Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:46, курсовая работа
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің дамуы
1.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы ............................4-8
1.2 Банк ұғымы мен мәні.....................................................................8-10
1.3 Банк жүйесі және оның құрылымы............................................10-16
2. “Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы”
2.1 Банктің жүйеде реформа жүргізу...............................................17-18
2.2 Бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама................18-20
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары...............................................................................20-22
2.4 Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкінің қызметтері мен операциялары
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі.................................................23-25
3.2Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы.........................................................................................25-27
3.3Қазақстан Республикасындағы Банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары..........................................................................................27-28
Қортынды........................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................31
Қосымшалар...................................................................................................32-35
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық
лизингтік операциялар екі
Коммерциялық банктердің
ең көп тараған делдалдық
Факторинг
операциясы – жабдықтаушының
жабдықтаған тауары мен
Факторинг
операциясына үш тарап
Форфейтинг
операциясы – форфейтордың, яғни
коммерциялық банктің немесе
арнайы компанияның
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
3. Қазақстандағы болашақ банк жүйесінің дамуы
3.1 Дамыған елдердің Банк жүйесі
Халықаралық тәжірбие көрсеткендей, нарықтық экономиканы дамыған елдердің банк жүйесі ертеден бері қалыптасқан.
Ұлыбританияның банк жүйесі келесідей:
1. Англияның банкі – елдің орталық банкі;
2. Коммерциялық банктер:
Ұлыбританияда келесідей коммерциялық банктері бар:
1. Депозиттік банктер, оған елдің ішіндегі депозиттік және қарыз операцияларын жүзеге асыратын клирингтік банктер;
2. Халықаралық қаржы – несие операцияларында және сыртқы сауда салаларында әрекетенетін сауда банктері;
3. Ынтымақтық банктері;
4. Ұлыбританиядағы шет ел банктері;
5. Бақылаушы акциялардың пакеттерін иемденбейтін, екі жақтың қатысуымен құрылатын консорциалды банктер;
6. Ақша нарығында қысқа мерзімді операцияларды орындайтын есептік үйлер;
Ұлыбритания банк жүйесінің келесідей ерекшеліктері бар:
1. Англия банк коммерциялық банктерді тікелей неселеу арқылы емес, делдалдар арқылы, яғни есептік және дискоттық үйлер арқылы несие береді;
2. Басқа елдердің банк жүйесіне қарағанда, Ұлыбританыиның банк жүйесінде коммерциялық және инвестициялық банктер өзара бөлінген;
3. Англияда ұйымдастырумен жоғарылық капиталға салынатын ақша мәңгіге салынады, яғни бұл ақша банктің ақшасына айналады;
Швейцарияның банк жүйесі. Швецария – бұл банктердің елі. Швецария банктерінің барлығы дәстүрлі түрде 3 категорияға бөлінеді:
Бірінші категориясы – Швецарияның біріккен банкісі, Швецариялық банктік корпарациясы, Швецарияның кредиттік банкі сияқты үш ірі Швецариялық банктер кіреді.
Екінші – категория – жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін несиелермен және қарапайым банктік операцияларды жүзеге асыратын, кантоналдық, жергілікті және салым банктері жатады.
Үшінші категория – инвестициялық капиталды басқарумен айналысатын жеке банктер.
Швейцарияның банк жүйесінің маңызды ерекшелігі бұл - инвестициялық капиталдар мен банк ісінің қатаң бақылауы. Бұл бақылау Федеральді банктік комиссия, Ұлттық банк және Щвейцариялық банктік ассоциация сияқты 3 сатыдан өтеді.
Тағы бір ерекшелік – банк құпиялылығы. Салымдардың құпиялылығы азаматтық және қылмыстық құқықпен қорғалған.
Германия. Германия банк жүйесінің құрылымы мынадай:
- Дойче Бундесбанк – Орталық банк;
- Әмбебап коммерциялық банктер;
- жинақ банктері;
- Корпаративтік орталық банктер;
- кредиттік кооперативтер;
- арнайы банктер (көп жаңдайда гепотекалық).
