Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ............................4-8
1.2 Банк ұғымы мен мәні.....................................................................8-10
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы............................................10-16
2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”
2.1 Банктің жүйеде реформа жүргізу...............................................17-18
2.2 Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама................18-20
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары...............................................................................20-22
2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі.................................................23-25
3.2Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы.........................................................................................25-27
3.3Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары..........................................................................................27-28
Қортынды........................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................31
Қосымшалар...................................................................................................32-35

Файлы: 1 файл

referattar.kz_592007667.doc

— 337.50 Кб (Скачать)

1. Ақша – несиелік  ретеуді төмендету. Ол  үшін:  банк беретін  қайта  қаржыландыру  несиелерінің  көлемін  беретін  қайта қаржыландыру  мөлшерлемесін   анықтау  міндетті  резервтік   нормаларды  бекітру,  валюталық  нарықтағы  интервенцияларды,  сонымен қатар, Ұлттық  банктің  мемлекеттік  бағалы  қағаздармен  де операциялар жүргізу  сияқты  класссикалық  ақша – несиелік  құралдарын  неғұрлым  тиімді  пайдалану.

Жалпы  ақша нарығының  даму барысында  аукциондық  несиелердің  рөлі  бәсеңдетуді де,  ол  канал біртіндеп  банкаралық  нарық  арқылы  ығыстырылады.

Ұлттық банк  бюджетті  таза  несиелеудің  біртіндеп  банкаралық  төмендеуін  анықтайтын Қаржы  министрлігімен  жаңа қарым  – қатынастарды  қалыптасруға  айрықша  көңіл  бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің  тапшылығын  қаржыландыратын  монеталық  ішкі көздердің  рөлі артады.

2. Валюталық  реттеуді  жүзеге  асыру  және  алатын  валюта  резервтерін  басқару.  Шетел тәжірибесін  ескере  отырып,  оның ішінде  негізгі  валюталық  нарықтағы сұраныс  пен ұсыныстың  арақатынасын  көрсететін  теңгенің  валюталық  бағамына  және  экономиканың  бәсекелестік  қабілетілігіне,  баға деңгейінің  өзгеруі мен  басқа  да  факторларға  қатынасты  саясатты  Ұлттық  банк  одан әрі  жүргізуге дайын.

Өтімді валюталық  нарық  құруда  жинақталған  тәжірибені  ескере отырып, Ұлттық банк  кәсіпорындардың  шетел  валютадағы экспорттан  түскен тәсілдерін  міндетті  түрде  сату  жөніндегі  икемді  саясатын  жүргізеді.

3. Банк  жүйесінің   бухгалтерлік  есебі мен  статистикасын реформалауды аяқтау. 1995  жылы  орта мерзім  кезеңінде  басталған  Қазақстан  Республикасының  банктері мен  басқа да  несиелік  мекемелердегі  бухгалтерлік  есеп пен  есеп беру  жөніндегі  біртұтас  әдістемелік  саясатты  қамтамасыз ететін  банктік  жүйедегі  бухгалтерлік есептеудің  реформалауды  аяқталады.

Жаңа  бухгалтерлік  есеп  жүйесіне  негізінен  банктік  қызметте  ішкі  және  сыртық  аудитті  жүргізу  тәртібі  тауарлы  нормативтік  база  жетілдіреді.

Орта мерзімді  бағдарламада,  сонымен қатар,  статистикалық көр сеткіштерді салыстыруды қамтамасыз ететін  және халықаралық тәжірибеде қабалдған,  банктік,  ақшалай көмек беретін   жаңа шоттар  жоспарына сай екінші  деңгейдегі  банктердің  статистикалық есеп беруінің  жаңа нысандарын  енгізу  және жетілдіру  қарастырады.

4. Төлем жүйесінің   жетілдірілуі. Қазақстан Республикасының   төлем жүйесінің  жетілдіруі  мен  дамуы – Ұлттық банк  пен Халықаралық  валюталық  қор  және Дүниежүзілік  банктің   бірігіп  анықтаған  стратегиясымен  жүргізіледі. 1995  жылы  басталған  төлем  жүйесін  дамыту  аяқталды. Қабылданған төлем жүйесін құру  және жаңарту  статегиясымен сәйкес  мынадай  екі кезең:  біріншісі -  республикада  төлемдер  мен  есеп айырысу  жағдайын  жақсартуға  көмек беретін  аралық төлем жүйесін құру; екіншісі – ұзақ  мерзімді  төлем жүйесін  енгізу  аяқталды.

Аралық  төлем  жүйесі (АТЖ) негізгі  үш  жүйеден тұрады.

