Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ............................4-8
1.2 Банк ұғымы мен мәні.....................................................................8-10
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы............................................10-16
2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”
2.1 Банктің жүйеде реформа жүргізу...............................................17-18
2.2 Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама................18-20
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары...............................................................................20-22
2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі.................................................23-25
3.2Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы.........................................................................................25-27
3.3Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары..........................................................................................27-28
Қортынды........................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................31
Қосымшалар...................................................................................................32-35
Кіріспе.......................
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы
банктік жүйенің даму тарихы ............................4-
1.2 Банк ұғымы мен мәні..........................
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы......................
2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”
2.1 Банктің жүйеде реформа жүргізу.......................
2.2 Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама................18-20
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
қызметтері мен операциялары..................
2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі........................
3.2Қазақстан Республикасының
Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы.......................
3.3Қазақстан Республикасындағы
Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары.......................
Қортынды......................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
Атқаратын экономикалық функциялары тұрғысынан банктік жүйе қаржы жүйесінің бір саласы болып табылады. Барлық қаржы ресурстары, тұрғындардың қолында қалған немесе көтерме тауар айналымында бухгалтерлік есепте көрсетілмей және кассадан өткізілмей айналысқа түсетін есеп айырысу тәртібі туралы ережені бұзушылыққа байланысты сомадан басқасы іс жүзінде банк арқылы өтеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тарихы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы мен оның қызмет ету аясын қарастырғым келді.
Курстық жұмыстың міндеті – айтылған мәселелердің барлығы мемлекеттің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни банк жүйесін дамыту және оның операцияларын жүзеге асыратын білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Демек, өткен тәжірибені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, қалай дамуы туралы осы курстық жұмыс жазылды.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – банк жүйесінің қалай дамығандығы және даму тарихын маңызын көрсету.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан құралған.
Курстық жұмыстың бірінші тарауы «Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы» деп аталады. Бұл тарауда Қазақстанда банк жүйесінің даму тарихы мен дамыған елдердің банк жүйесі туралы және Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары туралы айтылған. Курстық жұмыстың екінші тарауы «Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы» деп аталады. Бұл тарауда банк ұғымы мен мәні, банктік жүйе мен оның құрылымы, бірінші және екінші деңгейлі банктердің сипаттамасы жазылған. Ал үшінші тарауы «Банк жүйесінің даму перспективалвры» деп аталады. Бұл тарауда банктік жүйеде реформалар жүргізу және Қазақсьандағы банк жүйесінің бүгінгі жағдайы, сонымен қатар еліміздегі банк жүйесін дамытудағы негізгі жолдары туралы талқыланады.
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болады. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырады. Басқа елдердің орталық эмиссионалдық банктеніне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.[Қосымша 1]
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайда ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктері мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Неселік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестерден тұрды.
1917 жылы Қазан революциясынан
кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатсуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұхсат етіледі. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы,
өнеркәсіпті несиелендіру үшін
өзара несиелендіру қоғамы, сонымен
бірге, Оңтүстік-Шығыс
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай копперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік копперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жылдары құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 жылы оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекобанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 жылы Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 жылы таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер
саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО
Мембанкінде халық
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырсу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырсу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк – шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіп-орындар мен бірлестіктердің есеп айырсу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырсулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға – КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына – КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің
құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип
бойынша құрылды. Одақтас республикаларда
республикалық банктер және обылыстарда
банктерді басқару ұйымдастырыл
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырсу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен күрделене түсті. әрбір банк өз ресурстарды шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айыруға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген
коммерциялық банктер