- пошта, коммуналдық, жинақ бенктері;
Федеральді банк Федерация тәуелді. Неміс Федеральді банктің ақша – нсие саясатын оның Орталық Кеңес белгілейді. Бундесбанк және оның бөлімшелері арқылы ұлттық деңгейде чек пен вексельдерді қолдану арқылы қолма – қолсыз ақша төлемдері іске асырылады. Бұл елдің банк жүйесінің негізгі ерекшеліктері коммерциялық банктердің универсальді іс - әрекеті, банктік салымдардың сенімлділігі, банк қызметінің алуан түрлілігі болып табылады.
Арнайы банктерге келетін болсақ, ипотекалық және басқа несиелік мекемелер мүлік кепілге салынған қарызберумен, тұрғын үй салуға қарыз берумен, т,.б. қызмет айналысады.
Америка құрама Штаттары. Қазіргі кезде АҚШ – тың банк жүйесі келесідей элементтерден тұрады:
- Федеральді қор жүйесі;
- Комерциялық банктер;
- Инвестициялық банктер;
- жинақ банктері;
- қарыз – жинақ ассоциялары;
пошта – жинақ кассалар;
- қаржы мекемелері;
- кредитік кооперативтер;
- сақтандыру компаниялары;
- зейнетақы қорлары;
- әлеуметтік қорғау қорлары;
- өзара кредит қоғамдар;
- депозиттерді сақтандыру институттары; т.б.
Орталық банктің қызметін Федеральды қор жүйесі (ФҚЖ) атқарады. Қаржы қатынастардын ФҚЖ – сі тәуелсіз болып табылады. ФҚЖ – де негізгі 3 бөлім маңызды рөль атқарады:
- ФҚЖ – ң басқару Кеңесі (Вашингтонда);
- Федеральді қор банктері;
- мүше, еншілес банктер;
Жапония. Жапония елінің банк жүйесінің құрылымы келесідей;
- Жапонияның банкісі (Орталық банк);
- Коммерциялық банктер;
- арнайы несиелік институттар, оларға:
- кіші және орта бизнекске арналған қаржылық колмпаниялар;
- үкіметтің несиелік мекемелері;
- пошталық – жинақ кассалары жатады.
Жапонияның банкі, яғни Орталық банк елдің банк жүйесін басқарады.
3.2 Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің бүгінгі жағдайы
Еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісінің дамуындағы жаңа деңгейдің ашылуына себеп болды. Нарықтық экономикаға көшудегі банктердің даму преспективасы мен банктік қызметтерді дұрыс ұйымдастыру маңызды мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе банктегі қызмет көрсету деңгейінің дамуын және банктің бәсекелестік жағдайын жоғарланатын негізгі көрсеткіш болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қаржы нарығының дамуында бәсекелестік жағдайдың жоғарлауының негізгі факторы банктегі қызмет көрсету жағдайы болып отыр. Баға факторларының көлемдік қызметтерге әсер етуі тұрғындардың өмірлік деңгейінің жоғарлауымен төмендейді. Сол себепті банктік қызметті дамыту үшін, пайда әкелетін, переспективасы бар жаңа нарыққа шығу үшін пайда әкелетін, перспективасы бар жаңа нарыққа шығу үшін банктер сегментация әдісін жүргізеді. Бұл әдіс ресурстарды рентабельді операцияларға жіберу, шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Банк жүесіне тоқталсақ, коммерциялық банктердің бірінші, яғни жоғарғы деңгейіне мынандай 3 банкті жатқызуға болады: «ҚазКоммерцБанк», «ТұранӘлемБанкі», «Халық Банкі». Ал орта деңгейдегі банктерге активтері $ 100 – 500 млн болатын қаржылық институттарды жатқызуға болады.
«Қандай банк өз қызметтері туралы көп мағұлымат береді?» деген сауалнаманы тұрығындар арасында жүргізгенде, мынадай мәліметтер алынған «ТұранӘлемБанкі» - 71,2 %, «Халық Банкі » - 48,9 %, «ҚазКоммерцБанк» - 40,4 %,, [9; 27]. Бұл үш банктің ерекшеліктеріне мысал ретінде осы 3 банктің кепілге жылжымайтын мүлік қойылған несиелердің шарттарын көрсетуге болады. [2 Қосымша] [12; 54].
