Казахстана алымның жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 16:17, курсовая работа
Краткое описание
Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Оның экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі. Оны мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болған және оның өмір сүруінің негізі шикізаты болып табылады.
Оглавление
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………..... 40
Файлы: 1 файл
Kurstyk zhumys.doc
— 312.00 Кб (Скачать)
Қорытынды
Салық салу жүйесін жетілдіріп отыру әрине қажет. Бірақ батыс елдерінің салық жүйелерінің кешенінен суырылып алынған кездейсоқ, толық зерттелмеген, таяз ойлардың негізінде жасауға болмайды. Қазақстанға өзінің қолданыстағы салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге келген әлде бір іс-шараның экономикалық және әлеуметтік бағдарын жоспарлай алатын салық салу саласындағы өзінің ғылыми мектебі жетіспейді.
ҚР Президентінің 2009 жылғы халыққа Жолдауында басты міндеттердің бірі болып биылғы жылы Жаңа Салық Кодексін әзірлеу тапсырылды. Алдыңғы қабылданған Салық Кодексі еліміздің экономикалық өсуінде оң өзгерістерге әсер етіп, экономиканың қарқынды рөл атқарғанымен, ондағы көрсетілген жеңілдіктердің 170 түрінің барлығы болуы бүгінгі таңда ел экономикасы үшін тіпті кері әсерін беруі мүмкін. Яғни, осы уақытка дейін көптеген кәсіпорындар өз шаруашылық қызметін осы аталған жеңілдікті салық төлеуге бағыттап, экономиканың көлеңкелі дамуына жол ашып келді.
Жаңа Салық Кодексі ең бірншіден осы аталған басы артық салық жеңілдіктерін қысқартып, экономиканы модернизациялау мен диверсификациялауға, сондай-ақ бизнестің көлеңкелі экономикадан шығуына бағытталуынна негізделеді.
Жолдауда Салық Кодексінің
басты мақсаты еліміздің
Қорыта айтқанда, шаруашылық субъектілеріне түскен салық ауыртпалығын жеңілдетпейінше олардан бюджетке қажетті кіріс келтіру мүмкін емес. Ал қолайлы жағдай тек салық механизімін тиімді пайдалану мен оның ынталандырушылық қызметін арттыру арқылы ғана іске асады.
Экономикадағы өсімнің 30%-ға жуығы осы кәсіпкерліктің, яғни заңды тұлғалардың дамуы арқылы мүмкін болып отыр. Халықтың көп бөлігі мемлекет қоржынынан қаржыланады, яғни мемлекеттік бюджеттен. Ал бюджеттің өзі осы заңды тұлғалардың табыстары мен кірістерінен құралатын салықтың түсімдерден тұрады. Сондықтан біз бұл кәсіпорындардың тек 4 миллион халыққа еңбек ақы төлейді деп қарамай, сондай-ақ басқа халыққа да қажет екендігін түсінуіміз керек. Ол үшін салық заңдарын, ауыртпашылықтарын, салық органдарының қызметтерінің дұрыс жүргізуіне бақылау жасау қажет.
Салық қызметі қайта ұйымдастырылып, әдістері күшейсе де салықтың бюджетке құйылуы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Салықтық есеп пен бухгалтерлік есептің айырмасы салықты есептеуде қиыншылықтар туғызады. Есептеуді жеңілдету үшін есептің бір түрі қолдануы қажет.
Қазақстан Республикасының
салық жүйесін құрудың
Қоғамдағы ақша ресурстарын жұмылдыруға салық жүйесі негізгі рөл атқарады. Салық жүйесінің терең мағынасы мен шаруашылық механизміндегі иеленетін орны жалпы шаруашылық жүргізудің негізгі реттегіші болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси және экономикалық-қаржылық аяларын нарықтық типтегі экномикалық жүйеге айналдыру кезінде салық салу жүйесін басқару негізін осы фискалдық-құқықтық қатнастардың құрылымдық бөліктерінің жиынтығы құрайды.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, дұрыс әдісті таңдай отырып, аудиторлық-қаржылық жағдайға терең, жан-жақты, әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. - Астана, Ақорда, 2011
- Ермекбаева Б.Ж.. «Салықтар және салық салу» Алматы. 2004
- Статистикалық жылнама. Алматы. 2010.
- Сейфолла Шайынғазы, Сұңғат Әліпбай. «Кәсіпкерлік–кемел келешек кепілдігі».- Егемен Қазақстан, 2009ж, 26 наурыз.
- А.д. Үмбеталиев, Ғ.Е.Керімбек «Салық және салық салу» Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2008ж.19 наурыз
- Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерініңнің әлеуметті – экономикалық көрсеткіштері, Алматы: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, 2010.
- Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы» Заңы.Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Егемен Қазақстан.- 2006.
- Актуальная проблема развития экономики Казахстана в третьем тысячилетии: Сборник научных трактатов – Алматы: Экономика, 2008.
- Тургинбаева А.Н. « Менеджмент в малом бизнесе» Алматы, 2009.
- Токсанова А.Н. «Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента». – Алматы, 1999.
- Н. Ә. Назарбаев. «Бәсеке қабiлеттi Қазақстанға, бәсеке қабiлеттi экономикаға және бәсеке қабiлеттi халыққа» Қазақстан халқына Жолдауы: Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
- М.Ж. Арзаева «Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi» ҚазҰУ хабаршысы. – Алматы, 2008
17 Р.Қ. Елшібаев «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. – Алматы:Экономика, 2009.
18 Интернет ресурстары: www.google.kz, www.egov.kz, www.stat.kz, www.salyk.kz, www.damu.kz ,т.б.