    • Қазақстан Республикасының  барлық аумағында  банктік ақша  - несие  саясатын  неғұрлым  тиімді жүргізуге  және екінші  деңгейдегі  банктерге қаржылық  нарықта  олардың  орналасу  орнына  қарамай  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беретін  нақты  емес уақыттағы жүйесі;
    • Төлем құралдарының  жиынтығы  бойынша облыстық  деңгейде, сондай – ақ  еліміздегі  тұтастай  алғанда  қарама – қарсы  төлемдердің  өзіндік  есебін  жүргізу  3 күн  ішіндегі  есеп  айырысуды  қамтамасыз  ететін  үшінші  жақтың   аударым  жүйесі.
    • Мемлекеттік  бағалы қағаздар  нарығы  өтімді  қайталама  нарығының  тиімді  дамуын  қаматасыз  ететін  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  бойынша  есеп  айырысу  жүйесі.

АТЖ  екінші  деңгейдегі  банктер   жұмысының  жаңа  жағдайларға  дағдылануларын  және  жаңа  бухгалтерлік  шоттар  жоспары мен  бір  корреспонденттік  шотқа  көшуді  жүзеге  асыруға  көмектесуі керек.

Ұзақ мерзімді  төлем  жүйесін (ҰТЖ)  құрудағы  негізгі  міндет  -  банк  және  қаржы секторларының  сол күні  есеп  айырысуды  аяқтайтын  мен  төлем  жүйесінің  қауіпсіздігі  мен тиісмділігіне  деген  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  болып табылады. ҰТЖ – ның  негізінде  екінші  деңгейдегі  банктер  мен  Ұлттық банк  үшін  жаңа шоттар  жоспары,  жаңа  төлем  құралдары  мен  нормативтік  база  болуы керек.

 

2.2  Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) Қазақстан Республикасының Орталық Банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну сызбасына біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.

      Қазақстан  Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы несие ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

      Қазақстан  Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты  Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Негізгі  мақсатты іске асыру үшін Қазақстан  Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер  жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес банк операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларды осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтік операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; чек кітапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелер орындау; Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

      Екінші   деңгейдегі   банк -  коммерциялық   ұйымдар «Қазақстан   Республикасындағы   банктер   мен   банк   қызметі   туралы»   Заңына   сәйкес  банктік   қызметті   жүзеге   асыруға   құқылы    өкілеттілігі   бар   акционерлік    өкілеттілігі   бар   акционерлі   қоғам    нысанында   құрылған   коммерциялық   ұғым    саналатын   заңды   тұлға    болып    табылады.    Банктің   ресми   мәртебесі   заңды    тұлғаны    әділет   органдарында   банк   ретінде    мемлекеттік   тіркеумен    және   банктік   операцияларды   жүргізуге   қаржы   нарығы   мен   қаржы   ұйымдарын   реттеу   мен   қадағалау    жөніндегі   уәкілетті    органның  берген лицензиясының   болуымен    айқындалады.   Қазақстан    Республикасында   екінші   деңгейдегі    банктердің,    олардың   филиалдары    мен   өкілдіктерінің    қызметі    заңнамамен    және   нормативтік    құқықтық   актілермен   реттеледі.

      Елімізде   екінші   деңгейлі   банктердің   жүзеге   асыратын   операциялары   өте   маңызды.   Екінші   деңгейлі   банктердің  мынадай    түрлері  бар:

      Шетелдік   қатысушы   банк  - орналастырылған    акцияларының   үштен   бірінен   астамы:

  • Қазақстан  Республикасының   резидент   еместердің;
  • Орналастырылған   (қатысушылар  салымдарының)   акцияларыны   акцияларының  немесе   жарғылық   капиталдарға   қатысу   үлестерінің    үштен   бірінен   астамы   Қазақстан   Республикасы    резиденттері   еместердің   не   соларға   ұқсас   Қазақстан   Республикасы   резиденттерінің – заңды    тұлғаларының    иелігінде,   меншігінде   және   басқаруында   болатын   Қазақстан   Республикасы    резиденттерінің – заңды   тұлғаларының;

      Халықаралық   банк – халықаралық   шарт   (келісім)   негізінде   құрылған   және   жұмыс   істеп   тұрған   құрылтайшылары  Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   (немесе   ол   уәкілдік   берген   мемлекеттік   орган)   мен   аталған   шартқа   қол   қойған   мемлекеттің   Үкіметі   болып    табылатын    банк.

       Банктер   Қазақстан    Республикасының   аумағында,    сондай-ақ     одан    тысқары   жерде    өзінің   еншілес    банктердің    филиалдары   мен   өкілдіктерін   ашуға   мүмкіндіктері    бар.