Қазақстаннның қаржы жүйесі соңғы 4 жылда айтарлықтай жандануда, экономиканың дамуымен байланысты болып отыр. Қазіргі инфляция деңгейі тұрақтандыруда, сонымен қатар өндірістің өсу мен дамуы және инвестиция мен экспортқа тауар шығару да жанданып отыр.
Қазақстан Республикасына ТМД елдерінің ішінен ең алғаш рет инвестициялық елдің рейтингі берілген. Дүниежүзілік банк инвестицияға қолайлы 20 елдің ішіне Қазақстанды қосқан. Ескеретін бір жайт, Қазақстанның ретингі, Европалық Одаққа мүше елдердің деңгейімен бірдей болып тұр.
Қазақстанның қаржы нарығының әрі қарай дамуына, өсуіне бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы себеп болады. Оларға мыналар жатады: Қаржы секторын дамытудағы тұжырымдамасы, 2004 – 2007 жылдардағы бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы, 2004 – 2006 жылдардағы сақтандыру нарығын, 2005 – 2007 жылдардағы жинақтаушы зейнетақы қорын дамыту бағдарламалары, т.б. жатады.
2005 жылғы 1 – қыркүйектегі жағдай бойынша Республикада 34 екінші деңгейдегі банк қызмет етуде. Шетелдің қатысуымен (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерінің 9 еншілес банкін қосқанда) 14 банк және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын «Қазақстан Даму Банкі» АҚ жұмыс істейді.
Екінші деңгейдегі 25 банктің филиалдық жемісі бар, банк филиалдарының жалпы саны – 384; оның ішінде филиалдарының саны: «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ – 147, «Банк Каспий» АҚ – 40, «ҚазКомерцбанк» АҚ -23.
Республикада резидент емес банктердің 17 өкілдігі қызмет етуде.
Есепті күнгі жағдай бойынша 28 аудиторлық ұйымның және 56 аудиторлық банктерге аудит жібергізу құқығына лицензия бар.
2005 жылдың 1 – қыркүйегіне банк секторының жиынтық есептік меншік капиталы бір айда 19,3 млрд. теңгеге немесе 4,3 % - ке өсіп, 464, 1 млрд. тенге болды.
Банктердің кредиттік портфелінің құрылымында 2005 жылғы 1 – қыркүйектегі жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 61,0 %, күмәнді – 36, 9 %, үмітсіз – 2,1 % болады. 2005 жылғы 1 – тамыздағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 61, 2 %, күмәнді – 36, 8 %, үмітсіз – 2,0 % болады.
Ал енді 2005 жылдың қазанындағы Халықаралық қор мен ақша базасы туралы мәліметтерге назар аударсақ, бұл көрсеткіштердің төмендегені көруге болады. [3 Қосымша] [10; 65].
Ағымдық бағаларда Ұлттық банктің таза халықаралық қорларының 1,4 % - ға немесе 115, 0 млн долларға түскендігін көруге болады. Таза валюталық қор 112, 7 млн. Долларға және әлемдік нарықтағы алтын бағасының 0,5 % - ға төмендеу нәтижесінде алатын активтері 2,3 млн. долларға төмендеген. Келесі таблицада Қазақстан Республикасындағы ақша – несие және банктік статистиканың көрсеткіштері бар. [4 Қосымша]. [11; 89].
Мерзімдік депозиттер аумақтар бойынша 2002 жылы 73, 3 % - ға өсті, ал республика бойынша 44,5 % - ға өсті. [5 Қосымша]. [14; 5].
2005 жылғы шілдеде Агенттік
бағалы қағаздар рыногында
қызметті реттейтін заңдардың
2005 жылғы шілдеде Агенттік Басқармасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың мәселесі жөнінде мынандай нормативтік құқықтық актілерді қабылдады: