ҚР банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.

Оглавление

Кіріспе
1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері
2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать)

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды  қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы   операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты жарғылық резерв капиталынан қайта  бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млдр. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төменгі элементтерден құрылады:

    • алтыннан;
    • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
    • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
    • шетел үкіметтері немесе халқаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
    • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
    • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамсыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктін монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәндіборыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.

Ұлттық банктің басқарушы  органы болып Басқарма және директорлар  Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.

Ұлттық банктің төрағасын  республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президентітөрағаның бекітілген меріміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай – ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Басқармасының  мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе – күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгіліген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1.1. Банк жүйесінің екіші деңгейінің құрылымы

«Қазақстан Республикасындағыбанктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген.

 Ұлттық банктің  статистикалық көрсеткіштері бойынша  2000 жылдың басында республикада  екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген, оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен құрылған: 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі» ЖАҚ; «Шағын несие» үкіметтік емес ұйым» Қоғамдық қор және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Коммерциялық банктер

Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым Ұлттық банкке, банктердің филиалдарды мен өкілдіктеріне, халқаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп табылады.

Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банк пен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір – бірінің міндеттемелеріне жауапты емес. Мемлекет банктің міндеттемелері бойынша тек мемлекеттік банктің жарғылық қорына салған қаражаты шегінде ғана жауап береді. Мемлекет Қазақстан Республикасысының резиденттері – мемлекетаралық банктердің қабылдаған депозиттерінің сақталуына олардың жарғылық қорындағы Үкіметтің үлесіне пропорцияларды міндеттеме алып жауап береді.

Банктік заңдарға сәйкес банктер үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға мынадай қызметтерге тыйым салынған және шектелген:

    • банктердің, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жәнеөніндегі компаниялардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг беруші  ұйымдардың, сондай – ақ акцияларды қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың ( шығарған акцияларының жалпы санынан бір эмитенттің акциялары он бес проценттен аспайтын мөлшерде ) жарғылық капиталдарына банктердің қатысуына;
    • қаржы нарығының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылған және банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
    • бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
    • банкроттық рәсімдеріне төлем қабілеті жоқ борышкерлер мүлкі мен істерін басқару жәнеөніндегі қызметке тыйым салу қолданылмайды.

Осы айтылғандай заңды  тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынғаннан басқа банктерге мынадай қызметтермен шұғылдануға рұқсат етілген:

    • банк опетацияларының жекелеген түрлерін (2 кесте) жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын маманданған бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;
    • кез келген ақпарат тарату түрлетінде банк қызметінің мәселелері жәнеөніндегі арнаулы әдебиеттерді сатуға;
    • қаржы қызметіне байланысты мәселелер жөнінде кеңес беру қызметін көрсетуге;
    • банк қызметіне байланысты мәселелер жөнінде басқа да тұлғалардың мүддесін білдіруге<spa

Информация о работе ҚР банк жүйесі