Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ............................4-8
1.2 Банк ұғымы мен мәні.....................................................................8-10
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы............................................10-16
2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”
2.1 Банктің жүйеде реформа жүргізу...............................................17-18
2.2 Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама................18-20
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары...............................................................................20-22
2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі.................................................23-25
3.2Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы.........................................................................................25-27
3.3Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары..........................................................................................27-28
Қортынды........................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................31
Қосымшалар...................................................................................................32-35

Файлы: 1 файл

referattar.kz_592007667.doc

— 337.50 Кб (Скачать)

- қолма қол  банкнотар  мен  монеталды   есепке алу, сақтандыру ,  тасу  және  инкассациялау  ережелерін  бекітеді,  банкноттар мен   монеталды  тасуды,  сақтандыру  және  инкассациялауды  қамтамасыз  етуге  қатысады,  банкнотар мен  монеталдардың  мемлекеттік  резервтік  қорларын  құрады;

- Қазақстан  Республикасы  банктерінің  жиынтық   баланысын  құрады және  тұрақты   түрде  жариялайды;

- ішкі және  сырқты  активтер  бойынша   болжамды  есептер  шығарады;

- ақшалай қаражаттарды  есепке алуда  қате  кеткенде немесе  қолдан  жасалған  құжаттар  бойынша  есепке  алынған құжаттар  анықталған  жағдайда  клиенттердің  және  банктердің  шоттарынан  ақша  қаражаттарын  сөзсіз  шегеру  құқына  ие;

- Қазақстан  Республикасындағы  банктер жүйесіне  кадрларды дайындуға қатысады;

Сирек жағдайларда  мемлекеттік  бюджеттің  қаражаттары  арқылы  қаржыландырылатын  несиелік – есеп  айырысу  және ұйымдардың  кассалық  қызмет  көрсетуімен  байланысты  оперциялар  жүргізеді.

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес  болатын  басқа да  қызметтер атқарады.

Ұлттық банк – заңды  төлем  құралын,  яғни  банкноталарды  шығаруға  эмиссондық  құқы бар  жалғыз  мемлекеттік  орган. Олар  Ұлттық  банкінің  эмиссиялауынада  шығарылады және  банктерге сатып,  қолма – қолсыз  эквивалент  алу  формасында  болады.  Қазақстан Республикасының  ресми ақша   бірлігі – теңге  болып  табылады.

Ұлттық банк  банкноталар  мен  монеталардың  қажетті  мөлшерін анықтайды,  солардың  жасалуын  қамтамасыз етеді,  сақтау, жою  және  қолма – қол  ақшаның   инкассациялау  тәртібін  орнатады.

Валютаны өзгертуге  тек қана Қазақстан  Республикасының  Парламентінің  құқы бар. Ұлттық валютаның  қызмет ету шарттарын, мерзімін,  тәртібін  анықтау  құқығы  Қазақстан  Республикасының  Президентіне  жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан  Республикасының  валютасын  шет ел мемлекеттерінің  ақша  бірліктеріне  айырбастау  бағамын   анықтау  тәртібін  белгілейді.

Ақша базасы – бұл Ұлттық  банк  шығаратын  ақшалары.  Оған айналымдағы  қолма  – қол ақшалар,  міндетті  және артық резервтер жатады. Міндетті  резервтер -  бекітілген  нормативтерге сәйкес  Ұлттық  банкідегі арнайы  шотта несие корреспонденттік  шотында сақталуына  міндетті  банк  депозиттерінің  бөлігі (бұл  Ұлттық банкінің  келісімі бойынша тек қана  қаржылық  тұрақты банктермен  қолданылатын  резервтердің  баламалы  әдісі  деп аталады).

 

2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары

 

                                       Коммерциялық банктердің қызметі

      Коммерциялық  банктердің ұйымдастырылу құрылымы  банкті басқару құрылымына және  оның функционалдық бөлімшелері  мен әр түрлі қызметтерінің  құрылымына бөлінеді.