      Шетелдік   банктерге   Қазақстан   республикасында   өздерінің    филилдарын    ашуға   тыйым    салынады.  Еншілес   банктер   банктердің    филиалдары,    өкілдіктері   және   есеп   айырысу   кассалық   бөлімдер   еліміздің   заңдарына   сай   құрылып   сәйкесінше    өз   қызметтерін   тоқтата   алады.  Осылайша    банк   тура   немесе   жанама   түрде   дауыс    беретін   акциялардың    елу    проценттен   астамын    иеленетін    немесе   сонша   акцияның    дауыс    беру   мүмкіндігі    бар   немесе    олардың    арасындағы    шартқа   сәйкес    осы    заңды    тұлға    қабылдайтын    шешімдерді    банктің    айқындауға    мүмкіндігі    болатын    заңды   тұлға   банктің   еншілес   ұйымы    болып   табылады.

 

2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен   операциялары

Ұлттық банк «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкі» туралы  Заңға сәйкес  мынадай  қызметтер   мен операцияларды  орындайды:

- айналыстағы   ақша  массасының  көлемін   реттеу  жолымен  Қазақстан  Республикасында мемлекеттік   ақша – несие  саясатын  жүргізеді, Қазақстан Республикасы  аумағында  банкноталар   мен   монеталды  айналысқа  шығарушы  жалғыз  эмитент  болып табылад;

- кепіл  берушісі  Үкімет  болып  табылатын  Қазақстан   Республикасының  ішкі  және  сыртқы  қарызына  қызмет  көрсетуге   қатысады;

- Қазақстан Респубикасы   аумағында  еншілес  банк  ашуға  рұқсат  береді;

- Қазақстан Республикасы  аумағында, одан тыс  жерлерде  банк  филиалдарын  өкілдіктерін  ашуға  келісімін  және банк  операцияларын  жүргізуге  лицензия  береді;

- банктердің  бағалы  қағаздар  эмиссиясы  жобасының оның  тіркелуіне  дейін  өзі  белгілеген  тәртіппен  міндетті  сараптауын  жүргізеді;

- ол банктерге  несие  беруге,  банктердің  қарыз   капиталы  нарығындағы  ашық  позициясына  бақылау  жасауға  құқылы. Банктерге  соңғы  сатыдағы  несие  беруші  болады,  қайта  қаржыландыру  саясатын  жүргізеді;

-  банктердің жұмысына  және  шетелдік  валютаны  сатып алу,  және  айырбастау  ұйымдарына  бақылау  мен  қадағалау  жүргізеді әрі  пруденциалдық  нормативтер  белгіленеді;

- Қазақстан Республикасында   ресми  мөлшерлемелерді  өзгерту   арқылы  банктік  пайыз  мөлшерлемелерінің   деңгейін  реттеуді  жүргізеді;

- Қазақстан  Республикасында  информациялық   процестерді  ақша – несие   реттеуді  әдістермен  бәсеңдете   алмаған жағдайда  Ұлттық  банк  банктердің  операциялары бойынша  несиелік  салымдарды  шектеу  және пайыз  мөлшерлемелерін  өзгертуге  құқықтар  береді;

- Қазақстан  Республикасында  есеп  айырысу   тәртібін,  жүйесін  және  нысандарын  анықтайды,  Қазақстандық  теңгемен  банкаралық  есеп  айырысулардың   мезігілінде  және  үзіліссіз   жүргізілуін  қамтамасыз  етін  жүйенің  жұмыс істеуін   ұйымдастыру  тиіс;

- Қазақстан  Республикасында  валюталық   реттеу  мен  валюталық   бақылауды  жүзеге асырады   және валюталық   операциялар  жүргізу бойынша  банктерге,  валютаны сатып алу,  сату және  айырбастау  операцияларын  жүзеге  асыратын мекемелерге  және  олардың  клиенттеріне  орындауға міндетті  нормативтік  актілер  шығарады,  сонымен қатар, олардың  орындалуын  бақылайды;

- бақылау және  қадағалау  функцияларын  қамтамасыз  ету үшін  банктерге, шетелдік  валютаны  сатып алу,  сату,  айырбастаумен  айналысатын  ұйымдарға  бахгалтерлік, статистикалық, тағы басқа  есеп  беруді  тізімін,  формасын  және  мерзімін  бекітеді;

Егер  заңды  актілермен  басқаларды  қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының  Үкіметімен келісіп,  банктердің  және басқа  шаруашылық  субъектілерімен  жүзеге асырылатын  есеп айырысу, ағымдағы  бюджеттік  және басқа да  шоттардан  төлем  жүргізу  кезегін, есеп  айырысуларды  реттеу  мақсатында  бекіте алады;

- Ұлттық  банкіге   жүктелген  функцияларды  жүзеге  асыруға  көмектесетін  ұйымдарды   құруға  және  оларды  басқаруға  қатысуға  құқылы;

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі