйенетін қаржы көрсеткіштеріне және қаржылық есеп беруге бағытталады. Қаржылық есеп берушілік өзінің бағыты - нарықтық қаржы өркениетті инфрақұрылымын қалыптастыруға көмек беру. Кәсіпорын қаржы ресурстарының тиімді көзі нарық болуы тиіс, кәсіпорын мен нарықтың өзара тиімді әрекет қызметін орындауы қажет.

Кәсіпорынның қаржы есеп берушілік көрсеткіштерінің шеңбері негізінен екі топты, кәсіпорын қызметіне мүддені тікелей және жанама түрлерін қамтиды. Бірінші топқа төмендегілер жатады:

  1. Кәсіпорынның меншік иелері
  2. Басқару персоналы және кәсіпорын жұмысшылары
  3. Кәсіпорында тікелей жұмыс істемейтін тұлғалар, бірақ тікелей қаржылық мүдделі – инвесторлар, түрлі кредиторлар және кәсіпорынның коммерциялық серіктестері;
  4. Қоғамдық өндірісті мемлекеттік реттеу қызметін жүзеге асыратын билік органдары.

Қаржылық  есеп берушілік көрсеткіштерінің екінші тобы - кәсіпорын қызметіне мүдделі емес, бірақ келісім-шарт бойынша есеп берушілік көрсеткіштерінің бірінші тобының мүдделерін қорғауы тиіс тұлғалар. Бұлар: аудиторлар, кеңесшілер, қаржы сараптамашылары, БАҚ, кәсіподақтар, қоғамдастықтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кәсіпорындарда салық  салуды жетілдіру жолдары

 

3.1 Кәсіпорынның салық  жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне  әсері тұрғысынан стратегиясын  таңдау


 

Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын және орта бизнес экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-да барлық жұмыс күшiнiң 50%-н іскерлікпен айналысатындар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33% шағын және орта бизнес үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын және орта бизнеспен шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр.  АҚШ-да шағын және орта бизнес ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да,  өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды. [18]

Қазақстанда бүгiнгi күнi кіші және орта кәсіпкерлдік  бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын және орта бизнес субъектілірінің саны өсiп келедi. Дегенмен өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi 3% бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде іскерлік Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.

Кіші кәсiпорындардың  соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағандығының  айғағы. Алайда заңды тұлғалардың  жалпы санының 70% ғана жұмыс iстейдi.

Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген кіші кәсiпорындардың  басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан.

Жұмыспен қамтудың салалық  құрылымын қарастырсақ, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiншi - өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк  өндiрiс орындарында 21,2 %  iстейдi,  қалғандары түрлi қызмет  көрсетумен  айналысады .  Бұл деректiрдiн сауда iсi  әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлi де  өзгере  қоймағанын  көруге  болады.  Шағын және орта бизнес  саласында  жұмыспен қамту және фирмалар  санының өсуi -  негiзiнен  коммерциялық  кәсiпорындар  есебiнен  толығып , жалпы алғанда баяу өседi.

Шағын және орта бизнестi  дамыту  жөнiндегi  ақпаратты талдағанда   агроөнеркәсiптiк  кешендегi шағын  және орта бизнес  қазiргi  уақытта  елiмiздiң эканомикасына  тиiстi  үлес  қоса  алмай  отырғанын   немесе   табысын  жасырып  ұстайтынын  байқауға  болады . Сонымен  бiрге  эканомиканы  сараптағанда, мемлекеттiң  стратегиялық  бағытын   жүзеге  асыруда басты құралдардың бiрiне  айналды .

Шағын кеәсіпкерлік, әсiресе  агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында мықты  дамуы  тиiс.  Өткен  жылдары  ауыл  шаруашылық шикiзатының  басым  бөлiгi  республикадан  тыс жерлерге   тасымалданып, сол жерлерде  өнделiп , дайын өнiм  сапасы  төмендедi, шығынға жол  берiлдi.

Бүгiнгi  таңда  шағын және орта бизнес  экономикасының  ерекше  бөлiгi  ретiнде  нақты  жұмыс   iстеп,  даму  үстiнде  деп  сенiммен айтуға  болады. Ал шағын және орта бизнес  Қазақстанды  дағдарыстан  алып  шығатын  локомотивтiң  нақ өзi.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде  экономикада іскерлік қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын және орта бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын рөлiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi.  Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та, шағын және орта кәсіпкерліктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.

Бүгiнгi Республикамызда  экономиканы нарықтық қатынаста  қайта құру жолында оның негiзi болып  табылатын іскерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк  қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң  бiрi. 

Нарықтың дамып, кеңеюі кәсіпкерлік қызметке айтарлықтай тәуелдi болады.  Әсiресе, шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын және орта бизнес арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Шағын және орта бизнестi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

Қаржыгерлердiң III Конгресiнде  ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның  Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын және орта бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын және орта бизнестiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi.

Осы сегментке тән  сипаттық белгiлердiң бiрi кіші кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың  неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып  табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы кіші кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып  табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Жоғарыдағы экономикалық өсу анықтамаларына тоқтала келе экономикалық өсуге шағын және орта бизнестің қосар үлесі айтарлықтай  маңызды, өйткені іскерлік немесе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық өсудің нақты факторы болып табылады.

Информация о работе Казахстана алымның жүйесі