ҚР банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.

Оглавление

Кіріспе
1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері
2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 1930-1932 жылдардағы несие реформасы.

1930-1932 жылдары жүргізілген  несие реформасы елдегі банк  жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің  басталуы еді. Бұл кезде 1929жылы  қабылданған халық шаруашылығын  өркендетудің бірінші бесжылдық  жоспары бойынша орталықтан қаржыландыруы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын ақша –несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне – бібі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүогізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін – брі несиелеуі тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттігін тудырды.

Несие реформасын жүргізу  үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.

Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке, ал бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.

Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару  жүзеге аса бастады. 1928 жылы Халық  шаруашылығын өркендетудің бірінші  бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.

Үшіншіден, шаруашылықтың  негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.

Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.

Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер шешілді:

    • шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;
    • мемлекеттік банктің бағатын нығайтатын есеп жұмыстарының жаңа түрін – шаруашылық есепті енгізу;
    • халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
    • несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.

Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей  банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылады. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.

Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде жіберілгенқателерге  байланысты халық шаруашылығына  бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қателері төмендегілер еді:

    • есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет): жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
    • несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру):жоспардың нақты орындалуын тексермей – ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде несие береді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді;
    • шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы (араластыруы): әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
    • банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқынын банк өңдей алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындағы есеп айырысу ісі қиындап кетті.

Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктер  мен бұрмалаушылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.

Сонымен 1930-1932 жылдары  жүргізілген несие реформасының қортындысында жоспарлы социалистік  экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі  несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік  банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.

Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта  ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтың мамандаған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауылшаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк – кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің заемдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.

1959 жылы ұзақ мерзімді  несие беретін банк жүйесі  қайта қаралды. Ауыл шаруашылық  банкі мен Лрталық коммуналдық банк таратылып, олардық қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк – Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болады: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

Елдің әлеуметтік – экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша –  несие қатынастарының маңызын арттыру  мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы  Орталық Комитетінің Пленумы  1988 жылдың 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы – Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және сыртқы сауда – саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.

Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде  банк ісін шоғырландыру және несие  беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты ретінде болды.

Шаруашылық механизмінің жалпы  бағыты – банктердің құрылымы мен  ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе – басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы социалистік елдер – Венгрия, Қытай, Югославия – таңдап алды. Әлемдік тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет істеу үлгісі кең таралған.

Сөйтіп 1988 жылдың қаңтарынан бастап КСРО – да банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:

    • КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті – «банктердің банкісі» ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті-маманданған мемлекеттік банктер;
    • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, оның міндеті - өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
    • КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі, оның міндеті – аграрлы - өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
    • КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
    • КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету;
    • КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт – импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ – валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.

Бұл маманданған салалық  банктердің құрылымы әкімшілік – территориялық принциппен ұйымдастылылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс орталықтарында солбанктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19 облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық  банктердің клиенттеріне де қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие – банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді.

Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттер бойынша несие ресурстарын жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал дәлелдейді, 1987 жылы (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 жылы, яғни реформадан кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі, Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде үш салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.

Банк жүйесін қайта  құрудан кейін маманданған банктер  арасында әр түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер  мен банктер арасындағы қарым -  қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы, реформаға дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына қарай «клиент банкісі» немесе «басқанікі» болып бөлінді. Әрине бұндай қолайсыз жағдайлар несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетуіне себеп болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың қызметтерінің араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан әрі шиеленістірді.

Банктік өзгерістердің  ең елеулі кемшіліктері – банк ісінің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпей – ақ, негізінен «банк шығармашылығымен» айналысу болды деп мәлімдеді кейбір сарапшылар. Сондайақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.

Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі – оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы басқаруды негізінен қайта құру тек 1987жылы басталған болатын. Елде банк реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекеттік пен экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолдану, тауар айналымы мен халыққа көрсетілетін қызметтердің даму қарқынымен салыстырғанда ақша массасының даму қарқынының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны күшейтті.

Информация о работе ҚР банк жүйесі