ҚР банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.

Оглавление

Кіріспе
1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері
2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

Кіріспе

 

1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама

1.1. Банктің пайда болу тарихы

1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері

 

2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы

2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

 

3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі

3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы

3.2. Коммерциялық банктер

 

Қосымша

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы  тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;

Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.

Екінші тарауда банк жүйесінің басқа ел емес, өзіміздің Қазақстан Республикасындағы даму ерекшелігі жазылған, ал біз Ресейдің құрамында болғандықтан Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Ресейдің банк жүйесінің дамуымен тығыз байланысты болап келген, және де Қазақстанның Ресейден бөлініп шыққаннан кейінгі де банк жүйесінің даму ерекшелігін атап өтілген. Сонымен қатар 1930-1932 жылдардағы несие реформасы мен 1988 жылғы түбегейлі банк реформасына тоқталған.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы Орталық банк пен Коммерциялық банктерге сипаттама берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама

 

1.1 Банктердің  пайда болу тарихы

 

Банк жүйесінің маңызды  элементі банк болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа  банктердің қашан пайда болғаны  туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандары туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың  пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХІҮ- ХҮ ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар – ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер – клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиро банктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде – феодализм  тұсында пайда болды деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.

Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екндігін айтуға болады.

Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәні ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелі мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.

«Банк» сөзі «banco» деген италиан тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталармен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда – саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша – сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айрбастауға маманданып отырған.  Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай – ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

  Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. ҮІ ғасырда Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.

Сонымен, бұл алғашқы  банктік операцияларды орындаған  кімдер? деген сұраұ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олдар жекелеген тұлғалар және қолынад шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең тиімді, сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалаундағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

 Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Ежелгі банктер несиелік операцияларжүргізумен қатар салым  иелеріне біртіндеп есеп айырысу  қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

Банктер қызметінің қолайлылығы  іскер адамдардың назарынан тыс  қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер  өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда – саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

Әрине мұның бәрі алғашқы  банктердің капитализмнің мануфактура  жағдайында, банкирлер үйлері ретінде  пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы  несие беруші мен қарыз алушылардың  болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.

Ендеше осы жерде  несие берушінің қандай жағдайларда  банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын  келесі бір нәрсе – бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие  арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір талабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.

Бұл сұраққа жауап  беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі  банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық  басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шарушылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмлелелер жасаумен бірге несие берушінің өзінің клиенттерінің тапсыфрмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамда болғандығына тарих куә.

Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары  болған. Осы нормаларға сәйкес б.э.д. ІІІ ғасырда айырбас ісіне  мамандандырылған Римдік банкирлердікумулияр  деп атады. Оларға несиелік операцияларды  жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай – ақ жер бөлімшелерін сатып алу – сату және басқа да операцияларды орындаған.

Банктің пайда болуы  туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға  жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.

К. Маркс банктердің пайда  болуы туралы былай деген: «кәсіпкерліктің  ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың  ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...».

Сонымен қатар банктер  «несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені  банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің  және халықтың жинағы мен табыстары  сияқы уақытша бос ақша қаражатын  өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес аласына айналады.

 

Банктік мекемелердің қызметі  сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер  әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, кей жағдайларда делдалдық мәмлелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Банктің мәнін ашуға  екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.

Қай жағынан алсақ  та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.

 

1.2 Банктің атқаратын қызметтері және түрлері

 

Банк ісі - қарыз капиталын жинаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Осы айтылған жағдайларды  қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.

    1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
    2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
    3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
    4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттерінтек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
    5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

 

Банктік қызмет – бұл  банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Банктік  операцияларға мыналар жатады:

    • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
    • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
    • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
    • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
    • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
    • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
    • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
    • заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
    • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент – банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттарыбойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
    • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
    • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операциялары жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
    • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формадашығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
    • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
    • төлем карточкаларын шығару;
    • банкнота мен монеталарды және бағалы заттардыинкассациялау және жөнелту;
    • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
    • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
    • чек кітапшаларын шығару;
    • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
    • аккредетивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
    • ақшалай формада орындауды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
    • үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Информация о работе ҚР банк жүйесі