      Банктің  қйымдастырылу құрылымы және  соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

      Банктің  ұйымдастьрылу құрылымы басты  екі әдіспен анықталады – банктің  басқарылу құрылымы және оның  функционалдық бөлімшелері мен  қызметтерінің құрылымы.

      Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

     Коммерциялық  банктің басқару құрылымына оның  жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

     Басқарманың  негізгі қызметтері:

  1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
  • банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.

      Ұсақ  банктерде саясаттың мақсаты  туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың  принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.

  1. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
  2. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер

     құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.

  1. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
  2. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.

       Басқарма  мүшелеріөздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға  бағынбағандары үшін жауапты.

      Сонымен,  кеңес коммерциялық банктегі  акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.

      Кеңес  тәжірибелік операцияларға жетекшілік  жасау және жүзеге асыру үшін  банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстары  жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

      Басқару  органы пайда алу мақсатында  коммерциялық банктіңқызметіне  тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз  етеді. Бпнктің құрылтайшылары  басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік банктерді  басқару құрылымы 1 суретте берілген.

 

 

Несиелік

комитет




Акционерлердің 

жалпы

жиналысы




Ревизиялық

комиссия




 

 

 


Бақылау кеңесі


              

Басқарма


 

Басқарма

төрағасы



Төраға

орынбасарлары


 

Департаменттер,

бөлімдер


 

Басқару

бөлімдері




Қызметтер




 

 

 

 

 

                           Коммерциялық банктердің операциялары

     Қазіргі  кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге  бұрынғыша салымдар тарту мен  қарыздар беру жатады. Банктер  өз пайдаларының көп бөлігін  осы операциялар бойынша пайыздық  айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

       Коммерциялық  банктердің желісі ақша нарығының  қалыптасуына ықпал етеді, ал  заңды және жеке тұлғалардың  мемлекете уақытша бос ақша  қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып табылады.

     Коммерциялық  банктер негізінен өз клиенттерінің  шаршылық қызметтеріне қызмет  көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

      Ұлттық  банкінің арнайы лицензиялары  бар болса, банктер басқа да  банктік қызметтерді жүзеге асыра  алады. Соның ішінде шетел валюталарымен  операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.

      Осы  операцияларды топтай отырып, олармен  атқарылатын негізгі қызметтерді  былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

1) Банктің пассивтік операциялары

     Пассивтік   операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

     Банк ресурстары  пассивтік операциялар нәтижесінде  құрылатындықтан, оған анықтама  берген дұрыс. Қаржы және несие  сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.

     Ал соңғы  оқулықтарға сүйенсек, пассивтік  шоттағы немесе активті-пассивтік  шоттағы қаражаттардың өсуін,  яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретің операциларды сипаттайды.

     Бұл анықтамалар  бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның  толық түсінігін бере алмайды.  Пассивтік операциялардың  көмегімен  банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

    Пассивтік  операциялардың мынадай формалары  болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

     Пассивтік  операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

    Сонымен банктің  ресурстары екі топқа бөлінеді:

  • банктің меншікті қаражаттары;
  • банктің тартылған қаражаттарығ.

    Банктің меншікті  қаражаттары қатарына меншікті  капиталы мен оған сай келетін  баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде шекарасы болады.

      Банктің  меншікті қаражаттарының банктің  үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда  маңызы бар. Банктің бастапқы  құрылуы барысында, осы меншікті  құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

     Банктің  меншікті қаражаттары-банктің экономикалық  дербестігін және қызмет ету  тұрақтылығын қамтамасыз ететін  әр түрлі қорлар мен бөлінбеген  пайда жиынтығы.

    Банктің меншікті  қаражатына жататындар:

  • банктің жарғылық капиталы;
  • банктің резервтік капиталы;
  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
  • сақтандыру резервтері;
  • бөлінбеген пайдасы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі